Ақ сұлу құймағы. Құймақ қамырын дайындау

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Ақ сұлу құймағы. Құймақ қамырын дайындау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға құймақ дайындау ерекшелігі жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын, есте сақтау қабілеттерін, шеберліктерін, іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, нұсқаулар, сарамандық жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: электрондық тақта, слайд.

Сабаққа қажетті құрал жабдықтар: қажетті азық-түліктер, асхана жабдықтары.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеп, сарамандық жұмысқа дайындығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үгілмелі қамыр әзірлеу. Ұннан жасалған кондитер бұйымдары. Слайд № 1.

  1. Қамырдың барлық түрін әзірлеудің негізгі шикізаты?

а/ Су. ә/ Ұн.

  1. Ұнның тағамдық құндылығы неге байланысты?

а/ Дәннің сапасына . ә/ Ұнның дымқылдығына .

  1. Ұнды електен өткізу қандай мақсатты көздейді?

а/ Бөтен иістен ащы дәмнен ажырату. ә/ Бөтен заттар мен түйірлерден ажырату.

  1. Үгілмелі қамыр дайындау үшін қандай азықтарды көп мөлшерде қолданады?

а/ Жұмыртқа. ә/ Май.


  1. Қамырды илер алдында ұнды не істейді?

а/ Кептіреді. ә/ Елейді.

  1. Үгілмелі қамырды неше тәсілмен әзірлейді?

а/ 2 тәсілмен. ә/ 3 тәсілмен.

Слайд №2. Сөзжұмбақ.

  1. Бағалы әрі тәтті өнім, онда 40-тан 70 пайызға дейін май мен белок бар. (жаңғақ)

  2. Кристалды, ақ түсті, иісі жоқ, дәмі тәтті өнім. (құмшекер)

  3. Өте күшті жағымды иісі бар, ақ түсті кристалл ұнтақ (ванилин)

  4. Үгілмелі қамырға қажетті азық-түлік (май)

  5. Ас атасы (нан)

  6. Қамыр илеуде қолданылатын негізгі азық өнім (ашытқы)

Осыдан келіп біз жаңа сабағымыздың тақырыбын ашамыз. Слайд №3.

Құймақ қамыры.

Құймақ жасау үшін қара бидай, бидай, қарақұмық ұнын пайдаланады. Құймақ пен олладиді ашытқымен де, сондай -ақ ашытқысыз да, тұздықпен де, тұздықсыз да даярлайды. Құймақтың өзін тәтті құймақ және тұзды құймақ етіп пісіруге болады. Тұзды құймақты дастарханға қызыл, қара икрамен, балықпен береді. Тәтті құймақты қаймақ, тосап, бал, еріген шоколадпен де беруге болады.


Венн диаграммасы

Ақ сұлу құймағы. Құймақ қамырын дайындау

Сарамандық жұмыс: Слайд №4

Қажетті ыдыс-аяқ, құрал-жабдықтар: тостақ, таба, ас қасық, ожауша, тәрелкелер, қалақша.

Қажетті азық-түлік: Ұн - 2 стақан, сүт - 1 стақан, жұмыртқа 3 дана, құмшекер - 2 ас қасық, тұз толмаған шай қасық, май 4 ас қасық, сары май, бал немесе тосап, қаймақ.

Слайд № 5.

Жұмыстың орындалу реті.

  1. Жұмыртқаны құмшекер мен тұзға жарып қосады.

  2. Құмшекер мен тұз ерігенше араластырады.

  3. Қоспаға біртіндеп сүт құяды, араластырады.

  4. Алынған қоспаға аздаған бөлікпен ұн сала отырып араластырамыз.

  5. Дайын қамырға өсімдік майын, қалған сүтті құйып сұйылтамыз.

  6. Қыздырылған табаның ортасына құйып табаны бір қалыпты айналдыру арқылы қамырды табаға жаямыз.

  7. Құймақтың бір бетін қарып пісірген соң қалақшаның көмегімен аударып, екінші бетін пісіріп, жайпақ тәрелкеге салып аламыз.

  8. Құймақты жылы күйінде бетін майлап бірінің үстіне бірін саламыз.

  9. Дайын құймақты дастарханға тосап, бал, қаймақ, еріген шоколадпен ұсынамыз.

Слайд №6.

Жұмбақ шешу.

  1. Су болмаса да сұйық

Өзі бітеу тұйық. / жұмыртқа /

  1. Ақ қиыршық еритін,

Ас жоқ одан жеритін. / тұз /

  1. Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңіліне сыйлайды. / дастархан /

  1. Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас. / нан /

Ой толғаныс: Слайд № 7.

  1. Құймақтың қандай түрлері бар?

  2. Тұзды құймақты дастарханға немен береді?

  3. Құймақ жасау үшін пайдаланылатын ұн түрлері?

Үйге тапсырма:

1. 77- 78 беттерді оқып келу.

2. Тұзды құймақ пісіру.

© 2010-2022