Сарамандық жұмысты, бұйымның жасалу ретіне қарай тізбектеліп орындау әдістеріне дағдыландыру

Біз дайындалатын бұйым, соғатын жағы төрт қырлы балға жасау. Оқушыларды бұйымның сызбасымен және технологиялық нұсқау карталарымен таныстыру. Сосын оларды әр топқа бөле отырып, жеке-жеке операцияларының сол топқа бөліп беру.  1 – топ. Балға беттеріне белгі салу операцияларын орындап, яғни бұйымдарды жасауға дайындайды. «3-4 оқушыдан»  2 – топ. Балғаның ортасындағы тескірмен белгі салынған тесігін станогпен тесуімен айналысады, сызбадағы өлшемдер бойынша.  3 – топ. Балғаның сыртқы жағындағы өлше...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: "Сарамандық жұмысты, бұйымның жасалу ретіне қарай тізбектеліп орындау әдістеріне дағдыландыру"

Біз дайындалатын бұйым, соғатын жағы төрт қырлы балға жасау. Оқушыларды бұйымның сызбасымен және технологиялық нұсқау карталарымен таныстыру.

Сосын оларды әр топқа бөле отырып, жеке-жеке операцияларының сол топқа бөліп беру.

1 - топ. Балға беттеріне белгі салу операцияларын орындап, яғни бұйымдарды жасауға дайындайды. «3-4 оқушыдан»

2 - топ. Балғаның ортасындағы тескірмен белгі салынған тесігін станогпен тесуімен айналысады, сызбадағы өлшемдер бойынша.

3 - топ. Балғаның сыртқы жағындағы өлшемдер бойынша егелеп, формасын келтірумен айналысады.

4 - топ. Балға ортасындағы тесілген екі тесікті бір-біріне қосып егелеп балға сапқа тесік дайындайды.

5 - топ. Жасалған бұйымдарды қабылдау, олардың өлшем бойынша жіберілген қателерін түзеп, дайын слесарлық балғаны өлшем бойынша жасалғанына көзін жеткізеді.

6 - топ. Дайын бұйымдарды оқушылармен бірге мұғалім шыңдау әдісін көрсете отырып, шындау цехында дайындалады.

Бұл зауыттық әдіс оқушылардын біріншіден жұмысқа деген жауапкершілігін анықтайды.

Екіншіден, нақты жұмысқа дағдыланады. Үшіншіден, бірін-бірі күтіп қалмайтындай жағдайда сезініп, жұмыстың сапасын арттырады, уакытында ұтады. Әрине бұл топтық әдісті әр сарамандық жұмыс кезінде топ орнын алмастырып басқа операцияларды орындап отырады. Сонша оқушы бір бұйым жасалу операцияларын толық және тиянақты уйреніп шығады. Әрине әр бұйымның жасалу операциялары әр түрлі, брнеше өтпелі кезеңнен тұрады. Бірінші топтың міндеті: Нені жасай білу керек? Белгі салуға кіріспей тұрып болашақ детальдің сызбасымен танысу. Оның формасын, құрылысының ерекшеліктерімен коз алдына келтіру, белгі салу жоспарын ойлап жасап алу керек. Онон соң дайындаманы тексеріп қарап, оның жарылған қуыс боп қалған және кемшіліктері бар - жоқтығы анықталады. Сонан соң детальдың ұзындығын және енін өлшей отырып, онын орта нүктесін табады. Сол нүктеден балғаның соғу жағына қарай 5мм, ені 10мм болтын болса, онда 8 мм бұрғымен тесеміз. Сонда екі тесіктің ортасында егелеуге 2 мм қалатындай есеппен қалдырамыз.

Екінші топ. Бұл топ бұрғылап тесу, тесікті дәл өлшемге келтіру әдістерін пайдалану керек. Яғни, бұрғылап тесу деп тұтас металлда тесік жасау операциясын айтады. Бұрғаның жұмыс бөлімі кесуші және бағыттаушы болып екіге бөлінеді. Кесуші бөлімі конус формалы болады. Осы бөлімнен спераль сайлары басталады. Олар екі жиек-жүз құрайды. Бұрғының бағыттаушы оны тесікке бағыттау міндетін атқарады да, бұрғыны қайта қайрауға мүмкіндік береді. Электрлі тескіш станогымен тесіледі.

Үшінші топ. Балғаның сыртқы бөлігін жазықтық беттерін және дөңес жерлерін тегістеп егелеумен айналысады. Бұл да егелеп өңдеу әдістерін пайдаланады. Яғни егеулердің көмегімен металды жұқалап тегістеу операциясын егеп өңдеу деп атайды. Егеулермен жазық дөңес және ойыс беттерді, қима, ойық жырашық бөліктердің іштерін, барлық формадағы тесіктерді, бір-біріне әр түрлі бұрыш жасай орналасқан беттерді тағы басқа жерлерді өңдеуге болады. Егеулердің 8 түрі болады. Жалпақ, жалпақ ұшы сүйірлеу.

Квадрат, жұмыр, ұш қырлы, жартылай жұмыр, ромба жақты және қол ара тәрізді.

Егеудің тістері жағынан айырмашылығы:

1. Ірі тісті «драчевый»

2. Орта тісті «личной»

3. Майда тісті «бархотный»

Төртінші топ. Сапқа дайындалатын екі тесікті домалақ егеумен егелей бір-біріне қосу керек. Сонан соң арасындағы бөлікті шапқымен шауып қосады. Сосын кішкентай ұшы сүйір жалпақ егеумен екі жаққа қарай егеліп төсектің өлшеміне келтіреді. Тесіктің ортасы ішінен ұзына бойы дөңес болып егелу керек, себебі балғаныспатаған кезде басы берік болады.

Бесінші топ. Оқушылардың дайындаған бұйымдардың сызба өлшемі бойынша қабылдап, қалыпқа келтіріп сыртқы бөліктерін тазалап шыңдауға дайындалады. Балғаға өз шеберханасының белгісін соғуға болады.

Алтыншы топ. Мұғаліммен бірге дайын бұйымды қабылдап алып технологиялық карта бойынша жасалғанын тексеру. Балғанын соғатын жағымен сүйір жағын шыңдап, оны қайта сүртіп майлап және сапасын тексереді.

Қорытынды. Осы жұмыстарды дұрыс бағалап оқушылардың істеген жұмыстарына тиісті бағаларын қою.


© 2010-2022