Жеңі тұтас пішілген иықты бұйымды модельдеу. Мойын ойындысы пішінін өзгерту (ашық сабақ) 10 сынып

Раздел Технология
Класс 10 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Жеңі тұтас пішілген иықты бұйымды модельдеу. Мойын ойындысы пішінін өзгерту

Мақсаты: Оқушыларды мойын ойындысы пішінін өзгертуге үйрету

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: Оқушыларға жеңі тұтас пішілген иықты бұйымды моделдеуде, мойын ойындысы пішінін өзгертудің әдіс- тәсілдерін меңгерту;

Дамытушылығы: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой өрісін дамыту;

Тәрбиелілігі: оқушыларды ұқыптылыққа, талғампаздыққа, икемділікке тәрбиелеу, өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың әдісі: теориялық, сарамандық , әңгімелеу, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: тарих, геометрия, бейнелеу, биология.

Сабақтың құрал- жабдықтары: пішушінің сызғыштары, қайшы, желім, түрлі - түсті қағаз, шаблондар, карандаш, өшіргіш, бор, мата, ине, жіп.

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, матадан тігілген мойын ойындысы үлгілерінің макеттері, термин сөздіктер.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды сабаққа даярлау, түгендеу.

б) Құрал- жабдықтарын тексеру.

Өткен сабақты қайталау сұрақтары:

1. Киімді конструкциялау ұғымына не кіреді?

2. Пішім дайындау алдынды не үшін өлшем алынады?

3. Жеңі тұтас пішілген иықты бұйымның сызба негізін құру үшін дене бітімінен қандай өлшемдер алу керек?

4. Жаңа фасон құрастыру кезінде нені ескеру қажет?

5. Қандай жаңа өлшемдермен таныстыңдар?

6. Өлшем белгілерін қалай таңбалайды?

7. Иықты бұйым сызбасы қандай бөлшектерден тұрады?

8. Канструкциялық және фасондық сызық дегеніміз не?

Жаңа сабақ:

( Теориялық түсінік. )

1.Тұтас пішілген бұйымның сызба негізіне конструкциялық және фасондық сызықтар жүргізу.

2. Пішімге өзгеріс енгізу: бұйым ұзындығын, мойын ойындысын, иық ылдиын , қолтық ойындысын өзгерту.

Кез келген иықты бұйым сызба негізін жасау бұйым бөлшектерінің контурлық сызығын құрастыру : артқы бой, алдыңғы бой, жең құрылымынан тұрады. Сызба негізі торда, біріне - бірі тік бұрышты болып келетін тік және көлденең сызықтарда , бұйымның ені мен ұзындығының өлшемін ескере отырып сызылады. Адам денебітімі симметриялы болғандықтан , бұйым енінің жарты сызбасы сызылады.

Жеңі тұтас пішілген иықты бұйымның сызба негізін құрастыруда артқы бойдан алдыңғы бойдың айырмашылығы - мойын ойындысы терең ойылған , сондықтан артқы және алдыңғы бой сызбасын бірге бір базистік торда сызуға болады.

Жұмыстың орындалу реттілігі

1. Иық енін қалдыру Ж2 К.

2. Жең ойындысы тереңдігін қалдыру Ж 1 К1.

3. Жең ойындысы сызығын тігінен кеуде сызығына дейін апару. О нүктесін аламыз.

4. Бұрыш биссектрисасын жүргізу: 001- 1,5- 2 см , соңында К1.

5. К нүктесінен штрих сызықтармен 1см қалдыру.

6. Б (бел сызығы) нүктесінен М- ға дейін (0,5Дст) қалдыру , сөйтіп мықын сызығын табу.

7. ММ1 = Сб:2.

8. К1 нүктесін М1 және Е нүктелерімен қосу.

Сызбасын көрсету . Масштаб 1:4.

Көркем модельдеу - әртүрлі әшекейлі өңдеулерді пайдаланып, бұйымның сыртқы түрін өзгерту.

Техникалық модельдеу -таңдалған модельге сәйкес пішімнің сызбасын өзгерту.

Нені ауыстыруға болады?

Бұйымның Мойын ойындысының Иініш пішімін ұзындығын пішімін

Біздің бүгінгі сабағымыз "Мойын ойындысы пішінін өзгерту " техникалық модельдеуге жатады.

Егер мойын ойындысының пішінін өзгерткілерің келсе , ол үшін пішімге мойын ойындысының жаңа сызығын жүргізіп , пішімнің артық бөлігін қиып тастау қажет ( шаблондарды көрсету).Мойын ойындысы пішінін өзгерту: а - V , ә - шаршы тәрізді түрі модельдеудің ең қарапайым тәсілі.

Тақтада көрген тәсілдерді қолымыздағы алдыңғы және артқы бойдың лекалосына мойын ойындысы пішінін өзгерту тәсілдерін түсірейік.

Иықты бұйымға иініш түсіру арқылы төменгі жағына қарай кеңейте отырып жаңа моделін жасауға болады. Алдыңғы бой пішінінде иініш сызығы, сондай-ақ бөлшектерді кеңейтуге арналған екі тік сызық белгіленеді. Пішімді белгілеген сызық бойымен қиып алады да , арасын ашады. Қиып алынған пішім бөлігін жаңа қағаз бетіне қойып, сыртынан айналдыра сызып шығады.

Ендігі кезек модельденген койлектің пішімдерін матаға орналастыру .(Тақтадағы суретке қараймыз)

1. Материалды үнемдеу.

2. Сурет бағыты, сипаты.

3. Бойлық жіптің бағыты.

4. Матаның өң мен теріс жағы.

5. Мата түгінің жату бағыты.

Матаға жеңі тұтас пішілген көйлектің пішімдерін пішу ережесі арқылы пішуді бастайық. Оған керекті құралдар : белгі салғыш құрал, түйрегіш, сабын немесе бор көмегімен сызайық.

Бұйымды пішу ережесі.

1. Бұйымды пішу кезінде қиылған бұйым пішіммен бірге қайшының оң жағында қалатын болсын, ал қиылып түсетін матаны сол қолмен басып тұру керек .

2. Матаны белгіленген сызықтың бойымен қиып шығу.

3.Пішім бөлшектерін шатастырып алмас үшін қағаз пішімдерді бірден алмай қоя тұру керек.

4.Пішуден қалған қиықтарды байқау тігімін жүргізу үшін пайдалануға болады.

Пішілген бөлшектерді яғни, мойын қиықтарын пішімдік әдіптеумен өңдеу.

Мойын ойындысын әдіппен өңдеу реттілігі.

1.Әдіптің сыртқы қиығы матаның ішкі жағына қарай 0,7см-ге бүгіліп , көктеледі.

2. Әдіпті өң жағымен ортасы мен иық сызықтарын үйлестіре отыра ұйықтағанда киетін көйлектің өң жағына жатқызады (артқы және алдыңғы бой ортасы мен әдіптің ортасы). Әдіптің қиықтары теңестіріле отырып түйреледі, көктеледі.

3. Мойын қиықтарын әдіп бойып бойымен жөрмеу, көктеу тігістерін алу.

4. Тігісті баса үтіктеу, бұрыштары мен айналмаларына кертпе жасау.

5. Әдіпті бұйымның өң жағына айналдырып, тігісін түзету. Шеткі қиығынан 2 мм шеттік қалдырып, айналдыра көктеу. Бұйымға әдіптің шеткі жиегін жатқызып, көктеу.

6. Әдіпті бүгілген шетінен 0,1см қалдырып, бастыра тігу. Өңделген әдіпті баса үтіктеу.

7. Көктеу тігістерін алу және тағы да үтіктеу .

Сабақты бекіту: Оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бекіте түсу үшін мынадай тапсырма беріледі.

Балалар бүгін сендер модельдеудің техникалық тәсілін үйрендіңдер . Енді осы сабақ бойынша:

* Мен бұл сабақта нені үйрендім ?

* Бұл сабақ менің өміріме қандай пайда келтіреді ?




© 2010-2022