Ашық сабақ технология пәнінен. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ашық сабақ технология пәнінен. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері













Ашық сабақ технология пәнінен. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері



Туылған жылы - 1970 жыл 25 қазан

1991 жылы Қарағанды облысы, Саран қаласындағы

Абай атындағы педагогикалық училищесін бітірген

2004 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік

университетін бітірген

«Қоссейіт» негізгі орта мектебінде бейнелеу өнері

және технология пәні мұғалімі

Еңбек өтілі - 13 жыл

Санаты - 13

Шығармашылық тақырыбы: Оқушылардың қызығушылығын арттыруда сабақта жаңа әдістерді қолданудың тиімділігі













Шардара ауданы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебінің

технология және бейнелеу өнері

пәні мұғалімі Қожабаева Тоғжанның

ашық сабағына


П І К І Р


«Қоссейіт» жалпы орта мектебінің технология және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Қожабаева Тоғжан жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында жүйелі түрде ашық сабақтарын, ашық тәрбие сағаттарын, сынып сағаттарын және «Жас суретшілер» атты дарынды балалармен үйірме жұмысын жүргізіп келеді.

Қожабаева Тоғжанның ашық сабақтарына тоқталатын болсақ: қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрін насихаттап, халық мұрасына, тіліне деген көзқарасын қалыптастыра отырып, халық педагогикасы мен жаңа технология элементтерін қолданады. Оқушылардың технология пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында әр түрлі ойын түрлерін, әдіс-тәсілдерді қолданады. Ол өзінің 6 сыныпта өткен «Қазақтың ұлттық киімі» тақырыбындағы ашық сабағында қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық киім түрлерімен таныстырып, олардың тігілу түрлері мен ою-өрнектерін түсіру жолдары туралы түсінік берді. Ұлттық ою-өрнектерді жаңа бағытта жаңғырту, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында оқушылармен сабақ барысында әр түрлі бала қызығатын жұмыстар атқарады.



Мектеп директорының инновация ісі жөніндегі орынбасары:

Ракишева Бағила Сәулетқызы



Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға қазақ халқының қолданбалы сәндік өнері туралы түсінік беру. Қазақтың ұлттық киімдерімен таныстыру.

Дамыту мақсаты: оқушылардың дүниетанымымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлауын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: ұлттық киімдерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру, ата-баба дәстүрін терең ұғынуға, отаншылдыққа баулып тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, салынған сурет.

Көрнекілігі: қазақ халқының ұлттық киімдері, нақыл сөздер, үй-жиһаздары.

Пәнаралық байланыс: еңбек, матем, тарих, бейнелеу, ана тілі.

Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру. (сұрақ-жауап)

3. Жаңа сабақ

4. Практикалық жұмыс

5. Сөзжұмбақ «Тымақ».

6. Топтастыру «Ұлттық киімдерді ретімен қою»

7. Жұмбақ шешейік.

8. Тест «ІІІыңға шығу»

9. Қорытындылау (тірек сызба).

10. Бағалау.

11.Үйге тапсырма

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып түгендеп белгілеу. Назарларын сабаққа аударып, керекті құралдарды парта шетіне койғызу.

Ашық сабақ технология пәнінен. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері

2. Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап) үйге берілген тапсырманы тексеріп шығу. Жұмыстарына салыстырмалы түрде көрсетіп, қате жіберген жерлерін көрсету.

1 Перспектива нешеге бөлінеді?

2. Натюрморт нешеге бөлінеді, қай ғасырда, қай қалада пайда болды?

З. Мүсінді немен орындаймыз?

4. Мүсінді латынның сөзінен аударғанда қандай мағына білдіреді?

5. «Скульптура» қандай мағынаны білдіреді?

Дұрыс. Бәрің үй тапсырмасын жақсы меңгерген екенсіңдер.

З. Жаңа сабақ: Бүгінгі өткен сабағымызды өлең шумағымен бастайын.

Тақияма таққаным тал-тал моншақ.

Кербеге жарасар кер кұлыншақ.

Тұсынан ауылымның өттім, кеттім.

Тақияны басындағы бермей кеттің - деген өлең жолдарынан халқымыздың тақияны ерекше бағалағанын көреміз.

Қазақша киім - көненің көзі. Қазақта салтанаты киім мен күнделікті киім-кешектің пішінінде айырмашылықтары бола бермейді. Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген. Жалаң бас жүрмеудің экологиялық эстетикалық негізі бар. Бас киім қыста аяздан жазда күннің ыстығынан қорғайды. Оның қазақтану ісінде де, халқымыздың мәдени-тарихи өмірінде елеулі орын алатыны даусыз.

Өйткені қазақ киімі ұрпақтан-ұрпаққа алмасып келе жатқан елдің ғасырлар бойы қалыптасқан сезімталдық талғамы. Мүмкін кейін сендердің араларыңнан моделъер, дизайнерлер, тігіншілер шығып, көненің көзін жанғыртып, қазақ киімінің жаңа үлгілерін шығарып, шығармашылықпен айнанысатын нағыз ұлтжанды азаматтар шығар. Сол үшін қазірден бастап сезінуіміз керек.

Қазақ киімдерінің түрі, үлгісі көп. Кейбір сырт көріністері мен атаулары-өзбек, қырғыз ағайындардың киімдеріне ұқсас болғанымен, біздің киім пішіндері мен нақыштары өзгеше.

Қазақ киімдерін күнделікті тұрмыстық және салтанаттық-сәндік деп екіге бөлуге болады.

Біріншісі: арзанқол, бірақ шаруа жұмысқа берік, қарапайым үлгіде тігіледі.

Екіншісі: бағалы, көргенде көз тартатын әдемі, сапалы маталардан сәнді пішіліп, үлгісіне лайық безендіріліп әсем тігіледі.


  1. Практикалық жұмыс: сынып ішіндегі оқушыларға қазақ киімдерінің үлгісіне қарап дәптерлерімізге қосымша сызықтармен түсіреміз. Тақтаға салынған суреттерді оқушылар өз дәптерлеріне салыңдар.

Ашық сабақ технология пәнінен. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері

5. Сөзжұмбақ шешейік «Тымақ».

1. Ұлдардың бас киімі. (тақия)

2. Хан сұлтандар киетін бас киім. (айырқалпақ)

3. Ұлттық аяқ киім (мәсі)

4. Әйелдердің киімі (қамзол)

5. Әйелдердің аяқ киімі (бешпақ)


т


ы


м


А



Қ

б.Топтастыру: Киімдерді ретімен орналастыр. Шарты бас киімдерді жас ерекшелігіне байланысты орналастыру үшін оқушыларға тапсырма беріледі.

Ашық сабақ технология пәнінен. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері

Ұлттық бас киімдерді жас ерекшелігіне қарай реттеу

1. Тақия - жас қыз балаларға және ұлдарға кигізген.

2. Бөрік - бойжеткен қыздар мен ұлдар киген.

3. Сәукеле - ұзатылатын қызға арналған бас киім.

4. Қасаба- жас келіннің бас киімі.

5. Кимешек - егде жастағы аналардың бас киімі.

Ашық сабақ технология пәнінен. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері

8. Сергіту сәті: жұмбақ шешейік. Алдарымыздағы берілген тапсырманы орындай отырып төмендегі жұмбақтарға жауап берейік.

1. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. (киім)

2. Дорбаға тығып бас бағын,

Байлай салдым бас жағын. (тымақ)

З. Іші егіс, сырты тегіс (тон)

4. Аузы бір құбыр (шалбар)

5. Дөңгелек өзі, төртеу көзі.

Ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан(түйме)

6. Әшекейлі күбіні,

Үюлі тұрған шөмеле,

Кигіздім биік төбеге (сәукеле)

Ашық сабақ технология пәнінен. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері

9. Шыңға шығу. Тест

Оқушыларға өткен тапсырмалар бойынша тест сұрақтары беріледі. Тест үш сұрақтан тұрады. Соның дұрыс тек бір жауабын белгілеуіміз керек.

1. Адам бет пішінін бейнелейтін көркем шығарма.

а) автопортрет б) кариктура в) портрет+

2. Жазықтық бетінде бояу түрлері арқылы орындалған көркем шығарма.

а) натюрморт б) живописъ+ в) пейзаж

3. Жан - жануарларды бейнелейтін көркем шығарма.

а) тұрмыстық жанр б) анималистік жанр в) маринистік жанр

4. Жансыз заттар бейнеленген көркем шығарма.

а) пейзаж б)графика в) натюрморт+

5. Белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығарма.

а) композиция б)тарихи жанр+ в) коллаж

10. Тірек - сызба арқылы қорытындылау. Бүгінгі өткен сабағымыз сұрақ-жауап арқылы қорытындылаймыз.

Бүгінгі сабақта не білдің? Сабақтың ұнаған жері, несімен ұнады? «Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» деген мақаланы қалай түсінесіңдер?

І. Қазақтың ұлттық киіміне не жатады? 2.Қазақ киіміне қандай өрнек пайдаланамыз. 3. Қазақтың бас киімдерін атап беріңдер.


Тірек- сызба

Ашық сабақ технология пәнінен. Тақырыбы: Қазақтың ұлттық киімдері

11. Оқушыларды бағалау: Оқушылардың жұмыстарын салыстырмалы түрде өздеріне көрсету арқылы мадақтап, бағалау.

12. Үйге тапсырма: Басқа да ұлттық киімдерін салып келу.


9


© 2010-2022