Танымдық шарасы: Асыл қазынамыздың алтын кілті»

Қазақ мәдениетіндегі сөздік индустриясы бастауын өткен ХХ ғасырдың орта тұ­сынан алады. Сол кезеңдегі Қазақ ҒА Тіл білімі институтында көп томдық, яғни толық түсіндірме сөздік жасауға қажет материалдар – карточкалар жинау жұмысы 1950-жылдардан басталды. Бұл күнде А.Байтұрсынұлы атындағы институтта 5 миллион карточка қоры бар. Бұл жұмысты орындауда институт қызметкерлері 12 жылдан астам тер төкті. Демек, сөз етіп отырған үлкен 15 томдық түсіндірме сөздіктің арқауы осы он томдықта тартылған.Бұл өт...
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Асыл қазынамыздың алтын кілті» танымдық шарасының сценарийі


1 - жүргізіші: Қайырлы күн,құрметті студенттер мен оқутушылар. Бүгінгі кафедрамызда ұйымдастырылып отырған «Асыл қазынамыздың алтын кілті» атты танымдық шарамызға қош келдіңіздер! Өзімізге белгілі, жаңа 2012 жылдың қарсаңында қазақ елі тәуелсіздігінің 20 жылдық тойын тойладық. Осы тойға шашылған шашудың бірегейлерінің бірі - «Қазақ әдеби тілінің сөздігі» атты 15 томдық еңбек.

2-жүргізуші: Бұл - жай ғана көзге көрініп, қолға ұстайтын 15 кітап емес, халықтың мәдени-рухани тірлігінің баға жетпес құндылығы. Сонымен қатар, шаңырақ иесі - қазақ халқының ана тілінің заңдастырылған мемлекеттік тіл дәрежесінде толық қызмет етуі үшін жүріп жатқан игілікті ашық майданда қолға ұстайтын мықты құралы .Тілдің өзі адамдардың өзара қатынас құралы болса, сөздіктер екі еселенген құралдың құралы десек артық болмас.

( «Сөздік тарихы» Сапарова А)

1-жүргізуші: Қазақ мәдениетіндегі сөздік индустриясы бастауын өткен ХХ ғасырдың орта тұсынан алады. Сол кезеңдегі Қазақ ҒА Тіл білімі институтында көп томдық, яғни толық түсіндірме сөздік жасауға қажет материалдар - карточкалар жинау жұмысы 1950-жылдардан басталды. Бұл күнде А.Байтұрсынұлы атындағы институтта 5 миллион карточка қоры бар.

2-жүргізуші: Бұл жұмысты орындауда институт қызметкерлері 12 жылдан астам тер төкті. Демек, сөз етіп отырған үлкен 15 томдық түсіндірме сөздіктің арқауы осы он томдықта тартылған.

( «Сөздік мақсаты» Бектелеу А)

( «Сөздіктің құрамы мен құрылысы» Алмадиева, Төлеуғалиева)

1-жүргізуші: Бұл өте көп материалды көзден өткізіп, сол бойда редакциялау жұмысына көмектесетін, атап айтқанда сөзтізбені толықтыру, құрастыру жұмыстарынан өткен материалды тексеріп, бір жүйеге салып, бірізділікке түсіру үшін сөздікшілер қатарынан арнайы ғылыми редакциялық топ құрылды, ол топта институт қызметкерлері А.Жаңабекова, О.Жұбаева, Қ.Күдеринова, А.Үдербаев, А.Фазылжанова, Р.Шойбеков болды. Аталған топ сөздік жасаудың қыр-сырын жақсы игеріп, оның күрделілігі мен қиындығына қарамастан, ерекше ынта көрсетіп, ауыр жұмыстың бейнетін көтерді. ( «Сөздіктің құрылымы» Каримова Д)

( «Сөздікте...» Жалмамбетова А)

2- жүргізуші: Ұлт мәдениетіне олжа салған қазақ тіл мамандарының бұл қарымды еңбегінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақ әдеби тілі сөздігінің жарық көруін еліміздің рухани-мәдени өміріндегі ең елеулі оқиғалардың бірі ретінде бағалап, оның барша халықтың игілігіне айналатын бірегей мұра болуына тілектестігімді білдіремін» деген алғысөзімен жарық көруі қазақ тілін зерттеуші, танытушы, үйретуші барша ғалымдар мен мұғалімдерге қанат бітіргендей болды, қалың жұртшылықтың ана тіліне деген ықыласын арттырып, оны сақтап, дамытуға күш-жігер қосты деп білеміз.

(Тапсырмалар)

1-жүргізуші: «Қазақ әдеби тілі сөздігінің жарық көруін еліміздің рухани-мәдени өміріндегі ең елеулі оқиғалардың бірі ретінде бағалап, оның барша халықтың игілігіне айналатын бірегей мұра болуына тілектестігімді білдіремін» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзі айтпақшы, бұл сөздік - шежіре, қазына.

Танымдық шарасы: Асыл қазынамыздың алтын кілті» Танымдық шарасы: Асыл қазынамыздың алтын кілті» Танымдық шарасы: Асыл қазынамыздың алтын кілті»


© 2010-2022