Топырақ өңдеуге арналған машиналардың құрылысы мен жұмыс істеу принціпі

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні : Технология Сыныбы: 5 Күні :­­­­______

Сабақтың тақырыбы: Топырақ өңдеуге арналған машиналардың құрылысы мен жұмыс істеу принціпі.

Білімділік: Топырақ өңдеу жолдарын түсіндіре отырып, заман талабына сай топырақты өңдейтін түрлі техникалардың атқаратын қызметін жұмыс істеу технологиясы туралы толық мағұлмат беру. Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін дамытып, ізденіушілік, еңбекқор қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды еңбекті сүюге, берілген тапсырмаларды өз уақытында тиянақты орындай білуге, жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтап жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: топырақ.

Пәнаралық байланыс: химия, биология, қазақ тілі, әдебиеті

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың жоспары:

І Ұйымдастыру кезеңі.

ІІЖаңа сабақты түс

ІІІБекіту инструктажы

ІV Жұмыс орнын жинақтау

І Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал-жабдықтар кабинет тазалығы т.б)3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақтың барысы:

Топырақ жер қыртысының ең жоғарғы қабаты, ол өсімдіктерге нәр қорек береді. Топырақтың құнарлы үстіңгі қабаты- өсімдіктердің өсуі мен дамуына қажетті қоректік заттардың орасан зор қоймасы. Мысалы қара топырақтың 1-гектарында 300-400 тоннаға дейін органикалық заттар, 15-16 т азот пен 10-20 т фосфор болады. Ал құнарсыз күлгін топырақтың 1-гектарында 3 т азот, 4 т фосфор мен 50 т калий болады. Ауылшаруашылық дақылдарын егіп, өсіруде топырақ өңдеудің маңызы зор. Топырақ өңдеу- арамшөптермен күресудің шешуші құралы.Топырақ дұрыс өңделсе, өсімдіктердің зиянкестер мен ауру қоздырғыштарын жойып жіберу де оңайға түседі.

Топырақ өңдеу жүйесі- Оған сүдігер жырту, топырақты тұқым себер алдында өңдеу, пар өңдеу сияқты негізгі жұмыстар кіреді. Топырақ өңдеу операцияларына жер жырту, сыдыра жырту, культивациялау, тырмалау, дискілеу, таптау, өсімдіктердің түбін көму, суару, топырақтың қыртысынбұзу, атыздар жүргізу, тегістеу жұмыстары жатады. Осындай қыруар шаруаларды өңдейтін машиналар атқаратын қызметіне технологиялық белгілеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.Олардың қатарына соқалар, фрезалар, тісті тырмалар, щдискілі тырмалар, культиваторлар таптағыш, тегістегіштер жатады.

Аспалы ПЛН-5-35 соқасы топырақты 30 см тереңдікке дейін жыртуға арналған. Бұл соқа ДТ-75, Т -150 шынжыыырлы және доңғалақты тракторларға тіркеледі.

Топырақ өңдеуге арналған машиналардың құрылысы мен жұмыс істеу принціпі.Топырақ өңдеуге арналған машиналардың құрылысы мен жұмыс істеу принціпі.

Бұл тырнауыштар жер қыртысы мен кесек топырақтарды қопсытып, майдалауға арналған. Олар егістіктің үстінгі бетін тегістеп, қопсытып, ылғалдың ылғалдың буланып кетуін азайту үшін, жаңа шығып келе жатқан арамшөптерді құрту үші өқажет.Тырмалар жұмыс органдарының құрылысына қарай тісті, серіппелі, дискілі ал салмағына қарай ауыр, орта және жеңіл салмақты болып бөлінеді.

Бұл культиватор топырақты қопсытуға, арамшөпті отауға, тыңайтқыш шашуға, түптеуге арналған. Атқаратын қызметіне қарай топырақты жаппай өңдейтін және қатар аралықты өңдейтін культиваторларға бөлінеді. Тракторға тіркеу әдісіне байланысты тіркемелі және аспалы болып бөлінеді. Культиваторлар жебе сияқтя табан мен де серіппелі тістермен де жабдықталуы мүмкін. Негізгі құрастыру бөлшектері суреттегі көрсетілгендей- рама, тіркеу тетігі, доңғалақ, жұмыс орғандарының тереңдңгңн реттейтін механизм, тырманы асатын құрал, көлденең білеушелермен жұптасып жалғанған.

Сабақты қорытындылау:Оқушылар білімдерін сұрақ жауап арқылы тиянақтап қорытындылау.



© 2010-2022