Коучинг Сыни тұрғысынан ойлауға үйрену жолдары

Раздел Технология
Класс 11 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Сыни тұрғысынан ойлауға үйрену жолдары» коучинг сабақ жоспары

90 мин.

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдердің сыни ойлануына үйренудің мақсаттары,негізгі ұғымдары,әдіс-тәсілдерімен таныстырып, іс-тәжірибесінде пайдалануға бағыттау.

Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық.Оқу-әдістемелік құрал.

Күтілетін нәтиже:

Сын тұрғысынан ойлаудың түрлі әдіс-тәсілдерін біліп және оларды оқу үдерісінде тиімді пайдалануы

Түйінді идея

Сын тұрғысынан ойлау

Ресурстар

Флипчарт,маркер,түрлі-түсті стикерлер,суреттер,бояу құралдары.

Коучинг сессиясының өту барысы

Коучинг сессиясының өтілу кезеңдері

Уақыты

Коуч пен коучингке қатысушылардың іс-әрекеті

амандасу

5 мин

Коуч коучингтің тақырыбы мен мақсатын таныстырады.

Сергіту сәті(жақсы психологиялық ахуал орнату)

5 мин

«Көңіл-күйің неге ұқсас» (сіздер бүгінгі көңіл-күйле-

ріңіз неге ,қай жыл мезгіліне,ауа-райына,табиғаттың құ-былысына) ұқсас екенін айтып бересіздер.

Топқа бөлу

2 мин

«Қиылған буындар» түйінді сөз шығады.(сыни тұрғыдан ойлау)

Сыни тұрғыдан ой қозғау

Ұсынылған критерийлер бойынша пікірлерін білдіреді.

20 мин

«Бекболат Тілеухановтың психологиялық эксперименті бейне ролигін көрсету.

Мұғалімдерді 2 топқа бөліп, бір топ сыртқа шығарылады.Сыныпта қалған топ мүшелеріне белгісіз азаматтың портреті көрсетіліп төмендегіше критерийлер айтылады:

--Бұл портреттегі адам өте танымал актер,жақсы адам. Осы азаматтың портретіне қарап психологиялық мінездеме беріп өтсеңіздер.

--Сыртқа шығарылған екінші топ мүшелерін ішке кіргізіп, порттретті көрсету арқылы төмендегіше крите-

рийлерді ұсынылады:

--Бұл өте зұлым адам.Зұлымдығы соншалық бірнеше елге қасырет әкелген.Бұл азамат қандай қылмысқа баруы мүмкін деп ойлайсыздар?

--Бір адамның портретіне неге екі түрлі сипаттама берілді? Бұл бейне роликтен қандай тұжырым жасадыңыз?

Рефлексия

3 мин

Ойлау іс-әрекетпен байланысты түйінді идеяларды атау

Теориялық материал

10 мин

Презентация(сын тұрғысынан ойлаудың анықтамасы,

мақсаты)

Топтық жұмыс

15 мин

Әр топқа танысу үшін «сын тұрғысынан ойлауға үйрету»деген мәтін беріледі.

Тапсырма: сын тұрғысынан ойлаудың сипаттамасына кластер жасау.Спикердің қорғауы.

(Кластер-жүзім сабағы)

Рефлексия

2 мин

Екі жұлдыз,бір тілек

1-тапсырма

Мұғалімдердің сын

тұрғысынан ойлауын қадағалап

үйренуіне жол ашу

«Тыңдалым стратегиясы» «Болжам стратегиясы»

20 мин

Сыни тұрғыда ой қозғау.Әр топ өз ойларын жазып қорғайды. «Боз орамал» шағын әңгімесінің аудио жазбасын тыңдап,белгілі бір жерде үзілген ойды өз бетінше жалғастырады.Жазғандарын оқу, түп нұсқасымен салыстыру.Әңгіменің қалған бөлігін тыңдау арқылы түйін жасйды.

«Ой толғау»Суретті зерттеп ондағы ой мен мағынаны ашу керек

5 мин

Суретке қарап сипаттама беріңіз.Әр топ постер қорғайды.

Рефлексия

5 мин

«Ыстық ықылас ». Бүгінгі коучинг сабағынан не үйренгендері жайлы өз пікірлерін стикерлерге жазып, блоб ағашына жапсырады.



© 2010-2022