Тақырыбы: «Қалтаны пішу»

2- деңгей өз бетімен пішу. 3- деңгей мұғалімнің көмегімен. VI. Сабақты пысықтау кезеңі   Оқушыларды екі топқа бөліп, олардың білімдерін шыңдаймыз. Біріншіден сұрақтар қою арқылы олардың тапқырлығын байқаймыз. 1.     Киім неден тігіледі? (мата) 2.     Мата неден тұрады? (талшық) 3.     Екі басты жалмауыз, керіп аузын ашады, алдына түскен нәрселер, өзінен — өзі қашады. (қайшы) 4.     Бір тышқанды екі құйрық. (ине) 5.     Ұзына бойы жатқан жіпті не деп атайды? (негізгі жіп) Енді екі топтағы оқушыларға қате пішілген қалтаның үлгілері беріледі. Осы үлгілердің қателерін түзеп шығу керек. Бұл жұмыстан кейін сөйлемдер беріледі. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып толықтырып бір сөйлем құрау керек. 1.     Үйінде … бар адамның үсті – басы ұқыпты болады? (ине мен жіп) 2.     … бірінші кезектегі қажетті нәрселердің бірі болып табылады. (киім). 3.     Киімнің сәнді, әрі жарасымды болып көрінуіне ықпал ететін … маңызы өте зор. (қалта)   VII. Сабақты қорытындылау         Сөз жұмбақты шешу.   1.      Тігін құралы (оймақ)   2.     Қалтаны матадан немен ойып аламыз? (қайшы) 3.     Сыртқы қалтаның бір түрі (тілме) 4.     Екі матаны біріктіргенде қолданылатын тігіс түрі (көктеу) 5.     Машина тігісінің бір түрі (бастыра)   VIII. Оқушыларды бағалау   IX. Жұмыс орнын жинастыру.
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қарағанды облысы білім басқармасының
«Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық № 3
арнайы мектеп - интернаты» КММ



АШЫҚ САБАҚ

ТАҚЫРЫБЫ: «ҚАЛТАНЫ ПІШУ»

«МӘБ АПТАЛЫҒЫ»





ӨТКІЗГЕН МҰҒАЛІМ:

ОСПАНОВА Б.С.




Сабақтың тақырыбы: Қалтаны пішу.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға жапсырма қалтаның өңделуін оның алдынғы бөлікке қосып қалай тігілетінін түсіндіру.

2. Дамытушылық: бұйымның алдынғы бөлігінде тігілетін жапсырма қалтаны үйрету арқылы оқушыларлдың шығармашылық қабілеттерін арттыру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, жарасымды сәнді және жаңа замандағы жаңа талғаммен киіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа ұғымдарды меңгерту.

Сабақтың әдісі: жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: жапсырмалы қалтаның суреті салынған плакаттар, сөзжұмбақ, схемалар, нұсқау картасы.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгендеу

2. Сабаққа даярлығын байқау

3. Психологиялық ойын «Шуақты күн».

  1. Сенің Отаның қалай аталады?

  2. Қазақстан Республикасының Президенті кім?

  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын ата?

  4. Туымыздың түсі қандай?

  5. Мемлекеттік тілімізді ата.

  6. Тәуелсіздік күнін ата?

II. Өткен сабақты сұрау

1. Тік ұзын жең неше бөліктен тұрады?

2. Тік женді тігу үшін қандай тігіс түрлерін қолданады?

3. Тік женді пішу үшін қандай өлшемдерді пайдаланады?
III. Жаңа сабақ

Қалта --киімнің құрамдас бөліктерінің бірі. Қалтаның жапсырма, жарма қалта, төс қалта, омырау қалта, ішкі қалта т. б. түрлері болады. Орналасуына қарай жапсырма қалта, төс қалта, омырау және жан қалта болып ажыратылады. Жапсырма қалталар қарапайым тік қалта, қиғаш қалта, қақпақты (клапанды) болып келеді.

Жапсырма қалталар матаның түріне байланысты жапсырма қалтаны жалаң қабатты немесе қос қабатты етіп жасайды.

Қалтаның размерін киімнің сән үлгісіне сәйкестендіріп жасайды. Осыған байланысты қалтаның үлгісін қағаздан пішіп алу керек. Өлшеген кезде үлгіні түйреуішпен киімге түйреп, қалтаның орнын белгілейді.

Жапсырма қалтаның технологиялық бірізділігіне тоқталайық. Осы бірізділік арқылы қалтаның жасалу жолын толық меңгере алады.

Жапсырма қалтаны пішіп алып оны негізгі бөлікке тігу жұмысы аса қиын жұмыстарға жатпайды. Бірақ өзіндік қиыншылықтар аздап арасында кездеседі.

Бұйымның бөліктерін, яғни алдынғы, артқы бөліктерін бір - біріне қосып тікпес бұрын, алдымен қолданылатын майда бөлшектерді өңдеп, оны алдынғы бөліктің керекті жерлеріне қосып тіккеннен кейін ғана бұл жұмыстар өз жалғасын табады.

Тақырыбы: «Қалтаны пішу»

IV. Сергіту сәті.

Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым
Бiр орнымда қозғалып,
Кезек басып тұрамын.
Жоғары, төмен қарайық.
Орнымызды табайық.

V. Сарамандық жұмыс: «Еңбек етсең еленерсің, еңбегіңе кенелерсің» деген мақалаға сүйене отырып, біз де жұмысымызды әдемі жасауға тырысайық.

Сарамандық жұмыс кезінде мынаған басты назар аударылады.

  1. Пішімнің дұрыс пішілуі.

  2. Пішімнің негізгі бөлігіне дұрыс орналасуын қадағалау.

  3. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Жапсырма қалтаның сызбасын сызып, пішу

Тақырыбы: «Қалтаны пішу»


2- деңгей өз бетімен пішу.
3- деңгей мұғалімнің көмегімен.

VI. Сабақты пысықтау кезеңі

Оқушыларды екі топқа бөліп, олардың білімдерін шыңдаймыз.

Біріншіден сұрақтар қою арқылы олардың тапқырлығын байқаймыз.

  1. Киім неден тігіледі? (мата)

  2. Мата неден тұрады? (талшық)

  3. Екі басты жалмауыз, керіп аузын ашады, алдына түскен нәрселер, өзінен - өзі қашады. (қайшы)

  4. Бір тышқанды екі құйрық. (ине)

  5. Ұзына бойы жатқан жіпті не деп атайды? (негізгі жіп)

Енді екі топтағы оқушыларға қате пішілген қалтаның үлгілері беріледі. Осы үлгілердің қателерін түзеп шығу керек.

Бұл жұмыстан кейін сөйлемдер беріледі. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойып толықтырып бір сөйлем құрау керек.

  1. Үйінде … бар адамның үсті - басы ұқыпты болады? (ине мен жіп)

  2. … бірінші кезектегі қажетті нәрселердің бірі болып табылады. (киім).

  3. Киімнің сәнді, әрі жарасымды болып көрінуіне ықпал ететін … маңызы өте зор. (қалта)

VII. Сабақты қорытындылау

Сөз жұмбақты шешу.


  1. Тігін құралы (оймақ)

  2. Қалтаны матадан немен ойып аламыз? (қайшы)

  3. Сыртқы қалтаның бір түрі (тілме)

  4. Екі матаны біріктіргенде қолданылатын тігіс түрі (көктеу)

  5. Машина тігісінің бір түрі (бастыра)

VIII. Оқушыларды бағалау

IX. Жұмыс орнын жинастыру.



© 2010-2022