Сабақ жоспары: Таңғы асқа арналған дастарқан

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Таңғы асқа арналған дастарқан.

Сыныбы: 5

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға таңғы асқа арналған дастарқан құруды, Қазақстан Республикасы - әлемдік ынтымақтастық бөлігі туралы түсінік беру;

Дамытушылық: қызығушылығын, іскерлігін арттыру, эстетикалық талғамын дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды әдемілікті сезіне білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: 5-сынып оқулық, плакат

Пәнаралық байланыс: биология

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

  1. Бутербродтарды қандай азық-түліктен жасайды?

  2. Бутербродтың қандай түрлерін білесіңдер? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

  3. Дайын бутерброд сапасына қандай талаптар қойылады?

  4. Сэндвич дайындау ретін айтып беріңдер.

  5. Өздерің жақсы көретін бутерброд рецептісін жасаңдар.

  6. Шайдың қандай қасиеті бар?

  7. Шайдың қандай сорттары өсіріледі?

  8. Олардың бір-бірінен қандай ерекшелігі бар?

  9. Шайды дұрыс демдеу туралы айтып беріңдер.

ІІІ Жаңа сабақ

Дастарқан жасау дегеніміз - ас ішу үшін дастарқанды дайындау.

Таңғы ас тәулік рационының (үлес) жалпы құнарлылығының шамамен 30%-ын өқрауы керек. Сондықтан ол қандай да бір ыстық сусыннан (шай, кофе, какао, сүт және т.б.) және ыстық тамақтан (ботқа, омлет, қуырылған жұмыртқа), сондай-ақ бутерброд, нан, тоқаш, піскен жұмыртқа, ет, шұжық, сыр, сарымай, тосап, повидло, джем, бал және т.б. құралуы тиіс.

Дастарқан басында өзін ұстай білу мәдениеті

Дастарқан басында өзін ұстай білу мәдениеті деп қалыптасқан тәртіп ретін, яғни этикет ережелерін айтады. Дастарқан басында өзін ұстай білудің этикет ережелері асхана құралдарын дұрыс пайдалану мен тамақты дұрыс ішу және дұрыс отырудан тұрады.

Орындыққа еңкеймей, бойды түзу ұстап отыру керек. Орындықты үстелге өте жақын қоймайды және үстелге шынтақпен таянуға болмайды.

Майлықты тізенің үстіне жайып қояды. Ол киімге тамақты байқамай тамызып алудан сақтайды.

Дастарқан басында ауызды мата майлықпен сүртуге болмайды, тек тамақты ішіп болған соң қағаз майлықты ауызға жайлап тигізуге болады. Тамақ ішіп болған соң, дастарқан басынан тұрғанда, майлықты тәрелкенің оң жағына қояды.

Әдетте, ортақ табақтан тағамды қасық, шанышқы, қалақша немесе қысқыш арқылы алады.

Нан, печенье, жидектерді қолмен алады.

Тамақты аз-аздан асықпай жейді. Нан немесе шыныаяқты алар кезде шанышқы мен пышақты тәрелкеге айқастырып: шанышқының ұшын төмен, пышақтың жүзін солға қаратып қояды. Пышақ, қасық пен шанышқының сабын дастарқанға сүйеп, тәрелкеге қоюға болады.

Тамақ ішіп болған соң тәрелкені өзіңнен ысырып қоюға болмайды. Тәрелкеге шанышқының ұшін жоғары қаратып, пышақ, қасықты сабын оң жағына қаратып, қатар қояды.

Тамақ жегенде, пышақты оң, шанышқыны сол қолға ұстайды. Тек шанышқыны пайдаланғанда оң қолмен ұстайды. Шанышқы, қасық немесе пышақты ұшынан ұстауға болмайды.

Шанышқымен алуға болатын нәрсені қасықпен алуға болмайды. Тағамды пышақ пен шанышқыны пайдаланып жегенде, тек шанышқыны пайдаланған кезде де пышақты ұстап отырады. Шанышқымен салатын нәрсені пышақпен реттейді, бірақ пышақпен тағам салуға болмайды.

Дастархан басында өзін-өзі ұстай білу ережесін қонақта болғанда ғана емес, үйде де сақтау керек.

Қазақстан аумағы батыстан шығысқа дейін 3000 км, ал солтүстіктен оңтүстікке дейі 1500 км созылып жатыр.

Қазақстаның жер көлемі шамамен 3 млн. шаршы км. Бұл көп мемлекеттер аумағынын елеулі артық деген сөз. Қазақстан - жазықтық ел.

Қазақстан аумағының көп бөлігін дала мен шөл жерлер алып жатыр. Бұл жерде жазда ыстық, құрғақшылық, шаң жел соғып тұрса, қыта өте суық, боран, жиі тайғақ болып тұрады. Климаттық жағдайына байланысты еліміздің түрлі аймақтарында сол жерге сәйкес келетін ауыл шаруашылығының салалары дамыған. Солтүстік аудандарда мал өсірсе, орталық аудандарда астық егіп, еттік-сүттік мал, шошқа, құс өсіреді. Біздің елімізде экономиканың өндіруші саласы да дамыған. Қазақстанда көмір, мұнай, газ, түсті металл өндіріледі.

1992-жылдың 4-маусымы еліміздің халқының тарихында Қазақстан Республикасының мемлекеттік символикасын (рәміздері) туған күн ретінде қалады. Егеменді Қазақстанның елтаңбасы - екі белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлихановтың зор еңбегінің нәтижесі. Қазақ халқында: «Шаңырағың биік, босағаң берік» болсын деген тіле бар. Осы тілек елтаңба негізінде алынады.

Әнұран мемлекет азаматтарын біріктіреді. Әнұран - күрделі музыкалық-поэтикалық шығарма. Сазгер Мұқан Төлебаев, Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди музыкасын (сазын) жазды. Ал мәтін авторлары - Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра Дәрібевалар. Тәуелсіз Қазақстанның әнұранының мәтіні 1992-жылдың желтоқсан айында бекітілді.

Сол жағында алтындаған ою-өрнек, ортасында алтын түсті күн мен қалқыған бүркіт бейнеленген Қазақстанның көгілдір жалауын барлық адамдар еліміздің бостандығы мен тәуелсіздігінің символы ретінде қабылдайды. Оның авторы - Шәкен Ниязбеков.

Мемлекет - шегі мемлекеттік шекарамен анықталатын өз аумағы бар, өзінің дербес үкіметімен басқарылатын ел.

Қазақстан солтүстікте Ресеймен шекаралас. Біздің ең ұзын шекарасы осы мемлекетпен. Шығыста - Қытаймен. Оңтүстікте - Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан.

Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Жергілікті халық-қазақтар. Тың жерлерді игеру кезінде Қазақстан халқы Ресей, Украина, Белорусьтен көшіп келгендер есебінен өсті. Сондықтан біздің елімізде орыстар, украиндер көп. Сонымен қатар Қазақстанда өзбектер, дұнғандар, ұйғырлар, корейлер, немістер тұрады.

ІҮ Жаңа сабақты бекіту

1. Дастархан басында өзін-өзі ұстау мәдениеті дегеніміз не?

2. Орындықта қалай отиыру керек?

3. Майлық дегеніміз не?

4. Тамақ ішіп болған соң майлықты қай жағына қояды.

  1. Қазақстанның аумағы қандай?

  2. Қандай мемлекеттермен шекаралас?

  3. Мемлекет дегеніміз не?

Ү Сабақты қорыту. Міне, қыздар бүгін біз таңғы асқа арналған дастарқан құруды, Қазақстан Республикасы - әлемдік ынтымақтастық бөлігі туралы білдік. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.

ҮІ Үйге тапсырма. § 8, 9 оқу.

ҮІІ Оқушының білімін бағалау. Баға қою.

ҮІІІ Рефлексия

ІХ Жұмыс орнын ретке келтіру


© 2010-2022