Сабақтың тақырыбы: Ағаштан балға жасауға техникалық карта дайындау

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сыныбы: 6

Сабақтың тақырыбы: Ағаштан балға жасауға техникалық карта дайындау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - әртүрлі бұйымдар жасау үшін техникалық карта жасап үйрену;

Дамытушылық - техникалық карта бойынша сызбадағы өлшемдерді дәлдікпен бұйымды өлшемге сүйене орындауды дамыту;

Тәрбиелік - өлшем бойынша жеңіл бұйымдардан бастап күрделі жұмыстарды дәлдікпен жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: топпен жұмыс

Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сарамандық жұмыс, ой-қиялға үңілу

Сабақ көрнекілігі: техникалық сурет, сызбалық үлгі, әртүрлі балғалар жиыны, балға жайлы өлең шумақтары, сурет, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, тарих, физика, әдебиет.

Нысаны: оқу шеберханасы

Сабақтың жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ

  • Оқушылар, бүгінгі күні сіздермен бірлесе отырып «Ағаштан балға жасауға техникалық карта дайындау» тақырыбына сабақ өрбітпекпіз.

Ол үшін біз нені біліп, неден хабардар болуымыз керек, соған тоқталайық. Кез келген бұйым бірнеше бөлшектен тұруы мүмкін. Олар бір-бірімен әр түрлі әдіспен жалғанады. Бөлшекті жасау үшін оның техникалық картасын әзірлейді. Ол мынадай бірнеше бөлімнен құралады: жұмыс түрі, құрал-жабдықтар мен бұйымдар, графикалық кескіндемесі. Бөлшекті жасау үшін оның техникалық сызбасын және сұлбасын әзірлейді. Мұндай бейнелерді құжаттық сызба деп атайды. Техникалық сурет деп заттың қолмен салынған көлемдік бейнесін атайды. Мұнда оның материалы мен мөлшері белгіленеді.

Эскиз - қолмен салынған зат бейнесінің өлшемін

көрсететін және оның бөліктерінің арақатынасын көрсететін сызба бейнесі.

Масштаб - өлшемнің неше есе үлкейтілген немесе кішірейтілгенін көрсететін мөлшері. Мысалы, сызба М 1:4 деген белгі бөлшектің мөлшері 4 есе кішірейтіліп сызылған дегенді білдіреді. Өткенді сараптай келе, біз балғалардың қызметі мен қандай түрлері бар екендігіне қысқаша тоқталайық.

Балға - соғу, шыңдау жұмыстарына арналған қол аспабы. Оның бір жағы - басы, екінші жағы - сабы деп аталады. Олар күнделікті тұрмысымызда қолданылып жүрген кәдуілгі ағаш сапты темір балғалар. Олардың сипаты мен салмақтары да әртүрлі болып келеді: 250 гр, 300 гр, 400 гр т.б. (салмақтары әртүрлі балғалар көрсетіледі, оның арасында жұмыр кубалда бар).

Бұлардың атқаратын қызметтеріне қарай пішіндері де әртүрлі: темір ұста балғасы, слесарь балғасы, ағаш ұстасы балғасы, етікші балғасы, дәрігерлік балға, қаңылтыр түзегіш балғалар мен дәу жұмыр кубалық балғалар. Балғаның басы көміртекті болаттан, резеңкеден, пластмассадан, ағаштан дайындалады. Металл дайындамаларды қысыммен өңдеуге арналған будың не сығылған ауаның әсерімен жұмыс істейтін көлемі үлкен машиналы түрлері де болады. Олар үлкен қалаларда цехтар мен зауыттарда қолданысқа ие.

ІІІ. Сарамандық жұмыс.

Тақтада техникалық картаның графалары толтырылмаған үлгісі сызылып, оқушыларға берілген қолдарындағы дайындамадан екі бөлшектен тұратын ағаш балға жасаудағы жұмыс түрі кезеңдерін толтыруда, әр оқушының ұсынысы талқылана отыры, ескерілетін болады. Уақытты ұтымды пайдалану үшін көмекші сауалдар қоямын.

а) Ағаш балға жасауға қандай ағаш түрін аламыз?

ә) Таңдап алған ағаштан бұйым жасау үшін неге сүйенеміз?

б) Өлшеп алынған дайындаманы немен кесеміз?

в) Балға бөлшектерін біріктіру үшін не істейміз?

г) Балғаның басы мен сабы олқы болмас үшін не қолданамыз?

д) Ағаш балға сәнді болу үшін немен өңдейміз?

Оқушылар сарамандық жұмыскезінде ең бастысы нені есте сақтауымыз керек?

  • Еңбек қауіпсіздік ережесін

Ұжымдық жұмыстанудың арқасында техникалқы картаның бос графаларын ретімен толтырып шықтық (№1 суретте көрсетілгендей).

Енді дайындалған техникалық картаны әр кезде де қолданып жұмыс атқаруға әбден болады.

Сабағымыз бұданда қызықты да, тартымды өтуі үшін ой-қиялға үңілейік.

Балға жайлы кім қандай жұмбақ, мақал-мәтел, нақыл сөз, өлеңді жаза білсе, оларды да алға тартамыз.

«Балға дауысы қайда да бірге шығады», - деп жазушы Ғ. Мүсірепов айтса, «Тоқпағым мықты болса, киіз қазық жерге кіреді», - деген халық мақалы да бар.

Енді сіздерге бір жұмбақ жасырайын: «Тұр еді сапта топ кісі, жоқ қылды тиген соққысы». Бұл не?

Оқушылар «Балға» деп жауап береді.

Сіздерге «Балғаның жыры» өлеңін оқып берейін, осыған орай салынған суретке назар аударыңыздар.

Балғаның жыры

Кисық шеге көрсең, өтпе елемей,

Ештеңеге көңілім аумас шегедей.

Төмпештегім келеді ылғи қырсықты,

Түзегенше асығамын қисықты.

Мен елгезек, іскер, епті балғамын,

Содан шығар елден алғыс алғаным.

«Балға» - сатиралық журналы 1932 жылы қаңтарда жарық көрген. Журнал қоғам өміріндегі кемшіліктерді, шаруашылық саласында орын алған қырсыздықтар мен бұра тартушылықты, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды сын, тезге салуды мақсат тұтқан.

Ал оқушылар болса сабақ соңында техникалық карта дайындаумен қоса, өз шығармашылық ойларын тыңнан былайша жеткізді: «Балғаға қарап басыңды түзе», «Балғасыз іс бітпес», «Өзі мықты келеді, көрінгенді жайпап өтеді». «Балға- таңдап соғады, балға - алдап соғады» сынды шығармашылық жұмыстармен де таныс болдық.

ІҮ. Сабақты қорытындылау.

Біздер қарапайым ағаштан жасалатын балғаның өлшемдерін түсіруді, өлшем бойынша жұмыс атқаруды, техникалық карта құруды үйрендік. Балғалар жайлы толық мағлұматтар алып, жеке шығармашылықпен де айналыстық.

Сабақтың тақырыбы: Ағаштан балға жасауға техникалық карта дайындау



Сабақтың тақырыбы: Ағаштан балға жасауға техникалық карта дайындау



© 2010-2022