Менеджмент және маркетинг негіздері

Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менеджмент және маркетинг негіздері.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға менеджменттік басқару, маркетингілік қызметтің әдістері туралы мағлұмат беру;

  • Негізгі принциптерді үйрете отырып, өз бетінше еңбектенуге қабілеттілігін дамыту;

  • Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, түсіндірме, ойын.

Қажетті құрал - жабдықтар: дәптер, А4 пішіміндегі қағаздар, қалам, қарындаш, т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Өткен тақырыптарға шолу:

  • бизнес - жоспар дегеніміз не?

  • Бизнес - жоспарын құру кезінде нені ескеру керек?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Менеджменттік басқару - рыноктық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорынды басқарудың жаңа жүйесі.

Менеджмент жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, ынталандыру сияқты қызметтерді атқарады.

Менеджмент жүйесі басқару принципінен, қызметінен, әдісі мен технологиясынан тұрады. Басқару процесі төрт өзара байланысты міндеттерден тұрады: жоспарлау, ұйымдастыру, дәлелдеу және бақылау.

Менеджмент процесі - басқарудағы қызметкерлердің әлеуметтік - экономикалық жүйеде мақсатқа жетуге бағытталған, белгілі технология бойынша жүзеге асатын іс - әрекеттерінің үздіксіз реттілігі және жиынтығы.

Менеджмент қызметі - басқару процесінің мазмұнында, басқару қызметінің түрінде, жүйе бойынша басқарудың міндеттерінің жиынтығында көрініс береді.

Маркетинг - (ағылш. Рынок, өткізу) сауда қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.

Болып жатқан жағдаяттардан хабарджар етіп отыру - маркетингілік қызмет.

  • өз уақытында белгілі сұраныстың құрылымы мен динамикасы жөнінде, сатып алушылардың қалауы жөнінде сенімді және анық ақпарат беру, яғни сыртқы рыноктан хабардар ету.

  • Бәсекелестердің тауарына қарағанда рыноктың талабын қанағаттандыратын тауар түрлерін шығаруды ұсыну.

  • Тұтынушыға әсер ететін жарнамалар таратуды жүзеге асыру бағытында бақылау жүргізу.

Маркетингтің негізгі қызметі - адамның қажеттілігі мен сұранысын қанағаттындыру.

Осы жерден қысқаша айтқанда, сатып алушыға заттарды ұсыну қажеттілігі туындайды.

Маркетингтің негізгі принциптері:

  1. өнім өткізу қызметінде мақсатты түрде соңғы нәтижеге жету.

  2. маркетингілік қызметте зерттеу жүргізу, өндірістік болжамдарға сүйену және сұраныстағы тауарларды өткізуге күш салу.

  3. кәсіпорынның нәтижеге қол жеткізуге бағытталған ұзақ мерзімдік маркетингілік жұмысы зерттеулер мен болжамдарға өте мұқият болуды талап етеді. Кәсіпкер зерттеулер мен болжамдардың нәтижесіне сүйеніп, шаруашылық қызметке үлкен табыс әкелетін рынокқа қажет жаңа өнімді шығарады.

  4. дербес сатып алушылардың талабын орындауға түбегейлі жоспар құрып, мақсатты түрде әрекет ету.

ІҮ. Сарамандық жұмыс.

Тест тапсырмаларын орындау.

І. Шыдамдылық.



© 2010-2022