Планирование на тему Ағаштан күрек жасау

Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы:Ағаштан күрек жасау

Сабақтың мақсаты:Бүгінгі күннің қажеттілігі -кәсіпкерлікке, іскерлікке үйрету, оқушыларға ағаш материалдары негізінде бұйымдарды көркемдеп өңдеу арқылы эстетикалық талғамдарын дамыта отырып, бұйымды өтімді, тартымды жасауға үйрету

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Қаркүрейтін күрек жасау технологиясынбілу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып ағаш өңдейтін жұмыс үстелінде жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Дамытушылығы: Қар күрейтін күрек жасату арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой-қиялын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушылардыңэстетикалық талғамдарын, танымдық деңгейлерін көтеру.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ, сарамандық жұмыс.

Сабақта қолданылатын әдістер:Жұптасып және топпен жұмыс. Сызу,түсіндіру, салу,көрсету,таныстыру, сұрақ-жауап, проблемалық.

Сабақтың көрнекілігі:Күрек жасаудың технологиялық картасы, дайын бұйымдар, дайындамалар


Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, жұмыс орнын даярлау,

2.Жаңа сабақ.

Оқушыларға проблеманы болжау сұрақтарын қоямын.

1.Қыс мезгілінде жер үйде тұратын адамдар үшін қандай проблемалар кездеседі?( от жағу, қар күреу...)

2. Сендер ата-аналарыңа көмектесесіңдер ме?

3.Қар күреу үшін не керек? (қар күрейтін күрек)

4. Күректі қайдан аласыңдар? (магазиннен, базардан...)

5.Сендердің бойларыңа сай күрек кездесе ме?

6.Күректер қанша тұрады? (1000- 1500теңге)

Сонымен біз бүгін өз қолымызбен бойымызға сай, жеңіл,қар күрейтін күрек жасауды үйренеміз.

Мұндай күрек жасауға көп материал да қажет емес, мектеп шеберханасында оны жасауға керекті құрал жабдықтар да жеткілікті.

Бұйымның қызметі: ауланы қардан тазалау.

Қажет материалдар: ағаш, шебік (фанера), қаңылтыр, бұрама шегелер.

Ал бұйым төмендегі кестедегі талаптарға сай болу керек.



Қауіпсіз жасалатын



Бұйым мөлшері жас ерекшелігіне сай болу керек


Жасалуы қарапайым


Тез табылатын қымбат емес материалдардан




Ағаш күрек





Әдемі дизайн





Экономикалық шығын көп емес





Жасауға қажетті материалдар мен жабдықтар жеткілікті



Еңбек шығыны да көп емес

Қолдарыңа таратылған техникалық сызбасында барлық мәлімет көрсетілген. Жасалатын күрек бірнеше бөлшектен тұрады. Ал бұйым осы бөлшектерді құрастыру арқылы жасайды.

Қажетті материалдар тізбесі

Реті

Атауы

Саны

Материалы

Ескерту

1

калак

1

шебік

3 кабатты

2

сап

1

ағаш

кезкелген

3

табан

1

ағаш

кезкелген

4

камыт

1

каңылтыр

0,8 мм

5

Табан тірегі

1

қаңылтыр

0,8 мм

6

Шеге

шеге

15

20мм

7

Бұрандалы шеге

2

15мм









Қар күрейтін күректің техникалық сызбасы









Планирование на тему Ағаштан күрек жасауПланирование на тему Ағаштан күрек жасау

Планирование на тему Ағаштан күрек жасау

3. Сарамандық жұмыс

Оқушыларды 3 топқа бөліп, топтасып жұмыс жасауға шақырамын. Әр топқа жетекші бекітемін.Жетекшілерге сабақ соңында тобындағы оқушылардың жұмысқа қатысуын бағалайтыны ескертіледі.

Қолдарына техникалық сызбаларды таратып беремін.Оқушыларға техникалық сызбаға қарап күрек жасауға қажетті бөлшектерді жасап алу тапрсырылады.

Топ жетекшілері бөлшектер толық дайын екенін хабарлап, күрек құрастыруға арналған технологиялық картаны таратады. Карта бойынша күрек құрастырылады.

Оқушылардың білімін бағалау: Топ жетекшілерінің бағасын тыңдай келе ескерту, мадақтау айта отырып бағаланады.

Үйге тапсырма: 48 беттегі тақырыпты оқу, үйде күрек макетін жасап келу.

© 2010-2022