Сабақтың тақырыбы: Тұқым себетін машиналар туралы түсінік

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Тұқым себетін машиналар туралы түсінікСыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Тұқым себетін машиналар туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

Білімдік. Тұқым себетін машиналар туралы түсінік бере отырып, тұқым себудің әдіс-тәсілдері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық. Оқушылардың алған білімдерін іс-тәжірибеде қолдана білу дағдысын арттыру

Тәрбиелік. Оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, суреттер, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: өсімдіктану

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру,сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы бекітемін «Біздің сұрақ - сізден жауап».

  1. Өсімдік шаруашылығының міндеті неде?

  2. Тұқым дегеніміз не?

  3. Тұқым сапасына қандай талаптар қойылады?

  4. Тұқымды қалай сақтау керек?

  5. Тұқым қалыпты өсіп-өнуі үшін не қажет болады?

  6. Малалау дегеніміз не?

  7. Тұқымды тазалаудың мәні неде?

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.

Дәннің өсіп өнуі үшін тұқым ылғал мен қажетті қоректік заттары бар топырақ арасына түсуі керек.

Бұрын тұқымдық дәнді егістікке қолмен шашып сепкен. Ал бүгінде дәнді егістікке сеялка деп аталатын машинамен себеді. Сеялканы тракторға тіркейді.

Сеялканың құрамдас бөліктері: тұқым салатын жәшігі, сепкіш аппараттары, тұқымды біртіндеп түсіріп отыратын түтіктері және шоғын түрендері бар.

Түреннің қызметі - жерді тігіп жырту, ал сепкіш аппараттар арқылы тұқым жәшігінен құбырға, құбырмен келіп түрен тілген жерге келіп түседі. Тұқым түскен жер ізінше жабылып отырады. Кейбір сеялкалар тілген жерге тыңайтқышты да бірге сеуіп кетеді.

Сеялкалардың түрі көп: бірі-қарадай бидай, бидай сепсе, екінші - мақта, үшінші - зығыр, төртіншісі - қызылша, бесіншісі - жүгері себуге лайықталған.

Сабақтың тақырыбы: Тұқым себетін машиналар туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы: Тұқым себетін машиналар туралы түсінік

ІҮ. Тұқым себетін машиналар (сеялка) құрлысымен таныстыру.

Сабақтың тақырыбы: Тұқым себетін машиналар туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы: Тұқым себетін машиналар туралы түсінік

Ү. Мақал мәтелдердің жалғасын табу.

«Жалғасын тап».

1.... ... ас екен,

Алтын , күміс тас екен.

2. ... ... ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

3. ... ... тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

4. ... ... елі бай.

5. ... ... елге өкпелеме,

... ... жерге өкпелеме.

ҮІ. «Ойлан тап» Сөзжұмбақ шешу «Технология».

Сабақтың тақырыбы: Тұқым себетін машиналар туралы түсінік

  1. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін өсімдіктен алынатын қоректік зат.

  2. Дән себетін машина.

  3. Өсімдіктерді улау процесінде қолданылатын химиялық түзіліс

  4. Тұқым сапасының маңызды көрсеткіші.

  5. Өсімдік тұқымдарын әр түрге саралау

  6. Ауыл шаруашылық дақылдарын себудің ең көп тараған түрі.

  7. Тұқым қайда сақталады?

  8. Өлшем бірлік.

  9. Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін қажетті химиялық элемент

  10. Пән атауы

ҮІІ. Бекіту сұрақтары:

  1. Сеялканың құрлысын атап беріңіз.

  2. Егу әдісіне қарай сеялкалар неше түрге бөлінеді?

  3. Тракторға сеялкалар қандай әдістер арқылы тіркеледі?

  4. Түреннің қызметін ата?

Үйге тапсырма: Сеялка құрлысымен танысу.

Бағалау




© 2010-2022