«Ұлттық жиһазды модельдеу» cабақ жоспары

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Видеоуроки
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып: 7

Уақыт: 45 мин

Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық жиһазды модельдеу»

Сабақтың мақсаты: модельдеуге үйрету

Оқыту - қолөнер түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы асадалдың қажеттілігін түсіндіру.

Дамыту - ұлттық өнер туралы білімдерін жүйелеп, шығармашылық қиялын дамыту.

Тәрбиелеу - оқушылардың өнерге деген қызығушылығын оятып, батылдылыққа, өзіне деген сенімділікке, жұмысты өз бетінше орындауға, ептілік деңгейін көтеруге баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың оқыту әдісі: көрнекілік арқылы түсіндіру, нұсқау беру

Құрал-жабдықтар: үшкір әрі қиғаш жүзді пышақ, зімпәра қағазы, ара, сызғыш

Көрнекіліктер: нұсқау карта

Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру: топтық

Пән аралық байланыс: сызу, сурет, тарих.

Қолданылған әебиеттер:

1) Оқушыға: Өстеміров К.Ө. Технология. Жалпы білім беретін мектептердің 7-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамұра, 2001. - 192б.

2) Мұғалімге: Өстеміров К.Ө. Технология. жалпы орта білім беретін мектептердің 5-9 сыныптарына арналған бағдарламалар.//Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2004. - 16б., Өстеміров К. Технология. Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық.//Алматы: Атамұра, 2001. - 208., 7-сыныптың әдістемесі, дидактика 7-сынып.

Сабақтың барысы:

I Себептік бөлім - 5 минут

II Іс - әрекеттік бөлім - 80 минут

III Рефлексия - 5 минут

Сабақтың мазмұны:

I Себептік бөлім - 5 минут. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, кезекшілігін сұрау, тақырыптың атын атау, мақсатын айту.

II Іс - әрекеттік бөлім - 80 минут

Жаңа сабақты түсіндіру - 20 мин

Модельдеу дегеніміз не, оны түсіндіру және көркемдетуді үйрету?

«Модель» - түсінігінің анықтамасы. Бастапқы модель деп анықталған жағдайда объектіні алмастыратын қандай да бір көмекші объкті аталған. Сондықтан табиғат заңдарының әмбебаптығы, модельдеудің жалпылығы, және біздің білімдерімізді модель түрінде бейнелеудің мүмкідіктері сәйкесіз болды. Мысалы ертедегі философтар табиғи процестерді модельдеу мүмкін емес, табиғи және жасанды процестер түрлі заңдылықтарға бағынады деп санады. Олар табиғатты тек қана логиканың талқылау әдістерінің, пікір алмасыулардың, яғни замандық терминалогияның, тілдік моделдеудің көмегімен бейнелеуге болады деп жобалады. Ұзақ уақыттар бойына «модель» түсінігі арнайы типтегі материалдық объектілерге ғана, мысалы манекен (адам денесінің моделі), плотинаның кішірейтілген гидродинамикалық моделі, кемелер мен самолеттердің, жануарлардың модельдері ретінде қалыптасты

Жаңа тақырып бойынша білімдерін тексеру - 5 минут.

Пысықтау сұрақтары:

1 Модель дегеніміз не?

2 Ұлттық жиһаздардың модельдік сипаты қандай?

3 Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

Сарамандық жұмыс - 55 мин

Жаңа сабақты пысықтап, теориялық мәнін түсінгеннен соң қорытындылап, практикалық бөліміне көшеміз.

Кіріспе нұсқау: 10мин

Оқушылар технологиялық карта арқылы жұмыс жасайды.

Енді балалар жұмыс істеу үшін, айтылған заңдылықтарды сақтай отырып, абайлап, асықпай ойлған бұйымның суретін салып, мөлшерін, қандай шикізаттан, қандай пішінде жасалғанын анықтап алады.

Ағымдағы нұсқау - 35 мин

Шабақ көмегімен құрастыру. Ағаш бұйымдардың кесінділерін шабақтар арқылы біріктіреді. Ол екі элементтен: шабақтан, ойықтан немесе құлақшадан тұрады. Шабақ кеспелтек кесінділердің ұшындағы шығыңқы жері, ол басқа бір ағаштың ойығына немесе құлақшасына сәйкес болады. Шабақтар жекеленген, қосарланған және көптеген ретті, яғни екеуден де көп болады.

Тұтас шабақ - ол бір кеспелтекті құрастыратын шабақ. Ендірме шабақ дегеніміз - кеспелтек ағаштан бөлек жасалған шабақ. Дөңгелектеніп көлденең кесілген шабақ- дөңгелек шабақ деп аталады. «Қарлығаш құйрығы» тәрізді шабақ тең бүйірлі трапеция профлі түрінде болады. Оның қырлары ұшында үлкен негізі болады. Тік бұрышты трапеция тәрізді шабақ ұшында үлкен негізібар бір қатарлы «қарлығаш құйрықты» шабақ болады.

Тісті шабақ үш бұрышты немесе трапеция түрінде болып, оның кіші негізі шабақ ұшының қыры болып табылады, ал қос тісті шабақ - тең бүйірлі үшбұрыш күйінде болады.

Жекеленген және қосарлы шабақтарды терезелер, рамалы есіктер, жиһаздар жасауда қолданады; «қарлығаш құйрықты» шабақты жәшік, қорап дайындауда; тісті шабақтарды детальдарды желіммен ұзындығы бойынша біріктіргенде пайдаланылады.

Бұдан басқа дөңгелек ендірме шабақтар майда ағаш қалдықтарын (дайындамаларды) ені бойынша біріктіру жұмысында қолданылады. Тұйық шабақ пен жартылай тұйық шабақ рама, жиһаз және басқа бұйыидарды дайындауда пайдаланылады.

Тұйық шабақ тік шеттерді біріктіргенде ғана қолданылып қоймай, ойықтардың шеті білінбей тұратын жағдайларда да қажет болып табылады, өйткені ойықтар жиегін тегіс қылып істеу қашанда қолдан келе бермейді. Міне, осы кемшілігін білдіртпеу үшін жартылай тұйық тесік жасайды, яғни шабақтың енінен алдымен бір жағынан немесе екі жағынан да бір бөлігін жонып тастайды.

Қорытынды нұсқау-3 мин

Оқушылар жасаған жұмыстарының кемшіліктерін айту.

Жұмыс-орнын жинақтау - 3 мин

Сарамандық жұмысты аяқтап болғаннан кейін оқушылар жұмыс орнын, құрал-саймандарын жинақтайды.

Бағалау -2 мин

Жаңа сабақ бойынша, сарамандық жұмыс бойынша оқушылардың белсенділіктерін және кемшіліктерін ескеріп бағалаймын.

Үйге тапсырма беру - 2 мин

ІІІ Рефлексия- 5 минут.

Сұрақ-жауап:

Модель ұғымын түсіндіңдер ме?

Ұлттық жиһаздың қандай түрлерін білесіндер?


© 2010-2022