Апат тарауы бойынша қорытынды сынақ тест тапсырмасы

Раздел Технология
Класс -
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жұмабике Төремұратова

Жаңаөзен кәсіптік лицейінің

арнайы пән оқытушысы

Апат тарауы бойынша қорытынды сынақ тест тапсырмасы

  1. Апат қай кезде болуы мүмкін?

а) тоқтаған б) бұрғылаған в) соққылаған


  1. Бұрғылау процесіндегі апат дегеніміз не?

а) қашаудың сынуы б) құбырдың көтерілуі

в) шеген тізбегінің көтерілуі

3. Апат қандай жағдайда кездесуі мүмкін?

а) бекітілген бұрғылау режимін сақтамағанда

б) бұрғылау жабдықтары болмағанда

в) бұрғылау құбырлары жетіспегенде

4. Кептелу дегеніміз неге жатады?

а) жөндеуге б) тереңдетуге в) апатқа

5. Кептелудің негізгі себептерінің бірі?

а) құбырдың жіңішкеруі б) оқпанның тарылуы

в) шеген тізбегінің жіңішкеруі

6. Кептелуді жою тәсілдерінің бірі?

а) қою балшықты қолдану б) цемент ерітіндісін қолдану

в) сұйықтың ваннасын қолдану

7. Кептелген жерді қалай анықтайды?

а) кептелуді анықтағышпен б) қабатты сынағышпен

в) тереңдік өлшегішпен

8. Ұстау жұмыстары не үшін қажет?

а) жөндеу жұмыстарын жалғастыруға б) тексеру жұмыстарын жүргізуге

в) бұрғылауды қайтадан бастауға

9. Ұстау жұмысын жүргізу үшін қандай құралдар қолданылады?

а) арнайы б) кез-келген в) жөнделген

10. Ұстағыш құралдардың бірі?

а) манометр б) овершот в) ареометр

11. Метчиктер не үшін қолданылады?

а) шыңырауда қалған бұрғылау құбырларының тізбегін шығаруға

б) шыңыраудан жуу сұйығын шығаруға

в) шыңыраудан қазылған жынысты шығаруға

12. Шыңырауға бұрандалы қосылысы үзілген құбырлар тізбегін немен ұстаймыз?

а) вискозиметр б) колокол в) ГИВ-6

13. Шеген және бұрғылау тізбектерінің кептелу себептерінің бірі?

а) бұрғылау қондырғысының жылжуы

б) бұрғылау құбырының өсуі

в) бұрғылау ерітіндісінің жұтылуы

14. Шыңырауда кездесетін апаттың негізгі түрлерінің бірі?

а) турбобұрғының сынуы б) аспалы кілттің сынуы

в) АКБ-3М кілтінің сынуы

15. Шыңырау түбінде қашаудың тұрып қалуының себебі?

а) қашаудың жиі айналуы б) шарошкаларының тоқтауы

в) түптің қарқынды жуылуы


© 2010-2022