Приготовление слоён. , песоч. печенья открытый урок по технологии 7 класс

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Саламатсыздарма , Құрметті «Мектептегі технология.Технология в школе»әдістемелік журналының редакциясы !Сіздерге «Технология»апталығында өткен сайыстың жоспарын ұсынып отырмын. Сіздерге зор денсаулық,еңбектеріңізге табыс,шығармашылық биік жетістік,отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Приготовление слоён., песоч. печенья открытый урок по технологии 7 класс

Үгілмелі қамыр әзірлеу

ШАЛБАЕВА НҰРСҰЛУ ИСЛАМБЕКҚЫЗЫ

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы

Тақырыбы: Үгілмелі қамыр әзірлеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қамырдан жасалған тағамдар түрімен, дайындалу ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушылардың тамақ пісіруге деген қызығушылығын,

қабілеттерін, аспазшылық кәсіби шеберлігін шыңдау.

Тәрбиелік: Оқушыларды іскерлікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, үгілмелі қамыр әзірлеуге қажет құрал -

жабдықтар, печенье, пирог, торттар суреттері,электр пеші.

Пәнаралық байланыс: математика, биология, физика, химия, экономика

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу;

ә) Оқушыларды түгендеу;

б) Оқушы назарын сабаққа аудару;

в) Топқа бөлу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Біз өткен сабақта «қазақтың ұлттық ет тағамдары»тақырыбын өткен болатынбыз,ұяшық таңдаймыз:

Қазақтың ұлттық ет тағамдарын ата.

Шұжық неден қалай жасалады?

Қазы қандай тағам?

Қарта деген не?

Жая дегеніміз не?

Төс кімге беріледі?

Құйрық-бауыр қандай ырыммен,қандай қонаққа беріледі?

Құйымшақ кімге ұсынылады?

Әсіп неден жасалады?

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

Приготовление слоён., песоч. печенья открытый урок по технологии 7 класс

Жаңа сабаққа кіріспес бұрын бәріміз мына жұмбақтарға назар аударайық.

1. Бір құдықтың екі түрлі суы бар,

Қайнатса екеуі де мұзға айналады. (жұмыртқа)

  1. Жатып қарасам екеуі де аппақ,

Татып қарасам тәтті - ақ. (қант)

3. Суықта мұз болып қатады,

Ыстықта балқып жатады. (май)

Жұмбақтардың шешуі - біздің бүгінгі сабағымызда дайындалатын тағамымыздың құрамына қосылатын азық - түліктер екен. Қане, балалар кім айтады? Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар дайындалады?

Жоспары:

1. Үгілмелі қамырдан дайындалатын тағам түрлері

2. Үгілмелі қамыр дайындау рецептурасы

3. Үгілмелі қамыр дайындау тәсілдері

Үгілмелі қамыр құрамына көп мөлшерде сарымай,құмшекер және жұмыртқа қосылады.Қопсытқыш ретінде ас содасы қосылады.Ұнды елейді. Сарымай,қант,жұмыртқа,тұз,ас содысын қосып,қамыр илейді.Қамырды үстел үстіне бетіне ұн себе отырып жаяды.Қамырды әр түрлі пішінге келтіріп,дискілі пышақпен немесе арнайы қалыптармен кеседі.

Үгілмелі қамырды екі тәсілмен әзірлейді

1 - тәсіл. Ұнды тақтайға елейді де, оған шекер, тұздық, қопсытқыш қосады. Үйілген ұнның ортасын ойып, сұйық пен жұмыртқаны құяды. Ұсақталған май бөлігін қосып, қамырды қолмен тез илейді. Дайын қамырды орамалмен жауып, бір сағат суыққа шығарып қояды

2 - тәсіл. Майды құмшекермен көпсітіп, оған жұмыртқа, тұздық, ұнды қосады да, тез илейді. Мұндай қамыр жұмсақ болады. Сондықтан оны кондитерлік шприц арқылы бөлектейді немесе қаңылтыр табаны қолмен майлайды.

Үгілмелі қамырдан печенье,торт,балкүлшелер пісіреді.

ІV.Сарамандық жұмыс:

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

1. Қызып тұрған кәстрөлдерді немесе басқа да ыдыстарды үстелдің шетіне қоюға болмайды.

2. Қызып тұрған ыдыстың тұтқасын арнайы тұтқышпен ұстау керек.

3. Қолың суланған болса, разеткаға, іске қосылып тұрған электр аспаптарына жақындама.

4. Үйден шығар кезде барлық электр аспаптарын сөндіруді ұмытпа.

5. Газ белгілі бір себептермен шыға бастаса, оны тез арада жабу керек те, терезе мен есікті ашып, бөлменің ауасын тазарту керек. Мұндай жағдайда электр аспаптарын қосуға, сіріңкені тұтатуға болмайды.

Шайға арналған үгілмелі печеньесі

Азық-түлік мөлшері: 200г сарымай,2 жұмыртқа,2 стакан ұн,4 ас қасық қант ұнтағы, тұз,ас содасы,1шөкім ванилин.Жұмыртқаның сарысын құмшекермен араластырыңдар Сары уыз қамырды көпіртеді де,ақ уыз қатайта түседі. Май -сары май немесе тортасы айырылған май, маргарин, өсімдік майы, ірі қара майы пайдаланылады. Май қамырды жұмсартады. Тұз, ,ас содасы, ванилин,жұмсартылған май қосып,жақсылап араластырыңдар .Ұн қосып қамыр илеңдер және жайыңдар.Қамырдан металл қалыптармен фигуралар ойып,майланған қаңылтыр табаға салыңдар.Бетіне ванилинмен араластырып кант ұнтағын себіңдер.

Нансыз өмір жоқ

Нанның дастарқанға дайын болып келуі ойланған жанға қашанда қызық, ғажап. Нан ертеден-ақ халықтың әл-ауқатын, тіршілік тынысын танытады. Нан пісірген адамдар әрқашан сыйлы да, құрметті болған. Біз арзан нанға кенелген, әлемдегі ең бай мемлекетте өмір сүрудеміз. Сол үшін елімізге дән ризамыз. Әйтсе де сол нанның баршылығы кейде келеңсіз жағдайға соқтырады. Егер төрт адамы бар әрбір отбасы күн сайын 100 грамм нанды тастайтын болса, бір жылда 36 килограмнан астам нан рәсуа болады екен. Еліміз бойынша алғанда бұл кеткен шығынның орнын толтыру үшін әрқайсысы 20 мың тонна астық сиятын 100 элеватор салуға, 57 диірмен орналастыруға, тәулігіне 50 тонна нан шығаратын 130 нан заводын тұрғызуға тура келеді екен.

VІ. Қорыту

Сонымен балалар бүгінгі сабақта үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдарды, оның екі түрлі тәсілімен таныстық. Жаңа сабақ бойынша сұрақтарың бар ма? Олай болса сіздерге жаңа сабақ бойынша сұрақ.

Оқушылардың илеген қамырларын тексеріп,бағалау

Сонымен балалар бүгінгі сабақта үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдарды, оның екі түрлі тәсілімен таныстық. Жаңа сабақ бойынша сұрақтарың бар ма? Олай болса сіздерге жаңа сабақ бойынша сұрақ.

V.Сабақты бекіту:

«Алтын сандық» ойыны

1. «Қола сандық» сұрағы

1) Үгілмелі қамырдан қандай тағамдар пісіреді?

Жауабы: пирог, торт, бәліш, печенье т.б.

2) Үгілмелі қамырды неше тәсілмен әзірлейді?

Жауабы: 2 тәсіл

2. «Темір сандық» сұрағы

1) Пирожный тағамы қандай өнеркәсіпте дайындалады?

Жауабы: Кондитер өнеркәсібі

2) Үгілмелі қамырдан дайындалатын тағамдардың құрамына қандай

азық-түліктер қажет?

Жауабы: Ұн, қант, сары май, жұмыртқа

3. «Мыс сандық» сұрағы

1) Үгілмелі қамырдан жасалатын бұйымдар қандай температурада піседі?

Жауабы: 180 - 2200 С

2) Торт, печенье, тоқаш, бәлішті қандай сортты ұннан дайындайды?

Жауабы: Жоғары сортты

4. «Күміс сандық» сұрағы

1)

2) Қамырға қосылатын жағымды иісі бар ақ түстес кристалл ұнтақ ?

Жауабы: ванилин

5. Алтын сандықтан шыққан сұрақ

Ұн, қант, май, жұмыртқа сөздерін орысша және ағылшын тілдеріне аудар

Жауабы: Ұн - мука - flour

Қант - сахар - shugar

Май - масло - butter

Жұмыртқа - яйцо - egge

VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма: §4. Үгілмелі қамыр түрлерінен тағам дайындап үйрену


© 2010-2022