Ағашты бедерлеп ою тәсілі

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Башахов Болат Орынғазыұлы

ШҚО Тарбағатай ауданы Үштөбе ауылы

«Өкпеті» орта мектебінің технология пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Ағашты бедерлеп ою

Сабақтың максаты:

Білімділік: окушыларға ағашты көркемдеп өңдеу аркылы бедерлеп ою әдісін меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.

Тәрбиелік: оқушыларға ақыл-ой, еңбек және эстетикалық тәрбие беру.

Сабактын түрі: сарамандық сабақ.

Сабақты оқыту әдісі: әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс.

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Өткен материалды еске түсіру.

3. Жаңа сабақ

а) Ағашты көркемдеп өңдеу.

ә) Ағашты ою тәсілдері.

б) Ағашты ою құралдары.

в) Ағашты бедерлеп ою.

г) Ою - өрнектердің қолданылуы.

е) Ою ережелері.

д) Нұсқау карта бойынша жұмыс.

ж) Жаңа материалды пысықтау.

4. Сарамандық жұмыс.

5. Жұмысты аяқтау, қорытынды.

Сабақтағы жұмыс нысаны: асханалық бұйым жиынтығының ілгіші мен ет турайтын тақтайын жасау.

Сабақтың көрнекілігі:

1. Асхана жиынтығының ілгіші және ет турайтын тақтай жасаудың нұсқау картасы.

2. Бұйымның дайын үлгісі.

3. Техникалық қауіпсіздік ережесі.

Қажетті құрал- саймандар, материалдар.

1. Тақтай /15х 500х 150мм/1 дана

2. Тақтай /20х300х 180мм/ 1 дана

Сызғыш, қарандаш, циркуль,транспортер сызғыш, түрпі, егеу түрлері, ою пышағы, кашау.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

а) Сабаққа қатысуды бақылау.

ә) Сабаққа дайындығын тексеру.

2. Өткен материалды қайталау. •

3. Жаңа сабақ.

Ағашты қол арамен кесіп, оны тегістеп сүргілеу, қашаумен әр түрлі өрнектер түсіру немесе әр түрлі ойықтар тесу жұмыстары ағашты көркемдеп ою жұмыстары деп аталады.

Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дүрыс таңдай білу керек. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаштар пайдаланылады. Мұндай материалдың бетіне өте нәзік ойыкша, үшбұрыш және басқа өрнектерді орындау мен әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі.

Көркемдеп өңдеу жұмысына бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп, тактай бетіне өрнек бейнесін көшіреді.

Көркемдеп ою- өрнек жасауға арнайы құралдар пайдаланылады. Олардын негізгі колданылатын түрлері - тік және әр түрлі ойық жүзді қашаулар. Ағаш материалдарын қарапайым өңдеу үшін қашауларды, сүргілерді, бұрғыларды пайдаланады. Көркемдеп өңдеу үшін тік өткір жүзді қашаулар мен жартылай ойықша қашаулардың жүздері 6 мм- ден 32 мм-ге дейінгі қашауларды пайдалануға болады.

Ағаш материалдарын оюға қажетті басты кұралдар - қашау мен үшкір пышақ.

Ағашты көркемдеп оюдың бірнеше тәсілдері бар. Негізінен оларды бедерлеп ою және жұмырлап ою деп шартты түрде екіге бөліп топтауға болады. Бедерлеп ою деп тегіс тақтаның бетіне өрнек салуды, шығыңқы етіп мүсіндік бейнелерді жартылай көлемімен мүсіндеуді, ағашқа бедерленетін барельефті атайды.

Бедерлеп оюдын өзі де орындалу әдіс-тәсілдеріне қарай әр түрлі болады. Егер тақтайға өрнекті тіліп түсірсек, жосықтау деп, кашау ізін тік салсаң, қиып ою деп, қашау жүзін көлбеу салып нұқи ойсаң, кертіп ою деп атайды. Ағаш оятын орынға жарық қарсы алдыңнан немесе сол жағыңнан түспесе, бедердің көлеңкесі молайып, назарынды шатастырады. Өткір жүзді құралдар пайдаланылатындықтан жұмыс үстінде қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау керек. Қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындамасаң, саусағыңды кесіп алуың әбден мүмкін. Себебі бедерлеп ою тікелей қол күшімен жасалады. Сондықтан сол қолыңды пышақ жүзі жүретін бағытына апаруға болмайды.

Ағашты оймас бұрын, ең алдымен, көңілің қалаған ою үлгісін қағазға салып ал. Содан соң сол үлгіні ағаш тақта бетіне көшір.Бұдан кейін ою пышағы арқылы қиып ою, кертіп ою, тік ою, жартылай дөңгелектеу тәсілдерін көрсетемін.

Ағашты бедерлеп ою тәсілінде көбіне геометриялық ою үлгілері қолданылады.

Нұсқау карта бойынша асханалық бұйымның ілгіші мен ет турайтын тақтайдын жасалу жолы түсіндіріледі. Сонан соң пышақпен, арамен және түрпімен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі түсіндіріледі.

4. Сарамандық жұмыс.

а) Нұскау карта бойынша бұйымнын сызбасын материалға түсіру.

ә) Арамен кесіп, түрпі егеудің көмегімен бұйымның нобайын келтіру.

б) Тақтайдың бетіне қағаздың көмегімен өрнек түсіру.

в) Өрнекті пышақпен бедерлеп ою.

г) Дайын бұйымды бояп, әсемдеу.

5. Қорытынды.

Оқушылардың жұмысын бағалап, жұмыс орнын ретке келтіру.









Сабақтың тақырыбы: Ағашты жұмырлап ою

Сабақтың максаты:

Білімділік: окушыларға ағашты көркемдеп өңдеу аркылы жұмырлап ою әдісін меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу.

Тәрбиелік: оқушыларға акыл-ой, еңбек және эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтын түрі: сарамандық сабақ.

Сабақты оқыту әдісі: әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс.

Сабақтын қүрылымы:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Өткен материалды еске түсіру.

3. Жаңа сабақ.

а)Ағашты мәнерлеп өндеу түрлері.

ә) Ағашты ою тәсілдері.

б) Ағашты жұмырлап ою.

в) Ағаш токарь станогымен танысу.

г) Ағаш ою құралдары.

д) Ағаш ою тәсілдері.

е) Қауіпсіздік ережесі.

ж) Нұсқау карта бойынша жұмыс.

з) Жаңа материалды пысыктау.

4. Сарамандық жұмыс.

5. Жұмысты аяқтау, қорытынды.

Сабақтағы жұмыс нысаны: Асханалық бұйым жиынтығының оқтауларын СТД-120 ағаш токарь станогымен жасап үйрену.

Сабақтың көрнекілігі:

1. Асханалық бұйымның оқтауларын жасаудың технологиялық картасы.

2. Бұйымның дайын үлгісі.

3. Токарь станогымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.

Қажетті құрал- саймандар.

1. Ағаш материал/70х70х400мм/ 3 дана.

2. Қайың /70х70х400мм/1 дана.

Сызғыш, қарындаш, штангенциркуль,қашау түрлері, егеу түрлері, түрпі қағаз, СТД-120 токарь станогы.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

а) Сабаққа қатысуды бақылау

ә) Сабакка дайындығын тексеру.

2. Өткен материалды қайталау.

3. Жаңа сабақ.

Ағаштан жасалатын үй бұйымдарынын бетін безендіру тәсілінде де жергілікті ерекшеліктер бар. Мысалы, Қазақстанның оңтүстігінде түрлі бояумен сәндеу, нұскалы оюлар жүргізу басымырақ болса, Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанда сүйекпен, күміспен, асыл тастармен, түсті металмен әсемдеу жиі ұшырасады. Ал Қазакстанның батысында үй бұйымдарының бәріне дерлік өте әдемі, бедерлі ою ойылып, оған қосымша түрлі түсті бояулар жағылып, үйлесімді көркемделеді.

Ағашты жұмырлап оюдың екі түрлі әдістері бар:

а) ағашты колмен өңдеу;

ә) ағашты механикалык тәсілмен өңдеу.

Ағашты колмен өңдеуде әр түрлі кұралдар - балта, қашау, сүргі, кырғы, түрпі, пышақтың көмегімен өңдейді.

Ал, механикалык тәсілмен өңдеуде ағашты ағаш өңдейтін СТД- 120м үлгісіндегі токарь станогының көмегімен өңдеуге болады. Токарь станоктарының кескіш аспабы өткір жүзді тістер болып табылады.

Қара дүрсін жанып- жону үшін 6 мм-ден 50 мм-ге дейінгі жартылай дөңгелек кашаулар колданылады.

Үстіңгі беттерді тап-таза етіп жанып жону үшін қиғаш жүзді кашаулар колданылады.

Станокты электр куатына қосар алдында онын электр тізбегіне сенімді түрде жерге косылғанына, іске қосу қорабында ешқандай ақаудың жоқ екеніне көз жеткізіп алу керек.

Бөлшектерді станокқа бекіту орталыққа, патронға жөне тығырыққа бекіту сиякты тәсілмен жонып өңделеді.

Нұскау карта бойынша станокта оқтау жону тәсілдері түсіндіріледі. Оқтауды жону кезінде ағаш өңдейтін токарь станогымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі ескертіледі.

4. Сарамандық жұмыс.

а) Нұсқау карта бойынша дайындамалар дайындау.

ә) Дайындаманы белгілі өлшемге дейін станокқа бекітіп жону.

б) Октауды мұқият тазалап, жону.

в) Түрпі қагазбен тазалап, тегістеу.

5. Қорытынды.

Оқушылардың жұмысын бағалап, жұмыс орнын ретке келтіру.

Ағашты бедерлеп ою тәсілі

Ағашты бедерлеп ою тәсілі


© 2010-2022