Конспект по технологий на тему Бөлшектерді қатырмалау

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: «Бөлшектерді қатырмалау».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Оқушыларға киім тігу кезінде желімді материалдарды бөлшектерді немесе

бұйым шеттерін бекітугеқолдану керек екендігі туралы толық түсіндіру.

Дамытушылығы:

Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жан-жақты дамыту.

Тәрбиелілігі:

Оқушыларды еңбекқорлыққа , үнемпаздыққа, эстетикалық талғамға сай тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабаққтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: желімді материалдар.

Сабақ барысы.

Ұйымдастыру кезеңі.

Сынып оқушыларды түгендеп, үйге берілген тапсырмаға деген дайындықтарын білу.

1.Матаны пішудің алдында не үшін декатирлейді?

2.Матаның өң жағын қалай анықтайды?

3.Маталардың, бөлшектердің түрлеріне байланысты тігіске қалдырылатын қосымшалар кеңдігі қанша?

Жаңа сабақ

Желімді материалдарды бөлшектерді немесе бұйым шеттерін бекітуге қолданады. Сонымен қатар желімді материалдар жұқа, жұмсақ материалдардан тігілген бұйымдарды өз формасында ұстап тұруға көмектеседі.

Желімді материалдардың түсі, тығыздығы, қалыңдығы және ені әр түрлі болады, сондай-ақ мата және беймата негізінде шығарылады.Олар: жайма, тор, жіп, жолақ түрінде болады.

Желімді материалдардың кемшілік тұстары бар:

Желімді аралық төсемді тігу барысында ұзақ ылғалдылық-жылулық өңдеуді қажет ететін бұйымдарға қолданылуға болмайды.

Желімді аралық төсем беті бедерлі және сусымалы материалдарға жабыспайды.

Мата негізді аралық төсем материалдары қиғашына созылғыш, ал бойлыққа және көлденеңіне тұрақты. Мата негізді бір жағы желімді аралық төсемге дублирин жатады. Дублиринге желім негізі ұнтақ түрінде нүктелік әдіспен жағылады. Негіздер типі бойынша дублирин маталық, түкті тоқымалық, тоқыма эластикалық деп бөлінеді.

Дублирин- матаға көлем және беріктік беру үшін, созылып кетпеуі үшін, қыртыстануды азайту үшін, сондай-ақ жуу, киіс кезінде бұйымның формасы мен өлшемін сақтау үшін пайдаланады. Бұйым отырмау үшін алдын ала декатирленген матаға желімдеу керек.

Дулирин- бояуға төзімді, жиырылмайтын, отырмайтын экологиялық таза материал.

Флизилин- бұл беймата негізді, бір жағы желімді материал.

Желімді материалдарды немесе бекіту көлемін таңдағанда қажет қатаңдылық есепке алынады.

Сабақты қорытындылау.

  1. Желімді аралық төсем материалдарды не үшін қолданылады?

  2. Аралық төсем материалдарының маталары туралы не білесіңдер?

  3. Киім көлемін, сол сияқты киіс кезінде, жуғанда киім өлшемін және формасын сақтау үшін қандай аралық төсем материалдары пайдаланылады?

  4. Қандай аралық төсем материалдары көлденеңінен жақсы созылады, бойлық бағыты бойынша онша созылмайды?

  5. Беймата негізді біржағы желімді аралық төсем материалы қалай аталады?

Сабақты бекіту.

Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын, сұраққа жауап берген оқушыларға тиісті бағаларын қоямын.

Үйге тапсырма.

Аралақ төсем туралы 4-кестені жазып, тақырыпты толықтай оқып келу.

© 2010-2022