Сәндік қолданбалы өнер. Сандықша жасау және әсемдеу

Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні

Технология 5-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Сәндік қолданбалы өнер.Сандықша жасау және әсемдеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қолда бар бұйымдарды іске асыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің тұрмыстағы қолданысы.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа,іскерлікке, тазалыққа тәрбиелеу,ұлттық құндылықтарымызды қадірлей білу.

Дамытуш Дамытушылық: сандық жасау мен оны ірлеу арқылы бұйымды толық аяктауда өз бетінше композиция құруға мүмкіндік беру, ой- қиялын дамыту.


Күтілетін нәтиже

Сын тұрғысынан ойлай отырып, қолда бар бұйымдармен жұмыс жасайды, білімдері қалыптасады. Пәнге деген қызығушылығы артады. Ұлттық құндылықтарымызды қадірлей біледі.


Сабақта туындаған негізгі идеялар

Ой ұшқырлығы артады, эстетикалық білімдері дамиды.


Тапсырмалар

Сабақтың мақсаты мен мазмұнымен таныстыру.


Сілтеме

Оқулық 5-сынып,интернет .


Оқыту әдістері

Топтық жұмыс


Сабақтың барысы І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару, түгендеу,еңбек қауіпсіздік ережесімен таныстыру, топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.


Берілген сандық шаблонының жасалуын тексеру.


ІІІ. Жаңа сабақ

Мұғалім сөзі.
1. Сандық - ұлттық бұйым. Сандық әр түрлі бұйым салуға арналған ағаштан жасалған тұрмыста қолданылатын үй жиһаздары негізіне жатады.
2. Сандықтың шығу тарихы: Қазақ халқының қолөнері өте бай және ою - өрнектері терең философиялық мазмұнда салынған. Ежелгі бабаларымыз жалғыз сандықтың өзін өрнектермен нақыштап қана қоймай, зергерлік өнердің әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, алтын, күміс басқа да небір құнды асыл тастармен өрнектеген. Ондағы әшекейлердің байланыстары өте күрделі. Ежелгі шеберлер ағаш бұйымдарын көбіне сүйек пен әрлеген. Сандық киім кешек. Әр түрлі уақ-түйек бұйымдар сақтау үшін үлкенді - кішілі «қол сандық», «әбдіре», «жағдан», «кебеже»т. б түрлері көп.
3. Қолданылуы: Сандық киім - кешек салу үшін қолданылады. Сандықты қыз ұзатқан кезде артынан киім-кешегін салып апарғанға қолданады. Қазіргі кезде осы салт - дәстүріміз қалған жоқ.
Сандықтың түрлері:
Қол сандық: Бұл Қазақстанның барлық аудандарында ежелден бері көп тараған бұйымның бірі. Қол сандық бойжеткен қыздарға арнап жасалады, ол қыз ұзатылғанда жасау құрамына енеді. Олай болса қол сандықтар бойжеткен қыздар мен жаңа түскен келіндердің еншісіндегі өте сәнді бұйымдардың бірі. Бұған қыздың жүзік, сырға, білезік, уақ-түйек бұйымдарын, боянатын опа заттарын салатын болған.
«Кебеже»- тамақ азық - түлік салу үшін әшекейлеп, оюлап жасалатын ағаш сандықтың бір түрі.
«Жағдан»- қажетті сапалы былғары мен күмістен қапталған. Оларды табу оңай болмағандықтан, оны тек сән қуған ауқатты адамдар ұзатылатын қыздарына арнап өз қолдарындағы материалдарын беріп жасатқан.
Сандықты әшекейлеу: Сандықты жұқа қарағай тақтайдан жасалған. Олардың сырты түгелдей қызыл немесе жасыл, көк бояулармен боялып, бет жағы ою өрнектерді кесу арқылы сүйек пен безендірілген, ол жез, күміс, алтын және түсті тастармен әшекейленген. Оның аспа құлыппен немесе құпия бітеу құлыппен бекітілген. Көбінде ою - өрнек салып сәндеген. Қазақтың ою - өрнектерінің түрлері өте көп. Жан - жануарлардың дене мүшесіне байланысты, табиғатқа құстарға, геометриялық фигураларға байланысты ою-өрнектер көптеп салынады.
Соның ішінде «Қошқар мүйіз, кемпірқосақ, тышқан із» т. б
«Қошқар мүйіз» өрнегінің символдық мәні бақыт - береке, байлық, молшылық.
«Кемпірқосақ» ою - өрнегі бірнеше түстен жинақтар жасап, алма кезек орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің нышандық мәні бар, көк түс аспанның, ақ - ақиқаттың, қуаныштың, сары - ақыл парасаттың, жасыл - жастықтың, көктемнің символы.

2.Дайын шаблонды пайдалана отырып бұйым жасау.оны әрлеп,өрнектеу.

а.Сандықтың алдыңғы және екі жақ бөлігін әрлеу және әшекейлеу.

ә.Әшекейлеп болған соң сандық пішінін жасап, құрап шығару.


ІҮ. Қорытынды

1.Оқушылардың жасаған бұйымдарын қорғауы.

2.Оқушылардың жасаған бұйымдарының маңызын, ерекшеліктерін.қолданған ою атауларын айтып беру.

3.ТЕСТ ЖҰМЫСЫ

Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалды көркемдеп өңдеуге арналған тест сұрақтары

1. Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал :

а) балта ; ә) шаппа шот; б) қол ара ; в) сүргі;

2. Жалпақ беттерді тегістеу үшін қолданылатын сүргілеу аспабы:

а) шерхебель; ә) фуганок; б) сүргі; в) түрпі;

3. Ағаш бұйымдарының беті тегіс болу үшін:

а) шабады; ә) қырады; б) сүргілейді; в) түрпілейді;

4. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен жұқа қабатының алынып тасталуын не деп атайды.

а) жоңқа; ә) үгінді; б) бұтақ; в) қабық;

5. Ағашты тесу үшін пайдаланатын құрал:

а) қашау; ә) бұрғы; б) шапқы; в) тескіш;

6. Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар:

а) балта; ә) сүргі; б) бұрғы; в) қашау мен үшкір пышақ;

7. Өрнек салынатын қаңылтыр қатаң болса, не жезден жасалса, онда оны өрнек салар алдында ...

а) отқа қыздырып жасытады; ә) 10%-дық күкірт қышқылы араластырылған суға салады;

б) төс темірге қойып сағады; в) суға салып қайнатады;

8. Әсемдік бұймдарын жасайтын шеберді кім деп атайды;

а) шебер; ә) ұста; б) зергер; в) ісмер;

9.Ағашты тесу үшін пайдаланатын құрал:

а) қашау; ә) бұрғы; б) шапқы; в) тескіш

10. Ағаш өңдейтін үстел неше бөліктен тұрады:

а) 2 ; ә) 3; б) 4; в) 5;


Ү. Үй тапсырмасы


Қолда бар бұйымдардан кәдесый бұйымдарын жасап келу.

ҮІІ. Бағалау









Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізінде материалды көркемдеп өңдеуге арналған тест сұрақтары

1. Ағашты кесуге қажетті ең басты құрал :

а) балта ; ә) шаппа шот; б) қол ара ; в) сүргі;

2. Жалпақ беттерді тегістеу үшін қолданылатын сүргілеу аспабы:

а) шерхебель; ә) фуганок; б) сүргі; в) түрпі;

3. Ағаш бұйымдарының беті тегіс болу үшін:

а) шабады; ә) қырады; б) сүргілейді; в) түрпілейді;

4. Сүргілеу барысында ағаштың бетінен жұқа қабатының алынып тасталуын не деп атайды.

а) жоңқа; ә) үгінді; б) бұтақ; в) қабық;

5. Ағашты тесу үшін пайдаланатын құрал:

а) қашау; ә) бұрғы; б) шапқы; в) тескіш;

6. Ағаш материалдарын оюға қажетті басты құралдар:

а) балта; ә) сүргі; б) бұрғы; в) қашау мен үшкір пышақ;

7. Өрнек салынатын қаңылтыр қатаң болса, не жезден жасалса, онда оны өрнек салар алдында ...

а) отқа қыздырып жасытады;

ә) 10%-дық күкірт қышқылы араластырылған суға салады;

б) төс темірге қойып сағады;

в) суға салып қайнатады;

8. Әсемдік бұймдарын жасайтын шеберді кім деп атайды;

а) шебер; ә) ұста; б) зергер; в) ісмер;

9. Ағашты кез келген бағытта кесе алатын ара

а) қыл ара ; ә) қол ара; б) кернеу ара; в) жақ ара;

10. Ағаш өңдейтін үстел неше бөліктен тұрады:

а) 2 ; ә) 3; б) 4; в) 5;



ТЕСТ КІЛТІ

1-Б

2-Б

3-В

4-А

5-Ә

6-В

7-А

8-Б

9-В

10-А










© 2010-2022