Поурочные на тему Жіптен алқа тоқу

С появлением бижутерии ручной работы для создания украшений стали использовать множество необычных материалов. Бусы, колье, браслеты и серьги теперь делают не только из бусин, бисера и натуральных камней. Мастера включают в свои изделия кожу и цепи, ленты, кабошоны и деревянные элементы, ткань. Сейчас не обязательно покупать дорогие материалы, чтобы быть модной, можно сделать бусы из ниток.Бусы можно сделать из обычных помпонов. Для этого возьмите два прямоугольных кусочка картона, намотайте вок...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сағашилі орта мектебі

Технология пәнінің І санат мұғалімі

Сексенбай Даметкен Жолымбетқызы

Тақырыбы: Жіптен алқа тоқу.

Сыныбы: 4а күні: 13.03.2013ж.

I.Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушылардың алқа тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету;

б) Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.

в) Дамытушылық: оқушыларға жіптен алқа тоқуды үйрете отырып ой-қиялдарын дамыту.

II. Сабақтың түрі: аралас

III. Сабақтың өту әдісі: практикалық, баяндау, сайыс әдісі.

ІV.Сабақтың көрнекілігі: моншақтан жасалған бұйымдар үлгілері, схема, кітап.

V.Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тақырыпты меңгеруге өткізілген негізгі білім арқылы дайындық.

  3. Жаңа тақырыпты меңгеруге даярлық.

  4. Жаңа тақырыптарды таныстыру.

  5. Сарамандық жұмыс арқылы түсіндіру.

  6. Қорытындылау, жұмыстарын бағалау.

VII.Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, сабаққа даярлықтарын тексеру, оқушыларды түгендеу)

  2. Жаңа тақырыппен таныстыру, жіппен, моншақпен әшекейлеп бұйымдар тоқыту.

Әшекейлеп жасалған алқа - адам көркі. Шеберлер алқаны алтыннан, күмістен, табиғи материалдардан, ұсақ моншақтардан да жасайды.

Сонымен қатар күнделікті кездесетін материалдардан да алқа жасауға болады. Оған тоқыма жібі, машина жібінің жуандауы немесе жібек жіп, майда моншақ, пластмасса сақиналар және ине жіп. Алқа тоқу өнері ертеде кеңінен тарап, танылып келе жатқан халық шығармашылығының және әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Қолдан жасалатын моншақтар Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Нақ осы кезде халық шығармашылығының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.Алқа тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам алқа тоқумен айналасуына болады.

Практикалық жұмыс: Жұмыс ережесін еске түсірейік.

Қауіпсіздік ережелері

  1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.

  2. Қайшыны арнайы қобдишада сақтау керек.

  3. Инені киімге қыстыруға болмайды.

  4. Инемен жұмыс істегенде оймақ киген дұрыс.

  5. Инені тістеп ауызға салуға болмайды.

  6. Тігін машинасының үстінде артық киім жатпау керек.

  7. Қозғалатын және айналатын машина бөлшектеріне жақындамау керек.

  8. Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген тексеру керек.

VIII.Сабақты қорыту:

1. Алқа жасауға қандай жіп түрін қолданған дұрыс?

2. Алқаны тағы неден жасауға болады?

3.Оймақ не үшін керек?

Сабақты бекіту:

Оқушылар алқа тоқу білімділікті, нәзіктілікті, әдемілікті, шеберлікті талап ететін жұмыс. Біз осылайша жіптен алқа тоқу түрімен таныстық.

Сабақты бағалау:

Оқушылардың тоқыған алқаларына қарай бағалау.

Үйге тапсырма беру:

Жұмысты аяқтау.


© 2010-2022