Көмекші құрал Ағашты қолмен өңдеудің құралдары

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Көмекші құрал Ағашты қолмен өңдеудің құралдары

№ 10 КОЛЛЕДЖ мкқк





Көмекші құрал



Ағашты қолмен өңдеудің құралдары









№ 10 колледж әдістемеліккеңесіндеқаралыпбекітілді.

Колледжішіндекөмекшіқұралретіндеқолданылуынарұқсатетілді.







Ө/о шебері: Муллашиков Д





Ағашты қолмен өңдеудің құралдары

Өлшеуіш құралдар

Р-3 өлшеуіші (1, ж-сурет) (МЕМСТ-7502-80) -ішінде ұзындығы 1-100 м өлшеуіш таспасы бар дөңгелек металл немесе пластмассақорап. Ол метр, сантиметр, миллиметрге бөлінген. Өлшеуішті ұзындықты есептеу, сондай-ақ кесетін материалдардың ұзындың өлшемін шамамен өлшеу үшін қолданылады. Өлшеуішпен жұмыс істеген кезде сыртқы қабатының қапсырмасынан шырыптұрған өлшегіш таспаның сақинасынан ұстап, оны қабығынан тартып шығарады. Таспаны қайта орау кезінде қабының бұйір бетінің орта тұсына орналасқан бүктемелі тұтқаны айналдырады.

Өлшеуіш кез келген дайындамалардың жуандығы мен енін, содай-ақ неғұрлым қысқа ағаштардың ұзындығын өте қияөлшеп және салуға арналады. Ол спираль тәрізді жиналып салынатын металл қаптан және сол қапта орналасқан беті бөліктерге бөлінген, ұзындығы 1-2 м болат таспадан тұрады. Қаптың бүйіріне орналасып, серіппемен қосылған түймешемен басқанда, таспа одан серпіліп шығады. Кейін қайтадан қабына қолмен оралады.

Бүктемелі өлшеуіш (1, з-сурет) - бөліктерге бөлінген металл немесе ағаш сызғыштардың жиынтығы. Бұл өлшеуіш бір-бірімен топса арқылы жалғасады және жылдам жиналады немесе жазылады. Өлшеуіш паркет еден төсеу кезінде шағын, болымсыз заттардың ұзындық өлшемін өлшеу қызметін атқарады.

Өлшеуіштің буындары жалпаң (қатты) жапырақты ағаш материалдардан дайындалып, оған олиф майын әбден сіңіреді, ажарлайды және айқын сары түске бояп, бөліктерге бөлгеннен кейін цифрларды түсіріп, лакпен қалың етіп жағады. Бүктемелі өлшеуішті пластинді болат таспадан істейді, ал оның ұшын ұшталған ақ қаңылтырмен қаптайды. Топсалы қосылыстары еркін бекітілген тойтармалардан жасалады.

Бұрыштық сызғыш (1, г-сурет) құрылыс элементтерінің тікбұрыштылығын тексеру қызметін атқарады. Ол тікбұрыш етіп монтаждалған бөлгіші бар сызғышнегізден тұрады. Бұрыштамалар көлемі 250-160-22 ағаштан немесе көлемі 500x300x240 мм металдан жасалады.

Ерунок - 45° немесе 135°-ты таңбалап, өлшеуге арналған сайман. Ол бұрышы 450 кигізілетін ағаш немесе металл сызғыш қалыптан тұрады.

Малкаүлгі бойынша бұрыштарды өлшеу және оларды дайындама-бөлшектерге көшіру үшін қолданылады.

Бір-бірімен топсалы түрде жалғасқан негіз-ңалып пен сызғыштан түрады.

Циркуль(1, ғ-сурет) өлшемді дайындамаларға көшіру және дөңгелек таңбалар сызу үшін пайдаланылады.

Нутромер- тесіктердің ішкі диаметрін өлшеуге қолданылатын циркульдің түрі.

Тіктеуіші бар деңгей анықтағыш- бөлшектердің тік орналасуын анықтауға арналған үш бұрышты құрал.

Центрін табатын бұрыштама- цилиндр тәрізді заттың центрін анықтауға арналған аспап. Бұрыштамаға сызғышорнатылады.

Бұрыштама үстіңгі жағынан планкаға бекітілген. Сызғышты бекітілетін планканың ортасында тұратындай және бұрыштаманың тік бұрышын екіге бөлетіндей етіп құрады.

Көмекші құрал Ағашты қолмен өңдеудің құралдары










1-сурет. а - 1 метрлік сызғыш; ә- 50 см-лік сызғыш;

б- 30 см-лік сызғыш; в - і/ш бұрышты сызғыш;

г - бұрыштық сызғыш; е - циркуль; д - штангенциркуль;

е -рейсмус; ж - рулетка; з - бүктелмелі сызғыш

Көмекші құрал Ағашты қолмен өңдеудің құралдары












2-сурет. Араның турлері: а - екі сапты көлденең кесетін

ара; ә - жалпаққол ара (көлденең кесетін); б - жіңішке

қол ара; в - шуйделі қол ара; г - наградка; е - садақ

тәріздес ара

Центрді табуға ңажетті цилиндр тәрізді затты қояды да, сызғыштың көмегімен бір-бірін қиып өтетін әрі диаметрлердің қызметін атқаратын екі түзу жүргізіледі. Түзулердің (диаметрлердің) қиылысу нүктесі цилиндр формалы заттың центрі болып табылады.

Деңгей анықтағышқұрылыс элементтері мен құрылымдары (еден, арқалық, т.б.) жазықтығының көлденең және тік орналасуын тексеру үшін қолданылады. Ол ішіне қызғылт немесе сары жасыл түске боялған сұйық зат (спирт) толтырылған, түтік дәнекерленген металдан жасалған корпус түрінде болады. Сұйықтың ішінде ауа көпіршігі (ампула) болады, ол әрқашан сұйықтықтың үстіңгі бетінде жүзіп жүреді. Деңгей анықтағышты тура көлденең қойған кезде түтік (ампула) ішіндегі ауа көпіршігі корпустағы белгілердің дәл ортасына қарама-қарсы келіп тоқтайтындай етіп ұстатқыш бұрандамалармен реттеледі. Деңгей анықтағыштардың ені -16,22,25 және 28 мм, биіктігі - 30, 40, 50 және 56 мм, ұзындығы 230, 300, 500, 750 және 1250 мм.

Отволокатақтайдың жиегіне сызық жүргізу қызметін атқарады, ұзындығы 400 және ені 50 мм болып келетін ағаш кеспелтек түрінде болады. Отволока кеспелтегінің бір жақ шетінде кішкене қиғаштың, ал екінші жақшетінен оның 1/3 бөлігіндей қашықтырында шеге қағылған шығыңқы жер болады. Шегенің істік ұшымен сызық заттар жүргізіледі.

Қапсырма- шабақтар мен құлақшаларды қолмен тесу кезінде белгі салуға арналған аспап. Ол кішкене ағаш кесіндісінен тұрады, шетінен бастап 1/3 аралырының ширегін алып жатыр. Сол ширек бөлікке үшкір жақтары сызық-сызат салатындай арақашықтықтары бірдей етіп бірнеше шеге қағылады.

Сызық параллель түзулерді белгілеуге арналған; ол үшкір ұштарын қажетті мөлшерге жылжыта алатын аша тәрізді болады.

Тіктеуіш- (МЕМСТ 7948-80) ағаш құрылымдарының (терезе мен есік блоктарының, қабырғалық жиһаздар, қосалқы қабырғалар) тік орналасқанын тексеретін, бір жақ шеті конусты аяқталатын, цилиндр пішінді металл салмақ қызметін атқарады. Салмақтың диаметрі -18,30 және38, соғансәйкес ұзындығы39, 64, 98,114,132,144, 165 және 200 мм болады. Ол ұзындығы 3, 5, 7 және 10 м орауышқа (катушка) оралған зырырдан ширатылған жіпке байланады.

Араш кесінділері мен бөлшектеріне бір жақ бетін параллель сызықтар жүргізетін рейсмус (1, е-сурет) орнатылады, ол әр екі тесігінен екі ағаш кеспелтегі өтетін араш қалыптан тұрады. Ағаш кеспелтектегі бір жақ шетінде сызаттарды жүргізетін үшкір шпилькалары болады. Ағаш кеспелтекті қалыптың арғы бетіне қарай өткізе отырып, оның жиегінен бастап белгі салынатын сызыққа дейінгі керекті арақашықтық шамасын белгілейді.

Штангенциркуль(МЕМСТ 166-80) (1, д-сурет) бөлшектер мен бұйымдардың сыртқы және ішкі көлемін өлшеу үшін қолданылады. Штангенциркульдің төрт түрі болады. Ең көп қолданылатын штангенциркуль сыртқы және ішкі өлшемдерді өлшейтін қос ерінді және тереңдігін өлшейтін сызғышы бар ШЦ-1 маркалы түрі болып табылады.

Микрометр (МЕМСТ 6507-78) ағаш шеберлігі бұйымдарын (шабақ, құлақша, т.б.) ара полотносы, пышақтар және басқаларын дәл өлшеу үшін пайдаланылады. Сыртқы өлшемдерді өлшеу үшін ең көп қолданылатын диапазон өлшемі 0-25, 25-50, 50-75, 75-100 және басқалары болатын тегіс МК түрі қолданылады.

Калибрлар, қапсырмалар бөлшектер мен бұйымдардың геометриялық өлшемін тексеру қызметін атқарады. Аралайтын материалдарды дұрыс белгілеу үшін алдымен сызбамен танысып, белгі салуға қажетті құрал-саймандарды дайындау керек. Белгі салынған сызықтар мен сызаттар материалдың бетіне қарындашпен немесе бізбен салынады.

Сызғыштың жиектері тегіс болу керек. Түзу сызық жүргізу үшін әуелі материал бетіне оның жиегінен бастап қажетті арақашықтықты өлшеп алып, нүктелер қойып болған соң, сол нүктелерден сызық жүргізіледі.

Қол аралар жалпақ, жіңішке және шүйделі болып бөлінеді. Жалпақ қол араны ағаш шеберлері және балташы жұмыстарында (1, ә-сурет) тақтайлар мен кеспелтек ағаштарды көлденең кесу үшін қолданылады.

Қол араның кескіш бөлігінің ұзындығы 1-2 типтері бойынша - 250-650 мм, тістер аралығы - 2, 5-6, 5 мм, 3 тип бойынша - 3-250-600 мм, тістер аралығы - 5 мм.

Жіңішке қол ара(2, б-сурет) жұқа тақтайларды аралау үшін, қисық сызықты бөлшектерді, тесіп өтетін ойықтарды кесу үшін пайдаланылады. Ара полотносы аспап жасауға арналған суықтай құйылған болаттан, тұтқасы қатты ағаштан жасалып, оған әбден олиф майы сіңіп, лак жағылып дайындалады.

Шүйделі қол араны (2,в-сурет) терең бойламай аралау «мұртша» кесу және ағаштың ұсақ кесінділерін аралау кезінде, сонымен қатар ағаштарды бір-біріне қиыстыра қосқанда пайдаланады. Араның жоғарғы жағы жуандау болып келеді. Тұтқасының қалыңдығы - 22 мм; ара тістері 0,8 мм-ге дейін келеді. Ара тістері тік бұрышты, ұшбұрыш пішінді болады. Араға біршама қаттылық беріп тұру үшін оның үстіңгі бөлігіне онша қалың емесшүйдеше бекітілген. Оны, сондай-ақ ағашты бір-біріне жымдастыру, біріктіру кезінде пайдалануға болады.

Наградка қол арасы (2,г-сурет) тесіп өтпейтін сынашаларды отырғызуға арналған ойықтар үшін ағашты теспей аралау, сондай-ақ өте тар ойықтарды аралау үшін де қолданылады. Оның ұзындығы -100-120 мм, қалындығы -0,4-0,7 мм.

Садақ тәрізді ара (2,ғ-сурет) ағаштың ұзынынан бойлай және көлденең аралау үшін пайдаланылады, ал оның өзі керіле тартылған ара тістері (1) бар ағаш станоктан (садақ) тұрады, таяныштың тұтқалары (2) араның ара тістері - түйреуіштер арқылы бекітіледі, таяныштар (3) белдеу (5) арқылы қосылады, олардың араға қарама-қарсы ұштары адырна (4), бұрау (6) арқылы байланысады. Станок қатты ағаштан жасалады, ал адырна (4) диаметрі 3 мм-лік зығыр немесе кендір жібінен есіледі.

Аралар садақты ара бойлай кесетін (көлденең кесетін), керте кесетін ара болып бөлінеді.

Бойлай кесетін араның жалпақтығы - 45-55 мм, қалыңдығы - 0,4-0,7 мм, тістерінің аралығы - 5 мм, қайрау бұрышы 40-50° болады. Тістерінің ұшы тура (үшкір) шығарылған, ара тістерінің ұзындығы - 780-800 мм. Мұндай аралар ағашты бойлай кесуге арналған.

Көлденең кесетін ара тістерінің кеңдігі - 20-25 мм, қалыңдығы - 0,4-0,7 мм, тістерінің аралыры - 4-5 мм, тістерінің қайрау бұрышы - 65-80, тістерінің пішіні тең қабырғалы үшбұрыш тәрізді, ұштары қиғаш, ара тістерінің ұзындығы - 750-800 мм.

Бұрау арқылы кесетін аралар қисық сызықты сопақша фигура жасап кесу үшін қолданылады. Олардың ара тістерінің ұзындыры 500 мм-ге дейін, жалпақтығы 4-тен 15 мм-ге дейін болады, тістері тура шығарылған, тістерінің аралығы - 2-4 мм, қайрау бұрышы - 50-60°. Бұл ара тістерінің өлшемдері 1 мм-ден көп емес, сондықтан кескен жері жіп-жіңішке болып шығады.

Керте кесетін аралар шабақтар мен ойықтарды кесу үшін пайдаланылады. Олардың ара тістерінің жалпақтығы- 40-50 мм, қалыңдығы - 9,4-0,5 мм, тістері тікбұрыш пішінді, тістерінің аралығы 3-4 мм және қайрау бұрышы - 80-85°, араның ұзындығы 600-700 мм болады.

Ағашты сургілеу

Қолмен сүргілеуге арналған аспаптар:қолмен сүргілеу үшін ағаш және темір сүргілер қолданылады.

Сүргімен жақсы жұмыс істеу үшін және оның материал бетімен еркін қозғалысы үшін алдыңғы бөлігінде мүйізшесі (2) болады. Сүргі табаны түзу және тегіс болуға тиіс. Себебі табаны үнемі үйкеліске түсетіндіктен, оны қатты ағаштан - қызыл қайыңнан, шамшаттан, шетеннен, еменнен немесе ақ үйеңкіден қосымша табан жасап желімдейді. Қалыптың табанын жасаған ағаштан мүйізшені, тіреуішті, сынаны, жапсырманы дайындауға болады. Түтқасын ПФ-А өңделмеген фанер тақтасынан жасайды. Сүргі табаны мен жапсырмасын суға төзімді желіммен жапсырады. Сүргіні дайындау үшін шірігі жоқ, құрт жемеген, өскіні жоқ, жарылмаған түзу қабатты, дымқылдығы 10+12% -дан аспайтын ағаш алынады. Мүйізшені әр түрлі соққыға шыдамды полистрилдан жасауға болады.

Сүргі мен фуганоктың корпус табанын (қалыбы), пышағына жанасатын сыналы бетінен басқа жерлерін, бөлшек беттерін суға төзімді ашық түсті лакпен бояйды.

Шерхебель(МЕМСТ 14666-79) ағашты ұзынынан, көлденең және талшықтарға белгілі бір бұрыш жасай қиып, сүргілеуге арналған. Шерхебельмен сүргілеп болғаннан кейін ағаштың беті жақсы тегіс болмайды, онда науашалар тәрізді шұқыр-шұқыр іздер кездеседі. Мұның өзі пышақ жүзінің түзу емес, радиусы 35 мм болатын сопақша пішінінен пайда болады. Шерхебельмен жұмыс істеген кезде оның жаңқасы жіңішке және қалың болады.

Бір пышақты рубанокты (МЕМСТ 14664-77) ағашты тіліп алғаннан кейін немесе оны шерхебельмен өңдеп болған соң сүргілеу үшін қолданады. Пышақ жүзінің ені 40 мм түзу, оны 1 мм етіп шығарады. Бұл сүргінің жоңқасындырғышы болмағандықтан, онымен жұмыс істеген кезде жаңқалары сынбай, бір-біріне жалғасып түседі, осының нәтижесінде өңделген ағаштың бетіне аздаған ойпаттар, ал кейде кішкене кетіктер пайда болады.

Екі пышақты рубанокты (МЕМСТ 14665-77) ағашты таза етіп сүргілеу үшін пайдаланады. Онымен, сондай-ақ беті кесілген, аздаған ойпаттары мен кедір-бұдырлары бар ағашты сүргілеуге де болады. Екі пышақты рубаноктың бір пышақты рубаноктан айырмашылығы, оның пышақтан басқа қосалқы пышағы - жаңқа сындырғышы болады.

Жаңқа сындырғышы бар кезде сүргілеу сапасы анағұрлым сапалы болады, өйткені ағаштан бөлінген жаңқа пышақтың үстімен сырғып отырып жоғары қарай майысады да, сындырғышқа созылып, сынады. Жаңқаның бөлініп шыққан сынығы ағаш бетінен жаңа жаңқалармен кішкене кетіктердің алынып отыруын сақтап қалады. Жаңқа сындырғыш неғұрлым пышаққа жақын орналасса, соғұрлым жаңқаны тезірек сындырады, сондықтан ағашты сапалы өңдеу үшін жаңқа сындырғышты пышаққа жақыныраққояды, бірақ та оны тым жақын (2 мм-ден кем) тағы қоюға болмайды, өйткені жаңқа бұл кезде оның жүзіне кептеліп қалады да, сүргілеу жұмысы қиындап кетеді.

Ағаш рубаноктан басқа, ағашты сүргілеу жұмысында металл шерхебельдер мен бір және қосалқы пышақты рубаноктар қолданылады. Рубанок деп оның негізіне бұрандаманың көмегімен арнаулы пышақ бекінісін ағашты әрлеуге арналған құралды айтамыз.

Сүргіленіп шығатын жаңқа мөлшері пышақтың шығуы арқылы реттеледі. Металл рубаноктар, негізінен жөндеу жұмыстарын жүргізуде қолданылады.

Фуганок(МЕМСТ 14670-77) біржолата тазалап сүргілеу, сонымен қатар кейбір бөлшектерді қиюластыра сүргілеу қызметін атқарады. Фуганок әдеттегі сүргіден үш еседей ұзын, сондықтан ол неғұрлым ұзын бөлшектерді сүргілеуге мүмкіндік береді. Фуганок корпусының алдыңғы жақ үстіне тығын (1) орналасады,Қағылған сол сынаны балғамен ақырындап ұру арқылы пышақты ойықтан шығарады. Фуганокпен беті иректеліп тілінген ағашты сүргілегенде, оның жаңқалары таспаның қысқа-қысқа бөліктері түрінде шығады, ал екінші рет жүргізген кезде ұзыннан ұзақ созылған жұқа таспа пайда болады. Мұның өзі ағаштың беті толық тегістеліп, сүргілеуді аяқтауға болатындығын көрсетеді. Ұзындығы ықшам бөлшектерді корпусы қысқалау (650-дің орнына 530 мм) жартылай фуганокпен (МЕМСТ 14671-77) сүргілейді.

Бетінде кедір-бұдырлары, көздері бар ағашты тазалау үшін корпусы қысқартылған рубанокты - тегістегішті (шлифтік) қолданады. Тегістегіштің тар саңылауы (ені 5 мм) кеңейтілген.

Шөгу бұрышы 600, осының арқасында жұмыс істеу кезінде жұп-жұқа жаңқалар шығып, ағаштың беті тазарақ болып сүргіленеді.

Цинубель(МЕМСТ 14667-79) - желімдеуге арналған ағаштың бетіне ұсақ, әрең байқалатын жырашықтар мен түкті бұртікшелер салу қызметін атқарады. Пышағы кептелген жүзді болады. Цинубельдің кептелген жүзі бар пышақтың орнына рубанокқа арналған жай пышақты ауыстырса, ол тегістегіш ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Кесілген жерді сүргілейтін ұштық рубанок жай сүргі түрінде және бөлшек ұштарын сүргілеу үшін пайдаланылады, себебі пышақ бүйір бетіне белгілі бір бұрыш жасап тұрғандықтан, сүргілеу процесін жеңілдетеді және өңдеу сапасын арттырады. Егер жай рубанокпен тақтайдың осіне белгілі бір бұрыш жасап сүргілеу жүргізсек, онда оны ұштық рубанок есебінде пайдалануға болады.

Зензубель(МЕМСТ 14668-79) қолмен іріктеу және жасалып жатқан ағаш бұйымдардың ширек қырын алу үшін қызмет етеді. Зензубельдің корпусы ұзын (88 мм), табаны жіңішке әрі тұзу болады. Оның бүйіріндегі тесік сүргілеу процесінде жаңқалардың еркін шығуын қамтамасыз етеді және өңдеу сапасын жақсартады. Зензубельдің пышағының жүзі астыңғы жағындағы бір жақ бүйірінен шығарылған, сондықтан ол сүргілеу кезінде ағаштың ширек қырын алып шығады.

Фальцгебель(МЕМСТ 14669-79) - ағаш бұйымының ширек қырын алып, тазартуға арналған сүргі және оның зензубельден айырмашылығы, табаны ойлы-қырлы болады.

Шпунтубельжиектелген және қабатталған бөлшектерге қолмен ойың салуға арналған. Ол бір-бірімен бұрандама арқылы байланысқан екі корпустан тұрады және корпустың біріне пышақ бекітіледі. Корпусты ойықтау бөлшектің жиегіне дейінгі қашықтықты есепке ала отырып орнатады. Әр түрлі енді ойық өрнек үшін пышақтар жиынтығы болады. Шпунтубельдің ұзындығы - 250 мм, жалпақтығы - 20 мм, биіктігі - 80 мм.

Ол орнатылған электр қозғалтқыштан (3), екі шарикті подшипник айналатын ротордан тұрады. Ротор бөлігінің шетіне жетекші шкив қойылған. Ол сыналы-белдік берілісті (7) айналысқа түсіреді. Екі жалпақ пышақты пышақ барабаны (фрезалар) сыналы-белдік беріліс арқылы ротор бөлігінен айналады. Сүргіде алдыңғы (жылжымалы) және корпуспен бірге құйылған (қозғалмайтын) артқы панелдер (шаңғысы) болады. Арнайы механизм көмегімен алдыңғы шаңғысын түсіріп және көтеріп тұрады, сөйтіп фрезерлеу (сүргілеу) тереңдігін реттеп отырады. Сүргіні үстелге, верстакқа панелін жоғары қаратып бекітіп, ағаш шеберінің қолын пышағы бар барабанға (фрезара) жылжып кетуден қорғайтын алмалы қорғауыш орнатып, жартылай тұрақты станок ретінде пайдалануға болады.

Егер сүргілеу кезінде сызғыштытегіс ете алмаса, онда бұрыштама бөлшектеліп алынады да, бекітілген негіздің түзулігі тексеріледі, оған дәлме-дәл тік бұрыш жасалып, жаңа сызғышжелімденеді. Бұдан кейін бұрыштаманы тексереді. Бұрыштама бөлшектерді (сызғыш, негіз) қатты ағаштардан (емен, қызыл қайың, үйеңкі, ақ үйеңкі) дайындайды. Ол ағаштар сызатсыз, шірімеген, жарылмаған болуы, дымқылдығы 10%-дан артық болмауы тиіс. Олиф майы әбден сіңіріліп және ажарланғаннан кейін бұрыштама бөлшектеріне лак жағылады.

Ерунок та осындай жолмен тексеріледі. Оны тегіс тақтайға салып, тақтай жиегіне негізбен (қалыппен) қысады, Бұрыштаманы оған қатарластыра жатқызып, сызық сызылады, мұнан соң суретте көрсетілгендей етіп ерунокты екінші жағына аударып, тағы да сызықтар жүргізеді. Егер жүргізілген екі сызық бір-біріне дәл келсе, онда ерунок жұмыс істеуге жарамды болғаны. Ал сызықтар дәл келмеген жағдайда ерунокты жөндейді.

Ерунокты жөндеген кезде оны бөлшектеп, сызғыш пен қалыптың түзулігін жеке-жеке тексереді. Мұнан кейін оны сызғыш пен қалып аралығында 45° және 135° бұрыштар пайда болатындай етіп, қайта жүргізілген сызықтар бір-біріне дәл келсе, ерунок пайдалануға жарамды болып табылады.

Малкаларды да осылайша жөндейді. Садақ тәріздес аралардың, негізінен тұтқасы, берік ағашы, бұрауы және кейде тіреу ағашы істен шығып қалады. Араның жұмысқа жарамсыз элементтерін алмастыру үшін ескі бөлшектер көлемі немесе сызбасы бойынша жаңадан дайындайды. Садақ тәріздес араның элементтерін шамшат, қайың және басқа да ағаштардан жасайды. Ағаш түзу қабатты, құрт теспеген, шірімеген және жақсы кептірілген (ылғалдылығы 8-12%) болуы керек.

Электр сүргісімен жұмыс істеу ережесі. Электр сүргісімен жұмысқа кіріспес бұрын, пышақтың дұрыс қайралғанын және орнатылуын тексеру қажет. Пышақтың жүзі біркелкі қайралып, астыңғы табанынан бірдей деңгейде шығып тұруы керек. Пышақтың салмағы да бірдей болғаны жөн. Орналаспастан бұрын пышактарды әбден қайрап және пышақ білігі (барабаны) соғылмай айналатындай етіп, теңестірілуі керек. Ұшталу бұрышы 40-420 болуы тиіс. Пышақтарды білікке мықтап бекіткен кезде оның кесетін бөлігінің жиектері плитаның цилиндрлі жазықтығынан 1-1,5 мм мөлшерде шығып, ал пышақ жүзі тақта осіне міндетті түрде параллель болуытиіс.Бұл жұмыс процесін мына тәсілмен тексереді. Сүргі пышақтарын орнатып болғаннан кейін әйнекті сүргілеу тақтасының үстіне қойып, білікті айналдыру арқылы анықтайды. Әйнек түзу параллель жатуға тиіс.

Электр сүргісімен былайша жұмыс істейді. Штепсель ашасын электр жүйесіне қосады да, шүріппені басып, электр қозғалтқышын іске қосады. Пышақ білігі айналу жиегінің қажетті мөлшеріне жеткенде, верстакқа немесе үстелге бекітілген электр сүргіні өңделетін материалға түсіреді. Өңделуге тиіс материалдар алдын ала шаң-тозаңнан, батпақ-кірден, қардан тазартылуы тиіс. Электр сүргісімен жұмыс істеген кезде одан ұшатын жаңқалар мен үгінділер оның табаны астына түспеуі үшін материалдың бойымен тіке сызық жасай, түзу жылжыту қажет.

Электр сүргісін ағаш бойымен алғаш рет өткізгеннен кейін (егер ағашты өңдеуді бастау ұзына бойлай немесе өңделген учаскенің қасында жүргізу қажет болса) электр қозғалтқышты ажыратып, сол ажыратылған күйіндегі электр сүргіні бастапқы қалпына қайта әкеліп, электр қозғалтқышын іске қосады да, қайтадан жұмысқа кіріседі. Үзіліс кезінде электр сүргісін ажыратып, табанын жоғары қаратып немесе бүйіріне жатқызып қою керек.

Сүргі дірілдеген кезде пышағының дұрыс теңестірілгенін, сонымен қатар барабан подшипниктеріндегі саңылауды (люфт) тексереді. Егер өңделген бет сапасы таза болмаса, пышақтың өткірлігін тексеріп және жаңқадан сүргіні тазарту қажет.

Электр сүргісімен жұмыс істеу барысында өте сақ болу керек, ал оның ток жіберетін бөліктері абайсызда тиіп кетуден сенімді қорғалуы тиіс. Барлық электр қосылыстары сенімді түрде оқшаулануы (изоляциялануы) керек. Токпен қоректенетін кабельдерді бұрап не бүктеп салуға болмайды. Электрлі аспаптармен жұмыс істеуге техника қауіпсіздігі жөнінде нұсқаумен таныс, сауатты маман ғана жіберіледі.

Сүргілермен және электр сүргілерімен жұмыс істегенде мынадай кемшіліктері болады: мүктігі немесе түктілігі. Ол ақаулар өткір емес пышақпен жұмыс істегенде байқалады.

Ұзындығын және қайрақұштығындағы өңделу сапасын бірнеше нүктелер бойынша бұрыштамамен қарайды. Бұрыштаманы бөлшектер шеті мен брта тұсына, ал ұзын бөлшектерді және басұа нүктелерді бөлшектер ортасы мен шетіңің арасына қойып тексереді.

Көз мөлшерімен тексеру үлкен дағдыны талап етеді. Жұмыс істеуде адам кеспелтек ағашты қолына алып, оны көз алды деңгейінде жарық алдына әкеліп, байқап қарайды. Сапасыз өңделу салдарынан пайда болған тегіс емес жер кеспелтек ағашқа көлеңкесі түсіріп, қарауытқан дақ сияқты болып көрінеді. Өңдеу сапасын, сонымен ңатар сызғышпен де тексеруге болады.















19


© 2010-2022