Ашық сабақ жасанды ағаш 6-сынып

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

6-сынып

Сабақтың тақырыбы: Жасанды ағаш материалдары

Сабақтың мақсаты: Жасанды ағаш материалдары туралы мәлімет

а)Білімділік мақсаты: Оқушылардың біліктілігін практикамен ұштастыру

ә)дамытушылық мақсаты: : танымдық қызығушылықтарын дамыту, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету.

б)тәрбиелік мақсаты: : оқушыларды еңбек сүюге, берілген тапсыврмаларды өз уақытында тиянақты орындай білуге, жұмыс барысында техникалық қауіпсіздікті сақтап жұмыс жасауға, шыдамдылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың түрі:

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп,олардың арнайы киіміне көңіл беру,құрал-жабдықтарды, жұмыс орнын дайындау.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін тест арқылы тексеру, сұрақ арқылы жауап алу.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Адам баласы жер бетінде пайда болған күннен бастап, тіршілік етіп, күн көру үшін табиғаттың түрлі мүмкіндіктерін пайдаланған. Алғашқы қауымдық құрлыс кезіңде құрал-саймандар дайындап, кәсіп ету-күнкөріс көзі болса, бертін келе оның бәрі материалдық және рухани құндылықтарға жалғасты. Міне сол материалдық және рухани құндылықтар табиғаттың ең тамаша бөлшегі-ағашты да орнымен пайдаланып, адам өмірінің барлық қажеттіліктеріне жаратуға негізделді. Халық - ағашты өңдеп, одан әр түрлі бұйымдар жасайтын адамды ағаш шебері немесе ағаш ұстасы деп атаған. Әдетте, қазақ халқы ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген.

Үйші деп негізінен киіз үй сүйегін, яғни, кереге,уық, шаңырағын жасайтын қолөнершілерді атаса, міндетті түрде бетіне өрнек салынатын жастықағаш, жүкаяқ, төсекағаш, кебеже тәрізді үй-іші мүлкі мен аяқ-табақ оятын ісмерлерді оймашы деп таныған.Ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіп етушілерді балташы десе, балық ұстау үшін ау, түрлі шаруа қажетін өтеу мақсатымен себет, шыпта, шарбақ өрушілерді тоқушы деп атайтын болған. Алайда, бұлай бөлінгенмен де балташылар үйшілікпен, үйші тоқумен, тоқушы оймашылықпен қатар айналыса берген. Сондықтанда ағаш ұқсату ісімен шұғылданатын шеберді ұста деп те атаған.Ал ұсталар айналысатын кәсібінің ерекшелігіне қарай темір ұстасы және ағаш ұстасы деп те екіге бөлінген. Осы ұсталық өнердің екі түрін де меңгерген әмбебап шеберді нағыз ұста деп таныған. Он саусағынан өнері тамған шебер ұсталарды халық аса құрметтеген. Ұстаның дүкенін жалпы жұрт «құттыхана» атаған. Олар соққан затты кие тұтқан. Атап айтқанда, үлкен ұсталардың қолынан шыққан заттарды ырым етіпілу күні бүгінге шейін ел арасында да сақталған. Әрбір шебер ұста бұйымды жасап шығу үшін, үлкен толғанысын, биік талғамын, көп уақытын арнаған. Шебердің жұмыс жасайтын орнын шеберхана деп атайды. Шеберхана әрі кең, жарық жеткілікті түсетін бөлмеге орналасқаны жөн. Жарық күні бойы біркелкі түсу үшін, шеберхананың терезелері солтүстік жақта болғаны дұрыс.

Жаңа сабақты бекіту

Оқушыларды бағалау:Жасаған бұйымдарына қарап,тиісті нұсқау беру,жауаптарын ескере отырып бағалау.

Үйге тапсырма:



© 2010-2022