Ши тоқу өнері (сабақ жоспары)

Раздел Технология
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Ши тоқу технологиясы»

Сабақтың мақсаты:

а) Ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру,ұлттық дәстүрге тәрбиелеу;

ә) Ғасырлар бойы дамып келе жатқан ши тоқуды үйрену;

б) Оқушылардың тақырып төңірегінде ой қозғай білуге шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Құрал-жабдық: ши тоқитын қондырғы,ши,жіп.Жүн,суреттер.

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін 1-2 минут сергіту жаттығулары. Балалар мен сендерге бірнеше сөз оқимын,соны тыңдап алыңдар.

Сәукеле,қамзол,шапан,шолпы,тақия,білезік,тон,бөрік,шашбау.

Осы сөздерді неше топқа бөлуге болады?

Бірінші сөзді ата......

Өткен сабақта ши тоқу өнері туралы әңгімелегенбіз. Халқымыздың өрнекті өнерінің бірі шиді жүнмен орап,оны өрнектеп тоқу ісі.Қолөнердің барлық түрлері сияқты ши тоқу, оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқан өнер мұрасы.

Ертеде ши тарту,оны аршу,орау,жүн орап тоқу науқан сияқты,ауыл адамдарының бәріне ортақ жұмыс болған.Ши тартуға ауылдың қыз-келіншектері мен жігіттері жиналып,орталарына соятын қойын,қымызын дайындап,домбыраларын алып, ұйымдасқан түрде кірісетін.Қазақтың «Ши тарту биі», «Ши шымылдық» дейтін ұлттық ойындары содан қалған.

Сұрақ. Шиді қай кезде тартуға болады?

Тоқылатын ши мал аяғы баспаған жерден,әбден бойлап өскен кезде тартылады. Шиді күз айында таңертең,кешке немесе жаңбырдан кейін шық кетпей тарту керек.

Сұрақ. Ши бұйымдарын жалпы көрінісіне қарай? Қандай шилерге бөледі?

Үш түрге бөледі: ақ ши,ораулы ши,шым ши.

а) Ақ ши оралмай құр өзі тоқылады.Қолданылуы: ақ ши киіз басуға,өреге,құрт жаюға,мал сойғанда еттің астына төсеуге арналады.

ә) Ораулы ши тоқу кезінде оралған ши мен ақ шиді топтап 20-30 шиді алма кезек өн бойына тұтас емес аралатып ттқыған шиді орама ши дейді.Орама ши киіз үйді айнала тұтуға,киіз ескі сыртынан ұстауға керек.

б) Өн бойына түгел оралған өрнекті шиді шым ши деп атайды.

Шым ши киіз үй керегесіне,ыдыс аяқ жаққа тұтуға,үлкен үйдің ішін бөлмелеуге,қоршауға,ас су тұратын жерді бөлуге арналады.

Ши ораудың 2 әдісі бас:

1) тоқулы тұрған даяр шидің өрнегіне сала отырып орау;

2) жаңа өрнек үлгісімен орау.

Біз өткен сабақта шиді тазалап,жаңа өрнек үлгісімен оруды бастаған болатынбыз, сол жұмысымызды жалғастырып, 2 топпен сарамандық жұмыс істейік.

Сұрақ. Ши тоқитын қондырғының құрылысын түсіндір.

1-топ жүн орайды. 2-топ шиді тоқуды жалғастырады.Сабақ барысында халық күйі «Көкейкесті» баяу ойналып тұрады.Жұмыс барысында 2 топ өнер туралы мақал-мәтел айтудан жарыса отырып,өнегелі сөздің мағынасын түсіндіреді.

Мысалы.

Кейбіреулер көрмекке бар,

Өрнекке жоқ.

Олжаның үлкені үйренгенің.

Үйренгенің өзіңе құт, істегенің еліңе құт.

Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің сөзі ортақ .

Еңбек - өнер өрісі ,

Өнер- өмір жемісі.

Шиді орағанда оның түп жағы мен

Шашақ жағын үнемі кезектестіре салып отыру керек, әйтпесе шидің бір жағы жұқа ,

майысқақ болып екінші шеті қалындап кетеді. Қорыты келгенде,колөнердің басқа түрлеріне қарағанда ши тоқу әлдеқайда арзанға түседі. Әрі төзімді келеді. Халық шаруашылығында шиді орап токумен қатар шиді, қамысты ,сыптығыр бұталарды байланыстырып тұрғын үй, мал қора салу, қар

тоқтататын қалқандар тоқу, төсеніш жасаудың маңызы зор болған . сондай -ақ бұта,шыбық, ши, қамысты өзімен өзін өткерлеп тоқу әдісі, әсіресе жеңіл арбаларға , балық ұстайтын ау және зат салатын түрлі ыдыстар тоқу да кобірек қолданылған. Сол өнерді жетілдіріп , бүгінгі күн талабына сай керегімізге жарата білу үшін бүгінгі ши тоқуды үйренуге арналған сабағымыздың көмегі көп .

© 2010-2022