Ілмектер тұтқасының құлағын жасау (6 сынып)

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы : Ілмектер, есік тұтқасының құлағын жасау

Сабақтың мақсаты: оқушыларды бұйымдарды жасау жолдарымен таныстыру, іскерлік қабілеттерін шыңдау, ой өрісін дамыту.

Сабақтың міндеттері: шыдамдылыққа тәрбиелеу, сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Жұмысқа қажетті материалдар, құрал-жабдықтар: түзету тақтасы, дайындама, сызғыш, сызба, қайшы, таңбалық, балға, егеу, ағаш соққы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларды түгелдеу

- Назарларын сабаққа аудару

- Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.

ІІ.Жаңа сабақ.

Кіріспе.

  • Балалар, өткен сабақтарда сіздер металл қасиеттерімен, металл түрлерімен және сұрыптық илемнен жасалған бөлшектердің графикалық кескіні және оларды таңбалау жолдарымен таныстыңыздар. Графикалық кескін бұйымның формасы, көлемі және бұйым дайындалған материал жөнінде анық және дәл ақпарат беруі керек. Мысалы: жұқа металл табағынан жасалған қарапайым бұйымдардың сызбасын қарастырайық. Мұнда барлық сызбаларда бұйымның қалындығы «S 0,6» жазуымен көрсетілгенін бірден атап көрсетуге болады.

-Бүгін сіздер ілмектер, есік тұтқасының құлағын өз беттеріңізбен жасауға үйренесіздер.

Жұмыстың орындалу реті.

1. Дайындаманы түзеу

2. Сызба арқылы дайындамаларды өлшеп, белгілеу

3. Бұйымдарды жасап шығару

ІІІ. Сарамандық жұмыс

ІҮ. Қорытындылау

-Балалар, сонымен бүгінгі сабағымызда ілмектер және есік тұтқасының құлағын өз беттеріңізбен жасап үйрендіңіздер.

Ү. Бағалау, мадақтау.





© 2010-2022