Қазіргі заман тәлімгері мақаласы

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қазіргі заман тәлімгері

Бұл заман байқағанға күштінікі,

Азулы, тырнақты мен тістінікі.

Дүниенің патшалығы, батырлығы -

Тыпырлап тыныш жатпаған істінікі.

Сәбит Дөнентаев

Қай қоғамда болмасын шешуші фактор-адам және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарымызды, байлығымызды түгендеу, игеру, жас ұрпақ бойына игі қасиеттерді сіңіру-бүгінгі ұстаздардың басты борышы.

Ел болашағы- білімді ұрпақта.

Иә, бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп , тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал - тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Өйткені, білім мазмұны, оқыту үрдісі өзгерісті талап етуде.Ал ұстаздар алдында шешімін таппай жатқан проблемаларда баршылық.Пәндерге байланысты көрнекі құралдарды жаңарту, көбейту, толықтыру, дидактикалық материалдардың, әдістемелік көмекші құралдардың аздығы оқулықтар мазмұны мен сапасы алаңдатады. Сонымен қатар білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі, нәтижелі жұмыс істеу үшін мұғалім сабағына жан - жақты дайындалуы керек.Ол үшін мұғалімге еркіндік, шығармашылық ізденіс, көп еңбекке қажет, ал ол үшін жағдай керек.

Ұстаз өте әдепті, әділ, шыншыл шәкірттерін алаламай тең ұстайтын, өзінің терең білім - білігі жоғары мәдениеттілігі мен ақыл - парасаттылығымен үлгі болғаны жөн.

Ақпараттар ағыны ағылған, түрлі хабарлар тасқыны тасыған жаңа ғасырда мұғалімде, озық техникалық , электрондық құралдарды, компьютерді жетік білетін өз пәнін өмірімен байланыстыра алатын, ақпаратшыл және ұлтының кемеліне келіп толысуына , рухани өсуіне, әдеби - мәдени дамуына басты ықпал жасаушы, ұлтжанды патриот болу керек.

Тәуелсіз еліміз қанатын кере жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселенің бірі - білімді де іскер, ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру. Қазіргі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты - ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға даярлау. Ендеше, бүгінгі таңда білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Ал қазіргі кезде заман талабына сай білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын елуден астам педагогикалық технология қолданылып келеді. Солардың бірі - қазақстанда 1997 жылдан бастап етек жая бастаған «Сыни ойлауды оқу мен даму арқылы дамыту» кеңінен қолданылуда. Өз тәжірибемде осы технологияны жиі қолданамын. Оқушылардың ойлау, қабылдау қабілетін аңғаруға топтық жұмыс өте тиімді, атап өтсек, сабақты деңгейлеп оқыту арқылы іске асыру және оқушыға тиянақты білім беру, оның сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ең бастысы, жеке тұлға болып дамудың шыңына әкелер жолдың бірі осы технология болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау - ең алдымен, шығармашылық ойлау.

Шығармашылық ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның дамуы жеделдейді.

Бүгінгі ұстаз шәкіртіне әр пәннен берілетін ғылым негіздерінен білім, мәдениет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат кеңістігіне шығуға тәрбиелеуі керек. Ол тек өз мамандығын сүйген, өз ісіне табанды ұстаздардың ғана қолынан келеді. Әрине, ұстаздың бұл үшін өз кәсібінің майталманы болып, осы мақсатқа рухани күш-жігерін, парасат-қуатын, жоғары адами қасиеттерін салу керектігі айтпаса да түсінікті.

Міне, сондықтан да ХХІ ғасырдағы жаңа заман мұғаліміне қойылатын талаптарға тоқталатын болсақ: мұғалім жеке көзқарасы бар әрі соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман болуы қажет; өз ісін жетік біліп, қызметін табанды жүргізе алу керек; мұғалім педагогтік, психологтік білімін жетілдіріп үйренумен қатар сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білуі керек; жаңа технологиялық оқытуды енгізу және олардың мазмұнын, ерекшеліктерін ескере отырып білім беру сапасын арттыру; жан-жақты дамыған жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету; оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұлттық тәрбие жүйесінде тәрбиелей отырып Отансүйгіштік қабілеттерін ашу; оқушылардың ерекше қабілеттерін тану арқылы дарындылықты дамытудың нақты бағытын іске асыру; оқушының жеке пәндерге деген қызығушылығын арттыру арқылы шығармашылыққа баулу және тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін дамыту; дарынды балалардың қабілетін дамытуға жол ашу арқылы қабілетті, дарынды балалардың тобын құру, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру; мұғалім шәкірт алдында әркез ұстамды, сабырлы, шыншыл бейнесімен көрінуі тиіс; жеке тұлғаның өз-өзіне сенімділігін, өзін еркін ұстай білуін, елжандылық қасиеттерін дамыту және өз құқығын қорғай білу біліктілігін дамыту; адамгершілік, саяси-идеялық ұстанымы жұмысында көрініс тауып, оны оқушы тәрбиесі мен білім беру саласына орынды қолдана білуі қажет.

© 2010-2022