• Преподавателю
  • Технология
  • Тақырыбы: «Білгір технолог» Мақсаты: Оқушылардың білімін, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын сынау, өз –өзіне деген сенімділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Технология сабынан алған білімдерін тексеру. Түрі: Танымдық – зияткерлік ойын Пәнаралық байлан

Тақырыбы: «Білгір технолог» Мақсаты: Оқушылардың білімін, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын сынау, өз –өзіне деген сенімділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Технология сабынан алған білімдерін тексеру. Түрі: Танымдық – зияткерлік ойын Пәнаралық байлан

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Атырау обылысы, Қызылқоға ауданы,Тақырыбы: «Білгір технолог» Мақсаты: Оқушылардың білімін, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын сынау,өз –өзіне деген сенімділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Технология сабынан алған білімдерін тексеру. Түрі: Танымдық – зияткерлік ойын Пәнаралық байлан

Жасқайрат ауылы

Ш.Т. Еркінов атындағы орта мектебі

Технология пән мұғалімі

Құмарова Қорлан Дәулетқалиқызы

Тақырыбы: «Білгір технолог»

Мақсаты: Оқушылардың білімін, ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын сынау,өз -өзіне деген сенімділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Технология сабынан алған білімдерін тексеру.

Түрі: Танымдық - зияткерлік ойын

Пәнаралық байланыс: биология, қазақ тілі, тарих орыс тілі

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, бағалау парағы

Жүру барысы:

Жүргізуші:

Көрермен жиналған бұл тамашаға,

Құр қарап тым отыру жарасама?

Туыс дос, сыныптас, танысқа емес.

Соқ қолыңды білімді жас талапқа.

Қолыңды бекерге бос соға берме,

Ойсыз соқыр сенімнің соңына ерме.

Зерделеп сұрақ - жауап санаңа түй.

Сонда ортақ боласың бар жеңіске!

- Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің мектебімізде ерекше күн: Осы 5 сыныптар арасында «Білгір технолог» тақырыбындағы зияткерлік танымдық ойынына қош келдіңіздер! Ортаға қатысушыларды шақырамыз. Сайысқа 3 топ қатысады.

Ортада Жалын тобы 5 «а» сынып оқушылары

Туған жер тобы 5 «ә» сынып оқушылары

Достық тобы 5 «б» сынып оқушылары

Жүргізуші:

Жол сілтеген болашаққа үміткерлер,

Іштеріңнен шығар әлі үміт күткендер.

Әділдіктің ең басты мақсаты еткен,

Таныстырам әділқазы алқасымен. А. Теміршиева, Ж. Қожағали

Жүргізуші:

Ойынға 3 оқушыдан қатысады. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Ойыншының бір ғана жауабы қабылданады. Жауап нақты, дәл, жинақы болуы шарт.

Сайыс шарттары:

І. «Сандар сыры»

ІІ. «Жеті жұмбақ»

ІІІ.«Ережелер»

ІҮ.«Мұрағаттар»

Ү. «Қол өнер»

Жүргізуші:

Жүргізуші:

І.бөлім «Сандар сыры»

(Оқушыларға 11 сұрақ беріледі, сол сұрақтардың санын табу)

  1. Адам денесінде неше кг су болады? (40-45 кг)

  2. Ыстық тағамның температурасы неше градус болады? (50-60 г)

  3. Салқын тағамның температурасы неше градустан төмен болады? (10 г)

  4. Бір жұмыртқаның құрамында неше пайыз май болады? (10)

  5. Кофені қаңалтыр құтыға немесе шыны ыдысқа неше айға дейін сақтайды? (12 ай)

  6. Шәйді шыны ыдысқа неше жылға дейін сақтайды? (2 жыл)

  7. Какаоны Еуропаға Оңтүстік Америкаға ең алғашқы болып Колумб қай жылы жеткізді? (1492 ж)

  8. Көкөніс дақылдарын қараңғы жерде неше градус температурада сақтайды? (1-3 г)

  9. Қол жұмыстарын орындауда көз бен бұйым арасындағы арақашықтық шамамен неше см болады? (30)

  10. Инелердің нөмірлері нешеге дейін болады? 1 ден12 ге дейін)

  11. Сантиметрлік таспаның ұзындығы неше см болады ? (150 см)

Жүргізуші:

ІІ. бөлім Жеті жұмбақ (Технология пәнінен сұрақтар)

20 ұпай технология

Сұрағы: Зығар маталар нешеге бөлінеді (3)

30 ұпай ағылшын

Сұрағы: әуен-tune, сан- number (ағылшын сөзін қазақшаға аудару.)

40 ұпай қазақ тілі

Сұрағы: Омоним сөздері дегеніміз не? (Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа сөздер тобы.)

20 ұпай информатика

Сұрағы: Пернетақтаның неше бөлігі бар? (бес)

30 ұпай әдебиет

Сұрағы: Керқұлы атты Кенжебай ертегісінің мазмұнынан қысқаша баянда?

40 ұпай тарих

Сұрағы: Тарих дерек көздері нешеге бөлінеді? (5 ке ауызша, жазбаша, археологиялық, этнографикалық, онтропологиялық)

20 ұпай жаратылыстану

Сұрағы: Тау жыныстары пайда болуына қарай неше топқа бөлінеді? (3 магмалық, шөгінді, метаморфтық

30 ұпай технология

Сұрағы: мақта мата неше жылдық өсімдік? (1 жылдық)

40 ұпай математика

Сұрағы: мына амалдарды орында

1)37*42-1461=93

2)728/(617-526))=8

3)(46*15-71*9)/3)=17

ІІІ.бөлім «Ережелер» (Оқушыларға технология сабағынан әр түрлі құралдардың суреті беріледі сол суретке қарап қауіпсіздік ережесін жатқа айту)

1.топқа : Қайшы

2.топқа Ине

3.топқа:Оймақ

Жүргізуші:

ІҮ.бөлім «Мұрағаттар» (Қолөнерге байланысты ұмыт болған көне сөздердің мағынасын ашу. Сандықтағы нөмірленген қағазға қарап жауап беру)

1)Ақмауыты - мақта мен жүнді қосып тоқылған қымбат мата?

2) Сан - шыт мата

3)Тібек - қалың мата

4)Шөжім - жұқа мата

5)Атау -ағаш сақтайтын қойма

6)Ақжамбы -таза күміс.

Ү. бөлім «Қол өнер» (Геометриялық бұрыш кестесін жылдам бейнелеп аяқтау)

Қорытынды: Жинаған өн бойына білім кенін,

Тәнтімін, ынтызармын, өрендерім.

Жарайсың айналайын, сайыскерім!

Бойларыңда от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым!

Әрқашанда осы өнерді сөндірмей,

Біліміңмен шарықтағай әрдайым,- дей отырып, әділқазыларға сөз береміз

Талай қиын асаулардан асып, білім төрінде шарықтап, самғай беріңіздер деп тілек тілегім келеді. Келіп тамашалағандарыңызға, әділ бағасын беріп отырған қазылар алқасына, сынып жетекшілеріне, оқушыларға көп-көп рахмет. Бүгінгі «Білгір технолог» атты , танымдық ойын өз мәресіне жетті. Сөз қазылар алқасына беріледі.

(Оқушыларды марапаттау)















© 2010-2022