Қуыршаққа арналған ыдыстар. кесе, қасық, тәрелке

Алюминий ыдыс-аяқтарды ұнтақтармен және металл қылшақтармен (щеткалармен) тазалауға болмайды.Қышқыл мен сілтіден пайда болған қоңыр дақтарды асханалық сірке суына батырылып алынған мақтамен ұқыпты түрде сүртіл, содан кейін ыстық сумен жуады.Темір ыдыстар эмаль, мырыш және қалайы жалатылған түрде шығарылады.Эмальды ыдыстар органикалық қышқыл, тұз, сабын және басқа сілтілерге төзімді келеді. Мұндай ыдыстар оңай таз ал ан ады, онда тек тамақ пісіріп қана қоймай, тамақты ұзақ уақыт сақтауға да болад...
Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қуыршаққа арналған ыдыстар. кесе,қасық,тәрелке

БҚО.Теректі ауданы.

Сары-өмір ауылы.

«Өркен» балабақшасының меңгерушісі

Уразгалиева Жанылсын Балтабайқызы.

МКҚК «Өркен» балабақшасы. «Ақжелкен» ересектер тобы.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:-----------------------

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Мүсіндеу.

Тақырыбы:Қуыршаққа арналған ыдыстар. /кесе,қасық,тәрелке./

Мақсаты: Ыдыстар жасауды, шымшу, созу әдістерін пайдаланып кесені ,қасықты,тәрелкені мүсіндеу. Ыдыс түрлерімен таныстыру.

Балаларды татулыққа, қамқорлыққа баулу.

Билингвизм: кесе-чашка,қасық-лошка,тәрелке-тарелка.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру,көрсету.

Көрнекілігі: Үлгі суреттер.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы







Ізденуші-ұйымдастырушы.







Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз.

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң бақшамыз.

Қайырлы таң достарым.

Сәләматсыздар ма апайлар.

-жақсы,балалар орнымызға отырайық.

-балалар бүгін топтан қандай өзгешелікбайқап отырсыңдар.

Қуыршақ келіпті,оның аты кім екен, ол біздің топқа не үшін келген айтып берсін.

Қуыршақ: сәлеметсіңдер ме балалар? Менің атым- Айгүл.

Мен сендердің шебер,тату балалар екендеріңді естіп көмек сұрап келдім. Мен үйіме достарымды қонаққа шақырайын деп едім,бірақ менің тәрелке,қасық,кеселерім жетіспейді.Мен сендерден көмек сұрай келдім.

Көмектесесіңдер ме?

-балалар қуыршаққа көмектесеміз бе?

Көмектеспес бұрын тақтадағы суреттерді атап шығайықшы.Бұларды біз сөзбен қалай атаймыз?

Ыдыстар :шыны ыдыс,ағаш ыдыс,пласмас ыдыстар деп бөлінеді.

Бұрында біздің ата-әжелеріміз ағаштанжасалған, әдемі қазақтың ұлттық ою-өрнегімен безендірілген ыдыстарды қолданған.

-Ендеше балалар қуыршақ қандай ыдыстар керек деп еді есімізге түсірейікші. Керек ыдыстарды екі тілде атап көрейік. Кесе-чашка Қасық-лошка, кәрелке-тарелка.

-Қуыршаққа керек ыдыстарды біз ермексаздан жасап берейік

Балалар қуыршаққа ыдыстарды мүсіндеуді екі топқа бөлініп,жарысып орындайық.Қайсы топ бірінші тез,мұқият орындаса Айгүл қуыршақтың мынандай жұлдызшасы бар екен. Ал қайсы топ жұлдызшаны көп жинаса сол топқа арнайы сыйлығы бар екен.Оны тапсырманы орындап болған соң көреміз.

Ермексазды алдымызға алып,тақтайшасын,пышағын дайындап алайық.

Тақтадағы үлгіге қараймыз.

-Бірінші қасықты жасап берейік.Ермексазды бөліп аламыз,бөлінген ермексазды алақанға салып,сопақша етіп илейміз.Бір жақ ұшын бас бармағымызбен жалпайтып,ішін қуыстаймыз.

Сабын жалпайтып,басқа

түстерден өрнектер саламыз.

-балалар ойымызды сергітіп «кім шапшаң?» ойынын ойнап алайық.

Мақсаты:қиындылар беремін,сол қиындылардан ыдыстар құрастырып атын атауларың керек.

Келесі ыдыстың түрін жасайық.

Ермексазды алып домалақтаймыз. Домалақтап алған соң бас бармақпен ортасын дөңгелектеп ,кеңейтіп, ашамыз.Кәдімгі кесе жасаймыз.Кесенің сыртын бисермен безендіреміз.

-Балалар,орнымыздан тұрып бойымызды сергітіп алайық.

Орнымыздан тұрайық.

Құс боп қанат қағайық.

Иілейік оңға бір,

Иілейік солға бір.

Жоғары томен қарайық.

Орнымызды табайық.

Жақсы балалар бойымызды сергітіп алдық әрі қарай жұмысымызды жалғастырайық.Ең соңғы ыдысымызды мүсіндейік.Бұл бізде тәрелке.Мүсіндеу үлгісіне қарайық.

Ермексазды алақанымызға салып,домалақтаймыз.Домалақтап алған соң оны дөңгелек етіп жазамыз.Бас бармақпен басып қуыстаймыз.Жандарын пышақпен кесіп әдемілейміз.

Балалар сендер Айгүлдің керек ыдыстарын мүсіндеп бердіңдер.

Айгүл қуыршақ сендерге ойын алып келіпті .

Ойынның аты «көлеңкесін тап.»

Мақсаты:Ыдыстың көлеңкесін тауып,орналастыру.

Балалар қуыршаққа тосын сый жасайық Мына қазақы ою-өрнектермен безендірілген жер үстелді сыйға берейік.Достарына осы үстелдің үстіне тамақ әзірлеп қарсы алсын.Балалар сендердің жасаған ыдыстарыңды осы үстелдің үстіне әдемілеп қойып беріңдер.Қонақтарға кесе,қасық,тәрелкені қалай қояды?

-Жарайсыңдар балалар,Айгүл саған балалардың жасаған ыдыстары ұнады ма?

Қуыршақ :ұнады.Көмектескендеріңе көп-көп рахмет балалар.

Үстелдерің ,жасаған ыдыстарың әдемі екен.Балалар екі топта тапсырманы жақсы орындадыңдар сыйлықты барлығыңада беремін..Бұл дәмді печенье.Астарың дәмді болсын.

Балалар қуыршаққа не айтамыз ?

Балалар қайталайды.

Арайлап таң атты

Алтын сіуле таратты

Жарқырайды күніміз.

Жарқырайды даламыз.

Қайырлы таң бақшамыз.

Қайырлы таң достарым.

Балалар жауабы.





Көмектесеміз.



Ыдыстар деп атаймыз.



Балалар үлгі бойынша өз бетінше жұмыстанады.









Мүсіндейді.

Ойынды шартымен ойнайды.





Орнымыздан тұрайық.

Құс боп қанат қағайық.

Иілейік оңға бір,

Иілейік солға бір.

Жоғары томен қарайық.

Орнымызды табайық.

Балалар өз бетінше жұмыстанады.

Ыдыстарды үстел үстіне қою.

Рахмет.

Жетекші-жөндеуші

Балалар сендер бүгін нелерді мүсіндедіңдер?

Екі тілде қайталап айтқызу.

Осымен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

Балаларға қолданы жуғызу.

.

Балалар жауабы.

Қос тілде айту.

Күтілетін нәтиже:

1.Білуі: Мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін,ыдыс түрлерін.

2.Меңгеруі:кесені ,тәрелкені,қасықты мүсіндеуді,қамқорлық жасаауды.

3.Жасай алуы: Ермексазды пайдаланады





Қуыршаққа арналған ыдыстар. кесе,қасық,тәрелке



© 2010-2022