Сувенирлік домбыра жасау технологиясы, 2 сабақ. (9 сынып)

Раздел Технология
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сувенирлік домбыра жасау. (2-ші сабақ)

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Домбыраның шанағын , мойнын, басын сүргімен сүргілеу, пышақпен

кесу, шарық қағазбен тазалауды үйрету.

2.Дамытушылық: Құралдармен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, икемділік

шеберліктерін арттыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды ұлттық қол өнерді сүюге, жұмысты өз бетінше

орындауға, ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас

Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу, тарих, әдеп

Көрнекіліктер: Т.К. ережелері туралы плакаттар, жасалатын бұйымның

технологиялық картасы, үлестірмелік дидактикалық материалдар, тест.

Қажетті құрал- саймандар: ағаш өңдейтін үстел, сүргілер, пышақтар, шарық қағаздар,

қажетті ағаш дайындамалары, дайын бұйымның үлгілері, егулер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (жаңа сабақтың мақсатын айтып кету керек)

ІІ. Өткен тақырыпты еске түсіру.

1.Сұрақ жауап

а. Өткен сабақта біз қандай жұмыстар атқардық?

б. Технологиялық карта бойынша сувенирлік домбыра қанаша кезеңде жасалынады?

(8 кезеңде)

в. Ертеде қазақ домбырасында қанша перне болған? (9-14)

г. Қазіргі домбыраларда қанша перне болады? (19)

д. Шеберлер домбыраның бет қақпағын қандай ағаштан жасаған?

(кептірілген шырша ағашынан)

е. Шеберлер домбыраны қандай ағаштан жасаған?(шайыры аз қарағайдан)

2. үлестірмелі дидактикалық материалдар (кеспе қағаз)

3. тестпен жұмыс

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру жоспары:

1.Сынып оқушыларын жұпқа бөлу

2. Дайындамалар арқылы жаңа сабақты түсіндіру.

а. Ағаш өңдейтін үстелге дайындаманы бекітіп, сүргімен , пышақпен жұмыс істеуді

көрсетіп, түсіндіру.

ә. Домбыраның құлағын жасауды көрсетіп, түсіндіру.

3. Өз бетімен жұмыс. (Т.Қ.ережелерін сақталуын ескетру)

а. Сүргімен жұмыс жасағанда қандай ТҚ ережелері сақталуы керек?

ә. Пышақпен жұмыс істегенде қандай ТҚ ережелері сақталуы керек?

4. Сарамандақ жұмыс барысындағы мұғалімнің міндеті:

а. Оқушыларға ағымдық нұсқау беру.

ә. Құрал-саймандардың жұмыс барысында дұрыс пайдалануын, ТҚ ережелерінің

сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалау.

ІУ. Сабақты пысықтау: (сұрақ жауап)

  1. Балалар біз бүгінгі сабақта қандай жұмыстар атқардық?

  2. Сувенирлік домбыра жасау барысында қандай құрал-саймандарды пайдаландық?

  3. Домбыраны жасағанда мойнын неге пышақпен кесіп алады?

У. Қорытынды:

1. Оқушылардың жұмыс барысында жіберген қателерін айтып, түзету.

2.Оқушылардың жұмысына баға беріледі

УІ. Үйге тапсырма: Бұрғының құрлысын, жұмыс істеу әдісін оқып келу


© 2010-2022