Планирование по технологии на тему Мектепте ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы

Раздел Технология
Класс 11 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Мектепте ұлттық киім тігіп үйрету технологиясы


Камзолға өрнек таңдау.


Сабақтың тақырыбы: Камзолға өрнек таңдау. Өрнекті бастыру

жолдары. Симметриялы орналастыру, көктеу.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту,

өнерге ынта-ықыласын күшейту, үнемділікке,

тиянақтылыққа, төзімділікке, әсемділікке баулу.

Ісмерлік, шеберлік дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың міндеттері: - Білімділігі: камзолға өрнекті дұрыс таңдау,

симметриялы орналастыру қажеттігін

ұғындыру.

- Тәрбиелік: ісмерлікке, сәнділікке, халықтық

дәстүр рухында тәрбиелеу.

- Дамытушылық: қажет өрнекті оқушылардың

өздеріне таңдату, эскизін салдыру.

Сабақтың типі: Практикалық сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Инелер жиынтығы, көзсіз инелер, оймақ, түсті

жіптер, қайшы, сызғыш, сантиметрлік таспа.

Үлестірме ою-өрнектер шаблоны (трафарет) ,

камзол түрлері көрсетілген плакат. Эпидиаскоп.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Құрал-жабдықтарын дайындату.

ІІ. Оқушылардың білімін бақылау мазмұны.

  1. Камзолға тігілетін мата түрлерін ата.

  2. Оқалау, зерлеу дегеніміз не?

  3. Камзолды басқаша қалай атайды?

  4. Камзолдың астарына қандай маталарды пайдаланамыз.

  5. Камзолға түйме орнына қадалатын әшекейлердің атын ата.

  6. Камзол астарын неліктен кем етіп аламыз?

  7. Камзолдың пішілу ретін көрсет.

ІІІ. Жаңа тақырыптың мазмұны.

Мұғалім эпидаскоптан түрлі камзол түрлерін көрсетеді. Оқушыларды назарын камзол пішіміне, ұзындығына байланысты түсіп отырған ою-өрнектерге аударады. Негізінен қолданылатын ұласымды өрнектердің эстетикалық жағына, талғампаздық мәнеріне зейін аударады. 8-сыныпта өткен тақияны зерлеуде қолданылатын өрнектерді пайдалануға болатынын түсіндіреді. Камзолды өрнектеу жоғарғы талғам мен көркемділікті, шынайы шеберлікті қажет етеді. Сондықтан ою-өрнектің түрі, орындалу жолы өзіндік ерекшеліктерімен танылатыны, оған әр адамның ұлттық көркем қазынаға деген жан тебіренісі, сүйіспеншілік сезімі, мінез құбылысы берілетінін түсіндіріледі.

Камзол әдемі де әсем болу үшін таңдалатын өрнектің орны ерекше екендігі айтылады. Осыдан кейін оқушыларға сұрақ қойылады.

  1. Камзолға ірі ою-өрнек салуға бола ма?

  2. Ою-өрнектер камзолдың қай жеріне түседі?

  3. Жапсырма өрнекті камзол түстес матамен бастыруға болады ма?

ІҮ. Практикалық сабақты орындауға нұсқау.

  1. Камзолға өрнекті бастыру жолдарының бірін таңдау.

А) кестелеп өрнектеу

Ә) зерлеу

Б) оқалау

В) жапсырма (аппликация) бастыру

2. Камзол матасының түсін ашатын мата, жіптерді, зерлерді таңдау.

3. Жұмыс кезінде ине, қайшы, көзсіз инелерді тістеп отыруға болмайтынын есте ұстау.

4. Камзол пішіміне, ұзындығына байланысты ою-өрнекті дұрыс таңдау.

5. Өз бетінше ою-өрнек сызбасын салу. Сызба салуда дайын шаблон трафареттерді қолдану жолдары.

6. Қағазға салынған сызбаны кесу.

7. Сызба өрнекті камзол бетіне орналастырып көру, кемшіліктерін жою.

8. Сызба өрнекті камзолдың теріс жағына орналастырып көктелге тоқылған мата не бір түсті мақта матаның бетіне қойып бастырып салып алу.

9. Жапсырма өрнек үшін қолданылатын мақтаның ою-өрнек сызбасының үстімен үнемді етіп орналастырып, белгілеп, пішіп алу.

10. Жапсырма матаны камзолдың тұсына көктеу.

Оқушылардың шапшаңдығы, іскерлігі әр түрлі деңгейде болады. Сондықтан сабақ барысында мұғалім балалардың өзіндік шығармашылық жұмысын аралап жүріп тексеріп қалыс қалғанына көмектесіп, әдемі де әсем етіп орындап жатқандарын мадақтап отыруы қажет.

Ү. Практикалық сабақты тиянақтау.

1. Ою-өрнектің қай түрін пайдаланған тиімді болады?

2. Жапсырма бастыру үшін матаның сапасы қандай болу керек?

3. Мата мен тоқылмаған мата бетіне немен сызуға болады?

4. Камзолды әсемдеу кезінде қандай қиындықтар кездесті?

ҮІ. Сабақты қорытындылау. Бағалау.

Бағалау кезінде баланың шапшаңдығы емес, жұмыстың орындалу сапасын ескере отырып бағалау керек.

ҮІІ. Үйге тапсырма.

Жұмысты аяқтап келу.


© 2010-2022