Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Қиғаш тор көз тоқудың үлгісі. Қос дөңгелек жиек»

11 – сынып Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Қиғаш тор көз тоқудың үлгісі. Қос                                          дөңгелек жиек» Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға қиғаш тор көз тоқудың үлгісімен қос дөңгелек жиек тоқудың жолдарын таныстыру                                 - практикалық жұмыс арқылы алған білімдерін, ойлау қабілеттерін                                 шыңдап, дамыту                                 - әсемділікке, ұқыптылыққа, ұстанымдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Практикал...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

11 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс «Қиғаш тор көз тоқудың үлгісі. Қос дөңгелек жиек»

Сабақтың мақсаты: - Оқушыларға қиғаш тор көз тоқудың үлгісімен қос дөңгелек жиек тоқудың жолдарын таныстыру

- практикалық жұмыс арқылы алған білімдерін, ойлау қабілеттерін шыңдап, дамыту

- әсемділікке, ұқыптылыққа, ұстанымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.

Көрнекілігі: тоқыма жіптер, сымдар, журналдар.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, математика.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.

II. Үй тапсырмасы тексеріледі.

III. Жаңа сабақ бөлімі.

Қиғаш тор көз тоқудың үлгісі.

Шалулар саны 2-ге бөлінеді, қосымша 2 шеткі шалулар алынады.

1-қатар: 1 оң, 1 жіп тоқымай алынады.

2-қатар және жұп қатарлардың барлық шалулары теріс тоқылады.

3-қатар: *

4-қатар: 1 жіп тоқымай, іліп алынады, 1 оң *.

5-қатар: 1-қатардан қайда басталады.

Тоқып болған соң тоқыманы булау керек.

Қос дөңгелек жиек

Жіңішкерек бізбен мақта жіптен қажетті шалуды теріп алып, бірнеше қатар тоқып шығады. Бұдан кейін негізгі жіптен 4-6 қатар шұлықша тоқиды. Мақта жіпті қиып тастап, негізгі жіптің ашық шалуларын қосымша бізге өткізу керек. Тоқыманы қос қабаттап, 2 шалудан, біреуін негізгіден, екіншісін қосымша бізден алып, біріктіріп тоқиды.

IV. Үйге тапсырма: 163-бет, тоқыма әліппесін қолдана отырып, сыммен шалуды үйрену.

V. Оқушылар жұмысы бағаланады.

© 2010-2022