Жақсы сөз-жанға қуат

Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері: -жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; -жақсы сөздің қолдана білу іскерліктерін дамыту; -ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Сабақтың типі:Жаңа материалды түсіндіру. Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:Білім беруді ізгілендіру, АКТ, дамыта оқыту. Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі –иллюстративті, практикалық. Пәнаралық байланыс:Әдебиет, бейнелеу өнері,музыка. I.Ұйымдастыру бөлімі. Шаттық шеңбері Сәлеметсіздерме, оқушылар!Бүгін бізде өзін-өзі тану сабағы.Өздеріңді көргеніме қуаныштымын.Сабағымыз көңілді өту үшін барлығымыз шаттық шеңберіне жиналып, өзін-өзі тану сабағынан үйренген жақсы құндылықтарды берілген әріптер бойынша айтамыз. Ж-жомарт                С- сыйлы             Ж- жайдарлы           Қ- қамқор А- ақкөңіл                Ө- өнерлі             А- ақылды                У- уәдесінде тұрады Қ- қайырымды         З-зерек                Н- намысшыл           А- адал С- сыпайы                                             Ғ- ғайбат                   Т- тапқыр Ы- ынталы                                            А- ажарлы
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Өзін-өзі тану

Мұғалімі:Нигметова Айсулу Жиенбаевна

Сыныбы:4 «а»

Сабақтың тақырыбы: Жақсы сөз- жанға қуат

Мақсаты:

Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-жақсы сөздің қолдана білу іскерліктерін дамыту;

-ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа материалды түсіндіру.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:Білім беруді ізгілендіру, АКТ, дамыта оқыту.

Сабақтың әдісі:Түсіндірмелі -иллюстративті, практикалық.

Пәнаралық байланыс:Әдебиет, бейнелеу өнері,музыка.

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Шаттық шеңбері

Сәлеметсіздерме, оқушылар!Бүгін бізде өзін-өзі тану сабағы.Өздеріңді көргеніме қуаныштымын.Сабағымыз көңілді өту үшін барлығымыз шаттық шеңберіне жиналып, өзін-өзі тану сабағынан үйренген жақсы құндылықтарды берілген әріптер бойынша айтамыз.

Ж-жомарт С- сыйлы Ж- жайдарлы Қ- қамқор

А- ақкөңіл Ө- өнерлі А- ақылды У- уәдесінде тұрады

Қ- қайырымды З-зерек Н- намысшыл А- адал

С- сыпайы Ғ- ғайбат Т- тапқыр

Ы- ынталы А- ажарлы

Олай болса балалар, осы құндылықтарды айту арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбы шықты.Ол «Жақсы сөз жанға қуат» деп аталады.

II.Өткен материалды қайталау арқылы жаңа сабаққа кіріспе.

Әңгімелесу

*Бәріміз балалар, жақсы сөздер айтайық? Қандай жақсы сөздер бар?

Ақылды, мейірімді, әдепті, сыпайы, мақтау, қамқор, ақжарқын т.б.

*Жақсы сөз естігінде қандай сезімде боласыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, жақсы сөз естігінде тұла бойың тамаша сезімге бөленеді.

*Жаман, дөрекі сөз естігінде қандай сезімде боласыңдар?

Дұрыс айтасыңдар, жаман сөз естігінде көңіл күйін түсіп жабырқау күйде боласың.

*Жақсы сөз жанға қуат дегенді қалай түсінесіңдер?

Ия, дұрыс айтасыңдар.Әрдайым жақсы сөздер адамға қай кезде болмасын күш-қуатын береді.

III.Жаңа материалды меңгерту.

Мәтінмен жұмыс

Олай болса мәтінмен жұмыстанайық. «Сыпайы қоян» атты ертегіні іштей оқып шығамыз.

*Мәтіндегі негізгі ой?

Қоянның айтқан жылы сөздері.

*Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?

Өзіне көмегі жыланнан өзінің жылы сөздерімен құтылғаны.

*Өздерің қоянның орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Менде жақсы, жылы сөздер айтып, қоян сияқты құтылып кетер едім.

*Мәтінге қатысты қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені.

Жақсы сөз- жан жадыратар.

Дәйексөзбен жұмыс

Ия балалар дұрыс айтасыңдар.Науаидың мақалы берілген. «Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады».Осыны мәтінмен сәйкестендіріп көрейікші.Қоян өзінің адал ниетімен жыланның жүрегінен жол таба білді.Олай болса жақсы сөз адамды жақсылықтарға баулиды.

Жаңа ақпарат

Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді.Олардың қарым-қатынасынан жақсартуға ықпал етеді.Адамдар бір-бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жеткізеді.

Шығармашылық жұмыс

Тапсырмаларды оқыңдар.Олардың қайсысы мақтау, құттықтау, амандық сұрау, алғыс сөздер екендігін тауып айтыңдар.

1.Жақсы тілек, құттықтау сөз

2.Амандық, жағдай сұрау

3.Алғыс айту, ризашылық білдіру

4.Мақтау

IV.Сабақты бекіту.

Тапсырма

Балалар төрт топқа бөлінеді.Төменде ұсынылған тапсырмалар бойынша төрт топ шағын диалог- көрініс құрастырып, көрсетуі тиіс.

1-топ:Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.

2-топ:Тұтынушы мен сатушының дүкендегі сыпайы қарым-қатынасы.

3-топ:Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.

4-топ:Әжесі мен немересінің бір-біріне айтқан жылы сөздері.

Дәптермен жұмыс

1-тапсырма.

Дәптерде берілген кестені (жақсы сөздердің адамға әсері, жағымсыз сөздердің адамға әсері) өз ойларыңмен толтырыңдар.

Үйге тапсырма

2-тапсырма.

Дәптерде берілген «жақсы сөз»бақшасындағы қырық қабаттың жапырақтарына өздерің білетін жақсы тілек, жылы сөздерді жазыңдар.

V.Қорытынды.

Менің түйгенім:

Жақсы сөздер:Жақсы тілек, құттықтау сөз, амандық, жағдай сұрау, алғыс айту, ризашылық білдіру, мақтау.

Жүректен жүрекке

Олай болса балалар, мен сендердің жақсы сөздеріңді естіп, қуанып қалдым.Бүгінгі сабаққа жақсы қатысып, көңілімді жадыратқандарын үшін мына әдемі күн шуақтарын ұсынамын.Әрдайым бір-бірімізге жылы сөздер айтып, жүректерімізді шуаққа бөлеп жүрейік.Сендер мектебіміздің әдепті, үлкенге ізет, кішіге қамқор көрсетер ұл- қыздары болыңдар.Барлығымыз жүректен жүрекке шығып, «Дос,болайық бәріміз» әнін бірге орындайық.

Нигметова Айсулу Жиенбаевна

Хамза Есенжнов атындағы

жалпы орта білім беретін мектептің

«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі.

Батыс Қазақстан облысы,

Теректі ауданы,

Сарыөмір ауылы

© 2010-2022