ОРГАНИЗАЦИЯ ПЕРЕВОЗОК И УПРАВЛЕНИЯ ТРАНСПОРТА

Магниттiкортада екiлiк ақпаратты жазу жолы магниттiк кодтауМагниттiк ортада екiлiк ақпараттыжазу жолы магниттiк кодтау деп аталады. Оның мәнi мынада: ортадағы магниттiкдомендер жолдардың бойында тiркелген магнит өрiсi бағытында өздерiнiң оңтүстiкжәне солтүстiк полюстерiмен тiзiлiп тұрады. Әдетте екiлiк ақпарат пен магниттiкдомендер бағытының арасында бiр мәндi сәйкестiк орнайды.Ақпарат секторларға бөлiнетiнконцентрлiк жолдар (тректер) бойынжа жазылады. Жол мен секторлар саныдискетаның типi мен ф...
Раздел Технология
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Магниттiк ортада екiлiк ақпаратты жазу жолы магниттiк кодтау


Магниттiк ортада екiлiк ақпаратты жазу жолы магниттiк кодтау деп аталады. Оның мәнi мынада: ортадағы магниттiк домендер жолдардың бойында тiркелген магнит өрiсi бағытында өздерiнiң оңтүстiк және солтүстiк полюстерiмен тiзiлiп тұрады. Әдетте екiлiк ақпарат пен магниттiк домендер бағытының арасында бiр мәндi сәйкестiк орнайды.

Ақпарат секторларға бөлiнетiн концентрлiк жолдар (тректер) бойынжа жазылады. Жол мен секторлар саны дискетаның типi мен форматына байланысты. Сектор дискке жазыла немесе оқыла алатын ақпараттың ең аз мөлшерiн сақтайды. Сектор сиымдылығы тұрақты және ол 512 байт құрайды.

Магниттiк диск бетi

Дискетада 360 Кбайттан 2,88 Мбайтқа дейiн ақпарат сақтауға болады.

Қазiргi кезде келесi сипаттамасы бар дискеталар кең таралды: диаметрi 3,5 дюйм (89 мм), сиымдылығы 1,44 Мбайт, жол саны 80, жолдардағы секторлар саны 18.

Дискета иiлгiш магнит дисктердегi қорлағышқа (FDD - Floppy Disk Drive) орнатылады, онда автоматты түрде бекiтiледi, содан кейiн жинағыш механизмi айналу жиiлiгi 360 мин-1 дейiн айналады. Жинағышта дискетаның өзi айналады, ал магнит бастар қимылсыз болады. Дискета тек оған қараған кезде ғана айналады.

Жиналғыш процессор мен иiлгiш дисктер контроллер арқылы байланысқан.

Қатты дисктердегi жинақтағыштар.

Егер иiлгiш дисктер - мәлiметтерде компьютерлер арасында тасымалдау құралы болса, қатты диск - компьютердiң ақпараттық қоймасы.

Қатты магнит дисктердегi жинақтағыштар (ағылш. HDD - Hard Disk Drive) немесе винчейстерлiк жинақтағыш - бұл сиымдылығы үлкен барынша жаппай сақтау құрылғысы. Мұнда ақпарат жеткiзушi - екi бетi де магнит материал қабатымен қапталған дөңгелек алюминий пластиналар - платтерлер.

Ақпаратты - программалар мен мәлiметтердi - тұрақты сақтау үшiн қолданылады.

Корпус қақпағы алынған винчестерлiк жинақтағыш.

Дискетада сияқты, платтерлердiң бетi сақиналы концентрлiк жолдарға, ал жолдар - секторларға бөлiнген. Оқу-жазу бастары олардың тартпа конструкциялары мен дисктерiмен бiрге герметикалы (ылғыл өткiзбейтiн) корпусқа жабылған, ол мәлiметтер модулi деп аталады. Диск - жетекке мәлiметтер модулiн орнатқанда ол автоматты түрде тазартылған суытылған ауа айдайтын жүйемен байланысады.

Платтердiң бетiнiң магниттiк қаптауының қалыңдығы бар-жоғы 1,1 мкм, сондай-ақ оның бастарын көтерiп, көтергенде зақымдалудан сақтайтын май қабаты бар. Платтердi айналдырған кезде оның үстiнде бастардың дискiнiң бетiнен 0,5 мкм-ге қалқып тұруын қамтамасыз ететiн ауа қабаты түзiледi.

Винчестерлiк жинақтағыштардың сиымдылығы өте үлкен: жүздеген Мбайттан ондаған Гбайтқа және тiптi жүздеген Гбайтқа дейiн. Қазiргi кездегi модельдерде шпиндельдiң айналу жылдамдығы 5600-7200 айналымға, мәлiметтер iздеудiң орташа уақыты - 10 мс, ал ақпаратты тасымалдау жылдамдығы 40 Мбайт/с-қа жетедi.

Дискетадан өзгешелiгi винчестерлiк диск үздiксiз айналады.

Винчестерлiк жинақтағыш процессормен қатты диск контроллерi арқылы байланысқан.

Қазiргi кездегiбарлық жинақтағыштар олардың өнiмдiлiгiн айтарлықтай көтеретiн iшiне орнатылған кэшпен жабдықталған.

Компакт-дисктердегi жинақтағыштар.CD-ROM диаметрi 12 см және қалыңдығы 1,2 мм мөлдiр полимерлiк негiзден тұрады. Бiр жақ бетi зақымдалудан лак қабатымен қорғалған жұқа алюминий қабатпен қапталған.екiлiк ақпарат шұңқырлар (pits - шұңқырлар) мен негiзгi қабаттың (land - жер) кезектесуi арқылы берiледi.

Диск радиусы бойымен бiр дюймде (2,54 см) ақпараты бар 16 мың жол орналасады. Салыстырып қарағанда - дискетаның радиусы бойынша 96 жол бар. CD сиымдылығы 780 Мбайтқа дейiн жетедi. Дискке ақпарат зауытта жазылады және ол өзгертiле алмайды.

CD-ROM артықшылықтары:

- физикалық көрсеткiштерi шағын болғанымен, CD-ROM-ның ақпарат сиымдылығы жоғары, бұл болса оларды анықтамалық жүйелерде және иллюстративтi материалы бай оқу кешендерiндепайдалануға мүмкiндiк бередi; бiр CD өлшемдерi шамамен дискетадай болғанымен, ақпараттық көлемi бойынша 500 дискетадай болады.

- CD-ден ақпарат оқу винчестер жұмысының жылдамдығымен салыстырарлықтай жоғары жылдамдықпен жүредi;

CD қолданыста ыңғайлы және жеңiл, ескiрмейдi;

- CD вирустармен зақымдалмайды;

- CD-дағы ақпаратты оқыстан өшiрiп алу мүмкiн емес;

- CD-де мәлiметтердi сақтау құны 1 Мбайтпен есептегенде арзан.

Магниттiк дисктерден айырмашылығы, компакт-дисктердiң көп сақина жолдары жоқ, онда бiр ғана грампластинка сияқты спираль жолы бар. Осыған байланысты дисктiң бұрыштық айналу жылдамдығы тұрақсыз. Ол оқитын магнит бастардың диск орталығына қарай жылжу процессiнде сызықты түрде азаяды.

CD-ROM-мен жұмыс iстеу үшiн компьютерге CD-ROM жинақтағышын (CD-ROM Drive) қосу керек, мұндакомпакт-дисктер әдеттегi ойнатқыштағы сияқты ауыстырылады. CD-ROM жинақтағыштарын көбiне CD-ROM ойнатқыштары немесе жеткiзгiштер деп атайды.

"0" және "1" символдары жазылған CD учаскелерi CD-ROM жинақтағыштары жiберiлген лазерлiк сәуленi шағылу коэффицентiмен айрықшалынады. Бұл өзгешелiктер фотоэлементпен ұсталады да, жалпы сигнал 0 мен 1-дiң сәйкес реттiлiгiне ауысады.


© 2010-2022