Көркемдік бұйымдарды жону тәсілімен дайындау технологиясы

Раздел Технология
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Көркемдік бұйымдарды жону тәсілімен дайындау технологиясы

Сабақтың мақсаты: Оқушылар ағаш жону білдегімен жасаудың технологиясын үйренеді, композиция құрастыруға дағдыланады.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларды ағаш жону білдегімен танысу және оны қолдану; жұмыс амалдарын, бұйымның ішкі беттерін жону үшін кескіш аспапты таңдай білуге, дайындамаларды бекітетін айлабұйымдарды таңдауға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды көркемдік жұмыстарды орындауда эстетикалық талғамға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдармен дұрыс жұмыс жасау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Ауызша, кезеңмен түсіндіру, баяндау, сызу, практикалық.

Құралдары: ағаш жону білдегі, жону құралдарының жиынтығы, айлабұйымдар, өлшегіш құрал, дайындамалар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

2. Оқушы назарын сабаққа аудару.

I. Үй тапсырмасын тексеру

Металл бетіне безендірілген бұйымдарды тексеру, қатемен жұмыс жасау.

II.Үй тапсырмасын бекіту.

III.Қызығушылықты ояту кезеңі

Сәтті орындалған жұмыстарды оқушылар назарына ұсыну, мысалдар келтіру

IV. Жаңа сабақ..

Жонғыш құрал-саймандар және айлабұйымдар.

Ой қозғау. Жонғыш құрал-саймандардың қандай түрлерін білесіңдер?

Жоңғыш құрал-саймандар кескіш қашаулар құрылымы бойынша өте алуан түрлі, олардың әр түрлі болуы білдектің құрылымдық ерекшелігіне және қолданылуына байланысты болады. Олар қолмен - білдек асты тірегі бар білдекте жұмыс істеуге арналған және құралкүймешікті - механикалық беріспен жұмыс істейтін білдекке арналған болып екіге бөлінеді.

Фасонды кескіштерді бұйымда фасонды пішіндер қыру үшін қолданады. Әр түрлі пішінді бұранда ою үшін арнайы кескіштерді қолданады.

Бекітуші айла бұйымдарға: қысқұрылғы, үшаша, қысқы жатады. Қысқы және үшашамен осьтік жонуда дайындаманың бір шетін ұстатады. Сонымен бірге қысқыны ұсақ тетіктердің ішкі жағын қырғанда бекітуші айла бұйым ретінде қолданады.

Қысқұрылғы үлкен өлшемді дайындамаларды өңдегенде және жалпақ тұтас дискілерді қырғанда бекітуші айлабұйым ретінде қолданылады.

Үш жұдырықшалы қысқы дайындаманың центрін қыспақ жұдырықшалары

Сергіту кезеңі.

Не көрдіңдер, не қызықтырды?

Ағаш өңдейтін токарь станогімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жұмыс кезіндегі қауіп түрлері:

1. Жаңқаның ұшуынан көз жарақаты;

2. Айналу бөліктеріне жанасудан қол жарақаты;

3. Дұрыс пайдаланбаудан қол жарақаты;

4. Дайындаманы станокқа дұрыс бекітпеуден немесе дайындаманың сапасыздығынан дене жарақаты болуы мүмкін, сондықтан:

Жұмысқа дейін:

1. Жұмыс киіміңді дұрыс киін. Жең, галстук, белбеут.б. киімдеріңді ретте.

2. Станокті тексер (ременді берілістің қорғаныш бөліктері, заземление т.б.).

3. Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын.

4. Дайындаманы мұқият тексер (көз, жарық, т.б.).

5. Пышақ тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келтіріп, арақашықтығы 2-3 мм болсын.

6. Пышақтың жүзін тексер.

7.Станокты бос айналдырып тексеріп көр.

8. Көзіңе көзәйнек ки.

Жұмыс кезінде:

1. Кесу жұмысы станок толық күшімен айналған соң баста.

2. Пышақты дайындамаға күш түсірмей, аздан тос.

3. Пышақ тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр.

4. Жарақаталмас үшін:

а) станокқа қатты жақындама;

ә) станок үстінен алыс-берісжасама;

б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң жүргіз;

г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе.

Жұмыстан кейін:

1. Жұмыс орныңды ретке келтір.

2. Станокті мұғалімге тапсыр.

3. Өзіңді ретке келтір.

Сарамандық жұмыс

Жеке

Жұмыс киімін кию: фартук, жеңқап

Жұмыстың мақсаты: ағашжонубілдегіментанысужәне оны қолдану; жұмыс амалдарын игеру.

Жабдықтар мен құрал-саймандар, айлабұйымдар: СТД-120 білдегі, әртүрлі қашаулар, бекіме айлабұйымдар, штангенциркуль, сызғыш, осьтік және тура жонуға арналған дайындама, қалам, кронциркуль, нутромер, қимаүлгілер.

Техникалық мәліметтер: білдекте сызатсыз, бұтақсыз, шірігі жоқ, жақсы кепкен дайындаманы өңдейді.

1. Көркемдеп жону жұмыстарының күрделілігіне байланысты ағаш жону білдегінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін орындауға ерекше назар аудару.

2. Технологиялық карталарды тарату.

3. сызбаларды оқып-үйрену және тиісті құрал-саймандар мен айлабұйымдарды таңдап алу.

4. Тетіктерді жонып үйрену.

V.Жаңа сабақты бекіту

«Өзіндік мысал» ойыны:

Жаңадан өтілген тақырыпқа оқушылар өз мысалдарын келтіріп, өз тапсырмалары мен жорамалдарын дайындайды.

VІ.Бағалау

VІІ.Үйгет апсырма беру

Әр оқушы өзі орындайтын үй тапсырмасын өзі таңдайды. Біреу қосымша дерек жинаса, келесісі сурет салуы, үшіншісі көркемдік бұйым жасау үшін технологиялық карта құрастыруы мүмкін.

Көркемдік бұйымдарды жону тәсілімен дайындау технологиясы

Көркемдік бұйымдарды жону тәсілімен дайындау технологиясы


Оқушылар ағаш жону білдегімен жұмыс жасау үстінде

Көркемдік бұйымдарды жону тәсілімен дайындау технологиясы

Сабақтан көрініс

© 2010-2022