• Преподавателю
  • Технология
  • Киімді жобалау және дайындау Сабақтың тақырыбы: Киімді жобалау және дайындау Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушының білімін білік дағды жүйесімен қаруландыру. Оқушыларға киімді жобалау және дайындау туралы толық мағлұмат

Киімді жобалау және дайындау Сабақтың тақырыбы: Киімді жобалау және дайындау Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушының білімін білік дағды жүйесімен қаруландыру. Оқушыларға киімді жобалау және дайындау туралы толық мағлұмат

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Киімді жобалау және дайындау

Сабақтың тақырыбы: Киімді жобалау және дайындау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушының білімін білік дағды жүйесімен қаруландыру. Оқушыларға киімді жобалау және дайындау туралы толық мағлұмат беру;

Дамытушылық: Балалардың өз бетінше ойлану қабілетін, теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру,олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: Балаларды еңбекті сүюге,өз қолымен әсем пирогтар жасауға, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу., инабаттылыққа, мәдениеттілікке, бейімділікке тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету,сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс

Сабақтың барысы:

І - Ұйымдастыру кезеңі: 1. Амандасу, жоқ оқушыларды түгендеу2. Оқушылардың құрал - жабдықтарын түгендеу.3. Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, жұмыс орнын реттеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Машина тігістерінің түрлері

III.Жаңа сабақ Киім - адамның денесіне киюге арналған бұйым, жасанды жамылғы түрлері. Киім адамды қоршаған ортаның, табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды. Оның тұтыну мәнімен бірге ғұрыптық және белгілі бір мақсатқа қызмет ететін маңызы бар. Жақсы киінуге ұмтылатын кісіге жинақылық, тазалық қасиеттер тән болу керек.
Үтіктелмеген, дақ түскен, кей жерлері майланып кеткен киімдерді, жағасы мен жеңі кірлеп, қыртыстанған жейдені киюге болмайды. Түймелердің дұрыс және берік қадалуын, киімдегі тесілген, жыртылған жерлерді жамап, тігіп отыруды ұмытпау қажет. Синтетикалық киімді киюдің кажеті жоқ, әсіресе жазды күні. Өйткені адам денесінің терлеуіне байланысты тер киімге сіңбей тері үстінде болып бірнеше жұқпалы ауру тарататыны микробтардың ұясына айналуы мүмкін.
Маусым ауысқан кезде бұйымдарды жуып, тазалап, үтіктеп, күйеден сақтайтын препараттарды сеуіп, келесі маусымға дейін сақтап қояды.
Кітаппен жұмыс.
Оқушыларды топқа бөліп мәтінді оқыту (4-5мин).
Адам өзін жайлы, сенімді сезіну үшін киім ыңғайлы, әдемі болу керек. Қолдануына қарай киім түрлерінің бөлінуі:
v Сырт киім
v Жеңіл киім
v Іш киім
v Жағажай киімі
v Бас киімі
Киімдер ассортиментіне қарай үшке бөлінеді
- Сырт киім,
- Жеңіл киім,
- Іш киім.
Іштен киетін киім денеге жабысып тұрады. Оған басты талап - таза болуы, ылғалды жақсы сіңіруі және еркін жіберуі керек. Күндіз киген іш киіммен түнде ұйықтауға болмайды. Іш киім әдемі, ыңғайлы, мықты болып, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі керек.
Сабақты қорытындылау:
Жаңа сабақты қорытындылай келе оқушыларды бағалау

Үйге тапсырма: Киімді жобалау және дайындау

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Үстірт орта мектебі.Технология пәні мұғалімі



© 2010-2022