Ашық сабақ. Ою өрнек және долбар

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ою өрнек және долбар

Сабақтың мақсаты:

- ою - өрнектің шығу тарихы жайында жалпы түсінік беру

- ою - өрнек түрлерімен таныстыру

- халқымыздың салт дәстүріне, қолөнеріне терең үңілдіріп, ой - өрісін дамыту

- ұлттық ою - өрнек үлгілерін орынды қолдана білуге үйрету

Үй тапсырмасын сұрау

1. Мата неден тұрады?

1/ жіптен 2/ талшықтан 3/ мақтадан

2. Мата неше түрге бөлінеді?

1/екі 2/ үш 3/ төрт

3. Тігін машинасы неше түрге бөлінеді?

1/ төрт 2/ екі 3/ бес

4. Алжапқышты қандай матадан тігуге болады?

1/ жібек 2/ қалың 3/ мақта

5. Адам денесін өлшегенде қай жағында тұру керек?

1/ оң 2/ сол 3/ алдында

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

а/ Сәлемдесу

ә/Түгелдеу

б/назарларын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық

Сөзжұмбақты шешу арқылы келесі жаңа тақырыпқа көшу. Оқушылар сөзжұмбақты шеше отырып, жаңа сабақ қандай тақырыпта өтетінін анықтайды.

1. Тігінші құралы

2. Иық бұйымдарының бірі

3. Ұлттық бас киім

4. Қазақтың ұлттық саз аспабы

5. Ертеден бүгінгі күнге дейін жеткен үй жиһазы

6. Қалыңдықтың бас киімі

7. Ұлттық аяқ киім

Жаңа сабақ жоспары

1. Ою - өрнектің шығу тарихы

2. Ою - өрнектің топтары

3. Ою - өрнектің жасалу жолдары

4. Сарамандық жұмыс

Ою - өрнектің шығу тарихы

Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму тарихы бар. Өте ерте заманда ата - бабаларымыз жазу, сызуды білмей тұрғанда тау - тасқа, белгілі бір мағынаны білдіріп отырған. Қазақ ою - өрнегі ғасырлар бойы дамып, қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан - ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан ірі рухани мәдениет үлгісі ретінде сақталған. Мысалы: әрбір қазақтың үйінде сандық, алаша, киіз, құрақ көрпешелер, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері бар. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім-кешекке, тұскиізге, т. б қолөнер бұйымдарын кестелеп бейнеленетін бедер сол сияқты тоқылатын алашаға, қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп, латынша орнамент деген ұғымды береді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу, сонымен ою - өрнек дегеніміз әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.

Ою - өрнек құрт - құмырсқаға, малдың денесіне, аңның дене мүшесіне, қару - құралдарға, құстарға, ай, күн, жұлдыздарға, көк әлемге, геометриялық фигура тектес, жер, су, өсімдік бейнелі болып бөлінеді.

Сарамандық жұмыс

Оқушыларға қағазды екі үш бүктеу арқылы оюларды сызып көрсетеміз.

Үйге тапсырма

қағазды бүктеу арқылы бірнеше ою қиып келу.

© 2010-2022