Кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары. Баяндама

Кәсіптік  даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары.                                                « Болашақта  өркениетті  дамыған  елдердің                                                   қатарына  ену үшін заман талабына сай                                                       білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің                                                 қатарына жеткізетін, терезесін тең                                                           ...
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары.

« Болашақта өркениетті дамыған елдердің

қатарына ену үшін заман талабына сай

білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің

қатарына жеткізетін, терезесін тең

ететін - білім» Н.Ә .Назарбаев.

Арнайы пәндерді оқыту барысында оқытудың кең таралған әдістерін қолдану арқылы, переспективті-тематикалық жоспарға сай, оқушылардың техникалық шығармашылығын дамыту -білім мен іскерлігін қалыптастыру , интеллектуалдық және эстетикалық дамуын , жалпы еңбектік және әләументтік дамуын, кәсіби өзін өзі анықтап, арнайы пәндерді, өндіріспен ұштастыра кәзіргі нарықтық заманда бәсекеге қабілетті алғыр, шебер, ойы ұшқыр , мамандарын жетік білетін оқушыларды дайындау міндеті тұр.

Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін- мұғалімнің жеке басының ізденімпаздылығы мен білімділігіне көп жағдай тәуелді. Сондықтан оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін сабақтарды түрлендіріп өткізу қажет және сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

I Сондықтан менің сабақтарымның негізгі сатылары:

1. Жаңа тақырыпты түсіндіруден.

2. Төменнен, жоғарыға қарай деңгейлік тапсырмалар беру;

3. Оқушылардың тақырыптан алған білімдерін бекітіп отыру.

4. Оқушылардың білімдеріне сай үлестірмелі карталар тарату.

5. Оқушылардың білімін қолма-қол бағалау болып табылады.

Сабақтарымның мақсаты:

1. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту.

2. Деңгейі төмен оқушылармен жеке жұмыс жасау, қолдау көрсету;

3. Дарынды оқушының тереңірек білім алуына жағдай жасау;

4. Оқушының ынтасын қабілетін арттыру.

Ерекшелігі:

1. Таланттылар, дарынды оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігі арта түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.

2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

3. Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың ақыл-ойы дамиды және өзін-өзі жетілдіреді.

Мұғалімнің жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызады.

II Үлгерімі төмен деңгейдегі оқушылар мен білім сапасын арттыру тәсілдері.

Менің ойымша, нашар оқитын оқушылармен жұмыста ең тиімдісі- ойын технологиясы.

Сабақ үстіндегі ойындарда оқушылардың шығармашылығы артады. Ойын оқу материалын түсінуге көмектеседі.

Тәжірибеде байқағанымдай, нашар оқитын, үлгермейтін оқушылардың білімдерін деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асыру да оңтайлы нәтиже беріп жүр.

Мен сабақтарымда "Деңгейлеп оқыту технологиясы" элементтерін пайдаланамын.

Жылдар бойы сабақ жүргізу нәтижесінде оқушының білім сапасын көтеруге, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру барысында жан-жақтылыққа ұмтыламыз және ізденеміз. Алдыңда отырған оқушының білім деңгейі, білімді менгеру дағдысы барлығында бірдей болуы мүмкін емес жағдай.

Сондықтан Қараевтың насихаттап жүрген деңгейлеп оқыту технологиясында оқушыны жан-жақты мүмкіндігін ескере отырып «жеңілден ауырына

қарай » деген принципті қолдана отырып, өз бетімен жұмыс істеу қабілетінің дамуына ықпал етемін .Осы кезде

· Берілген тапсырмалардың ерекшелігіне көңіл бөлінеді;

· Берілген тапсырма қызықты, маңызды болған кезде ғана оқушылардың сабаққа қызығушылығы арта түседі..

III .Үлгерімі төмен оқушымен мен қалай жұмыстанамын?

Қабылдауы баяу оқушыларды әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етемін және оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе карточкамен жұмыстар беремін . Карточкамен жұмыстану оқушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Артта қалуы мен нашар оқитын оқушыларды болдырмау үшін алдын алу жұмыстары жүргізілу керек , яғни ынта-жігерді қажет етеді.

Оқыту барынша тиімді болу үшін мұғалім әр оқушының әлсіз және күшті жақтарын, кемшілігі мен қол жеткізген табыстарын жақсы білуі қажет.

Өзіне сенімі жоқ, үлгерімі төмен оқушыны қолдап отырамын .Қандай да ұнамды сапасын танып, балада сенім оятамын , ұмтылысқа , кедергілерден

сескенбей өтуге баулимын. Оқушыларды сөйлеуге, өз ойларын жеткізе білуге, пікір таластыруға тек тестік бақылау кезінде емес, оқыту барысында, күнделікті сабақта, тіпті сабақтан тыс жұмыстарда да (үйірме, факультативтік сабақ, т.б.) қалыптастырып үйрету қажет.

IV. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі тауып түзетуге мүмкіншіліктер беремін.

• оқушыларды білімдерін бақылаймын , бағалаймын, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретемін

• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы ,бұл жерде үйге берілген әр түрлі тапсырмалар мен жұмыстанады.

• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектеседі,

• оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлемін,

• оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдап, мадақтаймын,

• жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасауға тырысамын,

• жеке тапсырмалар беремін,

• оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасаймын,

• оқушының жауабын талдаймын,

• оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға қосымша тапсырма беремін,

• жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беремін .

V. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:

1. Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек.

2. Сабақтың жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп отырады.

3. Оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі кезінде өндірістік оқыту шеберімен , психологтармен бірігіп жұмыс істейміз.

Ұстаздың рөлі тек емтихан алып, баға қоюмен шектелмейді, сабақты бере білу мен оқушыларды еңбекке баулып, тәрбиелеу және пәнге қызығуын арттырумен айқындалады

VI. 3- ші бағам басталғаннан біліктілік емтиханға алдан-ала дайындық жүргізіледі: осы кезде

Оқушыларды алдын-ала қадағалау - Ондағы мақсат - оқушылардың 1-2 бағамдағы игерген білімдерін тексеремін .

Ағымдағы қадағалау - күнделікті игерілген материалдың қаншалықты терең бекігенін анықтау үшін қолданамын.

Күнделікті қадағалаудың - оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен дер кезінде байқауға мүмкіндік береді. Күнделікті қадағалау оқушылардың əр сабаққа мұқият, əрі тыңғылықты дайындалып жүру жауапкершілігін арттырады.

Мерзімді қадағалау - Ол 1-ші жарты жылдықтың аяғында жүргізіледі яғни тексеру жұмысы.

Тақырыптық қадағалау - тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң бекіту сұрақтар мен тексеремін.

Қадағалау барысында əрқилы əдістерді ауызша, жазбаша, тəжірибелік, компьютерлі (машынды) қадағалау жəне өзіндік қадағалаулар ды қолданамын. Соңғы жылдары біліктілік емтихандарында оқушыларым жақсы нәтиже көрсетуде, бұл нәтиже осындай жұмыстарымның жемісі деп ойлаймын. Биылдың өзінде 8топта 25 оқушы тапсырды . Оның 9 оқушысы «5» деген бағаға , 16 оқушы «4» деген бағаға тапсырды. Оқушылардың басы 99 бал, аяғы 78 бал алды.

Өз ойымды қорыта келе, мынадай пікірмен:

Білім-ел қазынасы, халқымыздың білімділігі-ел байлығы.

«Қазақстан -2050» стратегиясы -қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты бойынша кәсіби білім беру жүйесінің ,негізгі бағдарында

Н.Ә .Назарбаевтың

«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген сөзімен аяқтағым келеді.





Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Технологиялық колледж



Баяндама

Тақырыбы: Кәсіптік даярлық деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлық жұмыстары.

Дайындаған: Арнайы пәндер оқытушысы

Г.С Суюнова.



Орал қаласы 2013 жыл.




Ең басты мақсат- оқушының сабақ үстінде шет қалмауы , берілген тапсырмамен айналысып отыруын қадағалау.Арнайы пәндер сабағы оқушының икемділігі,жинақылығын,ілтипатты, биязы болып өз ойын дәл айқындауды талап етеді. Мен өз сабақтарымда жаңа мағлұматтарға көңіл аударып, оқушыларды ақпараттық жоғарғы технологиялар мен оқыта отырып интерактивті тақта арқылы слайдтар, суреттер, сызбалар,кестелер,диаграммалар, бейнематериалдар қолданамын, түсіндірген тақырыбымның мазмұнын ашып корсетуге мүмкіндік мол. Әр тақырып соңында , емтихан жумыстарында , жарты жылдықты қортындылағанда компьютерді негізге ала отырып білім деңгейін тексеремін .Бұл жан-жақты , бәсекеге қабілетті ,білімді шәкірт тәрбиелеудің тағы бір тамаша баспалдағы деуге толық негіз бар. Жаңа технологияны оқытуда мына тапсырмалар жүзеге асырылады.

1. Оқушыларды қол жабдықтарымен және соңғы үлгідегі машина жабдықтармен интрактивті тақта арқылы таныстырамын.

2.Оқушылар сабақта жаңа бұйымдарды үлгілеп, есептерін шығарып, технологиялық өңдеу жолдарын жазып, қолданатын маталарға сипаттама беріп, сол сабақты сарамандық жұмыстар арқылы, тексеру жұмыстары арқылы бекітіп отырамын

3. Оқушыларды өзін-өзі жігерлендіріп, мамандықтарының қыр сырын үйреніп, өз беттерімен қабілеттерін дамытуға, шеберліктерін шыңдауға жігерлендіремін.

4.Еңбексүйгіштікке, іскерлікке, бірлестікке, адамгершілікке, мейірімділікке, адалдыққа, ұқыптылыққа және жауапкершілікке

тәрбиелеймін.

Арнайы пәндер сабағында мұғалімнің атқаратын қызметі өте күрделі. Себебі оқушыларға бәрін ,олардың қабілеттіліктеріне байланысты бұйым үлгілерін дайындау, сипаттама беру және бірізділігін жазуға үйрету керек.

Бірақ оқушыларды шеберлік жолында оқыту жеткіліксіз,

сонымен қатар әртүрлі үйірмелерге қатыстырып, көрмелерге апарып білімдерін шындай түсіру керек. Сонымен қатар оқытушы өз сабағында оқу кабинетінің сабақ үшін қолайлы жағдай жасалуына көңіл бөлуі керек, яғни кабинет жарық, таза, оқушылардың отыруына ыңғайлы, сабақты материалдық -техникалық базамен /үлгілер,оқу материалдары, интрактивті тақта, сән журналдар, кестелер, сызбалар,

карточкалар, плакаттар, кітап, сызба көшірмелері/ қамтамасыз етіп отыруға тырысамын.

  • Енді кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жұмыстарына мен оқушыларды бірінші бағамнан бастап дайындаймын, әр тақырып соңында тсб сұрақтарымен бекітіп отырамын.

  • Емтихан тапсырар алдында баланың шабытын оятып ,құлшындырып « Сенің қолыңнан бәрі келеді, сен қабілеттісің, жақсы тапсырасын, оқы »- деп сенім білдіремін.

  • Оқушының кішкентай жетістігі болса жоғары бағалап, мадақтап көтермелеймін.

  • Оқушылардың қойған сұрақтарына пейілмен дұрыс жауап беріп, олардың еркіндігін қамтамасыз ету.

  • Оқушыларды тест сұрақтарымен жұмыстандырып , шапшаң тексеру әдістерімен және жіберілген қателермен жұмыстанамын.

Кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары.Баяндама.

Кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары.Баяндама.

Кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары.Баяндама.

Кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары.Баяндама.


Кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары.Баяндама.

Кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары.Баяндама.



Кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары.Баяндама.

Кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары.Баяндама.

Кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары.Баяндама.


Кәсіптік даярлык деңгейін және біліктілікті растау емтихандарына даярлык жумыстары.Баяндама.






© 2010-2022