Жаңа ақпараттық технологияны қолдану

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Мазмұны:

Кіріспе…………………………………………………………………………………3

I. Теориялық бөлім.

1.1. Жаңа ақпараттық технологияны (ЖАТ) қолданудың психологиялық -педагогикалық мүмкіндіктері және негізгі бағыттары……………………………4-7

  1. Қорытынды……………………………………………………………………-8

  2. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………9


Кіріспе

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Әлеуметтік - экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Ол Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс - қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелігін қамтамасыз етуге арналған. Еліміз үшін маңызы зор стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең басты функцияналдық сапаларына белсенділік, шығармашылық ойлау, шешім қабылдай алу, кәсіби жолын таңдау қабілеттілігі, өмір бойы білім алуға дайын тұруы жатады.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудын тиімді әдістері:

• дара тұлғаға бағдарланған оқыту әдісі,сұрақ -жауап әдісі, жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұхбаттық тапсырмалар, кұзыреттіліктерін қалыптастыратын тапсырмалар, интербелсенді әдіс - тәсілдер.

Интербелсенді (inter - өзара. akt - әрекеттесу) сабақ кезінде оқушылардың өзара және оқушы мен мұғалім арасында қатынастың мейлінше көп болуы.

Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.

Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.

Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болумен жаңа технологиялар өмірге келді.

І. Теориялық бөлім.

1.1. Жаңа ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық - педагогикалық мүмкіндіктері мен негізгі бағыттары.

Оқу үрдісін жандандыруды қамтамасыз ететін әдістің бірі - техникалық оқу құралдарын қолдану. Техникалық оқу құралдарының пайдасын психологиялық жағынан негіздеуде психолог ғалымдарға жүгінсек көрнекілікті қолдану мидың қабығында қосымша тітіркендіргіштердің пайда болуына ықпал етеді. Нәтижесінде оның қабылдағыштығы артады да, мұның өзі терең, берік білімнің игерілуіне жақсы әсер етеді. Техникалық құралдардың ішінде компьютермен оқыту термині әдістемеде нақты қалыптасқан. Компьютер - оқу ісін жекелендіретін, оқушының жұмыс жасауын қамтамасыз ететін маңызды құрал ретінде қабылданған. Компьютерлік технологияның оқушының танымдық белсенділігін артырудағы педагогикалық мүмкіндіктеріне ғалымдар төмендегілерді жатқызады:

  1. Компьютерлік технология хабарды шексіз көлемде игеруге және аналитикалық өңдеуге мумкіндік береді.

  2. Компьютерлік технология танымдық белсенділікті арттыратын компьютерлік ойындар түріндегі танымдық үрдісті ұйымдастыруға жағдай жасайды.

  3. Қазіргі көздері - компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын жаңа сапалы бағдарлама жасауға мүмкіндік береді.

  4. Электрондық оқулықты қолдану оқушының жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді,оқыту үрдісін саралауға, жан - жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.

  5. Компьютерлер оқушылардың бойында іс-әрекет рефлексиясын қалыптастыруға септігін тигізеді, Алдымен компьютер оқушыларға өз іс -әрекетінің нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге, өзін - өзі бақылау мен түзетуді іске асыруға мүмкіндік береді.

  6. Арнайы бағдарламалар арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын туғызады.

  7. Компьютерлік технология - адамның танымдық зерттеу қызметінің жан жақты тәсілі, көпфункционалдық құралы (тексеру, есептеу, музыкалық, графикалық, кең көлемді ақпаратты сақтау және өңдеу, т.б.).

Компьютерлік технологияның аталған мүмкіндіктері оны пайдаланудың педагогикалық мақсаттарын анықтайды. Техникалық оқу құралдарын қолданудың тиімділігін растайтын еңбектер авторларының бірі Г.В.Габай техникалық құралдардың оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік беретін (есте сақтау, ойлау, мәліметтерді тез қабылдау қабілеті, басқа да жұмыс түрлеріне ауысу қабілеті) айта келе, оқу үрдісіндегі оқушылар іске асыратын әрекетті танымдық және қосымша деп екіге бөледі. Танымдық әрекет - сабақта алынатын білім, ал қосымша әрекет - сол танымдық жұмыстың ойдағыдай өтуіне жағдай жасайтын іс - әрекеттер. Осы қосымша әрекет сабақта оқушы уақытының көп бөлшгшн алады. Мүмкіндігінше мұндай жағдайды болдырмауға техникалық оқу құралдарының маңызды рөл атқаратындығын атап кетеді. Қазіргі таңда компьютер оқушының өз бетімен жұмыс істеуін, білім, білік деңгейлерін көтеруге жағдай жасайтын, тереңдететін, шығармашылық ізденіске баулитын қуатты құрал ретінде қабылданады. Компьютермен оқыту жағдайындағы оқушының іс - әрекетін басқару үлгісі толық жүзеге асырылады. Оқыту үрдісінің мақсат, шарт, құрал, іс - әрекет операциялар түйіндеріндегі қызметті осы техникалық оқыту құралы атқара алады. Оқушы белсенділігінің жоғарлауына ықпал ететін «қабілетті» компьютердің белсенді әріптестік рөліндегі, көмекті динамикалық үйлестіре алатын қасиетіне байланысты. Компьютер жұмысының программаланушылығы оның динамикалық бейімделгіштігімен үйлесіп, бүтіндікті сақтай отырып, жекелей оқытуға жағдай жасайды.

1.1.2 ЖАТ қолданудың тиімді-тиімсіз жақтары.

Енді ақпараттық ЖАТ технологияларды пайдаланудың тиімді және тимісіз жақтарына тоқталайық.

Тиімді жақтары

Тиімсіз жақтары

 Көзге көрінбейтін құбылыстарды компьютер арқылы бейнелеп көрсетуге болады;

 Шығармашылық жобаларды көрсетуге болады;

 Құралдарға мұқтаждықты азайтады;

 Алған білімді тәжірибеде қолдануға үйренеді;

 Жаңа материалды игеруге уақыт қысқарады;

 Зерттеушілік қабілеті қалыптасқан тұлға қалыптасады;

 Мұғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады;

 Оқушының ой-өрісін , дүниетанымын кеңейтуге, тану процесіне қызығушылығын арттыруда зор;

 Оқыту жүйесінің көпдеңгейлігі жетілдіруі олардың таралу мен сапасын артырады;

 Оқушыға тақырып шеңберінде және белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтің көлемін ұлғайтады;


 Оқушының бағыттылық (бағытталу) рефлексінің төмендеуі (ориентировочный рефлекс);

 Танымдық эмоцияларының мәнінің төмендеуі, оқушы қызығушылығы білім мазмұнына емес, экрандағы өзгеріске ғана ауып отырады;

 Көрнекілік принципінің гипербализациясы, яғни тым артық болуы;

 Оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы;

 Ақыл-ой дамуын қадағаламай, есте сақтау ойлау жұмысын төмендетеді;

 Оқытуға айқын сипат беріп, оқу материалын меңгеруді кемітеді;

 Шынай өмірден кетушілік, оны анық байқамау немесе аутизация;


Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс бергім келеді: 1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану. 2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау. 3. Компьютерді пайдалану қауіпсіздік техника ережесін сақтау. 4. Кітаппен жұмыс. 5. Классикалық «тірі» тәжірибелерді орындау қажет.

Мұғалімдерге, біріншіден - компьютерді қажетті жағдайларда қолдану, нәтижені бағалауға мүмкіндік береді; екіншіден - оларды типтік біліктіліктерді өңдеуде қолдану,

Қорытынды

Білім беруде оқушыны білім ақпаратымен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардын бойында бағдарламалық дағдылар мен икемдерді де қалыптастырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретуіміз керек. Сондай тиімді әдістердің бірі- электрондық оқулықтармен жұмыс істеу. Мұғалім мен ұстаздың ақпараттық мәдениетін көтеру мүмкіндіктері-мектеп мұғалімінің компьютерлік сауаттылықтарын ашуға бағытталған. Компьютермен өткізілген әрбір сабақтан соң оқушы тест, бақылау жұмысы арқылы өз білімдерін бекітеді. Бала өз білімін өзі тексере алады, оқушы өз бетінше оқуға қызығады, өз білімін көтеруге ұмтылады. Компьютерге тест, бақылау жұмыстарын, тәжірибелік тапсырмалар әзірлеу дәстүрге айналып отыр.

Осымен байланысты қазіргі заманда оқыту үрдісінде компьютерлік бағдарламаларды қолданудың тиімділігі артып отыр. Оған дәлел- электронды оқулықтар мен оқу құралдарының, Интернет желісіне қосылған компьютерлік бағдарламалардың кең таралуы.

Қазіргі кездегі көрнекі құралдың жаңа жанрларының бірі- мультимедиялық энциклопедия, электронды оқулықтар. Интернеттегі материалдар, электронды оқулықтар оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына және оқытудың сарамандық ұстанымының жүзеге асуына мүмкіндік береді. Электронды оқу материалының ішкі мазмұны үнемі Интернет желісі және басқа электронды кітапханалар арқылы толықтырылып отыратыны белгілі, сондықтан ол ақпарат жинақтаудың қайнар көзі. Электронды оқулық оқушы үшін өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беруімен қатар, ғылыми курс бойынша жан-жақты, толық мәлімет бере алады.

IV Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2. Ж.Кобдикова «Оқу процесін технологияландыру». 1992ж., Алматы.

3. Бөрібаев Б. «Жаңа ақпараттық технологиялар». 1999 ж., Алматы

4. С.М.Кеңесбаев, А.Г.Қазмағамбетов, Г.И.Салғараева. Болашақ мұғалімдерді дайындаудағы жаңа ақпараттық технологияның ролі. Қазақстан ТМД және Германиядағы мектептер мен жоғарғы оқу орындарында жаратылыс-ғылыми пәндерді оқыту мәселелері, халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 8-9 қазан, 2004 ж. том 2, Алматы 353-355 беттер, Каз НПУ им. Абая.

5. С.М.Кеңесбаев, Г.И.Салғараева. Білімді ақпараттандыру барысында болашақ педагогті дайындау. Международной конференций,-"развитие информационных технологий в высшей школе", 11-12 сентября 2003 г, Алматы, стр. 70-74, КазНУ им. Аль-Фараби.

2


© 2010-2022