Мата туралы жалпы түсінік ашық сабақ

Раздел Технология
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Мата туралы жалпы түсінік» ашық сабақ

Сабақтың мақсаты:

а)білімділік: Оқушыларға мата туралы жалпы түсінік беру.

ә)дамытушылық: Матаның, талшықтың түрі, құрылымы, матаның

шығуы, өндірілуі туралы оқып үйренуге жағдай

жасау.

в)тәрбиелілік: Матаның маңызын түсіндіре отырып, экономикалық,

гигиеналық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: Талшықтар коллекцияларының түрлері, сызбалар, буклет,

қайшы, ине, жіп, түрлі-түсті картон т.б.

Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап, сарамандық.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

а) Салемдесу.

ә) Оқушыларды түгендеу.

в) Оқушылардың құралдарын тексеру.

II Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты қайталау, сұрақтар қою:

  1. Қандай кесте түрлерін білесіңдер?

  2. Кестеге қандай жіптер қолданылады?

  3. Кергішті не үшін пайдаланамыз?

  4. Инешаншым дегеніміз не?

  5. Кестемен қандай бұйымдар тігеміз?

III Жаңа сабақты меңгерту.

  1. Ойға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар қойылады.

а) Матаны қайда қолданамыз?

Мата - өнеркәсіпте киім - кешек тігу, төсек - орын жабдықтарын тігу кезінде

кеңінен қолданылады. Бұл тұрмыстық мата түріне жатады. Сонымен бірге

тігілетін киім түрлеріне қарай арнайы және техникалық мата түрлері де

қолданылады. Олардан спорт киімдері, үй жиһаздары, қолшатыр, ойыншық

парашют дайындалады.

ә) Матаның қандай түрлерін білесіңдер?

Жауабы тақтаға жазылады. Мысалы: Шыт, бөз, сәтен, жібек, капрон, нейлон,

шифон, барқыт, драб, байка, жүн мата, велюр т.б.

  1. Енді осы мата түрлерін топтастырайық.

Талшық

  1. Оқушыларға үлестірмелі материалдарды таныстыру, талшық түрлерімен танысу.

Мұғалім талшық түрлерімен таныстырып, анықтама береді:

а) Мақта - бір жылдық өсімдік, аппақ ұзын талшықтарға құрамдас қораптан

тұрады. Талшықтары өте жіңішке болады. Талшықтарының ұзындығы 6-дан 52

мм-ге дейін. Түсі - ақ, қоңыр - сарғыш. Гидроскопиялығы - (қоршаған ортадағы ылғалды өткізуі) өте жоғары. Ылғалды тез өткізеді, тез кебеді. Талшығы өте жұмсақ. Мақта мата мықты, жұмсақ, жеңіл, жылы. Киім тіккенде өте ыңғайлы. Гигиеналық тұрғыдан ылғал мен ауа өткізгіш, тез кебеді, оңай жуылады, тез үтіктеледі. Мақта мата біркелкі иірілген жіптен тоқылады, беті тегіс болады. Қазақстанда мақта Оңтүстік облыстарда өсіріледі.

ә) Зығыр - біржылдық шөптектес өсімдік. Зығырдың үш түрі бар: салалы, бұйра, жабайы зығыр. Талшықтар алу үшін салалы зығыр өсіріледі. Сабағының ұзындығы 1м. Талшығының ұзындығы 15-20мм, түсі ашық сұрдан жабық сұрға дейін. Зығырдың өзіне тән жылтырлық қасиеті бар. Гидроскопиялығы мақтадан жоғары, ыстыққа төзімді, салмақты әрі қалыңдау.Таза зығыр матасының шеті сетінегіш, мыжылғыш келеді, тез үтіктеледі.

в) Синтетикалық талшықтар шикізатын алуға бастапқы азығы болып, газ, мұнай, тас көмірдің өңдеуден шыққан өнімі алынады.

Синтетикалық маталар жеңіл, бүктегенге көнгіш, суыққа, өңдеуге төзімді.

Тоқыма бұйымдарын, шұлық, тігін жіптер, шілтер, арқан, балық ауларын жасағанда қолданылады.

  1. Матаның шығуы.

  1. Жүн жіп дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Жүн жіпті қалай аламыз?

Жүн жіпті жануарлардан аламыз. Қайдан, ешкіден, туйеден.

Жүн жіптен тоқыма бұйымдарын тоқимыз. Мысалы киім - кешектер, кілем, алаша т.б.

Мата шығарудың ең алғашқы сатысы - талшықтардан жіп шығару.

Жіп шығару процесін иіру деп атайды.

Жіп тоқыма фабрикаларында, тоқу станоктары мата шығарады.

Матаның ұзын бойымен орналасқан жіп негізгі, көлденең жатқан жіп арқау жібі дейді.

Тоқыма станоктарынан алынған маталарды өңдейді, тазалайды, ағартады, бояйды және өрнек салады.

Матаның екі жақ беті бар: оң және теріс.

Оларды матаның бетіне түскен суреті, түсі, жылтырлығы арқылы анықтайды.

IV Сарамандық жұмыс.

Матаның негізгі және арқау жіптерін анықтау.

Құралдар: қайшы, желім, қалам, сызғыш.

Жабдықтар: мата үлгілері, түрлі түсті қағаздар, ине, жіптер 2түрлі.

Жұмыстың орындалу технологиясы.

  1. Мата үлгілерін алып, екі шеткі жіптерін тарқату арқылы негізгі және арқау жіптерін анықтау.

  2. Түрлі түсті картонға екі түрлі жіппен матаның негізгі және арқау жібін тоқу макетін жасау.

V Жаңа сабақты қорыту.

Оқушылардың жұмысын тексеріп бағалау.

Талшықтардың айырмашылықтарын кестеге толтыру.

Талшық түрлері

Ерекшелік көрсеткіштері

Сырт көрінісі

Ұстап көргенде

Зығыр

Ашық сары, жылтыр, ұзын, жуан

Қатты, мықты

Мақта

Ақ, қысқа, жіңішке

Жумсақ, мықты

VI Уйге тапсырма

© 2010-2022