УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»

Данный материал рассчитан на предмет «Делопроизводство на государственном языке» для групп с государственным языком обучения.Содержит лекции, практические работы, тестовые задания, глоссарий. Можно использовать для самостоятельного изучения пропущенного материала.В данном материале можно найти историю делопроизводства, понятие документа, классификацию документов, а также рассмотрены основные виды служебных и личных документов.Представлены образцы документов- заявления, приказа, автобиографии, сп...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

РИДДЕР АГРАРЛЫ - ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша


«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ІС ЖҮРГІЗУ» пәнінен


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



Әлеуметтік - гуманитарлық пәндер

комиссиясының отырысында бекітілген

Хаттама № « » 2012ж

Комиссия төрайымы

Р.К.Мыспаева

Әзірлеген: оқытушы Ж.Б. Шегирова



Риддер, 2012


Шегирова Ж.Б. 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» пәнінен оқу-әдістемелік кешені / Риддер қ., 2012ж

________________________________________________________________

Бұл оқу-әдістемелік кешені 0510000 «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша 2 курс күндізгі оқу бөлімінің білім алушыларына арналған.

Оқу- әдістемелік кешені білім алушылардың тәжірибелік және өзіндік білім алу жұмыс үрдісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оқу жоспарының болуы, пәннің әдістемелік және мазмұндық қамсыздануы пәннің тәжірибелік жұмыстарын меңгеруді жеңілдетеді.

________________________________________________________________

Риддер аграрлы - техникалық колледжінің әлеуметтік гуманитарлық пәндер комиссиясының отырысында бекітілген

2012жылғы « » № хаттама

________________________________________________________________

Мазмұны


Пәнді оқытудың түсіндірме жазбасы

4

Пәннің тақырыптық жоспары

5

Қолданылатын әдебиеттер тізімі

6

І

Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы

1

XVIII ғасырлардағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі

7

2

Машықтану сабағы № 1. ХVIII ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі

14

3

XIХ ғ-дың ресми іс қағаздар тілі

15

4

Машықтану сабағы №2. ХІХ ғасырдың І, ІІ жартысындығы ресми іс қағаздар тілі.

21

5

ХХ ғ басындағы іс қағаздар тілі

22

ІІ

Іс қағаздары

6

Іс қағаздары және олардың түрлері

26

7

Машықтану сабағы №3 . Іс қағаздары және оның түрлері

30

8

Іс қағаздарының стилі

31

9

Машықтану сабағы №4. Іс қағаздарының стилі

35

10

Қызметтік хаттар

36

11

Машықтану сабағы №5. Қызметтік хаттар

42

12

Қызметтік хаттардың түрлері

44

13

Машықтану сабағы №6. Визит карточкалары

51

14

Машықтану сабағы №7. Жеделхат

53

15

Машықтану сабағы №8. Телефонхат

55

16

Машықтану сабағы №9. Факс арқылы жіберілетін құжаттар

58

17

Машықтану сабағы №10 Бұрыштама. Түйіндеме

60

18

Машықтану сабағы №11. Мінездеме

66

19

Машықтану сабағы №12. Арыз. Еңбек келісімі

73

20

Машықтану сабағы №13. Бұйрық

78

21

Машықтану сабағы №14. Анықтама. Қызметтік құжаттан үзінді

83

22

Машықтану сабағы №15 Құжат көшірмесі. Сенімхат

87

Пән бойынша тест сұрақтары

90

Глоссарий

99

Пәнді оқудың түсіндірме жазбасы

Мақсаты

Қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде қызмет етуiнiң алғы шарттарының бiрi - оның қоғамдық өмiрдiң әр алуан саласында қызмет етуi және соған орай iс қағаздарының қазақша жүргiзiлуi. Iс қағаздарының, ресми құжаттардың тiлi бiр жүйеге түспей, стильдiк жағынан қалыптаспай, мемлекеттiк ресми құжатттардың барлығы алдымен қазақ тiлiнде жазылмай, барлық құрылымдағы iс қағаздары қазақ тiлiнде жүргiзiлмей қазақ тiлiнiң қолданыс аясы, қызмет қарымы өрiсiн кеңейте алмайды.

Iс қағаздары қоғам өмiрiнде үлкен қызмет атқарады. Iс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсiпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда iс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзi бола алады. Құжаттар фактiлердi, оқиғаларды, қоғам өмiрiнiң құбылыстарын дәлелдейтiн айғақ қызметiн де атқарады.

Пән бойынша түсініктемесі болуы тиіс:

  • Қазақстан Республикасындағы іс жүргізу туралы;

  • Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы туралы;

  • Іс қағаздарының қызметі туралы;

  • ХVIII- XIXғғ ресми іс қағаздар стилі туралы.

Істей білуі тиіс:

  • Құжат деректемелерін ажыратуды;

  • Компьютер арқылы құжаттарды ресімдеуді;

  • Құжаттарды стилі жағынан ажыратуды

Білуі тиіс:

  • Іс қағаздары мен түрлерін;

  • Қызметтік хаттардың құрылымын, мазмұнын;

  • Визит карточкаларының жазылу сипатын;

  • Факс арқылы жіберілетін іс қағаздарының құрылымын;

  • Барлық іс қағаздарының құрылымын білу

Бұл оқу-әдістемелік кешенінде тақырыптар бойынша дәрістер, тапсырмалар, машықтану сабақтары, тест сұрақтары, бақылау сұрақтары, глоссарий қамтылған.Пән бойынша 14 теориялық, 30 тәжірибелік сағат беріледі.Тәжірибелік жұмыстарды орындау үшін А4 форматты парақтар, файлды папка және теориялық бөлімді жазу үшін арнайы дәптер қажет.

Қорытынды аттестация (бағалау) пән бойынша тәжірибені толық өткеннен кейін жүзеге асырылады, ол үшін әрбір оқушының 3- семестр соңында 5 тәжірибелік жұмыс, ал 4 - семестр соңында 10 тәжірибелік жұмысы үшін бағасы болуы тиіс.Оқу курсының соңында директорлық бақылау жұмысы орындалады.

Пәннің тақырыптық жоспары




Бөлімдер мен тақырыптардың атаулары

Наименование разделов и тем

Оқу уақытының (сағат) саны

Количество учебного времени (час)

Барлығы

Всего

Соның санында:

В том числе:

Теориялық

Теоретических

Тәжірибелік

Практических

І

Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы

10

6

4

1

XVIII ғасырлардағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі

4

2

2

2

XIХ ғ-дың ресми іс қағаздар тілі

4

2

2

3

ХХ ғ басындағы іс қағаздар тілі

2

2

-

ІІ

Іс қағаздары

34

8

26

4

Іс қағаздары және олардың түрлері

4

2

2

5

Іс қағаздарының стилі

4

2

2

6

Қызметтік хаттар

4

2

2

7

Қызметтік хаттардың түрлері

2

2

-

8

Визит карточкалары

2

-

2

9

Жеделхат

2

-

2

10

Телефонхат

2

-

2

11

Факс арқылы жіберілетін құжаттар

2

-

2

12

Бұрыштама. Түйіндеме

2

-

2

13

Мінездеме

2

-

2

14

Арыз. Еңбек келісімі

2

-

2

15

Бұйрық

2

-

2

16

Анықтама. Қызметтік құжаттан үзінді

2

-

2

17

Құжат көшірмесі. Сенімхат

2

-

2




Барлығы

44

14

30









Әдебиеттер және оқу құралдары



  1. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151-І «ҚР тілдер туралы» Заңы

  2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарында құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері туралы ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министірлігі Мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі комитеті төрағасының 2003 ж 29 сәуірдегі № 33 бұйрығы

  3. ҚР СТ 1042-2001. Ұйымдастырушы - өкімдік құжаттама. Құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар

  4. ҚР СТ 1037-2001. Іс жүргізу және мұрағат ісі. Терминдер мен анықтамалар

5. Ләззат Дүйсембекова. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Алматы: «Ана тілі» ЖШС, 2005. - 144 б.

6. В. Салагаев, Б. Шалабай. «Іс қағаздарын жүргізу», Алматы 2004

7. Т.Ө. Нұрғалиева . «Іс қағаздарын жүргізу және техникалық құжаттама», Астана, 2008

8. М.Ғ. Жүкенова . «Іс қағаздарын жүргізу», Астана, 2008



№ 1 сабақ

Сабақтың тақырыбы.« XVIII ғасырлардағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі».

Мақсаты:

Пән бойынша толық ақпарат алу, іс жүргізудің негізгі ұғымдарын, қағидаларын түсіну. XVIII ғасырдың ресми іс қағаздарының тілі туралы толық ақпарат алу.

Түсінігі болуы тиіс:

  • Іс жүргізудің негізгі қағидалары туралы;

  • Ресми іс қағаздарының тарихы туралы

Білуі тиіс:

  • Іс жүргізудің қалыптасу кезеңдерін

  • Іс қағаздарының қоғам өміріндегі қызметі туралы

  • ХVІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері және лексикасы, грамматикасы туралы

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Құжат, құжаттау, кезең, қалыптастыру, отарлау

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Құжат, іс жүргізу ұғымы

  2. Іс қағаздарының қоғам өміріндегі қызметі

  3. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуі.

  4. 18 ғасырда қазақ даласында қолданылған іс қағаздары тіліне жалпы сипаттама

  5. ХVІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері және лексикасы

  6. ХVІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздарының грамматикалық ерекшеліктері

1- сұрақ . Құжат, іс жүргізу ұғымы

Адам баласының жазуды меңгергеннен кейінгі ісінің басы құжат жасау болған. Бұған адамзат тарихында затты-нақты айғақтар жеткілікті. Түрлі болжамдар мен салмақты ғылыми ізденістер нәтижесінде жарық көрген сүбелі дүниелер де көп. Оның барлығына тоқталып жатуды былай қойғанда, атауларын тізіп шығудың өзі мол көлемді талап етеді. Сондықтан біз бұл жерде тақырыпқа қатысты негізгі мәселелерді қысқаша тұжырымдап берумен шектелгенді жөн көріп отырмыз. Сонымен, іс қағаздарын жүргізудің басты өзегі құжат дегеніміз не?

Құжат деп қандай да бір зат туралы ақпаратты тіркеуге, беруге және сақтауға қызмет ететіннің барлығын атаймыз. Басқаша айтқанда, құжат - ақпараты бар материалдық тасымалдаушы. Мұндай тасымалдаушы ретінде қағаз, компьютер дискісі, фото және кинопленка және т.б. қызмет етуі мүмкін. Іс құжаты әкімшілік (басқару) ақпаратты белгілеу үшін қызмет етеді.

«Құжат» ұғымы өзінің даму жолында айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған. Латын сөзі doceo алғашында «үйретемін», «хабарлаймын» деген мағынаны берген. Кейіннен туындаған, сөздің тар мағынасында алатын болсақ «айғақ, дәлел», «куәлік» мағынасын беретін documentum түрі ғылыми және практикалық қызмет саласының көпшілігінде ұзақ уақыт пайдалануда тұрақтап қалған.

2- сұрақ . Іс қағаздарының қоғам өміріндегі қызметі

Iс қағаздары қоғам өмiрiнде үлкен қызмет атқарады. Iс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық экономикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсiпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда iс қағаздары ақпараттың табылмас қайнар көзi бола алады. Құжаттар фактiлердi, оқиғаларды, қоғам өмiрiнiң құбылыстарын дәлелдейтiн айғақ қызметiн де атқарады.

Iс қағаздары - басқару қызметiндегi негiзгi сала. Ұйымдар мен мекемелердiң, кәсiпорындардың қызмет ету барысында шығарған түрлi шешiмдер, басқару iстерi, атқарған қызметi iс қағаздарынан айқын көрiнедi. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетiлдiру, оны ұйымдастыру деңгейiн көтеру онда құжаттармен жұмыс iстеудiң қаншалықты ғылыми негiзделгенiне тiкелей байланысты. Iс қағаздарын жүргiзу - басқару процесiнiң ажырамас бөлiгiнiң бiрi болып табылады


3- сұрақ Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуі. Тіл туралы заң

ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (2010) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны -қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» тіл саясатын іске асырудың алғашқы кезеңінде негізгі төрт бағытта іс-шаралар жүргізеді. Соның бірі -ресми іс жүргізуді мемлекеттік тілге кезең-кезеңмен көшірудің нақты негізін жасау.Іс қағаздарын қазақша жүргізу - мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші





4- сұрақ 18 ғасырда қазақ даласында қолданылған іс қағаздары тіліне жалпы сипаттама


Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары Қазақстан тарихы, сол кездегі саяси құрылыс туралы т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, бізге ХVІІІ ғасырдың екінші жартысымен ХІХ ғасырдың тілі қандай болғанын да көрсете алады. Олар:

  1. Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.

  2. Қайып ханның жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану үшін әскер жіберу туралы өтініш жасап император І Петрге жазған хаты. 1718 жыл 10 желтоқсан.

  3. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың өзінің қол астындағы адамдарымен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Иоанновнаға жазған хаты. 1730 жыл 8 қыркүйек.

  4. Хандар Әбілқайыр мен Сәмекенің, Нұралы сұлтанның, Бопай ханшаның, қарақалпақ ханы мен старшындарының өздерінің Ресей бодандығын алғаны туралы императрица Аннаға хаты. 1731 жыл 2 қаңтар.

  5. Орынбор қомиссиясының бас командирі И.И. Неплюевтің Әбілқайыр ханмен және жоңғар қоңтайшысы Қалдан - Цереннің елшілері Кашкамен, Бурунмен кіші жүздің бодандығы туралы келіссөзі кезінде жүргізілген хаттама. 1742 жыл 27 қыркүйек.

  6. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл. 19 қыркүйек.

  7. Нұралы ханның Орынбор губернаторына хаты. 1773 жыл 31 қыркүйек.

  8. Нұралы ханның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жыл 9 қараша.

  9. Айшуақ сұлтанның подполковник Симоновқа хаты. 1773 жыл 18 желтоқсан.

  10. Нұралы ханның Е.И. Пугачевқа жазған хаты. 1773 жыл 18 желтоқсан.

  11. Досалы сұлтанның Е.И.Пугачевқа хаты. 1773 жыл 18 желтосан.

  12. Старшындардың императрица ІІ Екатеринаға өтінішінен. 1785 жыл 2 шілде.

  13. Нұралы ханның барон О.А. Игельстромға хаты. 1785 жыл 21 шілде.

  14. Кіші орда старшындарының барон О.А. Игельстромға хабары. 1786 жыл 14 тамыз.

  15. Орынбор шекара істері экспедициясының Сырым батырды байұлы ұрпағының Бас старшыны етіп бекіту туралы жарлығы. 1787 жыл 23 қазан.

  16. Әбдікерім Оразбаевтің кавказ наместигінің билеушісі С.А. Брянчаниковқа хаты. 1790 жыл 4 ақпан.

  17. Сырым батырдың Императрица ІІ Екатеринаға хабары. 1790 жылғы 11 қыркүйек.

  18. Сырым батыр мен қазақ старшындарының Симбирск және Уфа наместигінің генерал - губернаторы А.А. Пеутлингке хаты.1792 жыл 11 қыркүйек.

  19. Жетісудың бас старшинасы Тіленшінің Шерғазы сұлтанға жазған ағләм намасы(донесение)1793 жыл.

  20. Қазақ сұлтандары мен старшиналарының Екатерина ІІ - ге жазған ғарыз намасы (прошение)

5- сұрақ ХVІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері және лексикасы

ХVІІІ ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері сол кездегі жазбалар тілінің лексика - фразеологиялық құрылымынан, грамматикалық тәсілдерінен, синтаксистік құрылымынан, орфографиясынан көрінеді. Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарында түрлі дәрежедегі лауазымды адамдарды,әкімдерді дәріптейтін тұрақты эпитеттердің қолданылуы шарт болды. Тұрақты эпитеттерді қолдану сол кездегі қазақ даласынын ресми іс қағаздар тіліне ғана емес, Орта Азиядағы басқа да түркі халықтарына да тән еді. Бұл ерекшелікті сол кездегі орыс тіліндегі ресми іс қағаздар тілінінен де көруге болады. Жоғарыда аталған құжаттарда кездесетін ғизатлу, хурметлу (құрметті), мархабатлу (қарылымды), сағадатлу (ырысты), биік мәртебелі, жоғары мәртебелі, ғинаятлу (шапағатты), құдретлу (құдіретті), шафағатлу (шапағатты, мейірімді) сияқты сын есімдер (біреуге қарата айтқанда, іс қағаздарын жазғанда қолданылатынсыпайыгершілік сөздері) осындай тұрақты эпитеттер. Бұлардың жасалу жолына келетін болсақ, олардың барлығы дерлік араб сөздеріне түркі тілдеріне ортақ сын есім тудырушы -лу,-лү жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалған.

Осы мақсатта қолданылған сөздердің бірі биік, зор, асқар, жоғары ұғымын беретін араб сөзі - ғали. Мысалы, ғали кәһали уа ғали жәһәли - жоғары дәрежелі әрі жоғары ықыласты, ғали хазіретлерінің - ұлы мәртебелілігіңіз т.б.

Аталған эпитеттердің әрқайсысы ресми іс қағаздар стилінде тұрақталып, нормаға айналғандығын байқауға болады.

Іс қағаздарының атауларына келетін болсақ, жоғары орындарының немесе лауазымды адамдардан бір нәрсені сұрай, өтіне жазылған іс қағаздар ғарыз, ғарыз наме, ғарыз ахуал, ғарыз хал деп аталған.

Ал, бір жағдайды хабарлау, оқиғаны баяндау, бір нәрсені білдіру үшін жазылған іс қағаздары ағлам наме, ғарзе наме, деп аталған. Қазір біз іс қағаздарында қолданылып жүрген хат термині жоғарыда аталған құжаттарда мәктәбә, күтаптү, кәтаб және хат түрінде кездеседі. Яғни сөзімен қатар осы ұғымды білдіру үшін күтабтү, кәтаб, мәктәбә сөздері қолданылған.

Әкімшілік орындарынан шығатын бұйрық, жарлық мағынасындағы іс қағаздары ярлұқ, әмір ярлұқ, фарман деп аталған. Қазір біз қолданып жүрген жарлық, бұйрық, қара, қаулы сөздері бұл құжаттарда кездеспейді. Ярлұқ - түркілік сөз, қазір біз оны жарлық түрінде қолданамыз. Ал әмір ярлұқ сөзі хан, сұлтандар тарапынан берілетін жарлық мағынасында қолданылған. Мұндағы әмір - араб сөзі. Фарман сөзінің қолданылуы қазіргі бұйрық сөзінің қолданылу аясымен сәйкес келеді.

Халық, ел, көпшілік мағынасын білдіру үшін жамағат,йұрт, халық, қара халық, ел сөздері қолданылған. Бұл жердегі йұрт сөзі белгілі бір этникалық территориялық тұтастық ретінде біріккен топ мағынасын беретін термин сөз ретінде жұмсалған. Себебіқұжаттарда қырғыз - қазақ йұрты, Руссия йұрты, Орал йұртындағы башқұртлар, күллі йұртымыздың жамағатлары сияқты қолданыстар кездеседі. Халық сөзі аталған құжаттарда сирек қолданылғанымен осы күнгі мағынасында жұмсалған. Құжаттарда кездесетін араб сөзі - кіріфтар тұтқын сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Құжаттарда елші, тұтқын, бастық деген түркі сөздері осы күнгі мағынасында қолданылған. Мал сөзі өзінің тура мағынасымен қатар товар терминінің де қызметін атқарған. Саудагер, шабуыл сияқты араб -парсы сөздері де қазіргі қолданыстағы қызметін атқарған.Сол сияқты ғаскер - әскер,сахара - дала, баж - салық, мехкеме - мекеме, хаким, әкім - бастық, әкім, йаманлық - жамандық, қияпат -сатқындық сөздері жиі қолданылады.

Құжаттарда қала сөзімен қатар шаһар сөзі де қолданылады. Қала деп көлемі жағынан кішілерін атаса, шаһар деп үлкен қалаларды атаған. Қала сөзі сонымен қатар крепость ұғымын да беріп отырған. Кейбір құжаттарда крепость - кірпіс,крепос, крепиш деп те аталған.

ХVІІІ ғасырда қазақ даласында әкімшілік орындарына белгілі бір мерзімге сайлап қою тәртібі келгенімен, сайлау сөзі қолданылмаған. Сайлау ұғымын білдіретін хан қоярға, хан ясадылар тіркестері кездеседі.

ХVІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздар тіліне талдау жасай отырып, ондағы лексикалық ерекшеліктің бірі - араб - парсы элементтерінің өте көп кездесетіндігі.

ХVІІІ - ХІХ ғасырларда қазақ тіліне араб, иран тілдерінен сөз ауысу процесі күшейе бастағаны белгілі.

Лексикалық ерекшеліктің тағы бірі - қазақ жерінің Россия империясына бағынуына байланысты ресми іс қағаздарында орыс сөздерінің қолданыла бастауы. Мысалы, генерал сөзі аударылмай генерал, жанарал, гинерал түрінде кездеседі.

Іс қағаздарында жиі кездесетін орыс сөздері қатарына старшина, господин, губернатор, полковник, граф, пристав, команда сөздерін жатқызуға болады.

6- сұрақ ХVІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздарының грамматикалық ерекшеліктері

ХVІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздар тілінде тек зат, құбылыс атаулары ғана емес, сын есім, етістік, үстеу сөздер де араб - парсы сөздерімен берілген. Мысалы, атғақ - бірауыздан, ғаяндүр - аян, махзүн қылдыңыз - мен қапа қылыдыңыз, ғадаулік қылу - жаулық қылу, офат олынды - опат болды

Қазақша е, бол етістіктері ер, ол түрінде берліген. Мысалы, хайран олдым(болдым), жазған ердім (едім), иаз ерді (жаз еді). Құжаттардың кейбірінде ерді, ердім, олды, олмыш түрінде, кейбірінде еді болды түрінде беріледі.

Есімшенің -ған жұрнағының орнына - мыш, түрі қолданылған. Мысалы, бенім есіміме түзілміш, жәбір көрмей кіріфтар олынмыш. -тұғын, -тын тұлғалы түрінің орнына тұрған формасы келеді. Мысалы, щабуыл қылатұрған. Үшінші жіктік жақ тұлғада -дүр форманты қолданылған. Мысалы, мағлұм олынадүр, оңай дүр, офкіміз бардүр, хан деп білмесдүр, ғаяндүр, бұзылып шықтылардүр.

Шылаулардың қолданылуында біркелкілік жоқ: арабша уа, һәм шылаулары өте жиі қолданылған. Мен шылауынынң орнына бірлән, иле, илән шылаулары қолданылған. Шейін, дейін шылауларының орнына ше шылауы қолданылады.Мысалы,бұ уақытқа ше.

Синтаксистік құрылымының негізгі ерекшелігі - сөйлемдер шұбалыңқы, жіктер әрең ажыратылатындай түрде келуі.

Жалпы ХVІІІ ғасырдағы ресми іс қағаздары сол кезеңдегі тілді көрсетін нұсқаларға жатады.Бұл нұсқалардың құнды бір ерекшелігі - хатқа түскендігі, сондықтан да бұлар сол тұста қазақ даласында тілдің белгілі бір стилінің қандай сипатта болғанын қиналмай көрсететін материал болып табылады. Бұл кезеңдегі қазақ қоғамының әлеуметтік топтарын атайтын сөздер: хан, ханзада, қараша,(қарашы варианты да кездеседі) қара, ақ сүйек, құл, күң, байғұс, кедей,жарлы, батыр, бек. Сол кездегі иесін білдіретін сөзіне қарама -қарсы әлеуметтік топ қара, қараша, халық, атауларымен берілген.ақ сүйек сөзіне антоним ретінде қара сөзі қолданылған. ХVІІІ ғасырда қазақ жерінде құл, күң ұстау, қолға түскен әскери тұтқындарды құл есебінде сату бар болғандықтан құл, күң сөздері өздерінің номинативті мағынасында қолданылған.

Экономикалық жағынан тәуелді топтарды білдіретін атауларға кедей, жарлы, байғұс сөздері жатады. Қазір біз байғұс сөзін сорлы , бейшара сөздерінің синонимі ретінде қолдансақ, ХVІІІ ғасырда бұл сөздер әлеуметтік топтың атауын білдірген.

ХVІІІ ғасырда жазылған іс қағаздар тілінің жалпы халық тілінен айырмашылығы көп болды. Бұл туралы профессор М.П. Вяткин былай деп жазады: «хандардың хаттарын жазған қазақтар емес татар молдалар - патша үкіметінің агенттері болатын... Мұнда татар элементтері басым, ал қазақ тіліне тән элементтер мүлде аз.

Орта Азия тілдеріне тән архаизмдер мен арабизмдер араласқан татар тілі хандар канцеляриясы практикасында ұзақ уақыт берік сақталып, ресми хат - хабарлардың барлығында қолданылады. Бұл тіл қазақ халқының көпшілік бұқарасына мүлде түсініксіз болды»

ХVІІІ ғасырда Патша үкіметі қазақ жеріне ислам діні тарату саясатын ұстанды. Екатерина ІІ- нің 1783 жылғы указы бойынша мешіттер салынды, оған Қазан татарларының моладалары жіберілді. Олар соншама көбейіп,күшейіп, тіпті кей жерлерде семьялық, азаматтық істерге билік айту правосына да қол сұқты. Ауылдағы оқу - ағарту ісі негізінен солардың қолдарында болды. «...ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап патша үкіметі мешіт салу ісін тоқтатады.Кейін тіпті ислам діні патшаның отарлау саясатына кедергі келтіре бастайды,өйткені ислам дінінің күшеюі, қазақ арасында Орта Азия хандықтарының (оның арқа сүйері Англия, Түркия мемлекеттерінің) ықпалын күшейтіп, мұсылман еместерге («кәпірлерге») қарсы идеологияны туғызу қаупі болғандықтан патша үкіметі әрі қарай бұл дінді қолдауды тоқтатады, тіпті христиан дінін уағыздап, қазақтарды шоқындыру ісін де ойластырады.»

Осындай саяси, әлеуметтік жағдайлар қазақ тіліне, оның бір тармағы ресми іс қағаздар тіліне де әсерін тигізбей, із қалдырмай қойған жоқ.

Бақылау сұрақтары:


  1. 18 ғасырдың іс қағаздар тілін сипаттайтын қандай хаттармен таныстыңыздар?

  2. Бұйрық деген сөз қалай жазылған?

  3. 18 ғасырдағы қазақ хандарының, батырларының патшалық және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттарын атаңыз

  4. 18 ғасыр жазбалар тілінің лексико-фразеологиялық құрамы, грамматикалық тәсілдерін атаңыздар

  5. Бұл ғасырдың іс қағаздар тілінің грамматикалық ерекшеліктерін сипаттаңыздар

Машықтану сабағы № 1


Машықтану сабағының тақырыбы: ХVIII ғасырдағы қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі

Машықтану сабағының мақсаты: Теорияда өткенді тәжірибе жүзінде қайталап, оқушылардың алған білімдерін байыту

Машықтанудың орындалуы: 1716 жылғы 13 қыркүйек Қайып хан елшілерінің қазақтардың Ресмеймен тату тұру тілегі туралы мәлімдемесін компьютерде басу

1716 жылғы қыркүйектің 13 - і күні тобыл жұртының татар қызметшілерінің басшысы Сабанақ Құлмаметев мырзаға Қазақ ордасының жіберген адамдары Бекболат Екешев, Байдәулет Бөриев былай деді: оларды Тобольскіге Қайып хан жіберіп, Сібір губернаторы князь Матвей Петрович Гагаринге оның, Қайып ханның, ұлы мәртебелі патшамен мәңгілік татулықта болғысы келетіні жеткізуге әмір беріпті: ал қоңтайшымен оның, Қайып ханның, арасында көп жылдардан бері дау бар екен, осы жолы да, өз елшілері жүріп кеткеннен кейін, оған, қоңтайшыға, он немесе он бес мың адаммен соғысқа аттанғысы келіпті. Алдағы уақытта да, егер ұлы патша оған, қоңтайшыға қарсы соғысқа бар десе, ол, Қайып хан, тек қана өзінің жиырма және 30 мың адамымен немесе орыстың әскери адамдарымен бірге оған қарсы соғыс ашуға әрқашан әзір болады. Ал ендігі жерде Қазақ орадыснан шыққан қарақшы адамдар патша слободаларына қандай болса да күйзеліс келтірсе, ал оны Қайып хан білсе, ол адамдарға жаза қолданылады немесе жаза қолдану үшін ол адамдар Тобольскіге жіберіледі.Ал егер ол ұры адамдар слободада ұсталса, ол адамдарға жарлық Тобольскіде қолданылсын, сөйтіп оларға сауда жасасу үшін Тобольскіге баруға әмір етіліпті. Ал Қайып хан Тобольскіге Қазақ ордасымен және бұхаралықтармен сауда жасасу үшін жыл бойы немесе жыл сайын Тобольскіден қанша адам көрсетілсе, сонша адам жіберіп отырады дейді. Осы жөнінде Қазанға жа қағазжазып арнайы елшілер жіберіліпті.

«ХVІ - XVІІІ ғасырлардағы қазақ - орыс қатынастары», құжаттар жинағы, 18 бет.

Тапсырма: ХVIII ғ ерекшелендіретін сөздерді басқа түспен белгілеп жазыңыз

Тапсырманың орындалуын тексеру: Компьютерде басқан жұмыстарын ауызша қорғау.

Бекіту:Сұрақтар беру арқылы машықтану сабағын бекіту

  1. Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына не жатады?

  2. Мәлімдемеде не туралы айтылған?

№ 2 сабақ

Сабақтың тақырыбы.« XIХ ғ-дың ресми іс қағаздар тілі».

Мақсаты:

ХІХ ғасырдың І мен ІІ жартысындағы іс қағаздар тілімен танысу, ерекшеліктерін көрсету. ХХ ғасырдың басындағы құжаттар тілімен танысу

Түсінігі болуы тиіс:

  • ХІХ ғасырдың І мен ІІ жартысындағы іс қағаздарының түрлері туралы;

Білуі тиіс:

  • ХІХ ғасырдың І мен ІІ жартысындағы іс қағаздарының грамматикалық, морфологиялық, лексикалық ерекшеліктерін

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Сот билігі, патша үкіметі, Жеті жарғы, губернатор, приказ

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. ХІХ ғасырдың І жартысында қазақ даласында қолданылған іс қағаздары тілі

  2. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ даласында қолданылған іс қағаздары тілі

  3. ХХ ғасырдағы іс қағаздар тілі


  1. Сұрақ. ХІХ ғасырдың І жартысында қазақ даласында қолданылған іс қағаздары тілі

ХІХ ғасырдың І жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші кезеңі юолды. Қазақ даласының көптеген жері Россия империясының құрамына кірді. Ел басқару билігін патша өз қолына алды. Орта жүз бен Сібірді мекендеген қазақтар үшін 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы Устав» шығарылды. Бұл Устав 1860 жылға дейін күшінде болды. 1831 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу үшін «Ел басқарудың династиялық системасы» деген құжат шығарылды.

Бұл кезеңде қазақ даласында сот билігінің үш түрі болды.

1.Тәуке ханның «Жеті жарғысы» негізінде соттап, жазалайтын билер соты.

2.Ірі қылмыстар мен саяси қылмыстарды қарайтын Россия империялық сот системасы.

3.Шариғат жолымен сот билігін жүргізу. Қазақ даласында ел билеу, әкімшілік - сот істеріне қатысты көптеген жаңа атаулар пайда болды.

Хандар дәуірінде белгілі бір заңға сүйеніп салынатын мемлекеттік алым - салық дейтін жоқ болатын. Ата - баба дәстүріне сүйенген сый тарту, жол - жора түрлері болатын. ХІХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазақ даласына мемлекеттік салық келді.

Қазақ даласында мұндай өзгерістер қоғам өмірінің барлық саласын қамтыды. Әлеуметтік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда болды.

1822 жылғы Устав бойынша қазақ балаларына орыс мектептерінде оқуға право берілді, Орынбор, Омбы кадет корпустарында қазақ балалары оқи бастады. Бұл кезде қазақ даласында баспасөз, ана тіліндегі мектептер, таза қазақ тілінде кітап бастырып шығару ісі болмады.

Осы кезеңде қазақ тілінде жазылған іс қағаздары

1.1807 жылғы 12 наурыз. Жағалбайлы руының старшыны Т.Төлегеновтың Верхнеуральск қаласының коменданты полковник М. Суховицкийге өзінің егіншілікпен айналысуға рұқсат туралы өтініші.

2.1820 жыл.Старшын Қ.Байсынқараевтың отырықшылық қоныс үшін қазақтарға қолайлы жер бөліп беру туралы Сібірге генерал - губернаторының атына жазған өтініші.

3.1812 жылғы 14 желтоқсан. Кедей қазақ Б.Қаражігітовтың өз қызын сату туралы Хорунжий И. Замятинмен жасақан шарты.

4.1806 жылғы 31 мамыр. Хан кеңесіне арнап Мемлекеттік сыртқы істерколлегиясында әзірленген ережелер.

5.1809 жылғы қараша. Айшуақ хан мен оның ұлдарының Жантөре ханның өлтірілу жайын баяндап, Шерғазы Айшуақұлы Сұлтанды хан етіп тағайындау туралы император І Александрға өтініші.

6.1822 жылғы 22 шілде. «Сібір қырғыздары туралы жарғыны»күшіне енгізу туралы жарлық.

7.1822 жылғы 22 маусым. Сібір қырғыздары туралы жарғы.

8.1825 жылғы 25 маусым. Қасым Абылайханов сұлтанның Орынбор әскери губернаторына Көкшетау округтік приказын жабуды өтініп жазған хаты.

9.1837 жылғы 11 маусым. Беріш руы қазақтарының орынбор генерал - губернаторы В. Перовский өтініші.

10.1837 жылғы 5 қараша. Подполковник Гекенің Орынбор әскери губернаторына Исатай Тайманұлының көтерілісі туралы рапорты.

11.1837 жылғы 17 қараша. Подполковник Гекенің Исатай Тайманұлына қарсы жазалау отрядының іс-қимылы туралы Орынбор әскери рапорты.

12.Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына хаты.

13.Жәңгір ханның «Түрлі рулардың құрметті адамдары мен старшындарына және бүкіл қара халыққа» әмірі.

14.1837 жыл 24 қараша.Подполковник Гекенің Истай Тайманұлының серіктері және Истай Тайманұлы көтерілісіне қатысушыларға қарсы жазалау қимылдары туралы Орынбор әскери губернатрына рапорты.

.

ХІХ ғасырдың І жартынысда қазақ тілін танытатын көркем әдебиет үлгілерімен қатар ресми - эпистолярлық әдебиет болды. Жоғарыда келтірілген құжаттарды сол ресми - эпистолярлық әдебиет үлгілеріне жатқызуға болады. Бұл құжаттар тіл тарихын зерттеуге, сол кездегі саяси - әлеуметтік жағдайды көрсетуге септігін тигізумен қатар, қазақ даласындағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ресми іс қағаздар болғандығын, қазақ әдебиетінде дәл қазіргідей нормаға түсе қоймаса да ресми стиль қалыптасқандығының куәсі бола алады.

ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстанның батыс өлкесіндегі халық өмірінде болған елеулі оқиға - Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі. Бұл көтеріліс көркем әдебиетте ғана емес, іс қағаздар тарихында да өз ізін қалдырғанын М.Өтемісұлының М. Ладищинскийге жазған хатынан, Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына хатынан т.б. материалдардан көре аламыз.

ХІХ ғасырдың І жартысында қазақ даласындағы ел басқару системасы мен әлеуметтік құрылысты білдіретін хан, ханзада, ханым, ханша, төре, сұлтан, би, қазы, ақ сүйек, бай, кедей, қарашы, қара, қара қазақ, қара жұрт сөздері жиі қолданылған. Байтақ сөзі ел, жұрт мағынасында жұмсалған. Ел, халық мәнінде алаш сөзі де жиі қолданылады. Теңдік сөзінің мәні қазіргіден мүлде бөлек. Егер даугер айып мен пұлды төлете алса, теңдік алды деп, төлете алмаса теңдік бермеді дейтін болған, яғни теңдік сөзінің ертедегі мағынасы әділет, заңдылық сөздерінің мағынасымен жуықтас.

2-сұрақ. XIX ғасырдың II жартысындағы іс қағаздар тілі.

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ жері орыс патшалығының үш үлкен әкімшілік территориясы болғаны тарихтан белгілі. Осыған орай жергілікті халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін және отаршылдық саясатты пәрменді түрде жүргізе беру үшін патша үкіметі әрбір әкімшілік бөлікте екі тілді газеттер шығара бастады. Қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени өмірінде XIX ғасырдың екінші жартысының орны ерекше. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды. Ол қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтеріліп, ұлттық сипат алу дәуірі еді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдеби тіл, біріншіден, бұдан бұрын да дамып келе жатқан әдеби тілдің заңды жалғасы болса, екіншіден, бұл кезде оның әрі қарай дамуында үлкен өзгеріс, күрт бетбұрыс, жаңа құбылыс болғандығын байқаймыз. Бұл әрине әдеби тілдің бір тармағы ресми іс қағаздар тілінен де анық байқалады.

Қазақ даласының саяси-әлеуметтік, экономикалық-мәдени өмірінде XIX ғасырдың екінші жартысының орны ерекше. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды. Ол қазақ әдеби тілінің жаңа сатыға көтеріліп, ұлттық сипат алу дәуірі еді. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдеби тіл, біріншіден, бұдан бұрын да дамып келе жатқан әдеби тілдің заңды жалғасы болса, екіншіден, бұл кезде оның әрі қарай дамуында үлкен өзгеріс, күрт бетбұрыс, жаңа құбылыс болғандығын байқаймыз. Бұл әрине әдеби тілдің бір тармағы ресми іс қағаздар тілінен де анық байқалады. Бұл өзгерістің өзіндік ерекшеліктері мынадай жағдайлардан көрінеді: XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның Россияға қосылу процесі толық аяқталды. Россияда капиталистік қатынастар дами түсуімен байланысты қазақ жері шикізат көзі ғана емес, өндіріс орындырына да айналды.

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ жері орыс патшалығының үш үлкен әкімшілік территориясы болғаны тарихтан белгілі. Осыған орай жергілікті халықпен қарым-қатынасты нығайту үшін және отаршылдық саясатты пәрменді түрде жүргізе беру үшін патша үкіметі әрбір әкімшілік бөлікте екі тілді газеттер шығара бастады. Олар:

  1. «Түркістан уалаятының газеті» Ташкент, 1870-1882 жылдар.

  2. «Дала уалаятының газеті» Омбы, 1888-1902 жылдар.

  3. «Торғай газеті» Тройцк,1895.

Бұл газеттер қазақ даласының көптеген аймақтарына таралды, патша өкіметінің жергіліктіәкімшіліктерінің органы болды. Аталған газеттер қазақ әдеби тілін дамытуда, жазба нормаларын қалытастыруда, ресми іс қағаздар стилін одан әрі жетілдіруде үлкен роль атқарады.

Бұл кезеңде қазақ жерінде білім көздері пайда бола бастайды. Орынбор, Омбы, Тройцк, Орал, Қазалы, Перовск, Торғай қалаларында қазақ балалары үшін орыс-қазақ мектептері ашылды. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 100 шамалы екі кластық уездік және бір кластық болыстық мектептер ашылып, олпда 4000-ға жуық бала оқыды. Таза қазақ тілінде кітап шығару ісі мен баспасөз органдары да осы кезеңде пайда болды. Қазақтың жаңа жазба әдебиеті қалыптасты.

Осы кезеңдегі тіл практикасын танытатын нұсқалардың біріне патша өкіметінің әкімшілік органдары мен жергілікті әкімдердің қазақ тілінде жазған ресми іс қағаздары да жатады. Олардың бірқатарын төменде келтіріп отырмыз.

1.Ш. Уалиханов «Сот реформасы жайында хат».

2. 1852 жылы Орынбор шекара комиссиясының жергілікті қазақ әкімдеріне жолдаған қатынас қағазы.

3. Ы. Алтынсариннің Н.И. Ильминскийге жазған хаттары.

4. 1856 жылы Қарқаралы округіндегі Шаншар болысының жүзбасы Қазанғапов бидің өзіне алтын кенішінен кен өндірумен айналысуға рұқсат ету туралы Батыс Сібір генерал-губернаторы Гасфорт мырзаға өтініші.

5. 1867 жылы Комиссияның қазақ даласындағы ережелерінің жобасы жөніндегі түсіндірме жазбасы.

6. 1867 жылғы 11 шілде Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ереженің жобасы.

7. 1868 жылғы 21 қазан. Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарындағы басқару ісі туралы уақытша ереже.

8. 1891 жылғы 25 наурыз. Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы Ереже.

9. 1860 жылдан бері Семей облысының былғары және сабын қайнату зауыттары туралы ведомость.

10. 1862 жылғы 23 ақпан. Ішкі Орданы басқару жөніндегі Уақытша кеңестің жөнелтілетін жерін көрсете отырып жасалған малдың саны мен құны және мал шаруашылығы шикізаты туралы ведомосы.

11. 1883 жылы Ы. Алтынсариннің Баяділ Кейкинге жазған хаты.

XIX ғасырдың екінші жартысында қазақша ресми іс қағаздарының өз алдына стилі болды. Ол едәуір өзгерісі бар бұрынғы құжаттар мен хат-хабарлар тілінің жалғасы ретінде танылды. Бұл дәуірде патшалық Россияның әкімшілік орындарының қазақ жеріне қатысты ресми құжаттары қазақшаға аударылып, көпшілігі баспа жүзінде жарияланып отырды. Тағы бір ерекшклігі, бұл дәуірдегі ресми қағаздар өткен дәуірдегідей хан, аға сұлтан сияқты жеке адамдарға емес, көпшілікке жарияланатын мазмұнда болды.

Ресми іс қағаздар мазмұны мен адресаттарына қарай бірнеше топқа бөлінеді. Ең алдымен патша өкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарғылар, ережелер терминологиясы, стильдік құрылымы және қалыптасқан сөз орамдарымен өзге ресми құжаттардан біраз ерекшеленеді. Екінші топты заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтама т.б. құрайды. Бұлардың да өздеріне тән термин жүйесі, сөз орамдары бар. Үшінші топта жеке адамдардың ресми органдарға жазған арыз, өтініштері жатады.

Орфографиялық ерекшеліктері.

Араб графикасымен жарияланған текстерде қосымшалардың қазақ тіліне тән фонетикалық варианттары кейде еленбейді, нәтижесінде көптік жалғау тек -лар түрінде, табыс септік -ны, ілік септік -ның, жатыс -қа, шығыс -нан түрінде беріледі. Мысалы, оқуны, қазақлар, адамлар, арызлар. Қатаң дыбысқа аяқталған сөздерге -дың, -дық, -дар, сияқты ұяңнан басталатын қосымша қосылады. Мысалы, хазратдар, қазақдар, халықдың, халықдық т.б. Бұл кезеңде сонымен қатар сөз басында ж дыбысы келетін жерлерде й әрпін жазу, мысалы, йыл,йаш, йазұлады, йахшы, йаман, ш әрпінің орнына ч-ны қолдану, мысалы, барча, чақлы, үчүн кездеседі. Бұл қолданыстарда бірізділік жоқ, аталған сөздердің дыбыс ауысып қолданған варианты да, ауыспаған варианты да қатар қолданылады.

Ал орыс графикасымен берілген құжаттарда мұндай орфографиялық ерекшелік жоқ. Мұнда қазақ сөздерінің ауызша айтылудағы фонетикалық заңдылықтары мейлінше сақталған. Сондықтан мәтіндердің жазылуында дыбыс үндестігі де, ерін үндестігі де орын алады. Орыс тілінен енген сөздерді жазуда қазақша сөйлеу тілінде қалыптасқан түрде жазу да, орысша орфограммасын сақтап жазу да қатар жүреді. Мысалы, штрап, болус, уез т.б. Ал төмендегі сөздерде орыс орфограммасы сақталған: военный губернатор, начальник, закон, волостной съезд т.б.

Морфологиялық ерекшеліктері. Құжаттар тілінде өткен шақ есімшесінің қыпшақтық -ған тұлғасының орнына оғыздық -мыш вариантын қолдану орын алған. Мысалы, отырмыш, айтылмыш, шығармыш. Етістікткң III жақтағы -ды қосымшасының орнына -дүр тұлғасын қолдану орын алған. Мысалы, етілдүр, көрінедүр. Етістіктің III жағы көпше түріне -лар жалғануы кездеседі. Мысалы жазғучы, тұрғучы т.б. Сонымен қатар есімшенің-тын/-тұғын жұрнақтарының орнына тұрған сөзін келтіру орын алған. Мысалы, жаза тұрған. Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздар стилінде бұл келтірілген тұлғалар жүйелі түрде қолданылмайды.

Лексикалық ерекшелігі. Бұл кезеңдегі қазақ әдеби тілінің сөздік құрамы: 1) жалпыхалықтық қазақ тілі лексикасы, 2) араб-парсы сөздері, 3) орыс сөздері. Іс қағаздарында қолданылған кейбір сөздердің қызметі мен мағынасына талдау жасайтын болсақ, төре-XIX ғасырға дейін ақ сүйек нәсілді адам мағынасында жұмсалған. Оның ресми адам болуы шарт болмаған. Ал XIX ғасырдың екінші жартысында бұл атаумен ақ сүйек тұқымдарын да қарадан шыққан әкімдерді де, орыс әкімшілігі өкілдерін де атай бастаған. Би сөзі шешен, тапқыр, билік айтушы мағынасында қолданылатын болса, бұл кезеңде әлеуметтік термин болып қалыптасады. XIX ғасырдың екінші жартысында би сөзі үш жылға сайланып қойылатын, ресми әкімнің атауы ретінде қолданылады.

Осы тұста қазақ қоғамының әлеуметтік және әкімшілік құрлысын бейнелейтін көптеген жаңа сөздер әдеби тілден орын алып, терминдік мәнге ие болды. Олар: сенат, болыс, старшын, ауылнай, жандарал т.б.

Қазақ жеріне империялық соттың келуімен байланысты закон, сот, статья, іс, арыз, абақты, қараңғы үй,тінтуші, тұтқын сөздері пайда болды. Бұлардың бірқатары калька жолымен жасалса, бірқатары орыс тілінен енді.

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар тілінің алдыңғы кезеңдерге қарағанда әлдеқайда қазақшаланғанын байқауға болады. Іс қағаздарын жазу стилінде, безендіруде жоғарыда сөз болған XVIII ғасыр іс қағаздар стиліндегі XIX ғасырдың бірінші жартысындағы ресми іс қағаздар стиліндегі ерекшеліктер сақталады.

Бұл кезеңге тән тағы бір ерекшелік-ресми іс қағаздар стиліне тән стандарт сөздер мен тұлғалардың пайда болып, тұрақтала бастауы. Мысалы, бұйрық-жарлықтардағы міндеттеу ұғымын білдіретін етістік тұлғасы көбінесе шартты рай мен керек сөзінің тіркесі арқылы берілген. Мысалы, қолдарын қойсалар керек, тексирип қарап тұрса керек, жібермесе керек т.б. "Стильдік стандарт элементтер" қатарына мағлүмдүр, бұйырамын, бұйырылдүр, тағайын қылынады, аталмыш, бойунча, турадағы, қараған, атына т.б. сөздер жатады. Олардың бірқатары калька жолымен жасалғаны байқалады. Мысалы, төмендегі-нижеследующий, жоғарғы көрсетілген-вышеуказанный, жоғарыда аталмыш-вышеназванный, бекітілді, тағайын болады-назначается, атына-на имя т.б.Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар стилінің тағы бір ерекшелігі қазақ сөздерінен жасалған терминдардің қалыптаса бастауы. Сөз болып отырған кезеңде нормалану процесі әлсіз болды. Бір ұғымды беруде қазақша, орысша, араб-парсыша сөздердің параллель қоллданылуы жиі кездесіп отырады.

Ресми іс қағаздарының тарихы көне дәуірден басталса да, XIX ғасырдың екінші жартысында оның түрінің көбейіп, тілі мен стилінің біраз жетілгенін көреміз. Бұл дәуірдегі іс қағаздарына әкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары, циркулярлары, заң жинақтары мен әр түрлі ережелер, эпистолярлық материалдар кірді. Бұлардың тілінде көне әдеби тілдік формалар өзге стильдерге қарағанда көбірек сақталған.

Бақылау сұрақтары:

  1. ХІХ ғ І жартысының іс қағаздар тілі несімен ерекшеленеді?

  2. ХІХ ғ ІІ жартысының іс қағаздар тілі несімен ерекшеленеді?

Машықтану сабағы №2

Машықтану сабағының тақырыбы: ХІХ ғасырдың І, ІІ жартысындығы ресми іс қағаздар тілі.

Машықтану сабағының мақсаты: Теорияда өткенді тәжирибе жүзінде қайталап, оқушылардың алған білімдерін байыту

Машықтанудың орындалуы: Тәуке ханның «Жеті жарғысы» үлгі бойынша компьютерде басу және талдау, қорытындылау.

Тапсырма: Тәуке ханның «Жеті жарғысы» үлгі бойынша компьютерде басыңыз.

Тапсырманың орындалуын тексеру: Компьютерде басқан жұмыстарын ауызша қорғау.

Бекіту: Сұрактар беру арқылы машықтану сабағын бекіту

1.1831 жылы қандай құжат шығарылды?

2. Бұл кезенде сот билігінің неше түрі болды?

№ 3 сабақ

Сабақтың тақырыбы.« ХХ ғ басындағы іс қағаздар тілі».

Мақсаты:

ХХ ғасырдың басындағы іс қағаздар тілімен танысу, ерекшеліктерін көрсету.

Түсінігі болуы тиіс:

  • ХХ ғасырдың басындағы іс қағаздарының түрлері туралы;

Білуі тиіс:

  • ХХ ғасырдың басындығы іс қағаздарының грамматикалық, морфологиялық, лексикалық ерекшеліктерін

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Сот билігі, патша үкіметі, Жеті жарғы, губернатор, приказ

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. 1920-30-жылдардағы іс қағаздар тіліндегі пуризм.

  2. ХХ ғ басындағы іс қағаздарының лексикалық ерекшеліктері

  3. ХХ ғ басындағы іс қағаздарының грамматикалық ерекшеліктері

  4. ХХ ғ басындағы іс қағаздарының синтаксистік ерекшеліктері

1-сұрақ. 1920-30-жылдардағы іс қағаздар тіліндегі пуризм.

XX ғасырдың басында оқу ағарту - жұмыстары, мәдениет және өнер - білім салалары жандана түсті. Семей, Қызылжар (Петропавловск), Қостанай, Қызылорда, Торғай сияқты бірсыпра қалаларда орыс -қазақ мектептері пайда бола бастады. Мұнымен қоса ауылдық мектептер көбейді. Осы мектептерде оқып шыққандардың көзқарасы өз халқына, оның келешегінде бұрынғы мұсылманша оқығандарда әлдеқайда ілгері болды. Олар қазақ халқының саяси, мәдени дамуына белсене ат салысты. XXғасырдың басында қазақ тілінде баспа жұмыстары да қаулап өсті.

1920-30-жылдары жања атауларды, термин ыңғайында келген сөздерді авторлар ќалайда ќазаќша аударып беріп отыруѓа күш салады. Осыныњ салдарынан сол кезеңдегі тілдік материалдар пуризімніњ кейбір элементі бой кµрсетті. 1920-30 жылдардаѓы ресми іс қағаздар тілінде съезд, конференция, мәжіліс ұғмдарының орнына топ деген сөз термин ретінде қолданылады. Төмендегі мысалдардан топ сөзінің сьезд терминінің орнына жұмсалып отырғандығын көреміз. Мысалы: Біздің партияның 12-ші тобында ұлт мәселесі дұрыс қаралып, шешіліп өтті (Жас қайрат). Ұлт мәселесі халқындағы 12-партия тобының хәм 14-кеңестің қарарларын жүзеге асыру туралы қаулы (Ауыл). Комунист партиясының 12-ші тобында ауыр кәсіп туралы шығарылған қаулы (Ауыл). Комунист партиясының 12-ші тобында ауыр кәсіп туралы шығарылған қаулы (Ауыл).

Ал мына бір сөйлемдерде ол конференция, мәжіліс сәздерінің орнына қолданылған. Мысалы: ұйымның рухсаты мен төңірек жиналыс хәм топ жасау (Ақ жол). ҚР қожасы болған 4-кеңестер тобы ғйнуардың 10-ы күні кеш жұмысын бітірді (Ауыл).

Келтірілген мысалдағы төңірек жиналысы тіркесі орыс тілінде зональное совещание ұғымын білдіру үшін қолданылған. Летчик-әуешілдер, матрос-қызыл кеме әскері болып аударылған. Поезд-от арба, паравоз-қара айғыр болып аударылған. Дарвин теориясы-Дарвин қисыны, философия теориясы-пилосопия қисыны түрінде алынады. Ал философия термині даналық деп, осыған байланысты вопросы философи-даналық мәселелері, философы-даналар деп аударылған. Сол сияқты материалистер, идеалистер, капитал, кпиталистер, материализм, материалистік тану, идеализм терминдерінің әрқайсына қазақша балама беріледі. Мысалы; Материалистер-затшылдар, Материализм-затшылдық, Материалистік тану-затшылдық тану, Идеалистер-мұратшылдар, Идеализм-мұратшылдық, Капитал-дәулет, Капиталистер-дәулетшілер, Председатель-төр аға, төбе басы, 1920-30 жылдары радио, полиграф, экспортная комиссия, реалист, стипендия, институт, коммунист, тєрізді интернационалдық терминдер қазақ тіліне күштеп, жөнсіз аударылған. Сол кезеңдегі баспасөз бетінен мына тәрізді сөйлемдерді көптеп кездестіруге болады. Сымсыз телеграф хабарларын тоқтатты (Ақ жол). Сыншыл кемесиесі губрнаны аралап қайтып келеді.

Бұл келтірілген мысалдарға қарағанда радио-сымсыз телеграф, полиграф-жазба сөз, экспортная комиссия-сыншы комиссия, реалист-нағызшыл болып аударылған.

1920-30 жылдардағы ресми іс қағаздар тілінен орысша қалпында айтылуға тиісті терминдердің көпшілігі осылай қазақшаланғанын көреміз. Сонымен қатар ол сөздер ревалюция, совет, закон, партия, комитет, т.с.с. орыс тіліндегі қалпында да, қазақ тілінің фонетика морфологиялық ерекшеліктеріне бағындырылып партия, сиез, қамынес, коменса, пәлсапа түрінде де жазылып жүрді. Сөйтіп, 1930 жылдарға дейін термин сөздерді қабылдауға, аударуда, жазуда, қолдануда ала құлалық күшті болады. Оларды қабылдайтын, аударатын, дұрыс жазылуын қадағалайтын ресми орган, айқын принціптер болмады. Оларды қолданылу дәрежесі сұхбаттаушы адамдардың ой-өрісінің ой кеңдігіне, инабатты, салиқалды, салауаттылығына байланысты.


  1. Сұрақ. ХХ ғ басындағы іс қағаздарының лексикалық ерекшеліктері.

Техникадағы, өнер саласындағы, ғылым мен мәдениеттегі жан-жақты дамуға байланысты көріне бастаған әр түрлі жаңа атаулар, терминдік ұғымдар, жаңа мағыналы сөздер 1920-30 жылдары, 20-ғасырдың бас кезеңдегіден көп байқалады. Әр түрлі жаңа атаулар, терминдер, сөз мағынасындағы сонылықтар бұл кездегі ресми іс қағаздар тілде мол кездеседі.

Новая экономическая политика термині қазіргі қазақ әдеби тілінде жаңа экономикалық саясат делініп алынады. Орыс тіліндегі осы жаңа ұғым сол кезінде қазақ тілінде әр түрлі аударылып, әр түрлі балама мен түсіндіріліп келді. Мысалы: жаңа шаруа саясаты, үнем саясаты, жаңа шаруашылық саясат, жаңа сақтық саясат, түрінде әр жерде әр түрлі аударылған.

1920-30 жылдардағы ресми іс қағаздар тілінде берілуі қазіргіден өзгешелеу кейбір атаулары мен терминдік ыңғайдағы сөздер, аударма атаулары: тоқтам - қаулы, қарар, шешім. Жоғарғы өркендер - жоғарғы органдар т.б. пән сөздері - терминдер, ұшпа қағаз - летучка, саяси іскерлер - саясаткерлер, шешен - дипломат т..б. Келтірілген мысалдарға қарағанда, 1920-30 жылдары -шыл, -шы, -шылық, жұрнақтар мағыналық жағынан да, функциясы жөнінен де бір-бірінен үнемі дәл ажыратыла бермеген. Сондықтан да, -шы, -шыл қосымшалар бұл кезеңде бірінің орнына бірі, аралас жұмсалып отырады. Бұл жұртшылық ғылым, жұртшылдық ғылым, еңбекші қазақ, еңбекшіл қазақ тәрізді сөз қолданыстарынан айқын көрінеді.

Қолданылу ерекшелігіне қарай жалпыхалықтық тілдің ауызша және жазбаша түрлері жақсы дамыған. Интонация ұғымына сөйлеу темпі, сөйлеу сазы, дауыстың құбылуы, екпін енеді. Қоғамдық өмірде қатынастың көптеген тұрінің болуына байланысты болады.


  1. Сұрақ. ХХ ғ басындағы іс қағаздарының грамматикалық ерекшеліктері.

1920-30 жылдардағы ресми іс қағаздар тілінде морфологиялық тұлғаларды қолдануда кейбір жекелеген өзгешеліктер байқалады. Мысалы: жатыс септігінің -да, -де, жалғауының тұйық етістіктен соң жалғанып қолданылуы 1920-30 жылдардан басталады. Жатыс септік жалғауымен келген тұйық етістік осы шақтағы белгілі бір процестің созылыңқылық күйін, яғни әрекеттің әлі жүріп жатқандығын білдіреді.

Қазіргі ресми іс қағаздар тілінде жиі кездесетін ұйымдасу етістігі 1920-30 жылдардағы ресми іс қағадар тілінде ұйысу, ұйыстыру, түрінде қолданылған. Қазақ тілінде жиі қолданылатын тапсырма сөзі ол кезеңде тапсырыс түрінде де қолданылып отырған. Бұл кезеңдегі -іс, -ыс, қосымшасының қолданылуы функционалдық стильдердің қай-қайсысында да кең етек алған. Қазір әдеби тілімізге еш өзгеріссіз еніп, тұрақтанған -ист, -изм, тәрізді сөз тудырушу жұрнақтар 1920-30 жылдардағы ресми іс қағаздар тілінде қазақ тілінің өз жұрнақтарымен берілді. Қазақ тілінде -и жұрнағымен келетін туынды сын есімдер 1920-30 жылдары -ы, -тық, жұрнағымен қолданылған: тарихи-тариқтық, саяси-сайасы т. б.


  1. Сұрақ. ХХ ғ басындағы іс қағаздарының синтаксистік ерекшеліктері.

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздар тілінде қазіргі әдеби тілдегіден өзгешелеу болып келетін жекелеген синтаксистік құбылыстар мына бір конструкциялардың қолданылуынан аңғарылады: соның ішін, жүзеге шығару, болмаған себепті, жер кәсібімен пайдаланып т.т. 1920-30 жылдардағы ресми іс қағаздар тілінде соның үшін конструкциясы сондықтан жалғаулығының орнына қолданылады. Ал оның үшін конструкциясы сондықтан жалғаулығының орнына да, ол үшін деген мағынада да жұмсалады. үшін шылауы ілік жалғауы бұл есімдігімен бірге мұның үшін болып та қолданылады. Сонымен сөзінің орнына соның ұшын, оның үшін конструкциялары қолданылады, соныңмен деп те жазу кездеседі.

Бақылау сұрақтары:

  1. ХХ ғ басындағы іс қағаздарының синтаксистік ерекшеліктерін атаңыз

  2. ХХ ғ басындағы іс қағаздарының грамматикалық ерекшеліктерін атаңыз

№ 4 сабақ

Сабақтың тақырыбы.« Іс қағаздары және олардың түрлері».

Мақсаты:

Іс қағаздары ұғымын , қолдану аясын түсіну, іс қағаздары түрлері туралы білімдерін қалыптастыру. Ұйымдық, өкімдік, ақпаратты-анықтамалық, жеке құжаттарға сипаттама беру

Түсінігі болуы тиіс:

  • Іс қағаздарының қолдану аясы туралы;

Білуі тиіс:

  • Іс қағаздары ұғымын, жіктемесін

  • Ұйымдық құжаттар тобын

  • Өкімдік, ақпаратты- анықтамалық, жеке құжаттар тобын

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Басқару, өкім, анықтамалық, ұйымдастыру,

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Іс қағаздары туралы түсінік

  2. Іс қағаздарының топтастырылуы

  3. Жеке адамға қатысты құжаттар

  4. Ұйымдық құжаттар

  5. Өкімдік құжаттар

  6. Ақпаратты-анықтамалық құжаттар

1-сұрақ. Іс қағаздары туралы түсінік


Іс қағаздары - адамның күнделікті өмірінде жиі қолданылатын жазу үлгілері. Олар белгілі бір қалыптасқан үлгі бойынша жазылады

Іс қағаздарын жүргізу - мемлекеттік стандарттарға сәйкес құжаттар мен іс қағаздарын жасау және солармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, атап айтқанда құжаттардың жүру барысына, іздестіруге және сақтауға жағдай жасау қызметі.

Іс-қағаздарының қызметтері:

- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;

- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;

- әр түрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;

- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;

- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;

- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;

- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;

- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;

- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.

Іс қағаздарының сипаттары:

- саяси ( мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық қатынастарда);

- әлеуметтік ( қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);

- ұйымдастырушылық ( басқару қызметі жүйесінде);

- құқықтық ( заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);

- тарихи ( әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай қатынастарда).

- ресмилік ( міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде).

Құжаттау үрдісі элементтері:

  • құжаттарды дайындау;

  • құжаттарды жолдау, тіркеу;

  • сырттан келген құжаттарды қабылдау, тіркеу;

  • құжаттарды қолдануға дайындау;

  • құжаттардың жүзеге асырылуын бақылау;

- құжаттарды мұрағат қорына дайындау


  1. сұрақ Іс қағаздарының топтастырылуы

Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болады.

Құжаттарды топтастыру - оларды ұқсастықтары мен айырмашылықтары бойынша бөлу болып табылады.

Белгілеу тәсіліне қарай құжаттар жазба, графикалық, акустикалық (фото, кино-, бейнеқұжаттар) болып бөлінеді.

Мазмұнына қарай - ұйымдық-өкімдік, қаржы-есеп, жабдықтау-өткізу құжаттары болып бөлінеді.

Атуына қарай көптеген түрге (жанрға) бөлінеді: ережелер, бұйрықтар, хаттамалар, жарғылар, арыздар т.б.

Түріне қарай құжаттар типтік, үлгілік, жекелік, қалыпты, жалпыға бірдей болып бөлінеді.

Толтыру орнына қарай құжаттар ішкі және сыртқы (кіріс, шығыс) болып бөлінеді.

Орындалу мерзімі бойынша құжаттар жедел және жедел емес (жай) болып бөлінеді.

Шығу тегіне қарай құжаттар қызметтік және ресми-жекелік (атаулы) болып бөлінеді.

Жариялылық дәрежесіне қарай құжаттар қарапайым, күнделікті қызметте қолдану үшін және құпия болып бөлінеді.

Заңдылық күшіне қарай шын және жалған құжаттар болып бөлінеді.

Жасалу сатысына қарай түпнұсқа (бірінші данасы) және көшірме құжаттар болып бөлінеді. Көшірменің өзі іштей отпуск - шығыс құжатының толық көшірмесі, выписка - құжаттың бір бөлігінің көшірмесі және дубликат - құжаттың жоғалғанда берілетін екінші нұсқасы болып бөлінеді.

Сақталу мерзіміне қарай құжаттардың мынадай түрлері болады: 10 жылдан жоғары тұрақты мерзімге сақталатын және 10 жылға дейін уақытша сақталатын.

Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме (реквизит) деп аталады. Құжаттардың міндетті деректемелеріне мыналар жатады:

  • ұйымның атауы;

  • ұйымның коды;

  • құжаттың (хаттардан басқа) атауы;

  • тақырыбы;

  • құжатты толтыру мерзімі;

  • мәтіні;

  • бұрыштамасы;

  • қойылған қолы т.б.

Деректеме толық және дәл мәлімет беруі керек, әрі жалпыға ортақ стандарт бойынша толтырылуға тиіс.

Жалпы іс қағаздары мазмұны мен атқаратын қызметі бойынша шартты түрде жеке адамға қатысты құжаттар, ұйымдық құжаттар, өкімдік құжаттар және ақпараттық - анықтамалық құжаттар болып бөлінеді.


  1. Жеке адамға қатысты құжаттар

Бұл құжаттар жеке адамның басына байлынысты болатын құжаттар: Өмірбаян

Түйіндеме

Өтініш

Қолхат

Сенімхат

Еңбек кітапшасы


  1. Ұйымдық құжаттар

Құрылым және штат саны

Штаттық кесте

Лауазымдық нұсқаулықтар

«Қызметкерлер туралы» ереже

Құрылтай құжаттары (Жарғы, филиал ережелері)


  1. Өкімдік құжаттар

Бұйрық

Шешім (Қаулы)

Өкім

Нұқсау


  1. Ақпаратты- анықтамалық құжаттар

Қызметтік хаттар

Акілер

Баяндау хат

Түсініктеме

Анықтама

Телефонхат

Жеделхат


Бақылау сұрақтары:

  1. Құжат сөзі нені білдіреді? Ол қай тілден енген?

  2. Ұйымдық құжаттарға қандай құжаттра жатады?

  3. Өкімдік құжаттарға қандай құжаттра жатады?

  4. Ақпаратты - анықтамалық құжаттарды атаңыздар?

  5. Жеке құжаттар дегеніміз дегеніміз қандай құжаттар?

  6. Қызметтік құжаттарға қандай құжаттра жатады?

  7. Іс қағаздарыформасына қарай қандай болып бөлінеді?

  8. Жасалу орнына қарай құжаттар қандай болып келеді?

  9. Шығу деңгейіне қарай қандай болып келеді?

Машықтану сабағы №3

Машықтану сабағының тақырыбы: Іс қағаздары және оның түрлері.

Машықтану сабағының мақсаты: Теорияда өткенді тәжірибе жүзінде қайталап, оқушылардың алған білімдерін байыту

Теориялық бөлім: Іс қағаздарының түрлері өте көп, олардың негізгі түрлерін мақсаты мен мазмұнына, жасалған орнына, жасалу сатысына, қызметіне, формасына т.б. ерекшеліктеріне қарап топтастыруға болды. Ұйымдар мен мекемелердің іс жүргізу барысында негізгі орын алатын құжаттарды жалпы мақсатына қарай ұйымдық-өкілеттік құжаттар деп алып, оларды іштей бірнеше топқа топтауға болады. Сондай-ақ іс қағаздары мазмұны мен қызметіне қарай жеке адамға қатысты және қызметтік іс қағаздары деп екіге бөлінеді. Формасына қарай типтік және трафареттік болып бөлінеді. Ал жасалу орнына қарай мекеменің ішкі іс қағаздары және сырттан келіп түсетін іс қағаздары болып бөлінеді. Шығу, жасалу сатысына түпнұсқалық және көшірмелік болып бөлінеді.

Машықтанудың орындалуы: берілген құжаттарды топтастыру

Белгілеу тәсіліне

Мазмұнына қарай

Атуына қарай

Түріне қарай

Толтыру орнына қарай

Орындалу мерзімі бойынша

Шығу тегіне қарай

Жариялылық дәрежесіне қарай.

Заңдылық күшіне қарай.

Жасалу сатысына қарай

Тапсырма: Ұйымдық құжаттар тобына жататын құжатта тауып компьютерде басыңыз.

Тапсырманың орындалуын тексеру: Компьютерде басқан жұмыстарын аузыша қорғау.

Бекіту: Сұрактар беру арқылы машыктану сабағын бекіту

  1. Іс қағаздары мызмұны мен қызметіне қарай нешеге бөлінеді?

  2. Жарғы деген не?

№ 5 сабақ

Сабақтың тақырыбы.« Іс қағаздарының стилі».

Мақсаты:

Стиль ұғымын , түрлерін түсіну, іс қағаздарын жазарда есте болатын жағдайлар, жиі кездесетін сөздер мен синтаксистік құрылымдар, мәселеге байланысты дәлелдер келтіру, себебін түсіндіру үшін, өтініш білдіру үшін және т.б синтаксистік құрылымдар туралы түсініктеме алу

Түсінігі болуы тиіс:

  • Стилистика ғылымы туралы;

  • Стильдер түрлері туралы

Білуі тиіс:

  • Стиль ұғымын

  • Ресми іс қағаздар стилінің ерекшелігін

  • Ресми құжат стильдеріне тән белгілерді

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Ресми стиль, публицистикалық, ғылыми стиль, стилистика, клише

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Стиль туралы түсінік

  2. Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі

  3. Ресми құжат стильдеріне тән белгілер

  4. Қызметтік құжаттрады, хаттрады жазарда есте болатын кейбір жағдайлар

1-сұрақ. Стиль туралы түсінік


Стиль - латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «жазу мәнері» дегенді білдіреді.

Стилистика - тілдің қолданылу заңдылықтарын зерттейтін ғылым, ол тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді.

Қазақ тлініде қалыптасқан бірнеше әдеби тіл стильдері бар, олар:

  1. ауызекі сөйлеу стилі (ауызекі тұрмыстық және ауызекі ресми)

  2. көркем-әдебиет стилі (поэзиялық ,прозалық және драмалық)

  3. публицистикалық (көсемсөз) стиль (баспасөз, теледидар, радио, интернет журналистикасы, мақалалар мен очерктер)

  4. ресми іс қағаздар стилі (ресми іс қағаздарының түрлері, заң шығарушылық құжаттар, дипломатиялық және әскери құжаттар)

  5. ғылыми стиль (ғылыми-көпшілік және ғылыми-монографиялық, ғылыми-оқулықтардың жазылу тілдері)

2-сұрақ. Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі

Ресми немесе іс қағаздар стилінің ерекшелігі, онда акт дәл көрсетіліп, бір ізбен жүйелі жазуға айрықша мән беріледі.

Қазақ тілінде қолданылып жүрген қалыптасқан сөз орамдарының көпшілігі орыс тілінің ықпалымен жасалған : қызу мақұлдау, қызу қарқын, тұрмыстық қызмет, қызмет көрсету, жүзеге асыру, қамтамасыз ету, өз күшінде қалдыру, қол жеткен табыс, кең жол ашу, іске қосу, мәселе көтеру, алғыс жариялау, сөгіс жариялау.

Көптеген сөздер белгілі стильге телулі болады, қолданылу жағынан шектеліп отырады. Мысалы: тағайындалсын, міндеттелсін, осы анықтама берілді, қаулы етеді, жарлық етеді т.б.

Ресми іс қағаздарында кейде бір заттың я ұғымның атауы қолданылу орнына қарай әр түрлі аталады. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда - азамат, жолдас, телефон станциясында - абонент, ательеде - заказ беруші, шаштаразда - клиент, ауруханада - науқас, санаторииде - демалушы, тынығушы, транспортта - жолаушы т.б. болып табылады.

Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері болады.

3-сұрақ. Ресми құжат стильдеріне тән белгілер


  • мазмұнының қысқа әрі тұжырымды баяндалуы;

  • тұжырымдардың дәл, нақты болуы;

  • сөздер мен терминдердің нақты, тура мағынасында пайдаланылуы;

  • терминдер мен тұрақты орамдардың бірегейлігі;

  • терминнің ең қолданылу жиілігі жоғары, Мемлекеттік терминология комиссиясы (Мемтерминком) бекіткен нұсқасының пайдаланылуы;

  • қалыптасқан мазмұндық-құрылымдық нормалардың қатаң сақталуы.

4-сұрақ .Қызметтік құжаттрады, хаттрады жазарда есте болатын кейбір жағдайлар


  1. Қызметтік құжаттар бейтарап қалыппен, ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын, немесе анмысына тиетін, дөрекі сөздерді қолдануға болмайды.

  2. Адресаттың сізден қызмет дәрежесінің төмен я жоғарылығына қарамастан «тез арада орындаңыз», «кідіртпей жауабын айтыңыз», «қысқа мерзімде жауап беріңіз» деген сөйлемдерді қолдануға болмайды. Оның орнына «осы күнге дейін жауабын беруңізді сұраймын» немесе «өз шешіміңізді хабарлауыңызды сұраймын» дегне сөйлемдерді қолдану абзал.

  3. Өз өтініш, талаптарыңызды орынды көрсете білуге тырысыңыз. Қызмет бабындағы, кез елген оқиға, жағдай, мәселеге баға беріп, оны ресми құжатта көрсету, баяндау я хабарлау барысында барынша салқындық танытыңыз. Көп әмоцияға бой ұрмаңыз. Фактілерді объективті түрде көрсетіңіз. Қызмет бабаында ресми түрде шара қолдану түрін анықтау барысында адамгершілік танытуға тырысыңыз

*Ескерту, еске салу қажет болғанда жиі қолданылатын сөз тіркестері:

  • ...аяқталатынын, басталатынын, шақырылғаныңызды есіңізге саламыз;

  • ...туралы ескертуді қажет деп санаймыз;

  • ...туралы тағы да хабардар етеміз;

  • ...туралы келісім үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енетінін ескертеміз;

  • ...туралы келісімшартты өз тарапымыздан тоқтатуға құқылы екенімізді ескертеміз.

* Айтылатын мәселенің себебін түсіндіру үшін жиі қолданылатын сөз тіркестері:

  • ...туралы бұйрықтың негізінде;

  • ...жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты;

  • ...Сіздің хатыңызға орай;

  • ...жарғыда көрсетілген қызметке сәйкес.

* Өтініш білдіру үшін жиі қолданылатын сөз тіркестері:

-... көлемінде қаржылай көмек білдіруіңізді сұраймыз;

-...кезекті еңбек демалысын беруіңізді өтінемін;

-...жұмысқа қабылдауыңызды өтінемін;

-...осы чаттағы жайларды анықтауыңызды сұраймын;

-...рұқсат етуіңізді сұраймын;

-...менің мекен-жайыма поштамен жолдауыңызды өтінемін.

* Өкілеттік (бұйрық мағынасында қолданылатын сөз тіркестері:

-...шара қолданылсын;

-...бақылауға алынсын;

-...көңіл бөлінсін;

-...жетілдірілсін;

-...арттырылсын;

-...есеп беріп отыру жүзеге асырылсын;

-...жол берілмесін;

-...түзетулер енгізілсін;

-...жауапкершілік жүктелсін.

* Хабарлау, мәлімдеу мақсаты үшін жиі қолданылатын сөз тіркестері:

-...туралы хабарлаймын;

-...жөнінде баяндаймын;

-...туралы мәлімдеймін;

-...сіздің назарыңызға жеткіземін.


Бақылау сұрақтары:

  1. Стиль дегеніміз не?

  2. Стилистика нені зерттейді?

  3. Стильдің қандай түрлерін білсіз?

  4. Ресми іс қағаздар стиліне тән ерекшеліктерді атаңыз


Машықтану сабағы № 4

Тақырып: Іс қағаздарының стилі.

Машықтану сабағының мақсаты: Оқушылардың іс қағаздарының стилі

туралы білімдерін байыту, әртүрлі стилдегі мәтіндерді ажырата алу, ресми стилді бірден ажырата алуды үйрету

Теориялық бөлім: Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір

қажетінен тауып , өз алдына орныққан бөлен жүйе болып саналады. Іс

қағаздарының әрқайсысының бұрвннан белгілі біраңғай сөздері,

қалыптасқан сөз тіркестері мен сөйлем үлгілері болады . Іс қағаздарын жазу-

жаттығу дағдылану арқылы меңгеріледі.

Машықтанудың орындалуы:

Ресми стиль

  • аяқталатынын, басталатынын, шақырылғаныңызды есіңізге саламыз;

  • ...туралы ескертуді қажет деп санаймыз;

  • ...туралы тағы да хабардар етеміз;

  • ...туралы келісім үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енетінін ескертеміз;

Газет-ақпараттық стиль

Енді қаңтардағы оқиғаларға келсек, ереуіл Тунистен басталды. Осы хабарды естігенде мен, шынымен де, таңдандым. Өйткені араб әлемінің батысы - Мағриб елдерінің ішіндегі Тунис жақсы дамып келе жатқан шағын мемлекет. Бұрындары мұн­дай ауқымды проблемаларымен аты шыға қоймаған туристік ел болатын. Ме­ніңше, Туниске, Тунис қана емес, жалпы осы мағ­риб елдеріне де әлемдік қар­жы дағ­дарысы айтарлықтай ауыр салдар әкелген секілді.

Арнайы стиль

Экономика ғылымы қоғамның өмір сүруі үшін өзіне қажетті ресурстарды (адам ресурсы, табиғи байлық, техника) қолдануын, дұрыс жұмсауын зерттейді. Әрбір адам өмір сүруі үшін өзінің негізгі қажеттілігін қанағаттандыру керек. Негізгі қажеттіліктер, мысалы: тамақ ішу, жеу, ұйықтау, киім кию, баспана,т.б. Адам қажеттілігі, негізінен, шектеусіз

Көркем-әдебиет стилі

Бір күні көше кезіп кле жатқанымда алдымнан үлкен төбет ит шыға келмесі бар ма. Үрейім қашып, не істерімді білмей абыржып қалдым.

Бекіту: Сұрақтар беру арқылы бекіту.

  1. Іс қағаздарының стилі деген не?

  2. Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарада есте болатын жағдайлар

Әдибиеттер:

Б.И.Скала.,В.И.Скала Іс қағаздарын жүргізу Алматы 2005ж

Л.Дүйсембекова Іс қағаздарын қазақша жүргізу Алматы 2005ж

№ 6 сабақ

Сабақтың тақырыбы.« Қызметтік хаттар».

Мақсаты:

Қызметттік хаттар туралы түсінктерін қалыптастыру, яғни қызметтік хат ұғымы,құрылымы, мазмұнына қойылатын талаптары, түрлері, жазылу тәртібі туралы

Тақырып бойынша түсініктемесі болуы тиіс:


  • Қызметтік хаттарды жазу мақсаты туралы;

  • Қызметтік хаттардың стилі, қолданылатын сөздері туралы;

  • Хаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптар туралы.

Тақырып бойынша білуі тиіс:

  • Қызметтік хаттар ұғымын;

  • Қызметтік хаттардың құрылымын;

  • Хаттарда қолданылатын деректемелерді

Тақырып бойынша істей білу тиіс:

  • Қызметтік хаттарды мазмұны бойынша ажыратуды;

  • Хат бланкісін құруды;

  • Белгілі тақырыпқа хаттың мәтінін құруды.

Қолданылатын сөздер мен терминдер: хат, хат бланкісі, адресат, жіберуші, анықтамалық деректемелер, хаттың құрылымы


Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Қызметтік хаттар ұғымы, мәтініне қойылатын талаптар.Тақырыпты оқу, мазмұнын түсіну

  2. Қызметтік хаттың құрылымы

1-сұрақ. Қызметтік хаттар ұғымы, мәтініне қойылатын талаптар

Қызметтік хаттар - бұл ол қандай да бір мәселе туралы мекемелермен, ұйымдармен және тұлғалармен пікір алмасу құралы қызметін атқаратын әр түрлі мазмұндаға басқару құжаттарының үлкен тобының жинақталған аты.

Қызметтік хаттар басқару қызметінде туындайтын көптеген жедел мәселелерді шешу үшін қолданылады. Қызметтік хаттың мәтіні қарапайым жазылады, бір мәселеге ғана арналады. Хаттың мәтіні жүйелі, нақты және нық болуы тиіс.

Хат арнайы бланкіде толтырылады және оның тақырыбы, адресаттың аты көрсетіледі, қол қойған тұлғаның аты-жөні және құрастырушының телефон нөмірі жазылады.

Хаттың мәтіні екі бөліктен тұрады: кіріспе және негізгі. Кіріспе бөлікте фактіге, күнге, хатқа сілтеме жасай отырып, хатты жазудың себептері көрсетіледі.

Екінші бөлігінде хаттың негізгі мақсаты (ұсыныс, бас тарту, өтініш, кепілдік және т.б.) айтылады. Мәтінді құрастыруда мынадай грамматикалық үлгілер пайдаланылады: өтінемін, өтінеміз, кәсіпорын өтініш жасайды,басшылық пен еңбек ұжымы өтініш жасайды, ұсыныс енгіземіз, ұсынамыз, хабарлаймыз, түсіндіреміз, мәлім етеміз т.с.с.

Қызметтік хаттардың негізгі мақсаты іс-әрекетке кірісудің қажеттігін сендіру, көрсету, түсіндіру. Сөздерді нақты мағынада анық қолданған дұрыс.

Хатта үзілді-кесілді сөздерден аулақ болған жөн: бұрынғыша, белгілі болғандай, мүмкін болса деген сияқты конструктивті тіркестердің болғаны дұрыс.

Шешімдерді қабылдау себептері көсемше арқылы беріледі: «есепке ала отырып», «басшылыққа ала отырып», «қарап» және т.б.

Кепілдік хаттардан басқа, хаттарда, факстерде құжат түрінің атауы көрсетілмейді. Хаттың тақырыптық бөлігінде мынадай деректемелер болады: «Құжаттың күні», «Құжаттың тіреу нөмірі», «Құжаттың тіркеу нөміріне және күніне сілтеме», егер жауап хат болса, онда мәтіннің тақырыбы көрсетіледі.

Бір мазмұнды хат бірнеше адресатқа жіберілетін болса, онда бірінші негізгі алушының мекен-жайы, сосын басқалары көрсетіледі. Егер құжат үшеуден көп адресатқа жіберілетін адресат қана жазылады.

Егер хат бұрын жіберілген хатқа қосымша ретінде болса, онда бұрын жіберілген хаттың нөмірі мен күні көрсетіледі.

Мекемеден жіберілетін хаттар екі топқа - бастама және жауап хаттар болып бөлінеді. Егер жауап хат болса, онда жауап беріп отырған бастама хаттың күні мен нөмірін көрсетеді. Бұл деректеме хат түпкілікті ресімделгеннен кейін бланкіге толтырылады.

Хаттар арнайы қағаздарға толтырылады және мынадай деректемелерден тұрады: қабылдаушы, бұрыштама, бақылау белгісі, мәтін тақырыбы, мәтін, қосымшаның бар екені туралы белгі, қолы, орындаушы туралы белгі, мәліметтердің магнит таспасына аударылғаны туралы белгі, хаттың келіп түскені туралы белгі.

Жіберілетін (шығыс) хаттарға мүдделі лауазым иелері бұрыштама белгі соғады. Мысалы, қаржы мәселесі бойынша хатқа бас бухгалтер белгі соғады. Бұрыштама белгілер кәсіпорынның өзінде қалатын хат көшірмесінің алдыңғы бетіне қойылады.

Екі құжат екі мекен-жай бойынша жіберілетін болса, алдыңғы екі данасы арнаулы қағазға басылып, көшірмесі жай қағазға түсіріледі, яғни барлығы үш дана болады.

Кей жағдайда хат мөрмен куәландырылады.

Қабылданатын (кіріс) хаттарға келіп түскендігі туралы белгі және кәсіпорынның басшы қызметкерлерінің тапсырманы орындауға алғандығы туралы бұрыштама белгі қойылады.

Онда орындаушының тегі, есімі, әкесінің аты, тапсырма мазмұны және орындау мерзімі көрсетіледі. Бұрыштамада міндетті түрде уақыты, қолы тұрады.

Мысалы:

У.С. Әбеновке

Жауап жобасы мерзіміне негізделіп дайындалсын

қолы

01.05.97

Егер құжатты орындаушылар саны бірнеше адам болса, олардың бәрі де бұрыштама белгіде көрсетіледі. Бірінші аталған адам орындауға жауапты болып саналады.

Белгі оң жақтан «қабылдаушы» мен «мәтін» деректемелерінің аралығына қойылады.

2-сұрақ. Қызметтік хаттың құрылымы.

Қызметтік хатты жазудың қалыптасқан тәртібі бар. Ол әркез сақталуы керек. Әдетте хат мынадай бөліктерден тұрады:

  1. Хаттың бланкісі

  2. Тақырыбы

  3. Күні

  4. Хат жолданып отырған мекеменің аты мен мекен-жайы

  5. Кіріспе сөз

  6. Хаттың жалпы мазмұнын, мақсатын көрсететін бөлік

  7. Негізгі мәтін

  8. Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілік сақтау сөздері

  9. Жіберушінің қолы

  10. Қосымша (приложение) берілетін болса, оған сілтеме

  11. Құжатты дайындаушы, жіберуші туралы мәлімет

  12. Постскриптум (хаттың аяқ жағына қол қойғаннан кейін - «P.S.» таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылған сөздер)

Хат жазылатын қағаздың сол жақ шетінен кемінде 2 см-дей орын қалдыру керек. Бірақ көп жағдайда 3-4 см қалдырылады.

Себебі хат қандай қалың іске тігілсе де 3-4 см қалдырылған орын оны тігілген жерінен оңай тауып, қиындықсыз оқуға мүмкіншілік береді.

Хат жазылатын қағаздың оң жақ шетінен кемінде 1 см орын қалдырылады. Ал төменгі және жоғарғы жағынан қалдырылатын орын біркелкі, кемінде 2 см. Бұл хат тексінің таза сақталуына, хатпен таныса отырып шетіне қосымша белгі қоюға септігін тигізеді.

Хат қағаздың мен бланкінің бір жақ бетіне ғана жазылады. Мүмкіндігінше хат мазмұнын бір бетке сыйдырған дұрыс. Егер хат бірнеше беттен тұратын болса, бет нөмірі қағаздың оң жақ жоғарғы бұрышына қойылады.

Тақырып. Егер хат фирмалық бланкке емес, таза қағазға жазылса, жоғарғы жағына алдымен мекеменің толық аты, мекен-жайы, телефон нөмірі жазылады. Қажет болған жағдайда мекеменің немен айналысатыны да көрсетіледі. Айтылған мәліметтер қазақ тілінде, қажет жағдайда қосымша орыс немесе ағылшын тілінде беріледі.

Егер мекеме мен хат алушы арасында хат жазысу үнемі болып тұратын болса, онда қағаз бетінің орташа тұсына келген хаттың нөмірі мен күніне сілтеме жасауға болады. Мысалы: «сізден 1999 жылы 10 желтоқсанда келіп түскен шығу нөмірі 1007-хатқа орай...».

Мерзімі. Хат жазылып отырған күн қағаздың оң жақ бұрышында көрсетіледі. Хат жазылған ай цифрмен емес жазбаша көрсетілген дұрыс. Себебі цифрды тез шатастырып алуға болады, оның үстіне кейбір елдерде бірінші цифр жазылған күнді емес айды білдіреді.

Хатты алушы мекеменің аты мен мекен-жайы. Тақырыптан кейін хат жолданып отырған мекеменің аты, келесі жолға хат алушының аты-жөні жазылады.

Хат алушы лауазымын көрсеткен жөн, бірақ міндетті емес. Егер хат алушы тегін білмесеңіз, лауазымын ғана көрсетуге болады. Мысалы, Республикалық «Жас алаш» газетінің редакторына, немесе, № 105 орта мектептің директорына т.с.с.

Егер бір хат бірнеше адамға жіберілетін болса немесе көшірмесі басқа адамға да жіберілетін болса, ол міндетті түрде бірінші экземплярда көрсетілуі керек. Хаттың көшірмесін жібермес бұрын оның көшірме екендігін ескерткен жөн.

Хат алушының мекен-жайын жазу ережесі жалпыға бірдей: пошта индексі, ел аты (мемлекет), елді мекеннің типі (қала, кент, аудан орталығы т.б.) және аты (Алматы, Талдықорған, Ақсу т.б.) көше, алаң, даңғылы аты (Достық даңғылы Республика алаңы, Манас көшесі т.б.) үй номері. Алыс шетелдерге жіберілетін хаттардың мекен-жайының жазылуы сол елдердегі байланыс қызметінің ішкі ережелеріне сәйкес болуы керек.

Кіріспе сөз. Ресми кіріспе сөздің қабылданған стандарт нысандары бар. Егер сіз респондентпен бұрыннан өте жақын қарым-қатынаста болсаңыз ресми кіріспе сөзді біраз жұмсартып қолдануыңызға болады.

Кіріспе сөз мекеме, ұйымға да ұйым басшысына жеке де қарата айтыла береді. Кіріспе сөз азат жолдан бастап жазылады.

Мысалы:

«Құрметті мырзалар!»

«Мырзалар!»

«Құрметті М.С. Болатов мырза!»

«Құрметті Р. Оразаева ханым!»

«Аса қадірлі Т.С. Садықов мырза!»

«Аса құрмет тұтатын Р.С. Тазабеков мырзаға!»

Айырықша жағдайда болмаса аса қадірлі, терең құрмет тұтатын сөздері жиі қолданылмайды.

Хаттың жалпы мазмұн, мақсатына нұскау. Көп жағдайда негізгі мәтінінен бұрын хаттың жалпы мазмұн, мақсатын білдіру үшін қысқаша мәлімет жазылады. Бұл кіріспе сөзден кейін бір интервал жіберіп барып қағаздың оң жақ шетіне жеке жолға жазылады. Мысалы: «№ 17 тапсырыстың орындалуы жайлы», «Б.Б. Мағзұмов ісіне байланысты». Сілтемелер қысқа, әрі нақты болуы керек.

Негізгі мәтін. Қызметтік хаттардың түрлеріне келесі бөлімдерде арнайы тоқталамыз.

Хатты жазбас бұрын мына жағдайларды ескеру керек:

  1. Хатты жазудағы мақсатыңызды тағы еске түсіріңіз. Бұл мәселені хатсыз шеше алмайтындығыңызға тағы да көз жеткізіңіз. (Мысалы, бұл мәселені телефон арқылы шешудің мүмкіндігі жоқ па? Ол адаммен кездесу кезінде шешудің сәті түспей ме? Немесе сіз респондент өтініші бойынша жазбаша жауап беруге тиістісіз бе? Т.б.) Тек осыдан кейін ғана хатты қандай мазмұнда жазуды ойластырыңыз, осылайша сіз қажетсіз хатты жазбайсыз, уақытыңызды да шығындамайсыз.

  2. Хат мәтінін жазуға керекті материалдары дайындап алыңыз.

  3. Бұған арнайы уақыт бөліңіз. Хат дайындап отырған кезде сізді алаңдатпауын өтіңіз.

  4. Қажетті кеңсе заттарын немесе компьютерді жұмысқа дайындап қойыңыз. Хат дайындап отырған кезде кейбір ұсақтүйекті іздеуге, кемшіліктерді түзетуге уақыт кетірмес үшін барлық қажетті заттарды алдын ала дайындап қойыңыз.

  5. Егер хатқа қосымша (приложение) дайындалатын болса, оған да жеткілікті мән біріліп, уақыт бөлінуі керек.

Хатты қашан дайындап, бастырып, қай күні жіберу мерзімін, орындалуын қадағалаңыз.

Қызметтік хаттың мазмұнына қатысты кейбір кеңестер:

  1. Қызметтік хаттың қолжазбасы дайындалғаннан кейін оны үш бөлімге бөліп қарастырыңыз. Бірінші - кіріспе бөлім - қорытынды, негізгі ұсыныстар, шешімдер, нұсқаулар айтылатын бөлім.

  2. Кіріспе бөлімде (хаттың мазмұнына сілтеме) жалпы хат мазмұнында айтылатын негізгі ойды ашатын, хат мақсатын анық көрсететін бір-екі сөйлемнің болуына көңіл бөліңіз.

  3. Негізгі фактілер келтірілетін яғни анықтаушы бөлімінде істің жалпы жағдайына тоқталыңыз, негізгі мәселелерді анық көрсетіңіз. Сізге келіп түскен хатта респонденттің сұрақтарды болған болса, оған жауап беріңіз. Шешілмеген мәселелерді бөліп жазыңыз, себебін қысқаша түсіндіріңіз.

  4. Тапсырма, бұйрықтар болса нақты беруге тырысыңыз. Сөйлемдеріңіз шұбалыңқы, көп сөзді болмасын.

  5. Құжат мәтінін түзетіп, саралағаннан кейін қайталап оқып шығыңыз. Неше дана керек екендігін анықтаңыз.

Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайыгершілікті сақтау сөздері.

Хатты аяқтай келе айтылатын сыпайгершілікті сақтау сөздері күнделікті қолданылатын «Сау болыңыз!», «Жақсылықпен кездесейік!» сөздердің орын ауыстыра алатын ресми стандартты сөздер болуы керек. Сыпайыгершілікті сақтау сөздері мекемеге де, жеке адамға да қарата айтыла береді. Хат түріне қарай «Құрметпен...», «Құрмет тұтушы...» т.б. сөздер қолданылады.

Жіберушінің қолы. Хаттың бұл бөлігінде жіберушінің ресми қызметі, аты-жөні жазылады және (көшірме қолтаңба) қойылады. Егер хатқа қол қоятын бірнешеу болса, олар бағыныштылық ұстаным бойынша (лауазым дәрежесіне бірдей болса, алфавит тәртібімен жазылады. Мысалы,

№ 34 гимназия директоры ------------------- Г.Ғалымова

№ 34 гимназия зертханасының меңгерушісі ---------------------- С.Уәлиев

Қосымшаларға сілтеме. Жолдама хатта көрсетілген мәліметтің бәрі қосымша болып есептеледі. Қосымша бірнешеу болса, оның тізімі жасалады. «Қосымша», «Қосымшалар» сөзі беттің сол жақ шетіне жазылады.

Құжатты дайындаушы туралы мәлімет. Қызметтік хаттың бұл бөлігі құжатты дайындаушының кім екендігін міндетті түрде көрсету қажет болған жағдайда ғана толтырылады. Құжатты дайындаушы туралы мәлімет қосымшалар туралы мәліметтен кейін көрсетіледі. Құжатты дайындаушы туралы мәлімет парақтың сол жағынан ұсақ шрифтімен жазылады. Бұл мәліметке:

  1. «Орындаушы» немесе « Құжатты дайындаушы» деген сөз жазылады.

  2. Құжатты дайындаушының аты-жөні.

  3. Жұмыс телефоны.

  4. Құжат дайындалған күні көрсетіледі.

Мысалы: «Орындаушы А.С.Бердібекова жұмыс телефоны: 53-30-42, 2003 жылғы желтоқсанның 3-і»

Постскриптум. Постскриптум - латын тілінен аударғанда «хаттың аяқ жағына, қол қойылғаннан кейін «p.s.» таңбаларын қойып тұрып, одан кейін жазылатын сөздер немесе мәтін» деген мағына береді.

Хатты жедел жіберу қажет болған жағдайда постскриптум қолмен жазылады. Қол қойылып, датасы көрсетіледі.

«p.s. 4 - тоқсан бойынша жасалған есепті жаңа ғана қабылдап алдым.

  1. ғы қарашаның 31-і, сағ. 17.30.»

Бақылау сұрақтары:


  1. Қызметтік құжат мазмұны бойынша қандай құжаттар тобына жатады?

  2. Қызметтік хат құрастыруда қандай деректемелер қолданылады?

  3. Орындаушы туралы белгі не үшін жазылады?

  4. Хаттың бланкісінде қандай деректер жазылады?

  5. Хаттың мәтіні қандай бөлімдерден тұрады?

№ 5 машықтану сабағы


Тақырыбы: «Қызметтік хаттар»

Мақсаты:

Қызметтік хаттар туралы білімдерін іс жүзінде көрсете білу;

Хат бланкісін құрастыру;

Хатты стандартқа сәйкес ресімдеу.

Жабдықталуы: қызметтік хаттарға арналған ОӘК, компьютер, үлгілер

Жұмыстың орындалуы:

  • Қызметтік хат деген қандай құжат екенін есіңізге түсіріңіз;

  • Қызметтік хаттың деректемелерін есіңізге түсіріңіз.

І. Қызметтік хаттың бланкісін кезең-кезеңмен жасаңыз:

  1. Microsoft Office Word құжатын ашыңыз, беттің жоғарғы жағына 3 бағанды, 1 жолды таблица жасаңыз

  2. Талицаның 1 бағанына мемлекеттік тілде мекеменің толық атауын және мекеме бойынша ақпараттық деректемелерді жазыңыз

  3. Таблицаның 3 бағанына мекеменің атауы мен анықтамалық деректерді орыс тілінде жазыңыз. Қазақ және орыс тілдеріндегі жазулар бір деңгейде орналасуы тиіс

  4. Таблицаның 2 бағанына мемлекеттік елтаңбаны немесе ұйымның эмблемасын орналастырыңыз

  5. Таблицаны ерекшелендіріңіз, Разметка страницы -границы страницы- границы батырмасына басып таблицаның шектік сызықтарын алып тастаңыз

  6. Бір интервал төмен түсіріп күні мен тіркеу нөміріне сызық сызыңыз, бір интервал төмен түсіріп күні мен нөміріне сілтеме жасауға арналған сызық сызыңыз

«

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»Қазақмыс»

акционерлік қоғамы

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»

Акционерное общество

«Казахмыс»

0713002, ШҚО, Риддер қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 15

тел: 8 (72336) 56398

факс 8 (72336) 56985

е-mail [email protected]


0713002, ВКО, город Риддер,

проспект Независимости 15

тел: 8 (72336) 56398

факс 8 (72336) 56985

е-mail [email protected]


УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»

_________________№ ___________

нУМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»а № __________________________

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»


  1. Екі интервал төмен түсіріп беттің оң жағына адресатты жазыңыз (мекеменің атауы мен басшысын ойдан құрастырыңыз)


  1. Екі интервал төмен түсіріп хаттың мазмұнын азат жолдан бастап жазыңыз. Хаттың мазмұнын жазу үшін ОӘК көмегіне жүгініңіз. Ең алдымен жазатын хатыңыздың түрін анықтап алыңыз (сұрау, жауап, кепілдік, құттықтау, шақыру т.б)


  1. Екі интервал төмен түсіріп мекеме басшысының лауазымы мен аты-жөні, тегін жазыңыз:

Директор А.М. Исмаилов


  1. Беттің төменгі жағына орындаушы туралы белгі қойыңыз

ІІ. Хатты құрастырыңыз және жеткіліксіз деректемелерді толықтырыңыз


  1. «Павлодар- мебель» ЖШС, Павлодар қаласы, Қ.Сәтпаев к-сі 17, «Алатау» фирмасы, 111205 Астана қаласы, Төле би көшесі 172, тел 36-00-10, факс 32-00-01. Жиһаз жеткізуді кешіктіру туралы.

Біз сізге 00.00.00 дағы №--- келісім-шарт бойынша келісілген үш офис жиһазының комплектісін, өкінішке орай, уақытында жеткізіп бере алмағандарыңыз туралы хабарлаймыз. Өзара келісілген мерзімнен бір-екі апта уақыт өтіп кеткенін естеріңізге саламыз.

Бұдан әрі кешіктіретін болсаңыздар бірлескен қызметті доғаруымыз әбден мүмкін. Біз сіздер қажетті шаралар қолданып, оның нәтижесі туралы бізге хабарлайды деп үміттенеміз. Директор, қолы, аты-жөні, Рудницкая 234546


  1. «Семей су» ЖАҚ-ның бас директорының атына, «Азия» компаниясының кепіл хатын құрастырыңыз. Тақыпша контейнерлерді растайтын құжаттар туралы.

Жұмысты қорғау:


  1. Қызметтік құжат мазмұны бойынша қандай құжаттар тобына жатады?

  2. Қызметтік хат құрастыруда қандай деректемелер қолданылады?

  3. Орындаушы туралы белгі не үшін жазылады?

  4. Хаттың бланкісінде қандай деректер жазылады?

  5. Хаттың мәтіні қандай бөлімдерден тұрады?

№ 7 сабақ

Сабақтың тақырыбы.« Қызметтік хаттардың түрлері».

Мақсаты:

Қызметттік хаттардың түрлері туралы түсінкті қалыптастыру, қызметтік хаттарды мәтіні бойынша ажырата білуге үйрену

Тақырып бойынша түсініктемесі болуы тиіс:

  • Қызметтік хаттардың жазылу мақсаттары туралы

Тақырып бойынша білуі тиіс:

  • Қызметтік хаттардың түрлерін.

  • Қызметтік хаттардың деректемелерін

Тақырып бойынша істей білу тиіс:

  • Қызметтік хаттарды мазмұны бойынша ажыратуды;

  • Хат бланкісін құруды;

  • Белгілі тақырыпқа хаттың мәтінін құруды.

Қолданылатын сөздер мен терминдер: хат, хат бланкісі, адресат, жіберуші, анықтамалық деректемелер, хаттың құрылымы


Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Қызметтік хаттың түрлері


  1. сұрақ. Хаттардың түрлері

Мазмұны бойынша қызметтік хаттардың көптеген түрлері болады:

Ілеспе хаттар - адресатқа қоса жіберілген құжаттар туралы ақпарат беретін құжат.

Ілеспе хат бірге жіберілген құжаттың мақсатын немесе не істеу керек екендігін түсіндіру қажет болған жағдайда жазылады.

Мәтін: жібереміз, қайтарамыз, бекітуге / келісімге ұсынамыз сөздерінен басталады.

1. Ілеспе хаттың атқарар ролі қандай?

2. Құжат қалай әзірленеді?

3. Құжат мәтіні қандай сөздерден басталады?

Хабарлама хат - өзінің стилі бойынша шақыру хаттарына және ақпараттық хаттарға ұқсас. Нақты адресат үшін толтырылады және сұратуға жауап болып табылады.

Хабарлау хатты нақты тиісті мекен-жай иесіне жазады. Ол сұраққа жауап ретінде жиі пайдаланылады.

Хабарлау хаттың қалыпты сөздері: «Сізге ... ескертеміз», «Сізге төмендегі өзгеріс туралы хабарлаймыз...».

Хаттың бұл түрі ақпараттық хат түріне ұқсас.

1. Хабарлау хат кімдерге жазылады?

2. Құжат мәтінінде жиі пайдаланылатын сөз орамдары?

3. Хабарлау хат қандай жағдайда жиі пайдаланылады?

Жарнамалық хаттар - ақпараттық хаттардың бір түрі, нақты адресатқа жіберіледі және жан-жақтысипаттамасы және жарнамалап отырған тауарлар мен қызмет көрсетулердің бағасы көрсетіледі.

Жарнамалық хатты нақты мекен жай иесіне жібереді. Ол жарнама қызметтері мен заттардың түрін жарнамалайды.

Хаттың мақсаты: адрес иесіне көрсетілген қызмет түрлерін пайдалануға немесе тапсырыс беруге жетелеу. Мәтін нақты, тиісті, толық ақпарат береді. Мәтіннің соңында мекеменің мекен-жайы, телефоны көрсетілуі мүмкін.

1. Жарнамалық хат кімдерге жіберіледі?

2. Құжаттың атқарар қызметі қандай?

3. Хаттың көздер мақсаты не?

Шақыру хаты - адресатты қандай да бір жүргізілетін іс-шараларға қатысуға шақыру. Нақты тұлғаларға, сондай-ақ мекемелерге жіберіледі.

Шақыру қағазын мекемеге, бірнеше адамдарға және тиісті адамға жібереді. Хатта толық күн тәртібі, іс-шараның өтілетін орны, сөз сөйлеушілердің фамилиялары, іс-шараға жауапты адамдардың фамилиясы, телефоны, шақырылған жерге тиісті жол қаражаты және т.б. ақпараттар жазылуы мүмкін.

Хаттың мәтінінде үнемі: Сізді ... шақырамыз; оқушылардың ... жұмысының көрмесіне шақырамыз сияқты тұрақты сөз орамдары пайдаланылады.

1. Шақыру хаттың көздер мақсаты не?

2. Шақыру қағазында қандай ақпараттар жазылуы мүмкін?

3. Құжат мәтінінде көбіне қандай сөз орамдары пайдаланылады?

Хабарлау хатты

Хабарлау хатты нақты тиісті мекен-жай иесіне жазады. Ол сұраққа жауап ретінде жиі пайдаланылады.

Хабарлау хаттың қалыпты сөздері: «Сізге ... ескертеміз», «Сізге төмендегі өзгеріс туралы хабарлаймыз...».

Хаттың бұл түрі ақпараттық хат түріне ұқсас.

1. Хабарлау хат кімдерге жазылады?

2. Құжат мәтінінде жиі пайдаланылатын сөз орамдары?

3. Хабарлау хат қандай жағдайда жиі пайдаланылады?

Жарнамалық хатты нақты мекен жай иесіне жібереді. Ол жарнама қызметтері мен заттардың түрін жарнамалайды.

Хаттың мақсаты: адрес иесіне көрсетілген қызмет түрлерін пайдалануға немесе тапсырыс беруге жетелеу. Мәтін нақты, тиісті, толық ақпарат береді. Мәтіннің соңында мекеменің мекен-жайы, телефоны көрсетілуі мүмкін.

1. Жарнамалық хат кімдерге жіберіледі?

2. Құжаттың атқарар қызметі қандай?

3. Хаттың көздер мақсаты не?

Растау хаттары - бұрын жіберілген құжаттың күшінде қалатынын хабарлайтын жіберілімдерді алу туралы хабар.

Хаттың кілттік сөздері:

Сіздің тапсырысыңыздың алынғандығын хабарлаймыз...;

Мекеме біріккен құрылысқа қарсы емес...;

21.02.2000 телефон әңгімесінің болғандығын... .

Растау хаттың жіберілуі іскерлік қарым-қатынастардың міндетті бөліміне жатады, бақылау сұрағын алып тастауға мүмкіндік береді.

1. Растау хат қандай құжат?

2. Хаттың кілт сөздерін еске түсіріңіз.

3. Растау хаттың функционалдық қызметі

Ескертпе хат - қандай да бір міндеттеменің не жүргізілген іс-шаралардық орындалу мерзімінің жақындағанын немесе өтіп кеткенін көрсетеді.

Ескерту хат мәтіні қандай да бір іс-шараның, әрекеттің, оқиғаның уақытының орындалу мерзімі таяп қалғандығы туралы хабарлайды. Хат адрес иесінің жеке байланысынан да, телефон арқылы да жауап болмаған жағдайда жіберіледі.

Ескертеміз, аренда уақыты 20.03.2004 ж. күні аяқталады. «... дайындығы туралы» жауапты тездетулеріңізді сұраймыз.

Мәтін реферат түрінде берілуі мүмкін.

1. Ескерту хат ұғымына анықтама беріңіз.

2. Хат қандай жағдайда жіберілуі мүмкін?

3. Құжат мәтіні басқаша қандай түрде берілуі мүмкін?

Бастама хаттар - бұл жауап талап ететін хат.осындай хаттардың көпшілгі қандай да бір мәселені шешуді өтіну болып келеді.

Кепілдік беру хаты - ондағы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін құжат. Бұл хаттарда ақы төлеуге, өнімді немесе оның қандай да бір бөлігін жеткізу мерзімдеріне кепілдік береледі.

Кепілхаттың мәтінінде адрес иесіне қандай да істің орындалу ақысына және көрсетілген қызметке (жұмыс, кеңсе, баспана) кепілдеме беріледі.

Хатты жіберуші - мекеме анықтаған міндеттемелерді өз мойнына алады, сондықтан хаттың құқықтық күші болады.

Мысалы: «Өнімнің сапасына фирма кепілдеме береді».

1. Кепілхаттың атқарар қызметі қандай?

2. Хатты жіберушінің рөлі?

3. Құжаттың құқықтық күші болуы мүмкін бе?


Коммерциялық хаттар - келісім-шарттар жасау және оны орындау кездерінде жасалады. Олар сатып алушының тауарлар, қызметтертуралы жан-жақты ақпарат беруін өтінужәне немесе тауар жіберуге ұсыныстар, сатушылардың жауаптары, жарнамаға жауап, кредиттік хаттарболуы мүмкін.

Жауап хаттар - бастама хаттардың сипаттамасына байланысты болады, өйткені оның мәтінінің тақырыбы белгілі, бастама хатта қойылған мәселелерді шешу сипатын жазу ғана қалады-ұсынысты, өтінішті орындауды қабылдау немесе одан бас тарту.

Жауап хаттың мәтіні бастама құжатқа байланысты болады. Сұрақ, сұрақ-жауап, өтініш, пікір, талап хаттарға жауап хат жазылады.

Жауап хат бастама (келген) хаттың индексі мен уақытына сілтеме жасайды, оған «№ -----күнінен...» түрінде жауап жазылады. Егер, бастама хат жеке адамнан келсе, онда келген құжаттың түскен уақыты сілтемеде көрсетіледі.

Мәтінде бастама құжатта ұсынылған шешімге жауап жазылады: шешімнен бас тарту, өтініштің орындалуы, сұраққа жауап.

Жауап нақты, дәлелді түрде берілуі тиіс. Егер хатта келіспеушілік жазылса, онда ол дәлел келтірілген уәж болуы керек.

Мәтінде мынадай тұрақты сөз тіркестері жиі қолданылады: «Біз Сіздің ұсынысыңызды мынаған байланысты орындай алмаймыз...», «Өкінішке орай Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыра алмаймыз...», «Сіздің өтінішіңіз мынадай себептермен орындалмады...».

1. Жауап хаттың жазылу себептері?

2. Жауап хат не жағдайларға сілтеме жасайды?

3. Құжат мәтінінде жиі пайдаланылатын сөз орамдарын атаңыз.

Қызметтік хат алмасу қалай іске асырылады?

2. Қызметтік хаттың қандай түрлерін білесіз?

3. Құжат мәтінінде не қарастырылады?

4. Қызметтік хат мәтіні неше бөлімнен тұрады және оларда не айтылады?

5. Құжат мерзімі қалай есептеледі?

  1. Тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз


1. Қызметтік хаттың деректемесі бүл:

1) оның жеке элементі;

2) қызметтік хаттың бөлігі;

3) фирмалықбланк.

2. Қызметтік хаттың авторы ол:

1) хатты жіберген ұйымның, фирманың аты;

2) хатқа қол қоятын лауазымды адам;

3) хатқа мәтін дайындаушы.

3. Қай жағдайда "Адресат" деректемесі дүрыс көркемделген:

1) № 10 мектеп директоры

Есембаева Жанна Серікбайңызына.

2) "Айя" фирмасының бас директоры

А Әділова ханымға

3) АҚ "Сүт" директоры

А.Б.Байдильдин мырзаға

638026, Павлодар, Кутузова,33

4) 638026, Павлодар қаласы,

Сәтбаев көшесі, 16

7үй, С.М.Әбдіхалықова

4. Жіберген кезде адресат аты қалай жазылады?

1) адресат тегінің алдынан;

2) адресат тегінен кейін.

5. Қандай қызметтік хатта, келіп түскен қүжаттың индексі мен күніне сілтеме қойылады?

1) кепіл;

2) ілеспе;

3) жауап;

4) циркуляр;

5) барлық түрінде.

6. Қызметтік хаттың индексі бүл:

1) хаттың реттік нөмірі;

2) әріппен көрсетілген реттік нөмір;

3) ңүжаттың сақталуы мен орындалған жері туралы санмен берілген ақпарат.

7. Қызметтік хаттың жөнелтілетін нөмірі бүл:

1) адресат қойған тіркеу нөмірі;

2) орындаушы қойған тіркеу нөмірі.

8. Қандай қызметтік хатта қосымша туралы белгі болады?

1) сұрау салу;

2) ақпараттық;

3) ілеспе;

4) барлық қызметтік хаттар.

9. Қандай жағдайда қызметтік хаттың мәтінінде қосымша деректемесі айқындалған?

1) қосымша; 3 б, 2 д.

2) қосымша: 1. Жобаның келісу туралы анықтамасы 4 б: 1 данада.

2. Жоба туралы пікір 2 б, 1 данада.

10. Қандай жағдайда қызметтік хатта "қол қою" деректемесі дұрыс көркемделген?

1) О.О.О Мария директоры В. А Щеголькова

2) Бас бухгалтер С.М. Ақжолова

ОӨБ директоры А.В Овчинникова

3) Мектеп директоры Б.Т. Нургазина

4) ТУ-6 директоры А.С Кәрібаева

11. Қандай мақсатпен хатта орындаушының аты-жөні және телефоны көрсетіледі?

1) қауырт байланыс үшін;

2) құжатқа заңды күш беру үшін.

12. Қай қызметтік хатта мөр қойылады?

1) ілеспе;

2) сұрау салу;

3) кепіл;

4) ақпараттық;

5) барлық қызметтік құжаттарда.

13. Қызметтік хатта қарарды қалай жазуға болады?

1) Мәтін соңына;

2) Жеке параққа;

3) Мәтіннің бос жеріне.



« Қызметтік хаттар» тақырыбына арналған сұрақтар


  1. Мына сұратарға жауап беріңіз:

  1. Қызметтік хат үлгісі- формулярына қандай деректемелер болуы тиіс ?

  2. Хат авторы кім болып табылады?

  3. Алушы және оның мекен- жайы деректемесі қалай көрсетіледі?

  4. Қызметтік хаттар қай түріне « құжаттың индексі мен келіп түскен күніне сілтеме» сілтеме» деректемесі жазылады?

  5. Қосымшалардың бар екендігі туралы белгі « деректемесі хат мәтініне қай кезде және қалай ресімделеді?

  6. Мазмұны « қандай салаға байланысты болған кезде, хатқа бухгатердің қолы деректемесі рәсімделеді ?

  7. « Тақыпша» деректемесі қызметтік хаттар қандай бланк форматында көрсетілген кезде жазылады?

  8. « Орындаушы туралы белгі деректемесі қызметтік хатта қандай мақсат үшін рәсімделеді ? Ол бланк форматы (А4) қалай орналасады?

№ 6 машықтану сабағы

Сабақтың тақырыбы.« Визит карточкалары».

Мақсаты:

Визит карточкалары ұғымы, жазылу тәртібі, ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру. Тәжірибелік әдіспен визит карточкаларын құрастыруды үйрету

Түсінігі болуы тиіс:

  • Визит карточкасының пайдаланылуы туралы;

Білуі тиіс:

  • Визит карточкасының көлемі, түсі, жасалу ерекеліктерін

  • Визит карточкасын ұсыну жолдарын

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Визит карточкасы, қызмет, іскерлік қатынас, серіктестер

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Визит карточкасы туралы түсінік

  2. Визит карточкасын даярлау

1-сұрақ. Визит карточкасы туралы түсінік


Визит карточкасы - жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.
Визит карточкасы іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.
Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әр түрлі болуы мүмкін.
Визит карточкалары негізінде Times New Roman 14 -шрифтімен жазылады.
Аты-жөнін жазғанда фамилиясы үлкен әріппен теріледі.
- Мысалы: БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекүлы.
Қызметі. Тек ресми атқаратын кызметі жазылады. «Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы» деген сөздер жазылмайды.
Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар кажеттілігіне карай көрсетіледі.
Жүмыс телефоны. Алдымен хатшының телефонын көрсеткен дұрыс. Қажет деп санаған жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды көрсетуге болады. Егер мобильді жүйедегі байланыс болса, жеке кодымен көрсетіледі.
Визит карточкасы 50x90 миллиметрлік көлемдегі қатты қағазда жасалады.
Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына карай жасалады.

2 сұрақ. Визит карточкасын даярлау

«Болашақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

САЯНОВ

Алтай Есболұлы

Басшы

Тел/факс 8(72336) 568974, 87777777777

Мекен жайы: ШҚО, Риддер қ, 3 ық.ауд, 15





Бақылау сұрақатры:

1.Визит карточкасы дегеніміз не?

2. Визит карточкасында қандай мәліметтер жазылады?

3. Визит карточкасының көлемі, түсі қандай болуы керек?

№ 7 машықтану сабағы

Сабақтың тақырыбы.« Жеделхат».

Мақсаты:

Жеделхат ұғымы, жазылу тәртібі, ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру. Тәжірибелік әдіспен жеделхатты құрастыруды үйрету.

Түсінігі болуы тиіс:

  • Жеделхаттың пайдаланылуы туралы;

Білуі тиіс:

  • Жеделхат ұғымы

  • Визит карточкасын ұсыну жолдарын

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Визит карточкасы, қызмет, іскерлік қатынас, серіктестер

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Жеделхат туралы түсінік

  2. Жеделхаттың үлгісін ресімдеу

Жеделхат- телеграф ( телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат.

Хабарлау баяу орындалған жағдайда басқа жедел жеткізілім қажет болады. Жеделхаттар бір пунктте бірнеше мәтіндермен немесе бірдей мәтінмен - әр түрлі пункттерде жіберілуі мүмкін.

Жеделхаттар әр түрлі болады: фото жеделхат, жүйелік жеделхат, куәландырылған, қол қойылған жеделхат, сенім-жеделхат, арнайы бланкіде төленген жауабы бар жеделхат, және т.б.

Жеделхатты 2 (екі) бөліктен тұратын арнайы сызықпен көрсетілген бланкіде жазады:

Бірінші бөлігі сызық бойымен - телеграф арқылы беріледі;

Екнші бөлігі сызықтың астында - телеграф бойынша жіберілмейді және төленбейді.

Жеделхаттың бірінші бөлігі келесі деректемелерден тұрады:

  • санаты туралы мәлімет немесе жеделхаттың ерекше түрімен (қажет болған жағдайда);

  • мекен-жай иесі;

  • мәтіні;

  • жеделхатқа қол қойған қызметкердің фамилиясы (оның қызметі көрсетілуі мүмкін);

  • жеделхатты жіберген мекеменің аты (мекен-жай иесіне аты белгісіз болған жағдайда қысқартылған түрде көрсетіледі).

Екінші бөлігі келесі деректемелерден тұрады:

  • жеделхатты жіберуші мекеменің аты (мекен-жайы көрсетілген);

  • жеделхатты жіберген адамның қолы (қызметін көрсетеді);

  • мөр;

  • уақыты.

Мекен-жай иесіне жеделхатты міндетті жеткізу келесі санаттарға бөлінеді: үкіметтік, жедел, халықаралық, жай түрдегі. Жай түрдегі жеделхаттарға санаты көрсетілмейді.

Мекен-жай иесін жеделхатта көрсеткенде ереже бойынша алушының мекен-жайы қысқартылған түрде жазылады. Егер алдында мекен-жайы таныс болмаса, онда бірінші рет мекен-жайы толық көрсетіледі.

Жеделхаттың үлгісі

ЖЕДЕЛХАТ

ШҰҒЫЛ

АСТАНА,

ЖЕҢІС Д-ЛЫ, 14

«ПАРАСАТ» ҚОРЫНА

«ТҰЛПАР» ПОЕЗЫМЕН ЖІБЕРІЛГЕН ЗАТТАРЫҢЫЗ ҚАБЫЛДАНЫП АЛЫНДЫ.

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»

000000, Алматы, Республика алаңы 4

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы

Президент Жеке қолы ______________

М.О.

Күні

Орындаушының фамилиясы

және телефоны

Шығ. № _______ «___»_______

1. Жеделхат ұғымы қалай анықталады?

2. Жеделхаттың жіберілу тәсілдерін атаңыз.

3. Жеделхат санаттарын көрсетіңіз.

4. Жеделхат қалай жазылады?

5. Құжатта мекен-жай иесі қалай көрсетіледі?

№ 8 машықтану сабағы

Сабақтың тақырыбы.« : Телефонхат».

Мақсаты:

Телефонхат ұғымы, жазылу тәртібі, ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру. Тәжірибелік әдіспен телефонхатты құрастыруды үйрету.

Түсінігі болуы тиіс:

  • Телефонхаттың пайдаланылуы туралы;

Білуі тиіс:

  • Телефонхат ұғымы

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Телефонхат, қабылдау, жіберді, телефон арқылы, тіркеу

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Телефонхат ұғымы

  2. Телефонхат деректемелері

  3. Телефонхат құрылымы

  4. Телефонхаттың үлгісін кмпьютерде теріңіз

1-сұрақ.Телефонхат ұғымы

Шұғыл өкімдерді, мәліметтерді, хабарламаларды таратуға қолайлы. Алайда, құжаттың бұл түрінің жұмысы телефон байланысына қатысты.

Телефонхат берілгенде келесі ережелер сақталуы тиіс:

  • телефонхат мәтіні қысқа, айтылуы қиын сөздерсіз жазылуы тиіс;

  • телефонхат жазылғаннан кейін міндетті түрде тексеріліп, мекеме басшысының қолы қойылады;

  • жіберілген телефонхат бір данада жазылады;

  • қате жіберілмес үшін уақытын, күнін, ақша сапасын, талқыға түсетін сұрақтарды, нақты, анық түрде көрсету қажет;

  • телефонхат жіберілгенде оған хатты алушының қызметі, аты-жөні, фамилиясы және жіберілген уақыты жазылады;

  • егер, телефонхат бірнеше адамдарға немесе ұйымдарға жіберілсе онда оған қосымша осы ұйымдардың тізімі мен телефоны беріледі.

Телефонхат қабылданған жағдайда бірден басшыға танысуға беріледі.

Телефонхат қабылдап алушы хатшы немесе қызметкер телефонхатқа тіркеу нөмірін қояды.

Қабылданған телефонхат 2 (екі) данада тіркеледі: біріншісі басшыға беріледі де, екіншісі хатшыда сақталады; біріншісі жоғалған жағдайда қолданылады.

2-Сұрақ. Телефонхат деректемелері

ТЕЛЕФОНХАТ деректемелері:

  • жіберуші мекеме ұйымының - құжат авторының аты;

  • мекен-жай иесі (хат жіберілген адамның аты-жөні, қызметі);

  • құжаттың түрі - ТЕЛЕФОНХАТ;

  • күні, уақыты;

  • мәтін;

  • қол қою;

  • телефонхат жіберушінің фамилиясы, телефон нөмірі, жіберілген уақыты;

  • телефонхат қабылдап алушының фамилиясы, қызметі, қабылдап алған уақыты.

Телефонограммамен жұмыс істейтін қызметкер епті, мәтінді тез жазып алуға қабілетті, даусы анық, дикциясы жақсы болуы керек. Есту кабілетінің жақсы, қолы ширақ болуы да міндетті. Кеңсе қагаздарына қатысты жұмысты да, телефон байланысын да жақсы меңгерген адам болғаны жөн. Мекемеде жіберілген, келген телефонограммаларды тіркеп отыратын арнайы журнал болуы керек. "Телефонограммалар журналы" екі бөлікке бөлінеді. Бірінші бөлікте мекемеге келіп түскен Телефонограммалар жазылады, екінші бөлігі жіберілген Телефонограммалар мәтіндерін жазуға арналады. Телефонограмма кұрылымының жеделхат құрылымынан көп айырмашылығы жоқ.

3-Сұрақ .Телефонхат құрылымы

Құрылымына:

* адресаттың толық аты-жөні жазылады. Ақпарат телефон я радио арқылы бірден мекеменің өзіне келіп түсетіндіктен мекен-жайы корсетілмейді.

* негізгі мөтін (1000 белгінің шегінде болуы керек. 9-12 сөйлем).

* жіберушінің аты-жөні

* ақпаратты телефон арқылы жеткізуші адамның аты-жөні, Телефонограмма жіберілген телефонның нөмірі.

* Телефонограмма жіберіліп болған уақыт және айы, күні, жылы.

Телефонограмманы жіберуші қызметкер мәтінді "Телефонограмма журналында" жазылған мәтінмен салыстыра отырьш тексеруге, д.ұрыс жазылғандығына көз жеткізу үшін қайталап беруге міндетті.

Телефонограмманы кабылдап алған адам ақпарат кімге жіберілсе сол адамға телефонограмманың келгені туралы бірден мәлімдеуі керек. Телефонограмманы жіберуші адам қабылдап алған адамның аты-жөнін журналға жазып коюы керек.

Қызметтік телефонды пайдаланудың кейбір қарапайым ережелері:

* өте қажет жағдайда болмаса қызметтік телефонды бөгде оңгіме үшін қолданудың қажеті жоқ.

* қызмет бабында телефонмен сөйлескен кезде төңіректегі басқа адамдар тыныштық сақтау керек.

* маңызды қызметтік мәліметтерді телефон арқылы жеткізу барысында бөгде адамның болуы, жіберуші адамға да, бүл хабардын еріксіз куәгері болып түрған бөгде тындаушыға да ыңғайсыздық туғызады.

* әдеттегі қызметтік сұхбатты жүргізу 2-3 минуттан артык уақытқа созылмауы керек. Жер алыстығы мен уақыт тығыздығы болмаса көлемді, күрделі мөселелерді жеке кездесу кезінде шешкен абзал.

* Телефон аркылы сөйлесіп отырған адамыңызды жақсы ести алмаған жағдайда, оған қайта телефон соғатыныңызды ескертіңіз де, қайтадан байланысыңыз. Телефон байланысы үзіліп кеткен жағдайда ең бірінші хабарласқан адам қайталап телефон соғуы қерек. Телефон арқылы жүргізілген сұхбатты да бірінші аяқтаушы телефон соққан адам болуы керек.

* Телефон арқылы құпия ақпарат алудан бас тартыңыз.

4.Телефонхаттың ұлгісін компьютерде теріңіз

Телефонхат



  1. №18

Техникалық колледж директоры С.И.Ахметовке

14 шілдеде 15 сағатта қалалық әкімдіктің үй-жайында жылу беру маусымына дайындық жөнінде кеңес өтеді.

Сізден өкіліңіздің келуін қамтамасыз етуіңізді сұраймын.

Қол қойған: қала әкімінің орынбасары С.М.Юрычев

Жіберген: хатшы Бәйменова , 4-18-58

Қабылдады: хатшы Кәрімова, 11 сағат 00 минут

1. Телефонхат дегеніміз не?

2. Жіберілген телефонхаттың сипаты қандай болады?

3. Телефонхат бірнеше қабылдаушы бойынша қалай беріледі?

4. Телефонхатты тіркеу ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

5. Телефонхат деректемелеріне нелер жатады?

№ 9 машықтану сабағы

Сабақтың тақырыбы.«Факс арқылы жіберілетін құжаттар».

Мақсаты:

Факс, факсимильдік байланыс ұғымы, факс арқылы құжаттарды жіберу тәртібі, ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру. Тәжірибелік әдіспен факс арқылы жіберілетін құжатты құрастыруды үйрету.

Түсінігі болуы тиіс:

  • Факсимильдік байланыс туралы;

Білуі тиіс:

  • факс ұғымын

  • факс арқылы құжатты жіберу үрдісін

Істей білуі тиіс:

  • факс арқылы жіберілетін құжатты ресімдеуді, көркемдеуді, жіберуді, қабылдауды

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Факс, модем, байланыс, құжатты жіберу, қабылдау, тіркеу

Тақырыпты меңгеру жоспары:

  1. Факс ұғымы

  2. Факс арқылы жіберілетін құжаттың құрылымы

1 сұрақ . Факс ұғымы

Факс арқылы жіберілетін құжаттар.
Факсимильдік (фототелеграфтық) байланыс, көбінесе қысқаша "факс" деп аталады, қазір кең қолданылады. Факстің ен қүнды жері ол аппарат арқылы тек қана мәтінді құжаттарды ғана емес, кестелі, кесінді қүжаттарды да тез арада екінші адамға немесе екінші мекемеге жеткізуге болады. Факс арқылы мәтіннің, кестенің, кескіннің, қол қойылған кез-келген құжаттың дәл сол күйінде қайталанған нүсқасы екінші мекемеге жеткізіледі. Сондықтан да дәл қазір факсті алмастыруға келетін байланыс түрі жоқ.
Қазіргі таңда еліміздің көптеген мемлекеттік, жеке кәсігюрындары мен мекемелерінің офистері жаңа заманның қабылдау-хабарлау аппараты факспен жабдықталған. Факстің жеткізу жылдамдығы өте жоғары, себебі факс арқылы жіберілген кез-келген құжат санаулы сағаттардан кейін-ақ адресат қолына тиеді.
Фотография, сызба, кесте т.б. сияқты үлкен көлемді құжаттар алдын ала факс аппаратының мүмкіншілігіне сәйкес келетіндей етіліп кішірейтілуі керек.

2-Сұрақ . Факс арқылы жіберілетін құжаттың құрылымы

Факс арқылы жіберілетін іс қағаздардың құрылымы:
* Жіберушінің толық мекен-жайы ұсақ шрифтермен бланкінің сол жақтағы бұрышына жоғарылау жазылады.
* Бланкіңің ортасына "факс арқылы" деп үлкен шрифтілермен жазылады.
* Алушының аты-жөні сол жаққа, барыс септігінде жазылады. Мысалы, кімге: Муратбеков Асқар Қурамысулына, 0
Жіберушінің аты-жөні оң жаққа шығыс септік тұлғасында жазылады. Мысалы, кімнен: Досжанов Едіге Әлиасқарүлынан.
* Одан төмен, сол жаққа факс нөмірі жазылады. Мысалы, факс: 13-01.
* Оң жақ шетке, қүжат көлемінің неше беттен түратыны жазылады. Мысалы, Көлемі: 7 (жеті) бет.
* Факс нөмірінің төменгі жағына мәлімет немесе ақпарат жіберілген аппарат нөмірі жазылады. Мысалы, 8-3292-43-50-66
* Оң жаққа, қүжат көлемі жөніндегі мәліметтің төменгі жағына дата, қажет жағдайда жіберілген сағаты көрсетіледі.
* Сол жақ шетке, аппарат нөмірінен төмен, факс арқылы жіберілетін хабардың тақырыбы жазылады, Мысалы, 1 жарты жылдық есеп,
* Он жаққа, қажет болған жагдайда датадан төмен қүжаттың көшірмесін алушы адамның аты-жөні жазылады. Мысалы, Көшірмесі: Аяпова Назира Жакенқызына.


  1. Тапсырма: факс арқылы жіберілетін құжатты құрылымына сай компьютерде теріңіз

1. Факс ұғымын ажыратыңыз.

2. Факстың ерекшелігі неде?

3. Егер, қабылданған факс құнды ақпарат болса қандай әрект жасаймыз?

4. Факс қағазының өлшемі қандай?

5. Алынған ақпаратты нотариалдық куәландыруға бола ма?




№ 10 машықтану сабағы

Сабақтың тақырыбы.«Бұрыштама. Түйіндеме».

Мақсаты:

Бұрыштама, түйіндеме ұғымы, жазылу тіртібі, ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру. Тәжірибелік әдіспен түйіндемені құрастыруды , бұрыштаманы жазуды үйрету.

Түсінігі болуы тиіс:

  • Факсимильдік байланыс туралы;

Білуі тиіс:

  • Бұрыштама, түйіндеме ұғымын, түрлерін

  • Бұрыштаманың жазылу тіртібін

  • Түйіндемеде жазылатын негізгі ақпараттарды

Істей білуі тиіс:

  • түйіндемені екі тілде компьютерде ресімдеуді

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Виза, резолюция, танысу, түйін, жалпы ақпарат, жұмыс өтілі, функционалдық,

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Бұрыштама ұғымы, жазылу тіртібі

  2. Түйіндеме ұғымы, бөлімдері

  3. Түйіндемені компьютерде ресімдеу

1-сұрақ. Бұрыштама ұғымы, жазылу тәртібі

Бұрыштама- келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының қысқаша нұсқауы.

Бұрыштама жазу - түскен құжат мазмұнымен сіздің танысқандығыңыздың ғана емес, сонымен қатар ол бойынша шешім қабылдағаныңыздың, нұсқау бергендігіңіздің белгісі.Сіздің күнделікті танысып, нұсқау беретін құжаттардың сан түрлігіне қарай, жазылатын резолюция түрі де соншалықты көп болуы мүмкін. Ең бастысы резолюция қысқа жазылуы керек.Онда нұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек. Не істеу керектігі нақты көрсетілуі тиіс.Бұрыштамада мағынасы екі-үшті сөздер жазылмайды.

Кейбір резолюция үлгісі:

«Таныстым ( күні, қолы, фамилиясы)», «Келісемін ( күні, қолы, фамилиясы)», ««Қарсы емеспін», Мәселе қаралады», «Бекітемін», «Бекітілсін», «Қабылданбайды».

Виза құжаттың бірінші бетінің жоғары жағына жазылады.

Брошюра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады.

Қаламмен, мүмкіндігінше анық, үлкендеу етіп, қысқартуларсыз жазу керек.Нұсқауды орындау тапсырылатын адамның фамилиясы, аты-жөнінің басқы әріптері, орындау мерзімі анық жазылады, ай мерзімі екі санмен көрсетіледі. Мысалы, наурыз-03 («3» емес), қаңтар-01(«1» емес). Виза да ресми стильде жазылады.Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізгі мәні айтылады

БҰРЫШТАМАҒА ҚАТЫСТЫ

Сөздер мен сөз тіркестері

Аталымдар

Термины

1

Бұрыштаманың түрлері

Виды виз

2

Қаралсын

Рассмотреть

3

Талқылансын

Обсудить

4

Бекітілсін

Утвердить

5

Тапсырылсын

Поручить

6

Ұсыныстар әзірленсін

Подготовить предложения

7

8

Коммисия құрылсын

Баяндалсын, баяндау

Создать коммисию

доложить

9

Жұмысқа алынсын

Принять на работу

10

Іске қосылсын

Внедрить

11

Жарамсыз деп танылсын

Признать непригодным

12

Бұл мәселеге байланысты жауапты адам тағайындалсын жауапкершілік..қа/ке/ға/ге жүктелсін

Назначить ответственного человека в связи с данной проблемой отвественность возложить на...

13

Бұрыштамаға қоюға жіберілсін

Отправить на завизирование

14

Нақты ұсыныстар енгізілсін

Внесите конкреные предложения

15

Шара қолданылсын

Принять меры

16

Бақылауға алынсын

Взять на контроль

17

Жол берілмесін

Не допустить

18

Талқылау,талқылансын

Обсудить

19

Шара қолданыңыз

Примите меры

20

Тапсырма алаңыз

Получите задание

21

Бұрыштама жазу

Завизировать

22

Баяндалсын,баяндау

Доложить

23

Қарсымын

Возражаю

24

Қарсы емеспін

Не возражаю

25

Келісемін

Согласен

26

Келіспеймін

Не согласен

27

Міндетті түрде орындау

Выполнить в обязательном порядке

28

Рұқсат етілсін

Разрешаю

2-сұрақ.Түйіндеме ұғымы, бөлімдері

Түйіндеме (Резюме) француз тілінен алынған термин. "Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні" деген мағына береді.
Түйіндеме - белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.
Түйіндеменің ерекшелігі - үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Түін үшін қажетті мәліметтер:

  1. Азаматтық хал-жағдайы: ата-жөні, туған жылы, айы, күні, туған жері, азаматтығы, ұлты, отбасы жағдайы, мекен-жайы, телефон нөмірі.

  2. Білімі. Жоғары немесе орта арнаулы оқу орнының аталуы, дипломда көрсетілген деректер.

  3. Кәсіби тәжірибесі және кәсіби біліктілігі.Мамандығы, негізгі мамандығы бойынша жұмыс істеген органдары, еңбектегі табыстары, ғылыми атағы мен ғылыми дәрежесі.

  4. Қосымша мәліметтер: тілдерді білу,спортқа қатысы, компьютерде және Интернет бағдарламаларында жұмыс істей білуі, қызығушылығы.

Жиналған мәліметтерді резюмеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық..
Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жүмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай Хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жүмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен косіптік жолыңьтзды көрсеткеніңіз дүрыс. Ал оқу орньш жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы түрган адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда үстайды.
Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жүмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мүнда жүмыс стажы кері Хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жүмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды".
Соңғы жүмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынган кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады.





  1. Сұрақ. Түйіндеменің үлгісімен танысыңыз, үлгі бойынша өзіңіздің түйіндемеңізді басыңыз

Түйіндеме

Аты-жөні: Меңдібаева Алма Серікқызы

Жалпы ақпарат: Туған жылы: 26 қаңтар 1983 жыл

Ұлты: қазақ

Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған

Білімі: 2001-2005 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы,

үздік диплом

Жұмыс тәжірибесі: 2005-2007 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті практикалық қазақ тілі кафедрасының оқытушысы

Жетістіктері: 2001 жылғы мемлекеттік грант иегері,

2005 жылдың мамыр айында өткен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» орталығының қолдауымен өткен «Дарынды балаға-дарынды ұстаз» атты Республикалық студенттер байқауының бас жүлдегері.

Мақсаты: Адамгершілік мәдениетті жоғары ұстау, ұрпақ тәрбиесіне, біліміне үлкен жауаптылықпен қарау, ұстаздық міндетін адал атқару.

Тілді білуі: қазақ тілі-ана тілі, орыс тілі - еркін, ағылшын тілі - сөздік арқылы.

Компьютерді игеруі: WORD, EXCEL

Қызығушылығы: өлең шығару, ән айту, компьютерде жұмыс істеу

Мекен-жайы: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 21 үй, 9 пәтер

Байланыс телефондары: үй тел.:59-16-37

Ұялы тел.:8-701-162-11-35

Бақылау сұрақтары:


  1. Түйіндеме дегеніміз не?

  2. Түйін қандай мақсатта жазылады?

  3. Түйіннің көлемі қандай болады?

  4. Түйіннің жазылу үлгісі қандай?

  5. Түйіндемені жазу тәсілдерін атаңыз?

  6. Түйін қайда тапсырылады?



Тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз


1.Түйіндеме-...құжат.

А)өкілеттік

Ә)ұйымдық

Б)анықтамалық-ақпараттық

В)дұрыс жауап жоқ

2.Түйіндемеге...қолы қойылады.

А)әке-шешесінің

Ә)мекеме басшысының

Б)хатшының

В)түйіндеме иесінің

3.Түйіндемедегі мәлімет нешінші жақтта баяндалады?

А)бірінші жақта

Ә)екінші жақта

Б)үшінші жақта

В) дұрыс жауап жоқ

4.Түйіндеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік

А)қосымша мәлімет

Ә)қосып айту

Б)қосып жіберу

В)қосымша күн

5.Түйіндеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік

А)білімім мен істеген жұмыстарым

Ә)оқуым мен жұмыстым туралы мәлімет

Б)оқуым мен қызметім туралы мәлімет

В)білімім мен қызметім туралы мәлімет

6.Интернетте.....істей аламын.

А)қызмет

Ә)жұмыс

Б)іс

В)шаруа

7.Геология мамандығы....бітірдім.

А)жүзінде

Ә)үшін

Б)бойынша

В)ішінде

8.Халықаралық қатынастар факультет... бітірдім.

А)-ін

Ә)-ын

Б)-ті

В)-ты

9.Дұрыс аударылған тіркес

А)бас сектор-начальник сектора

Ә)аға сектор-начальник сектора

Б)жетекші сектор-начальник сектора

В)сектор бастығы-начальник сектора

10.Кепілдемелер бар,...көрсетіледі.

А)қажет болған жағдайда

Ә)қажет кезінде

Б)керек кезінде

В)керек болса

11.Дұрыс аударылған тіркес

А)ұйым мәлімет-организаторские способности

Ә)ұйымдастырушылық қабілет-организаторские способности

Б)басшылық қабілет-организаторские способности

В)жеке қабілет-организаторские способности

12.»Қайда?» деген сұраққа жауап беретін тілдік бірлік

А)1980 жылы

Ә)тереңөзек ауданында

Б)жоғары білімді

В)қосымша мәлімет

13.Орынбасар, жәрдемші мағынасын беретін сөз.

А)сектор

Ә)резюме

Б)басшы

В)вице

14.Ғылыми дәреже

А)бөлім меңгерушісі

Ә)экономикалық байланыс саласының маманы

Б)медицина ғылымдарының кандидаты

В)ҚР білім және ғылым министрлігі

15.1992-1994 жылдар аралығында...

А)үйленгенмін

Ә)дүниеге келдім

Б)мекенжайым

В)әскер қатарында болдым

16....бітірдім.

А)жетік білемін

Ә)аяқталмаған жоғары

Б)туралы жазамын

В)атқардым

№ 11 машықтану сабағы

Сабақтың тақырыбы.«Мінездеме».

Мақсаты:

Мінездеме ұғымы, жазылу тіртібі, ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру. Тәжірибелік әдіспен мінездеме құрастыруды үйрету.

Түсінігі болуы тиіс:

  • Мінездемені жазылу себептері туралы;

Білуі тиіс:

  • Мінездеме ұғымын, түрлерін

  • Мінездеменің бөлімдерін

  • Мінездеменің жазылу стилін

Істей білуі тиіс:

  • Мінездемені компьютерде ресімдеуді

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Мінез, қызмет, жұмыс атқару, аттестация, мәлімет

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Мінездеме ұғымы, жазылу тіртібі

  2. Үлгі бойынша мінездеме жазу

1-сұрақ. Мінездеме ұғымы, жазылу тәртібі

Мінездеме- қызметкердің қызметтік, қоғамдық әрекеттерін ресми түрде бағалау, іскерлік қабілетті мен моральдық сапасын ерекшелеп көрсету болып табылады.

Мінездеме нақты, объективті, дәл және толық болуы керек.Мінездеме басқа мекеме сұраған жағдайда, оқуға, аспирантураға түсу кезінде, сондай-ақ қызметкерлердің, маманның кәсіби біліктілігін көтеру мақсатында беріледі.

Мінездеме А4 қалыпты жалпы бланкіге толтырады.Оның деректемелері: атауы (мінездеме); мінездеме беріліп отырған адамның қызметін көрсету; құжатты беруші ұжымның атауы, қызметкердің толық, аты-жөні,мәтіні; қолы және мөрі.

Мінездеме мәтініндегі логикалық байланыстағы бөлімдерді атап көрсетелік.

Бірінші бөлім- сауалнамалық

мәліметтер (аты-жөні, туған жылы, білімі т.б.). Кейбір мінездемелерде бұл мәліметтер құжат атауынан бір интервал төменге басылады.

Екінші бөлімде- еңбек қызметті туралы мәліметтер (мамандануы, жұмыс істеу мерзімі, қызметі бойынша өсуі, т.б) және басқа еңбегіне берілген баға жазылады.

Үшінші бөлімінде- қоғамдық белсенділігі, тұрмыстағы тәртібі, әріптестерімен қарым-қатынасына баға баріледі.

Қорытынды бөлімде тұжырымдама және мінездеменің берілу мақсаты жазылады.

Мінездеме А4 форматты параққа жазылады. Көлемі 1 беттен аспауы керек. Мінездеме мәтіні жазу машинкасында басылады я компьютерде теріліп, кейін принтерден шығарылады. Тақырыпты, өмірбаяндык мәліметтерді, қортынды мен негізгі түйінді үлкендеу шрифтімен беруге болады.
Кейде мінездеме жоғары жағында мекеменің аты, логотипі, фирмалық белгісі көрсетілген арнайы бланкілерде де жазылады. Әр данасы есепте түратын арнайы бланкілерге жазылған мінездемелер мінездеме беруші адамның және үйым жетекшісінің қолымен расталады.
Барлық мінездемелерге мекеме мөрі басылады.
Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады. Мәтін баяндауышы ашық райлы етістіктен жасалады (беріледі, орындады, көріне білді, көрсетті).
Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
Мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:
1) тақырыбы;
2) мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
3) негізгі мәтін;
4) қорытынды;
5) мінездемені талап етуші үйымның аты;
6) мінездеме берілген күн, ай, жыл;
7) мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
8) қосымша (егер болса).
Мінездеменің тақырыбы парақтың жоғарғы жағын ала, орта тұсына қарай үлкен әріптермен жазылады.

Аттестациялық мінездеме

Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәліметке мыналар кіреді:
фамилия, аты-жөні, туған жылы, білімі, мекемедегі жұмыс стажы (-жылдан бастап қызмет етеді), қазіргі атқаратын қызметі. Басқа да кейбір мәліметтер қосымшы берілуі мүмкін (мысалы, диплом бойынша мамандығы немесе білім түрі т.б.)-

Негізгі мәтінде атқарып жүрген қызметін, өз мамандығын қаншалықты меңгеретіндігі, кәсіптік білім деңгейі, біліктілігі, қызмет бабында жеткен жетістігі мен кемшілігі жазылады. Қысқаша әлеуметтік-психологиялық портреті беріледі. Әріптестерімен карым-қатынас жағдайы, отбасы жағдайы, ұжымдағы орны, абыройы, сын көтеру қабілеті жазылады. Кей жағдайда (оқуға немесе іссапарға жіберу) денсаулық жағдайы да айтылады.

Мәтін көбіне жай сөйлемдермен, қалыптасқан сөз орамдары мен сөз тіркестерін, стандарт терминдерді қолдана отырьгп, басы артық қысқартуларсыз жазылады.
Қорытынды негізгі мәтіннің түйінделген, жиынтықталған бөлігі болып табылады. Мүнда мінездеме беріліп отырған адамның перспективалық қызметіне байланысты бір-екі накты ұсыныс енгізіледі. Негізгі мәтіннен кейін (қорытынды) сөзін азат жолдан, бас әріптермен жазып, негізгі түйінді немесе үсынысты атап көрсетуге болады. Мысалы,

ҚОРЫТЫНДЫ: /. Атқарып журген қызметіне лайық. 2. Кәсіптік дайындық децгейін, басшылық қызметтегі тәжірибесін. ескере отырып Н.С.Нуртазаевты копкурстық Ііегізде статистика бөлімінің бастыгыны қызметіне ұусынуеа болады.

Мінездемені талап етуші ұйымның аты толық, ресми түрде аталуына сәйкес жазылады. Кейде мінездеме не мақсатпен берілгені атап айтылады. Бұл қорытындыдан кейін 1 интервал жіберіліп барып жазылады. Мысалы, "Абай атындагы Алматы мемлкеттік университетініқ қабылдау комиссиясына тапсыру үшін берілді".

Мінездеме жазылған дата ұйым атынан кейін 1 интервал жіберіліп барып парақтың сол жақ бөліміне жазылады. Ай аты жазбаша беріледі. Мысалы, 26 мамыр 1999 жыл.

Мінездеме беруші туралы мәліметке мінездеме берушінің ресми қызмет аты, қолы, фамилиясы, аты-жөні кіреді.
Қосымша ретінде қажет деп табылған жағдайда
1) белгілі үлгідегі бірнеше фотосурет;
2) білімі туралы құжат көшірмесі;
3) бүрьшгы мінездемелер көшірмесі я одан алынған үзінді;
4) анықтамалар жіберіледі.

Егер мінездемеде қосымша болатын болса ол жайында парақтың соңында жазылады. Ал қосымша бірнешеу болатын болса жолдама хат дайындалып, сонда көрсетіледі.

Мінездеменің жалпы қүрылымы осындай. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парактың соңына "мінездемемен таныстым" деп жазып қол қояды. Фамилиясын, танысыскан күнін де жазады.

Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекемеге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің жеке ісіне я мінездемелер тіркелетін іске тігіледі. Мінездеме де жалпы тәртіп бойынша жіберіледі.

2-сұрақ. Үлгі бойынша мінездеме жазу

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды

Мемлекеттік Университетінің,

экономика факультетінің студенті

Кайрашева Зарина Кенжеболатқызына

МІНЕЗДЕМЕ

18.11.02

Кайрашева Зарина Кенжеболатқызы 1978 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ. 2000 жылы Атбасар қаласындағы қазақ орта мектебін аяқтап, Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетіндегі «Маркетинг» мамандығына оқуға түсті. Қазіргі күні 4 курс студенті.

Зарина оқу барысында жауапты, талапшыл, байланысқа жақсы түсе алатын студент ретінде көрсетті. Оның ұйымдастырушылық қасиеті бар, алға қойған мақсаттарына шығармашылықпен қарайды, оқытушылар мен студенттер арасында құрметке ие.

Университет өмірінде Зарина әр түрлі қоғамдық жұмыстарға қатыса отырып, би билеп, домбырада ойнайды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін біледі. Қосымша түрік және неміс тілдерімен айналысады.

Мінездеме талап етілген жеріне ұсынылған.

Декан қолы Б.А. Аманова

Куратор қолы М.Н.Назаров


  1. Мінездеме қандай құжат?

  2. Мінездемені кім береді?

  3. Мінездемені кімге жазады?

  4. Мінездеме не жазылады?

  5. Мінездеменің белгіленген көлемі бар ма?

Тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіздер

1.Мінездеме - ... құжат

а) өкілеттік

ә)ұйымдық

б)анықтамалық - ақпарат

в)дұрыс жауап жоқ

2. Мінездемеге ... қолы қойылады

а)мінездеме иесінің

ә)мекеме басшысының

б)хатшының

в)дұрыс жауап жоқ

3.мінездеме ... жасалады

а)ауызекі сөйлеу әдісінде

ә)ғылыми стилде

б)ресми іс қағаздар стилінде

в)көркем әдеби стилде

4. мінездеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік

а)жұмыстағылар жақсы көреді

ә)оны бәрі сыйлайды

б)әріптестері арасында сыйлы

в)ылғи сыйлап жүреді

5. мінездеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік

а)жұмысы дұрыс

ә)жұмысты жақсы ітеп жүр

б)ары қарай істей берсін

в)атқарып отырған қызметіне лайық

6.мінездеме мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік

а)сол кезде

ә)қызмет істеген жылдары

б)бізде істеген жылдары

в)сол жылдары

7.Орталық бас маманы қызметі... ұсыну үшін берілді

а)-ға

ә)-ге

б)-не

в)-на

8.Бірнеше ғылыми еңбек... авторы

а)-дың

ә)-тердің

б)-тің

в)-тың

9.Тапсырылған іске жауапкершілік... қарайды

а)-мен

ә)-пен

б)-та

в) -те

10.Дұрыс аударылған тіркес

а)тәжірибелі маман- опытный специалист

ә)бағалы маман- опытный специалист

б)жоғары білімді- опытный специалист

в)білімді маман- опытный специалист

11. Дұрыс аударылған тіркес

а)еңбек етті- трудовая деятельност

ә)еңбек жолы- трудовая деятельност

б)еңбекке қабілеті- трудовая деятельност

в)еңбек үшін- трудовая деятельност

12. Дұрыс аударылған тіркес

а)әріптестерімен бірге-среди коллег

ә)әріптестері үшін-среди коллег

б)әріптестерінде-среди коллег

в)әріптестері арасында-среди коллег

13.Мінездемедегі мәлімет нешінші жақта баяндалады

а)бірінші

ә)екінші

б)үшінші

в)дұрыс жауап жоқ

14.мінездемеде баяндауыш етістіктің ... формасында тұрады

а)бұйрық рай

ә)қалау рай

б)шартты рай

в)ашық рай

15.Сөйлем ішінде бас әріппен жасаклатын сөйлемдер

а)сын есім

ә)жалқы есім

б)жалпы есім

в)зат есім

16.Мінездеме мәтінінде бас әріппен жазылатын сөздер

а)мінездеменің соңы

ә)мінездеме иесінің жақсы қасиеттері

б)мінездеме иесінің жағымсыз қасиеттері

в)мінездеме иесінің аты жөні

17.Синонимдік қатардағы сөздер

а)білікті, тәжірибелі, білгір

ә)білікті, іскер, кеше

б)білікті, тәжірибелі, ашық

в)білікті, білгір, тұрмыста

18.Қадірлілік, сый-құрметке иелік, абыройлылық.

а)білімділік

ә)беделділік

б)сәттілік

в)іскерлік

19.Белгілі бір ғылым академиясының толық мүшесі.

а)ғалым

ә)оқытушы

б)академик

в)директор

20.Мекеменің, ұйымның, өндіріс орнының құрамына кіретін жеке сала.

а)үй

ә)мінез

б)сынып

в)бөлім




№ 12 машықтану сабағы

Сабақтың тақырыбы.«Арыз (өтініш).Еңбек келісімі».

Мақсаты:

Арыз (өтініш), еңбек келісімі ұғымы, жазылу тәртібі, ерекшеліктері туралы білімдерін қалыптастыру. Тәжірибелік әдіспен арыз құрастыруды ,еңбек келісімін толтыруды үйрету.

Түсінігі болуы тиіс:

  • Еңбек келісімінің жасалу тәртібі туралы;

  • Арыздардың тіркелуі, есепке алынуы туралы

Білуі тиіс:

  • Арыз, еңбек келісімі ұғымын, түрлерін

  • Арыздың түрлерін

  • Арыз бен еңбек келісімі деректемелері құрамын

Істей білуі тиіс:

  • Әртүрлі мазмұндағы арыз жаза білуді

  • Еңбек келісімін толтыруды

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Келісім, екі жақ, өтінемін, еңбек демалысы, жұмысқа қабылдау, шығару, тараптар, қол қою

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Өтініш ұғымы, жазылу негіздері

  2. Арыз (кейде шағым) туралы түсінік.

  3. Еңбек келісімі туралы түсінік

1-сұрақ. Өтініш ұғымы, жазылу негіздері

Өтініш-жеке тұлғалардың басшыларға, мемлекеттік органдарға қандай да бір өтінішінен тұрады.Іс қағаздарын жүргізудің негізгі ережелерін сақтай отырып, еркін түрде жазылады.

Мекеме, кәсіпорын тағы басқа ұйымдар басшысының атына жазылатын, ресми түрде баяндалған, өтіну, өтініш білдіру, сұрау туралы ресми құжат.

Өтініш жазылатын негізгі жағдайлар:

  1. Жұмысқа қабылдау туралы өтініш

  2. Жұмыстан босату туралы өтініш

  3. Басқа жұмысқа ауыстыру туралы өтініш

  4. Кезекті демалыс сұрау туралы өтініш

  5. Кезектен тыс демалыс сұрау туралы өтініш

  6. Ақысыз демалыс алу туралы өтініш

  7. Материалдық көмек сұрау туралы өтініш

  8. Пәтер бөлуін сұрау туралы өтініш

  9. Баласын мектепке (балабақшаға) қабылдауын сұрау туралы өтініш

  10. Біліктілік жетілдіру туралы өтініш

  11. Құжаттарды тексеру туралы өтініш

  12. Тест тапсыруға жіберу туралы өтініш

  13. Еңбек келісімінің мерзімін ұзарту туралы өтініш

2-сұрақ. Арыз ( кейде шағым) туралы түсінік.


Арыз - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, отінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.
Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен үжымның мүддесш көздейтін үжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана моселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуғе қүқы бар адам атына жазылады.
Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым турінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыздың алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазганы, қүжат аты, мазмүны, қолы, датасы.
Арыз сиялы я шарикті қаламмен, таза түзетулерсіз жазылуы керек. Жазу машинкасын немесе оргтехниканы қолдануға болады. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады.
Арыз қүрылымы:
1) құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны);
2) құжат аты;
3) негізгі мәтін;
4) қосымша болса оған сілтеме;
5) жазылу мерзімі;
6) қолы;
7) арыз мазмүнымен келісушілер қолы,

3-Сұрақ. ЕҢБЕК КЕЛІСІМІ туралы түсінік


(Еңбек шарты. Контракт)
Белгілі бір жас пен білім дорежесіне жеткеннен кейін, жүмысқа түрғандардың орқайсысының енбек жолы осы қүжаттан басаталады.
Еңбек шарты заңмен рәсімделген екі жақтың (әдетте "жұмыс беруші" және "жұмысшы" деп аталады), нақты бір міндеттерді өзіне ерікті түрде алу туралы жазбаша келісімі болып табылады.
Аталған мідеттемелерді нақты анықталған шарттар негізінде уақыттың белгілі бір мерзімі аралығында орындайтындықтары баяндалады. Басқа кез келген қүжат еңбек келісімінің де өзіндік қүрылымы мен мазмүны, росімдеу ережелері бар.
Еңбек келісімі жүмысқа орналасқан кезде немесе алдыңғы жасалған келісімнің кейбір шарттары (міндеттер мазмүны, еңбекақы мөлшері, жүмыс жағдайы т.б.) өзгерген жағдайда жасалады. Келісім жасауға үйым әкімшілігінде белгіленге тәртіп бойынша қаралған жүмысшы арызы негіз болады.
Еңбек келісімі мыналардан түрады:
1) құжат аты;
2) келісімнің жасалған орны мен күні;
3) екі жақтың толық жоне шартты атауы;
4) жүмыстың сипаты мен мазмұны, оны орындауға қажетті квалификация дәрежесі;
5) келісім типі (негізгі жүмыс олде қосымша істелетін жүмыс);
6) келісім түрі (шектеулі мерзімге ме әлде үзақ уақытқа ма);
7) келісімнің уақыты, мерзімі (шектеулі мерзімге жасалған келісім үшін);
8) сынау мерзімі;
9) жұмысшының міндеттері;
10) еңбек жағдайы, еңбекақьт төлеу сияқты әкімшіліктің негізгі міндеттерін көрсете отырып жазылған жүмыс беруші міндеттері; 11)жүмысшының еңбек қүқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлүмат;
12) еңбек пен демалыс тәртібінің ерекшеліктері туралы мәлімет;
13)ақшалай берілетін сыйлық көлемі мен оны төлеу тәртібі туралы мәлімет;
14)демалыс алу тортібі мен оның мерзімі туралы мәлімет;
15)келісім бойынша жасалатын басқа да жағдайлар мен шарттар;
16)келісім бойынша атап өтілетін ерекше жағдайлар (қай кезде келісім бүзылуы немесе қайт ақаралуы мүмкін);
17)келісім тоқтатылатын жағдай атап көрсетіледі;
18)екі жақтың мекен-жай мен реквизиттері;
19)екі жақтың қойылатын қолы (сиғнатура);
20)шартқа қол қойылған күн;
21)келісім қосымшасы (егер бар болса).
Еңбек келісімін безендірудің қызметтік қүжаттарды безендірудің жалпы талаптарынан көп айырмашылығы жоқ. Келісім мәтіні А4 форматты қағазда таза, түзетулерсіз басылады. Цифрлар қажет жағдайда жазбаша жазылады.



  1. Өтініштің үлгісін мұқият қарап естеріңізге сақтаңыздар, деректемелерін атаңыздар

Қазақстан Республикасы

Табиғи монополияларды реттеу

агенттігінің төрағасы

Б.А.Сағынтаевқа

құқықтық талдау бөлімінің

бас маманы Р.Нұрғалиевтен

ӨТІНІШ

Маған 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап, 30 күнге кезекті еңбек демалысымды беруіңізді сұраймын.

25.06.11ж

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»



ТАПСЫРМА: Жұмысқа қабылдау, материалдық көмек сұрау туралы өтініш жазыңыз.

Тақырып бойынша тест сұрақтарына жауап беріңіз

1.Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік

а)қабылданды

ә)қабылдауыңызды сұраймын

б)қабылдау керек

в)дұрыс жауап жоқ

2.Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт тілдік бірлік

а)рұқсат етілді

ә)рұқсат етілсін

б)рұқсат етуіңізді сұраймын

3. Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт бірлік

а)босат

ә)босатылсын

б)босатуыңызды сұраймын

в)дұрыс жауап жоқ

4. Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт бірлік

а)орын бөлінсін

ә)орын бөлуіңізді сұраймын

б)орын бөлу туралы

в)дұрыс жауап жоқ

5. Өтініш мәтінінде қолданылатын стандарт бірлік

а)демалыс беруіңізді сұраймын

ә)демалыс берілді

б)демалыс берілсін

в)дұрыс жауап жоқ

6.Жұмыс... қабылдауыңызды сұраймын

а)-та

ә)-те

б)-қа

в)-ке

7.Жұмыс босатуыңызды сұраймын

а)-дан

ә)-ден

б)-тан

в)-тен

8.Басқа жұмыс... ауыстыруыңызды сұраймын

а)-та

ә)-те

б)-қа

в)-ке

9.Кезектен тыс демалыс беруіңіз... сұрай...

а)-ді,- сін

ә)-ге, -мін

б)-не, -пын

в)-ді, -мын

10. Барыс жалғаулы сөз

а) факультет деканына

ә) факультет деканының

б) факультет деканы

в) факультет деканынан


№ 13 машықтану сабағы

Сабақтың тақырыбы.«Бұйрық».

Мақсаты:

Бұйрық ұғымы, жазылу тәртібі, ерекшеліктері , түрлері туралы білімдерін қалыптастыру. Тәжірибелік әдіспен жеке құрам бойынша бұйрықты құрастыруды, компьютреде ресімдеуді үйрету.

Түсінігі болуы тиіс:

  • Бұйрықтың маңыздылығы туралы;

  • Бұйрықтың қандай құжаттар тобына жататыны туралы

Білуі тиіс:

  • Бұйрық ұғымын, түрлерін

  • Бұйрықтың деректемелерін

  • Бұйрық мәтінінің жазылуын

Істей білуі тиіс:

  • Бұйрықты талаптарға сай компьютерде басуды

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Бұйырамын, қабылдансын, босатылсын, ауыстырылсын,

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Бұйрық ұғымы, жазылу негіздері

  2. Бұйрықтың түрлері

  3. Бұйрықты ресімдеу

1-сұрақ. Бұйрық ұғымы, жазылу негіздері

Бұйрық кәсіпорынның басқару құжаттарының ішіндегі ең маңызды әрі көп тараған түрі болып табылады.Сондықтан басқару құжаттарын үлгі негізінде жасаймыз. Бұйрық - қандай да бір міндетті (өндірістік немесе кәсіпорын қызметкерлеріне байланысты) шешу үшін кәсіпорын директоры шығаратын нормативтік құжат.

Бұйрықпен: мекеменің қызмет тәртібі (реті); жұмысты ұйымдастыруда шешім мен жүктеме; ұйымдық мекемелер; жұмыстар саны, есебі; тексерудің қорытындылары және т.б. беріледі.

Бұйрықты тек керекті жағдайда ғана шығарады. Бұйрыққа өзгертуді, қосымша сөз қосуды, жоюды тек жаңа бұйрық беру негізінде іске асырады.

Бұйрық жобасының дайындығына келесі сатылар жатады:

  • сұрақтың мәніне қарау; осы сұрақ бойынша басылған заң шығарушы актілермен және басқа құжаттармен танысу, мекеменің ақпаратты-анықтамалық құжаттарын қайта қарау (анықтамалар, есептер, хаттар);

  • құжаттың мәтінін дайындау;

  • мәтіннің келісімдігі;

  • бұйрыққа қол қою;

  • орындаушылардың есіне.

Бұйрықтың мәтіні екі бұйрық беруші және анықтаушы бөліктен тұрады.

  • Анықтаушы бөлігінде деректер баяндалады, бұйрық шығару үшін қандай себебі мен мақсаты бар екендігі айқындалады. Егер, бұйрықтың негізіне мемлекеттік ұйымдар құжаты тиісті болса, онда құжаттың аты, авторы, уақыты, күні, нөмірі, бас әрпі, сөзі көрсетілуі тиіс. Анықтаушы бөлімнің жоқ болуы да мүмкін.

  • Бұйрық беруші бөлігі БҰЙЫРАМЫН сөзімен басталады, табулятордың нольдік жағдайында (сол жақтан) бас әріптермен жазылады.

Бұйырушы пунктер мынадай жүйеде (нобайда) жасалынады:

  • орындаушы, атқарушы (қызметкердің аты, фамилиясы, аты-жөні немесе құрылымдық бөлім, мекеме);

  • іс-әрекет;

  • уақыт, берілетін мерзім.

Бұйрық соңғы пункті келесі түрде беріледі: бұйрықтың орындалуын жүктеу (қызметкердің аты-жөні, фамилиясы). Егер басшы бұйрықтың орындалуын өзі қадағаласа онда жүктеу пунктін жазу керек емес. Бұйрықтың уақыты - оған қол қойылған уақыт, оның жарамды уақыты. Бұйрыққа мекеме басшысы қол қояды, ол болмаған жағдайда - орынбасары. Бұйрықта басшылықта жазылған басшы болмаса онда бұйрық қайта жазылады.

Бұйрықты дайындау құрылымдық ұйымға, арнайы қызметкерге беріледі.

Бұйрыққа өзгертулер мен толықтырулар қол қоюшының рұқсатынсыз енгізілмейді.

Бұйрықтың жобасына бұйрық тиісті ұйымдар, қызметкерлер, бөлімдер тізімі жіберіледі.

Бұйрықтың қосымша көшірмелері басшының рүқсатымен жасалады.

Бұйрықтың көшірмесі мен үзінділерін, олардан таратылатын тізімді ғана жасауға болады.

Бұйрықтардың түпнұсқалары кеңседе сақталады және қолданылуға берілмейді.



2-сұрақ . Бұйрықтың түрлері


УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»


Бұйрық деректемелері:

  1. Ұйымның атауы ( екі тілде)

  2. Құжат түрінің атауы (БҰЙРЫҚ)

  3. Шығарылған жері

  4. Күні , тіркеу нөмірі

  5. Мәтніге тақырып

  6. Мәтін

  7. Директордың қолы

  8. Танысу бұрыштамасы

Бұйрықтың үлгісі:

«ЖҮЙЕЛЕРДІ МОДЕЛЬДЕУДІҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ИНСТИТУТЫ» иННОВАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» жауапкершілігі

шектеулі серіктестік

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»

Товарищество с ограниченной ответственностью «ИННОВАЦИОННЫЙ ЦЕНТР «КАЗАХСТАНСКИЙ ИНСТИТУТ МОДЕЛИРОВАНИЯ СИСТЕМ»


БҰЙРЫҚ


ПРИКАЗ


2009 жылғы 15 наурыз

Астана қаласы


№ 51ж/қ

город Астана

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»Жеке құрам бойынша

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»

1. Еркебұлан Амантатаевич Ескендиров маркетинг бөлімінің бас менеджері қызметіне 2009 жылғы 15 наурыздан бастап ҚАБЫЛДАНСЫН.

Негіздеме: 2009 жылғы 15 наурыздағы № 31 жеке еңбек шарты және Е. А. Ескендировтың өтініші.

2. Анастасия Викторовна Зубарева 2009 жылғы 16 наурыздан бастап аға бухгалтер қызметінен бас бухгалтер қызметіне АУЫСТЫРЫЛСЫН.

Негіздеме: 2007 жылғы 14 сәуірдгі № 28 жеке еңбек шартына қосымша және А.В. Зубареваның өтініші.

3. Марат Серикович Керимовпен 2007 жылғы 17 қаңтардағы № 15 еңбек шарты 2009 жылғы 15 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 57-бабының 1-тармағына сәйкес бұзылсын..

Негіздеме: М.С. Керимовтың 2009 жылғы 14 наурыздағы өтініші

4. Жобалау бөлімінің менеджері Салтанат Абаевна Пазыловаға СӨГІС ЖАРИЯЛАНСЫН.

Негіздеме: жобалау бөлімінің бастығы П.Г. Салованың 2009 жылғы 10 наурыздағы баяндамалық жазбасы және С.А. Пазылованың түсініктеме жазбасы.

Бас директор (қолы) (Қолтаңбаның толық жазылуы)

Бұрыштамалар:

Таныстырылды:

Машықтанудың орындалуы:


  1. Компьютерді қосып Microsoft Office Word бағдарламасын ашыңыз

  2. Беттің жоғарғы жағына 3 бағанды таблица сызыңыз

  3. Таблицаның 1 бағанына мекеменің қазақ тіліндегі толық атауын жазыңыз (мекеменің атауын өзіңіз ойланыңыз, мысалы «Аруна» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі)

  4. Бір интервал төмен түсіріп бас әріптермен БҰЙРЫҚ деген сөз жазыңыз

  5. БҰЙРЫҚ деген сөздің астына шығарылған жерін жазыңыз (мысалы Өскемен қ.)

  6. Таблицаның 2 бағанына мемлекеттік ұйымға - елтаңбаны, коммерциялық ұйымға- эмблемасын салыңыз

  7. Таблицаның 3 бағанын 1 баған сияқты толтырамыз, тек орыс тілінде және ол мемлекеттік тілмен бір деңгейде болуы тиіс.

  8. Әдетте бұйрықтың бұл бөлігі бөлініп, астынан сызылып тұрады. Таз бетке жазылған бұл бөлім бұйрықтың бланкісі болып табылады

  9. Бір интервал төмен түсіріп бұйрықтың шығарылған күнін жазаңыз, оған қарама-қарсы , беттің оң жағына тіркеу нөмірін жазамыз. Көбінде күні мен нөміріне сызық сызылады , ал кейін ол қолымен толтырылады.

  10. Екі интервал төмен түсіріп бұйрықтың тақырыбын жазаңыз. Ол мәтіннің мазмұны туралы ақпарат беруі тиіс және «туралы» деген сөзбен аяқталады (жұмысқа қабылдау туралы, жұмыстан шығару тұралы, өтемақы туралы, демалыс беру туралы)

  11. Тақырыптан кейін екі интервал төмен түсіріп бұйрықтың мәтінін жазаңыз :

  12. Жеке құрам бойынша бұйрықта (жұмысқа қабылдау туралы) келесі мәліметтер жазылады:

Кім - Жұмысқа қабылданушының Т.А.Ж, қандай жұмысқа - қабылданатын лауазым, қашаннан бастап - күні, қандай шартпен қабылдансын, тағайындалсын.

  1. Бір интервал төмен түсіріп Негізі деген сөз жазыңыз, қос нүкте қойыңыз және бұйрықты шығаруға негіз болған құжатты жазыңыз (мысалы, жеке өтініші, 00.00.00жылғы № 000 ЕШ)

  2. Негізінен кейін екі интервал төмен түсіріп басшы, н/е директор деп жазыңыз, қол қоюға орын қалдырып беттің оң жағына А.Ж.Тегін жазыңыз (мысалы Директор А.С.Асанов)

Бекіту: Орындаған жұмыстарын ауызша сұрақтар беру арқылы қорғату.

1.Бұйрық дегеніміз не?

2. Бұйрықтың қандай түрлері бар?

3. Жеке құрам бойынша бұйрықтар қандай мәселелер бойынша жасалады?

4. Бұйрықта қандай деректемелер қолданылады?

5. Танысу бұрыштамасы қойыла ма?

6. Бұйрыққа өзгеріс енгізу қалай іске асырылады?




№ 14 машықтану сабағы

Сабақтың тақырыбы.«Анықтама. Қызметтік құжаттан үзінді».

Мақсаты:

Анықтама ұғымы, жазылу тәртібі, ерекшеліктері , түрлері туралы білімдерін қалыптастыру. Қызметтік құжаттан үзінді жасауды үйрету. Тәжірибелік әдіспен анықтаманы құрастыруды, компьютреде ресімдеуді үйрету.

Түсінігі болуы тиіс:

  • Құжат үзіндісін жасау мақсаты туралы;

  • Анықтаманың берілу себептері туралы

Білуі тиіс:

  • Анықтама ұғымын, түрлерін

  • Анықтаманың деректемелерін

  • Анықтама мәтінінің жазылуын

Істей білуі тиіс:

  • Анықтаманы талаптарға сай компьютерде басуды

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Растайды, берілді, үзінді, тұратынын, оқитынын, жұмыс істейтінін

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Анықтама ұғымы, жазылу негіздері

  2. Анықтама деректемелері

  3. Анықтаманы ресімдеу

1-сұрақ. Анықтама ұғымы, жазылу негіздері

Анықтама - мазмұны белгілі бір фактіні я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын акпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі.
Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты бізге әр кезеңде, түрлі мекемелерге барып әр мазмұнда анықтамалар алуға тура келеді.Біздің жеке басымызды куәландыратын қүжаттарды жоғалтып алғанда да анықтама оның орнын уақытша ауыстыра алады.
Мекеме жетекшісі өз билігі мен өкілеттігінің шеңберіне анықтама беруге нұсқау береді және оны растап қол қояды.
Анықтама түрлері :

І.Анықтама көп жағдайда жеке адамға байланысты нақты бір ақпаратты растау үшін беріледі. Мысалы, фамилиясы, аты-жөні, туған күні, туған жері, еңбек стажы, атқаратын қызметі, білімі туралы мөләмет, мамандығы т.б.
Мұндай анықтамаларды жазуға А5 форматты трафератты бланкісі қолданылады. Трафераттық анықтаманың айрықша белгісі, ол мекен-жай иесінің мәтіннің екінші бөлігіне жазылуы.

Мәтін анықтама берілген адамның аты-жөні, әкесінің атынан басталып жазылады. Мәтіннің соңында анықтаманың қай мекемеге берілгендігі көрсетіледі. Мәтінде ескірген және керек емес сөздер қолданылмауы тиіс: «Осы анықтама», «шын мәнінде оқиды».

Анықтамада берілген мәлімет әркез мұқият тексерілуі кажет. Мәліметтің дәлдігін тексерумен кадр бөлімінің қызметкері я ұйым жетекшісі, өкілдік берген секретариат қызметкері айналысады. Анықтамадағы қызметтік сипаттағы мәліметті тиісті бөлім қызметкері тексереді. Мысалы, еңбекақы туралы мәліметті бухгалтерия бөлімінің қызметкері тексеріп, дайындайды. Анықтама беру журналындағы рет санының өсу тәртібіне орай әр анықтамаға нөмір қойылады және бірнеше дана берілсе, ол да көрсетіледі. Мысалы, "422/2",Берілген анықтаманың көшірмесі мекемеде қалдырылмайды. Кейбір ерекше жағдайда көшірмесі қалдырылатан болса, ол жеке іс папкасына немесе қызметкердің жеке ісіне тігіледі.

ІІ. Анықтама белгілі бір мекемелердегі, ұйымдардағы немесе олардың бөлімшелеріндегі жұмыс түрлерін тексеріп қорытындылау, бағалау мақсатында да жазылады. Ондай анықтамалар арқылы белгілі бір өкілдігі бар адамдар тобы тексерілген істер бойьшша (мысалы оқу орнының оқу-тәрбие жұмысьш тексеру, өндіріс орындарының міндеттемелерін орындау жөніндегі іс-шараларын текесеру т.б.) өз пікірлері мен қорытындысын жоғарғы ұйымға, басшыларға жеткізеді.
Анықтамада тексерудің мақсатына қарай барлық фактілер мен оқиғалар рет-ретімен жүйелі түрде жазылуға тиіс.

2-сұрақ. Анықтама құрылымы, деректемелері

Анықтаманың мазмұндық- құрылымдық жүйесі:.
*құжат аты;
*негізгі мәтін;
*анықтаманың қай үйымға берілгені туралы мәлімет;
*анықтаманың жарамдылық мерзімі жайлы мәлімет;
*анықтаманы беріп отырған үйымның мөрі мен анъгқ-
тама беруші адамның қолы.
Құжат аты. Қүжат аты үлкен әріптермен парақтың ортасына жазылады.
Негізгі мәтін. Негізгі мәтін анықтаманың берілу мақсатына қарай, жүйелі түрде жазылады. Мысалы, "Осы анықтама Бердібаева Айгул Оралбекқызына, оның Абай атындагы Алматы Мемлекеттік университеті Қазақ филологиясы факультеті кундізгі бөлімінің III курсында оқитынын растау үшін берілді. "
Аныктаманың қай үйымға арналып берілгені туралы мәлімет. Бұл мәлімет негізгі мәтіннен төмен, азат жолдан басталып жазылады. Мысалы,
"Анықтама Алматы қаласы Алмалы аудандық паспорт бөліміне көрсету ушін берілді. " Немесе "Анықтама теміржол жәпе аэрофлот касаларына көрсету ушін берілді. "
Анықтаманың жарамдылық мерзімі туралы мәлімет.
Бұл мәлімет те жаңа жолдан жазылады және берілген анықтаманың қай мерзімге дейін күші бар екендігі көрсетіледі. Мысалы,
"Анықтама 2000 жылдың 31 желтоқсаныпа дейін жарамды " немесе ''Анықтама берілген куннен бастап 3 аыга дейін жарамды ".
Анықтама беруші адамның қолы. Бұл мәлімет анықтаманың жарамдылық мерзімінен кейін жаңа жолдан 2 см-дей қалдырылып барып жазылады. Анықтама беруші тұлғаның лауазымы жазылады, қолы қойылады және фамилиясы аты-жөні беріледі. Мысалы,
Қазақ филологыясы
факультетініц деканы Сагымбеков Т.С. (қолы)

Анықтама беруші жауапты адамның қолы ұйым мөрімен расталады. Егер мөр қойылатын арнайы орын көрсетілмесе, мөр жауапты адам туралы мәліметтің сол жағына 1-2 см-дей жерге басылады. Мысалы,
№ 301 балалар бақшасының меңгерушісі (қолы) Қ.Сейітқазиева.
мөр орны

Егер анықтама жоғары тұрған ұйымға берілсе, онда ол арнайы бланкте дайындалып, оған ұйым жетекшісі қол қояды.
Кез-келген анықтаманың тіркелген нөмірі, жауапты адамның колы, мекеме мөрі болғанда ғана заңды күші бар.


3-сұрақ. Анықтаманың үлгісі

1-тапсырма. Үлгімен мұқият танысыңыз

  1. тапсырма. Анықтаманың деректемелерін атаңыз


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІНІҢ АРХЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ДЕРЕКТАНУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ММ


УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»

ГУ «НАЦИОНАЛЬНЫЙ ЦЕНТР АРХЕОГРАФИИ И ИСТОЧНИКОВЕДЕНИЯ КОМИТЕТА ИНФОРМАЦИИ И АРХИВОВ МИНИСТЕРСТВА СВЯЗИ И ИНФОРМАЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

АНЫҚТАМА


СПРАВКА

15.10.2009

Астана қаласы


№ 03-05/171

город Астана

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке» ┐ «Егемен» ПИК

УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке» КУМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»УМК по предмету «Делопроизводство на гос. языке»үлжан Хайбулловна Аяпбергенова Археография және деректану ұлттық орталығының бас бухгалтері болып жұмыс істейді.

Директор қолы Б. Қонысбаева




штамп

штамп

Анықтама


Жумагулова Өміргул Ақанқызы Абай атындагы Алматы мемлекеттік университетінің гылыми диссертаия залына "Қазақ тіліндегі көсемшенің магынасы мен қызметінің дамуы" атты тақырыпта жазылган кандидаттық диссертацияның 1 (бір) данасын авторефераттың 2 (екі) данасын 1999 жылдың 2ақпанында тапсырды.

Анықтама диссертациялық кеңеске тапсыру үшін берілді.

Кітапханашы:


1. Анықтама құжатына сипаттама беріңіз.

2. Анықтаманың қанша түрі болады?

3. Мекеме жетекшісіне жазылған анықтамаға кімдер қол қояды?

4. Қаржы жөніндегі анықтамаларға кімдер қол қояды?

5. Трафераттық анықтаманың айрықша белгісі дегеніміз не?

№ 15 машықтану сабағы

Сабақтың тақырыбы.«Құжат көшірмесі.Сенімхат».

Мақсаты:

Сенімхат, құжат көшірмесі ұғымы, жазылу тәртібі, ерекшеліктері , түрлері туралы білімдерін қалыптастыру. Қызметтік құжаттан көшірме жасауды үйрету. Тәжірибелік әдіспен сенімхат құрастыруды, компьютреде ресімдеуді үйрету.

Түсінігі болуы тиіс:

  • Құжат көшірмесін жасау мақсаты туралы;

  • Сенімхаттың берілу себептері туралы

Білуі тиіс:

  • Сенімхат ұғымын, түрлерін

  • Сенімхат деректемелерін

  • Сенімхат мәтінінің жазылуын

  • Құжат көшірмесі ұғымын

Істей білуі тиіс:

  • Сенімхатты талаптарға сай компьютерде басуды

  • Құжат көшірмесін ресімдеуді

Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:

Растайды, берілді, үзінді, тұратынын, оқитынын, жұмыс істейтінін

Тақырыпты меңгеру жоспары:


  1. Сенімхат ұғымы, жазылу негіздері, түрлері

  2. Сенімхат деректемелері

  3. Сенімхатты ресімдеу

1-сұрақ. Сенімхат ұғымы, жазылу негіздері, түрлері

Сенімхат сенім көрсетілген адамға сенім білдірушінің үшінші адам алдында сенім тапсыру құжаты болып табылады.

СЕНІМХАТ екі түрде болады:

  • арнайы, мекемеден берілген;

  • жеке, азаматтан берілген.

Арнайы сенімхаттар мекеме қызметкеріне қандай да бір келісімді аяқтауға, ақша алуға, құндылықты қажетті заттарды өз атынан алуға беріледі.

Мұндай СЕНІМХАТТЫҢ мынадай деректемелері болуы тиіс:

  • мекеменің аты;

  • мекеме туралы анықтамалық мәлімет;

  • құжаттың аты;

  • құжаттың уақыты, күні;

  • құжаттың тіркеу нөмірі;

  • құжаттың мәтіні;

  • қызметкерлердің қолдары;

  • мекеменің мөрі.

СЕНІМХАТТЫҢ мәтінінде келесі мәліметтер болуы тиіс:

  • сенім берілген адамның қызметі, паспортының мәліметі;

  • сенімхат бойынша іс атқарылатын мекеме;

  • іс-әрекеттің түрі;

  • сенім алған адамның қолының үлгісі;

  • сенімхаттың уақытының мерзімі.

Сенімхат мекемнің бланкісінде жазылуы мүмкін.

Егер, сенімхат көрсетілген іс-әрекет ақшаға және материалдық құндылықтарға қажетті болса онда оған мекеме басшысы және бас есепші қол қояды. Көп жағдайда сенімхаттың типтік бланкілері қолданылады.

Жеке сенімхаттар жеке азаматтан айлығын, еңбек кітапшасына байланысты әртүрлі өнімдерін, зейнетақысын, жәрдемақысын, стипендиясын, банкідегі ақшасын (салымын), ақшалай және салымды алмасуларын алуға берілетін сенімі.

Аударылған сенімхаттарға нотариалдық куәландыру міндетті емес. Олар сенім берушінің жұмыс істейтін немесе оқитын жерінен куәландыруы мүмкін, тұратын тұрғылық мекен-жай мекемесінен және өзі емделіп жатқан әкімшілдік-стационарлық емдеу орталығынан беріледі.

2-сұрақ . Сенімхаттың деректемелері

Жеке СЕНІМХАТ келесі деректемелерден тұрады:

  • құжаттың аты;

  • құжаттың мерзімі (уақыты, күні);

  • мәтін (сенім білдірушінің сенімді адамы және іс-әрекет мерзімі көрсетіледі);

  • сенім білдірушінің қолы;

  • сенім білдірушінің жұмыс істейтін мекемесінің, тұрғылықты мекен-жай ұйымының (өзі тұратын), немесе оқитын жерінің мөрі.

Сенімхаттар өзінде көрсетілген мерзімдегі іс-әрекетке беріледі. Егер, сенімхатта мерзімі (қанша уақытқа берілгендігі) көрсетілмесе онда берілген уақыттан бастап 3 (үш) жылға жарамды болады.

Сенімхат егер, берілген мерзімі, уақыты көрсетілмесе жарамсыз болып саналады.

Сенім білдірушінің тілегімен сенімхат нотариалды куәландырылуы мүмкін. Нотариалдық түрдегі сенімхаттар екі жақтың келісімімен жасалынады.

Сенім білдірілген адамға жүктелетін өкілеттілік мейлінше дәл, өте нақты, қатесіз сауатты баяндалуға тиіс.


  1. Сенімхаттың үлгісі

СЕНІМХАТ

___________________________________________________________________

(сенімхаттың берілген жері және күні жазумен)

Мен, ________________________________________ мекенжайында тұратын азамат _____________________________________________________,

жеке куәлік №. ______________, _________________________ жылы _____________________ берген, ________________________________________ мекенжайында тұратын азамат _________________________________________ меншік құқығы маған тиесілі _________________________________________ мекенжайында орналасқан тұрғын үйді, қызметтік, есік алды құрылыстарды және ___________ кв.м. (шаршы метр) көлемдегі жер телімін сыйлауға немесе бағасына және өзінің қалауы бойынша сатуына сеніп тапсырамын. Бұл үшін менің атымнан өтініш беріп, қажетті анықтамалар мен құжаттарды алуға, сату-сатып алу келісім - шартына қол қоюға, сыйлауға, маған тиесілі ақшаларды алуға, келісімшартты жергілікті орындарда тіркеуге, менің орныма қол қоюға және осы тапсырманы орындауға байланысты барлық әрекеттерді жүргізуге құқық беремін.

Сенімхат үш жыл мерзімге берілді.

Осы сенімхатты мен, __________________________________________, ____________________________________________________________________

(нотариалдық кеңсенің атауы, лицензияның №, берілген күні)

нотариусы _____________ __ ж. растадым.

Сенімхатқа менің қатысуыммен азамат ___________________________ қол қойды. Жеке басы анықталды, қабілеттілігі тексерілді.

Сенімхаттың мәтінін нотариус дауыстап оқыды.

№ ____________________ тіркемеге тіркелді.

Тариф бойынша: ______________ теңге алынды.

Нотариус: _______________________ (қолы)

1. Сенімхаттың өзге азаматтық қарым-қатынас құжаттарынан айырмашылығы неде?

2. Сенімхаттың неше түрі бар?

3. Арнайы сенімхат қандай жағдайларда беріледі?

4. Құжат мәтінінде қандай мәліметтер болуы тиіс?

5. Сенімхаттар қанша мерзімге беріледі?



«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінен тест

1 нұсқа


  1. Бланк дегеніміз:

а) А4 немесе А5 форматында әзірленген, заңды тұлғаның-құжат шығаратын автордың аты жазылған таза қағаз;

б) А3 және А4 форматында әзірленген, заңды тұлғаның құжат шығаратын автордың аты жазылған таза қағаз;

в) құжатты шығару процессі;

г) заңды күші бар материалды түрде жазылған ақпарат;

д) фактіні немесе оқиғаны, іс-әрекетті растайтын, бірнеше тұлғалар жасайтын құжат.


  1. Тәжірибеде пайдаланылатын маңызды деректемелер саны:

а) 30;

б) 24;

в) 35;

г) 27;

д) 29.


  1. Деректемелердің бланкіде орналасуы:

а) ұзынынан және көлденең;

б) бұрыштық және бойлық;

в) ортасы мен шетіне;

г) ортасы мен бұрышына;

д) бір жақ бойымен шетіне.


  1. Жеке (дербес) құжаттар тобы:

а) бұйрық, нұсқау;

б) жарғы, ереже;

в) өмірбаян, өтініш, сенімхат, қолхат, түйіндеме;

г) өтініш, қаулы;

д) жеделхат, телефонхат.


  1. Мазмұнының күрделілігіне қарай құжаттардың бөлінуі:

а) маңызды, маңызды емес;

б) жай және күрделі;

в) шұғыл және күрделі;

г) типтік және трафареттік;

д) арнайы және күрделі:


  1. Шығарылуы бойынша құжаттардың бөлінуі:

а) қызметтік және жеке құрамдық;

б) арнайы құжаттар;

в) ресми құжаттар;

г) мемлекеттік құжат және көшірмелік;

д) түпнұсқалық және көшірмелік

7. Қарар дегеніміз:

а) айтылған немесе жазылған мәселенің қысқаша түйіні;

б) басшының берген бұйрығының қысқаша түйіні;

в) келіп түскен іс қағазының бұрышына жазылған басшының нұсқауы;

г) мекеменің алдында тұрған мәселелерді шешу мақсатында басшы жасаған құқықтық акт;

д) лауазымды тұлға жасаған және қабылданған шешімді білдіретін құжаттағы жазу.

8.Ақпаратты-анықтамалық құжаттар:

а) қызметтік хаттар, бұйрық, нұсқау, анықтама, шағым;

б) қызметтік хаттар, жеделхат, телефонхат, анықтама, баяндау хат, түсініктеме, акт, хаттама, факс, шағым, шарт, E-mail;

в) шағым, акт, бұйрық;

г) өмірбаян, анықтама, акт;

д) бұйрық.

9. Негізгі қызмет бойынша бұйрықтың мәтінінің бөліктері:

а) типтік және трафареттік;

б) арнайы және жәй;

в) өкімдік және ұйымдық;

г) констататциялық және өкімдік;

д) кәсіптік және қызметтік.

10.Хаттың мәтінінің бөліктері:

а) кіріспе және констатациялық;

б) негізгі және өкімдік;

в) кіріспе және негізгі;

г) өкімдік және констатациялық;

д) негізгі және тақырыптық.

11.Қаржы мәселесі шешілетін құжаттарға қол қоюға тиіс:

а) жауапты тұлға;

б) мекеме басшысының орынбасары;

в) мекеме басшысы;

г) бас бухгалтер;

д) хатшы- референт.

12.Хат түрінің атауы жазылатын қызметтік хат:

а) сенім хат;

б) кепілдік хат;

в) ескертпе хат;

г) жедел хат;

д) баяндау хат.


  1. А4 бланкісінің стандарттық өлшемі:

а) 120*290мм;

б) 220*285мм;

в) 210*175мм;

г) 210*297мм;

д) 190*225мм.


  1. Бланкілердің түрлері:

а) бесеу;

б) екеу;

в) біреу;

г) үшеу;

д) жетеу.


  1. Бланктегі Қазақстан Республикасының елтаңбасын бейнелеудің диаметрі:

а) 15 мм;

б) 10 мм;

в) 20 мм;

г) 25 мм;

д) 35 мм.

16.Ұйымдық құжаттар:

а) мекеме, ұйым, кәсіпорын, арасында қабылданатын құжаттар;

б) бұйрық және жарлық құжаттары;

в) құрылым және штат саны, штаттық кесте, лауазымдық нұсқаулық, қызметкерлер туралы ереже, құрылтай құжаттары;

г) ақпараттық- анықтамалық құжаттар;

д) құпия және конфеденциялық құжаттар.

17. Жеке құрам бойынша бұйрықтың шығуына негіз болатын құжат:

а) өтініш;

б) мінездеме;

в) түйіндеме;

г) еңбек шарты;

д) іс сапар куәлігі.

18. Іс қағаздары формасына қарай:

а) типтік, трафареттік және еркін мәтінді;

б) трафареттік және еркін мәтінді;

в) функционалдық және хронологиялық;

г) акустикалық, функционалдық;

д) еркін мәтінді және акустикалық.

19.Заңдылық күшіне қарай құжаттардың бөлінуі:

а) жедел және жедел емес;

б) шын және жедел емес;

в) хронологиялық және функционалдық;

г) акустикалық және жазба;

д) шын және жалған.

20.Бұйрықтың заңды күшіне енуі:

а) қол қойылған сәттен бастап;

б) мөр қойылған сәттен бастап;

в) мерзімі қойылған сәттен бастап;

г) келісу белгісі қойылған сәттен бастап;

д) бекіту белгісі қойылған сәттен бастап.

21. Мазмұны белгілі бір фактіні, я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын аңпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі?

а) жеделхат

б) телефонхат

в) анықтама

г) хаттама

д) акт

22. Сақтау мерзімдері көрсетілген, тәртіппен ресімделген, ұйымда жүргізілген істер атауларының жүйеге келтірілген тізбесі ол

а) жеделхат

б) істер номенклатурасы

в) штаттық кесте

г) хаттама

д) акт

23. Фактіні , оқиғаны, іс -әрекетті растайтын бірнеше тұлға жасайтын құжат- бұл

а) жеделхат

б) түсіндірме хат

в) штаттық кесте

г) хаттама

д) акт

24. Ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан-жақты қамтып баяндаған, қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат

а) баяндау хат

б) түсініктеме хат

в) штаттық кесте

г) жеделхат

д) бұйрық

25. Қызметкердің қандай да болмасын бір жарлықты орындамауы немесе тәртіп бұзу себептерін түсіндіретін құжат

а) баяндау хат

б) түсініктеме хат

в) телефонхат

г) жеделхат

д) акт

«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәнінен тест.

ІІ нүсқа


  1. А5 бланкісінің стандарт бойынша өлшемі:

а) 150*458мм;

б) 220*285мм;

в) 210*297мм;

г) 148*210мм;

д) 190*225мм.


  1. Құжатқа заңды күш беретін ең негізгі деректемелер:

а) «құжаттың күні», «қол қою», «мөр», «құжаттың бекіту грифі»;

б) бланкіде толтырылған деректеме;

в) тіркеу нөмірі;

г) құжаттау индексімен күніне сілтеме;

д) құжат мәтіні.


  1. Коммерциялық мекемелердің бланкілерінде елтаңбаның бейнесін бейнелеу:

а) иә;

б) мүмкін;

в) әрине;

г) жоқ;

д) болады.


  1. Қызметтік құжаттардың жіктелуі:

а) ақпаратты-анықтамалық, өкімдік, ұйымдық;

б) мемлекеттік, ұйымдық, өкімдік;

в) ақпаратты-анықтамалық, өкімдік, мемлекеттік;

г) жергілікті, өкімдік, ұйымдық;

д) ақпаратты-анықтамалық, ұйымдық, мемлекеттік.


  1. Құжаттау дегеніміз:

а) құжаттармен жұмыс жасағандағы іс қағаздарының атауы;

б) құжатты шығару процессі;

в) құжатты ресімдеу процессі;

г) құжат айналымының процессі;

д) іс қағаздарын жүргізу процессі.

6. Мәтінге қойылатын талаптың ең маңыздысы:

а) басты және жай;

б) күрделі әрі нақты;

в) қысқа әрі нұсқа;

г) маңызды әрі күрделі;

д) дұрыс жауап жоқ.

7.Басқару құжаттары:

а) мінездеме, түсініктеме хат;

б) өмірбаян, түйіндеме;

в) түсініктеме хат, арыз;

г) бұйрықтар, өкім, нұсқау, шешім (қаулы);

д) өтініш, еңбек шарты.

8. Хаттаманың түрлері:

а) арнайы және жай ;

б) қысқаша және толық;

в) мазмұнды;

г) қысқа әрі нұсқа;

д) нақты.

9. Деректеме дегеніміз:

а) құжаттың жеке құрамды бөлігі;

б) мөр;

в) қойылатын қол;

г) құжат түрі;

д) жарғы.

10. Циркуляр хат дегеніміз:

а) басқарудың шұғыл мәселелері бойынша шығарылатын құқықтық акт;

б) қызметкердің қандай да болмасын жарлықты орындамау немесе тәртіп бұзу себептерін түсіндірген құжат;

в) ұйым басшысына қандай да бір мәселені жан- жақты қамтып баяндаған қорытынды, ұсыныстар жасаған құжат;

г) ведомстволық жағынан бағынышты барлық мекемелерге бір мезгілде жөнелтілетін хат;

д) телеграф арқылы жіберілетін жедел сипатты құжат;

11.Стандарт бойынша бланкілердің азат жолдары:

а) сол жағынан және жоғарыдан- 20мм, оң жағынан және төменен- 10мм;

б) сол және жоғарғы жағынан- 10мм, оң және төменгі жағынан- 20мм;

в) сол және жоғарғы жағынан -15мм, оң және төменгі жағынан- 5мм;

г) сол және оң жағынан -20мм, төменгі жоғарғы жағынан- 10мм;

д) сол және төменгі жағынан -20мм, оң және жоғарғы жағынан-15мм.

12.Құжат қандай бөліктерден тұрады:

а) тақырыптық, негізгі және бұйрық;

б) мәтін, негізгі бөлік, тақырыптық;

в) тақырыптық, негізгі, ресімделуші;

г) мәтін, негізгі және бұйрық;

д) ресімделуші, тақырыптық, бұйрық


  1. Құжат дегеніміз:

а) мекеме арасындағы келісім іс қағазы;

б) анықтамалық- ақпарат;

в) жеке құрам бойынша материал;

г) анықтамалық-апараттың негізгі күші;

д) заңды күші бар материалды түрде жазылған ақпарат;

14. Барлық жүйедегі құжаттардың міндетті деректемелері:

а) ұйымның (құжат авторының) атауы, коды, құжаттың атауы, тақырыбы, құжат нысанының коды, құжаттың мерзімі , индексі, мәтіні, рұқсат белгілері, қойылған қолы, құжаттың орындалғаны және оның іске жіберілгені туралы белгі;

б) ұйым атауы, құжат авторының атауы;

в) құжаттың мерзімі, индексі . жіберілген күні туралы белгі;

г) құжат авторының атауы, коды, авторы, мәтіні ғана;

д) барлық жауап дұрыс емес.

15. Іс жүргізу дегеніміз:

а) мемлекеттік құжатты екі тілде жүргізу;

б) ұйымның мекеменің жиналысымен мәжілістерінде құралған мәселелерді жазатын құжат түрі;

в) мекеме, ұйым, кәсіпорын, фирмаға қызметкерлердің және түрлі мәселелерді шешуге қатысты басшының тарапынан құқық беретін құжат түрі;

г) құжаттың жасалуына, олардың тіркелуіне, жіктелуіне, қозғалысына, есепке алынуы мен сақталуына байланысты жұмыстардың жиынтығы;

д) алдағы уақытта болатын әр түрлі іс шаралар туралы хабар беретін құжат түрі.

16. Бұйрықтың түрлері:

а) кәсіптік, функционалдық;

б) типтік және негізгі;

в) негізгі қызмет және жеке құрам бойынша;

г) жеке құрам бойынша және функционалдық;

д) өкімдік және ұйымдық.

17. Қызметтік хаттардың қолданылуы:

а) басқару қызметінде туындайтын жедел мәселелерді шешу мақсатында;

б) мекеменің күнделікті жұмыс барысындағы кейбір мәселелерді қажет жағдайда шешу мақсатында;

в) мекемеде күтпеген оқиға болған кезеңдегі іс- әрекет, жұмыс тәртібін реттеу, оқиғаға байланысты түрлі шаралар белгілеу мақсатында;

г) мекеме жұмысының күнделікті болып жататын түрлі мәселелеріне байланысты;

д) ұйым жұмысын реттеу мақсатында;

18.Өтініштің деректемелері:

а) ұйым атауы, құжат атауы, авторы, мәтіні, қолы, жазылу мерзімі;

б) құжаттың түрі, авторы, мәтіні, жазылу мерзімі, мөр, бекіту белгісі;

в) авторы, ұйым атауы, құжаттың түрі, мәтіні, қолы, мөр;

г) қабылдаушы (кімге), авторы, автордың мекен- жайы, құжаттың түрі, мәтіні, өтініш иесінің қолы, жазылу мерзімі;

д) қабылдаушы (кімге), ұйымның атауы, құжаттың түрі, мәтіні, қолы, жазылу мерзімі.

19. Іс қағаздарында кеңінен қолданатын стиль түрі:

а) публицистикалық;

б) ресми;

в) көркем әдебиет;

г) ауызекі сөйлеу;

д) ғылыми.

20. Өтініш дегеніміз:

а) құжаттың үзіндісін алу үшін дайындалатын іс қағазының түрі;

б) жедел түрдегі берілетін іс қағазының түрі;

в) заңды күші бар материалдық түрде жазылған ақпарат;

г) телеграф арқылы жіберілетін қысқа мазмұнды құжат;

д) мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір ақпаратты жеткізу үшін жазылатын іс қағазы.

21. Телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат

а) телефонхат;

б) баяндау хат;

в) қызметтік хат;

г) жеделхат;

д) хаттама.

22. Телефон, я радио арқылы радиограмма ретінде жеткізілетін жедел сипаттағы құжат

а) телефонхат;

б) баяндау хат;

в) қызметтік хат;

г) жеделхат;

д) хаттама.

23. Ақпараттық, әдістемелік немесе ұйымдастырушылық сипатқа ие құжат

а) бұйрық;

б) баяндау хат;

в) нұсқау;

г) анықтама;

д) хаттама.

24. Өкімдік құжатты атаңыз:

а) сенімхат;

б) еңбек шарты;

в) бұйрық;

г) жарғы;

д) хаттама.

25. Мазмұны белгілі бір фактіні, я оқиғаны дәлелдейтін, растайтын, сипаттайтын аңпараттық-анықтамалық іс қағазының түрі?

а) жеделхат

б) телефонхат

в) анықтама

г) хаттама

д) акт






ГЛОССАРИЙ

Іс жүргізу (басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету) - Құжаттама жасауды және құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін заңды тұлғалардың қызмет саласы;

Мұрағат ісі- Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыруға, мұрағаттарды, мұрағат қорлары мен топтамаларын құруға, олардың сақталуы мен қолданылуын ұйымдастыруға байланысты заңды және жеке тұлғалардың қызмет саласы;

Құжат(құжатталған ақпарат) - толық сәйкестендіруге рұқсат ететін материалдық тасымалдау құралында сақталған ақпарат;

құжаттың сыртқы белгілері- құжаттың нысаны мен мөлшерін айқындайтын белгілер, ақпаратты тасымалдаушы құрал, жазба әдісі, ресімдеу элементтері;

Құжатталған ақпаратты тасымалдаушы- сөйлеу, дыбыстық немесе бейнелі, сондай-ақ өзгертілген түрдегі ақпаратты бекіту, сақтау және беру үшін қолданылатын материалдық объект.

Бейнелі құжат- кез келген объектіні (объектілерді) бейнелеу арқылы көрсетілген ақпаратты қамтитын құжат;

Графикалық құжат: Сызықтар, штрихтер, сәуле түстері арқылы объекті (объектілер) бейнеленген бейнелі құжат;

Аудиовизуалды құжат: Бейнелі және дыбыстық ақпаратты қамтитын құжат;

Киноқұжат: Кинематографиялық әдіспен белгіленген бейнелі (үнсіз кинода) немесе аудиовизуалды (дыбыстық кинода) ақпаратты қамтитын бейнелі құжат;

Фотоқұжат: Фотографиялық әдіспен белгіленген ақпаратты қамтитын бейнелі құжат;

Иконографиялық құжат: Өнер, арнайы немесе көркем фотографиялар шығармаларының бейнелерін қамтитын құжат;

Фоноқұжат: Кез келген дыбыс жазу жүйесімен белгіленген дыбыстық ақпаратты қамтитын құжат;

Мәтіндік құжат: Кез келген жазба түрінде немесе кез келген аудиожазба жүйесі арқылы белгіленген сөз ақпаратын қамтитын құжат;

Ресми құжат: Белгіленген тәртіпте ресімделген және куәландырылған, заңды немесе жеке тұлғамен жасалған құжат;

Қызметтік құжат: Ұйымның ағымдағы қызметіне қолданылатын ресми құжат;

Құжаттың заңды күші: Ресми құжатқа қолданыстағы заңңнамамен, оны жасаған заңды тұлғаның құзыретімен және белгіленген ресімдеу тәртібімен берілетін сипат;

Түпнұсқа құжат: Авторы, жасалған уақыты мен орны туралы құжаттың өзінде баяндалған немесе басқа жолмен айқындалған мәліметтер оның шығу тегіне шек келтірмейтін құжат;

Телқұжат: Заңды күші бар құжат түпнұсқасының екінші данасы;

Құжат көшірмесі: Түпнұсқа құжаттағы ақпаратты және оның барлық сыртқы белгілерін немесе заңды күші жоқ бөлігін толығымен беретін құжат;

Құжаттама жасау ережелері: Құжаттама жасау тәртібін белгілейтін талаптар мен нормалар;

БҚЖ - біріздендірілген құжаттама жүйесі: Белгілі қызмет саласындағы басқаруға қажетті ақпаратты қамтитын және бірыңғай ережелер мен талаптар бойынша жасалған құжаттама жүйесі;

Құжат атауы: Жазба құжат түрінің белгіленуі;

Нормативті құқықтық акт: Құқықтық нормаларды белгілейтін, өзгертетін, іс-әрекетін тоқтататын немесе уақытша тоқтататын уәкілетті органмен немесе мемлекеттің лауазымдық тұлғасымен референдумда қабылданған белгілі нысандағы ресми жазба құжат;

Ұйымдық-өкімдік құжат: Әкімшілік және ұйымдық мәселелердің, сондай-ақ билік органдарының, мекемелердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың бөлімшелері мен лауазымдық тұлғалардың қызметін басқару, өзара әрекеттесу, қамсыздандыру және реттеу мәселелерінің шешілуін белгілейтін жазба құжат түрі;

Құжат деректемесі (реквизиті): Ресми құжатты ресімдеудегі міндетті элемент;

Құжат формуляры: Белгілі бірізділікте орналасқан ресми жазба құжат реквизиттерінің жинағы;

Құжаттың формуляр-үлгісі: Қолданылу саласын, форматын, поля өлшемдерін, конструкциялық кестені құру талаптырн және негізгі реквизиттерді белгілейтін құжат жасау үлгісі;

Құжат бланкісі: Ресми жазба құжат авторының бірдейлендірілетін реквизиттер жинағы;

Құжатты ресімдеу: Құжаттама жасау ережелерімен белгіленген қажетті реквизиттерді орналастыру;

Қол қою: Уәкілетті лауазымдық тұлғаның немесе құжат авторының қолтанбасын көрсететін құжат реквизиті;

Келісу грифі: Ұйымның немесе құжат авторы болып табылмайтын оның органының құжат мазмұнымен келісушілігін көрсететін ресми құжат реквизиті;

Бекіту грифі: Құжат мазмұнына нормативті немесе құқықтық сипат беретін ресми құжат реквизиті;

Ресми құжат бұрыштамасы: Лауазымдық тұлғаның құжат мазмұнымен келісушілігін немесе келіспеушілігін көрсететін құжат реквизиті;

Құжат қарары: Лауазымдық тұлғаның қысқа жазбасынан және оның қабылдаған шешімінен тұратын реквизит;

Ресми құжаттың мәтіні: Жазба құжат ақпаратының барлығын немесе негізгі бөлігін қамтитын кез келген жазу немесе дыбыстық жазба жүйесімен белгіленген ақпарат;

Құжаттармен жұмыс жасауды ұйымдастыру: Ағымдағы мекеме қызметінде құжат айналымын, құжаттардың сақталуы мен пайдаланылуын ұйымдастыру;

Құжат айналымы: Құжаттардың ұйымда жасалған немесе орындалуын аяқтауға немесе жолдануына дейінгі кездегі құжаттар айналымы;

Құжат айналымы көлемі: Ұйымға келіп түскен және онда белгілі кезең ішінде жасалған құжаттар саны;

Құжатты тіркеу: Құжаттың жасалғанын, жолданғанын немесе қабылданғанын белгілейтін нысан бойынша құжат туралы есептік деректерін жазу;

Құжатты орындау мерзімі: Нормативті құқықтық актімен, ұйымдық-өкімдік құжатпен немесе бұрыштамамен белгіленген мерзім;

Іс: Жеке мұқабаға орналастырылған қызметтің бір мәселесіне немесе бөліміне қатысты құжаттар жиынтығы немесе құжат;

Істер номенклатурасы: Ұйымда түзілетін, сақтау мерзімдері көрсетілген және белгілі тәртіпте ресімделген істер атауларының жүйеленген тізбесі;


© 2010-2022