Капронан лала гүлін жасау. сабақ жоспары

Технология сабағы бойынжа жоспар. Бұл сабақ жоспарында капронмен жұмыс жасау реттілігі көрсетілген. осы капроннан гүл жасау әдісі суреттеліп көрсетілген. жалпы капронмен жұмыс жасау өте қызықты, одан тек гүлдер ғана емес, сонымен қатар аққу, құыршақтар, әтеш, жасап шығаруға болады. ол негізінен оқушының ой-өрісінен, шығармашылық қабілеттерінен байланысты болады. Капрон жұмыстары өте қызықты, дайын гүлдерден әдемі композициялар құрастыруға болады. Осы көрсетілген сабақ жоспары технология пәндерін...
Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Алматы облысы. Талдықорған қаласы

Ш.Уәлиханов атындағы

№10 орта мектеп-гимназиясы

технология пәнінің мұғалімі

Шукеева Гульбану Кенжебекқызы

Сабақ тақырыбы: «Капронан лала гүлін жасау»

Мақсаты:

  • Дайын жапырақшалардан лала гүлін құрастырып үйрену, оның ішінде ең тиімді әдісін меңгеру, жақсы әдемі өнер туындыларын жасап шығару.

  • Капроннан гүл жасау арқылы қол икемділігін дамытуға, кәсіпкерлік бейімділігін қалыптасыру, іскерлік өнерге баулу;

  • Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі:«Шебер-мектебі»

Материалдық- техникалық құрал:

Гүлдер түрлері, сым темір, капрон түрлері, капрон жіп, дайын жапырақтар, гүл сабақтары, дәнегі, қайшы, желімді таспа, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: биология.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеу, арнаулы киімдерін кию,

құралдарын тексеру.

  1. Техника қауіпсіздік ережесін қайталау.

  2. Үй тапсырмасын қайталау. (Сұрақтар)

а) Капроннан гүл жасау үшін қандай құрал - жабдықтар қажет?

(Әр түрлі көлемдегі қалыптар, капрон кесетін қайшы, түрлі түсті сымтемірдер ,түрлі түсті капрон, таяқшалар, түбін байлайтын капрон жіп)

ә) Жапырақша жасаудың неше тәсілі бар? (4 тәсіл)

б) 4 тәсілдің ішіндегі ең оңайы, әрі тез жасалатын әдісін атаңдар. (1 тәсіл)

IV Жаңа материалды түсіндіру: Лала гүлдерін жасау үшін алдымен мына әдемі гүлдерді тамашалап көрейік, қандай әдемі, түстері де әр түрлі. Міне біз бүгін алдынғы сабақта жасап үйренген жапырақшалардан осындай әдемі әрі әсем лала гүлдерін құрастырамыз.

Бір Лала гүлін орындау үшін бізге келесі бөлшектер керек.

  • 6 дайын жапырақшалар,

  • дәнегі,

  • желімді таспа,

  • гүлдің сабағы,

  • капрон жіп,

  • қайшы

  • кемпірауз

Дайын күлтелерді сабағымен біріктіріп, желімді таспамен өңдейміз. Дәнегін қосамыз, бекітеміз.

Жапырақтарды сабағына кигізіп, бекіту. Гүлді жөндеп қалпына келтіру.

V. Өзіндік жұмыс

1.Оқушыларға жұмыс құралдарын тарату.

2.Лала гүлін орындауға нұсқау беру.

Жұмыстың жасалу барысы

  • Сабағының басын кемпірауызбен иеміз.

  • Иілген басына дәнегін орналастыру

  • Жіппен тартып байлау.

Капронан лала гүлін жасау. сабақ жоспарыКапронан лала гүлін жасау. сабақ жоспарыКапронан лала гүлін жасау. сабақ жоспары


Біртіндеп сабағына дайын жапырақшаларын қосып, түбін капрон жіппен тартып ораймыз.

Капронан лала гүлін жасау. сабақ жоспарыКапронан лала гүлін жасау. сабақ жоспарыКапронан лала гүлін жасау. сабақ жоспары


6 жапырақты орналастырып, түбін бекітіп алған соң, оны желімді таспамен орап, жақсылап бекітеміз. Дайын гүлдің жапырақшаларын созып бір пішінге келтіру. Сонымен гүл дайын.

VI. Сабақ қорытындысы: Оқушылардың білімін сұрақ жауап арқылы тексеру.

  • Сонымен балалар капрон қандай талшыққа жатады? (синтетикалық талшық)

  • Жұмыс барысында нені сақтау қажет? (техника қауіпсіздігін сақтау қажет)

  • Гүлді құрастыру үшін қандай бөлшектер қажет? (6 дайын жапырақшалар,

дәнегі, желімді таспа, гүлдің сабағы, капрон жіп, қайшы, кемпірауз)

VII. Оқушылардың жұмысын бағалау.

VIII. Үйге тапсырма беру. Дайын гүлдерден композиция құрастыру

Экономикалық шығын


Тікелей қаржы

Бағасы

1

Сым темір

25 теңге

2

Сабағы

10 теңге

3

Жапырағы

10 теңге

4

Күлтесі

3 теңге

5

Желімді таспа

35 теңге

6

Капрон

70 теңге

Жалпы шығын

153

Жанама қаржы

1

Қайшы

2

Жіп





© 2010-2022