Әлеуметтік орта Қоршаған ортамен таныстыру

Раздел Технология
Класс 13 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әлеуметтік орта Қоршаған ортамен таныстыру Батыс Қазақстан облысы.

Зеленов ауданы.Үлкен Шаған ауылы.

Үлкен Шаған ЖОББМ-нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен»

Тәрбиеші:Ғизатова Гүлсая Оразғалиқызы

Үлкен Шаған ЖОББМ - нің жанындағы шағын орталық «Балдәурен»

II Кішілер«Балапан» тобының ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің техналогиялық картасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:«Көліктер»

Мақсаты: Көліктер туралы білімдерін кеңейту. Көлік ішіндегі мінез - құлық ережелерін білу, сақтауға тәрбиелеу. Табиғатқа қамқорлық жасау шараларымен таныстыру.

Көрнекі құралдар: Тақырып мазмұнына байланысты суреттер, теледидар, DVD.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:«Көңілді достар» әнін жаттау.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік, саяхат, ойын.

Қостілдік компонент: көлік- транспорт.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Топқа автобуспен келіп, шаттық шеңберін айту.

Бап, бап, бап дейді,

Жолдан былай кет дейді.

Күшікті басуға болмайды

Болмайды машина.

Бип, бип, бип дейді,

Жол шетінде күт дейді.

Көшеде асығыс жүруге

Болмайды, болмайды машина.

Қайырлы таң апайлар!

Қайырлы таң достарым!

Балалар тәрбиешімен бірге шеңбер бойына тұрып, шаттық шеңберін қимыл арқылы орындайды

Іздену ұйымдастырушы

  • Балалар, жаңа біздер топқа немен кірдік?

  • Балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Көліктер».

  • Балалар қазіргі уақытта көлік түрлері өте көп.

Ғажайып сәт:

Жол сақшысы(Милиционер) кіреді.

- Мені таныдыңдар ма?

- Мен сіздерге көмектесуге келдім.

- Жарайсың, ендеше хош келдің төрлет. Бізге жол ережесімен танысуға көмектесетін болдың.

- Ендеше, балалар назарын суретке,

ноутбукке аударып, көліктерінің түрлерін көрсетіп, түсінік беру.

-Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді.

Әуе көліктеріне ұшақ, тікұшақ, зымыран жатады.

Су бөліктеріне кеме, қайық, желкенді қайық жатады.

Жер көліктеріне машина, мотоцикл, автобус, велосипед, поезд т.б. жатады.

Тапсырма:

  • Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Жұмбақ:

Бір көзім: кідір дейді,

Бір көзім: жүгір дейді,

Бір көзім: абайла дейді

Қарап ал маңайға дейді.

Әлеуметтік орта Қоршаған ортамен таныстыру

Қостілдік компонент: көлік- транспорт, бағдаршам - светофор.

Сергіту сәті

Жұмысына таң қалған,

Көшеде бар «Бағдаршам»

Қалып жүрме алданып,

Қызыл шам жанса «Жол жабық!»

Сонда болсын бар ойың,

Сары шам жанса «Дайындал!»

Шатасады білмеген,

Жасаыл жанса «Жүр» деген.

Ойын: «Жол ережесін білесің бе?»

Қағаздан ұзын жол етіп өткел жасалады.Екі ойыншық машина жүргізіледі. Балалар өткелден қалай өту керектігін көрсетеді.
Жүргізуші:Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе, балалар тыныш тұра қалады,сары көзін көрсетсе, дайындалады, ал жасылда аяқтарын топ-топ басады.Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады.

Дидактикалық ойын: «Не қайда жүреді?»

Шарты: Көлемді бейнелі сурет арқылы көліктердің жүру жолдарын тауып, көліктерді орналастыру.

  • Автобуспен кірдік.

Балалар тәрбиешінің сөзін мұқият тыңдайды.



  • Жол сақшысы.

  • Балалар қонақты қуанышпен қарсы алады.

Балалар назарларын суретке, ноутбукке аударып, тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.




Балалар жұмбақтың шешімін табады.

Бағдаршам



Қайталайды: көлік- транспорт, бағдаршам - светофор.

Балалар сергіту сәтін қимыл - қозғалыспен көрсетіп, тәрбиешімен бірге жасайды.


Балалар ойынды аса қызығушылықпен ойнайды.



Балалар ойынға белсене қатысыды.

Рефлексивті коррекциялаушы

Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалардың оқу іс-әрекетінде алған білімдерін қорыту.

Балаларды шеңберге тұрғызып, оқу іс-әрекетіне белсене араласқан балаларды мадақтау.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскеше күн жақсы

Сау-саламат болайық,

Сау болыңыздар!

Тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: көлік түрлерін;

Меңгеруі: тапсырмаларды орындайды;

Жасай алуы: көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастыра алуы.



Әлеуметтік орта Қоршаған ортамен таныстыруӘлеуметтік орта Қоршаған ортамен таныстыруӘлеуметтік орта Қоршаған ортамен таныстыру

Әлеуметтік орта Қоршаған ортамен таныстыру

Әлеуметтік орта Қоршаған ортамен таныстыру

Әлеуметтік орта Қоршаған ортамен таныстыру

Әлеуметтік орта Қоршаған ортамен таныстыру

Әлеуметтік орта Қоршаған ортамен таныстыру

Әлеуметтік орта Қоршаған ортамен таныстыру

© 2010-2022