• Преподавателю
  • Технология
  • Сарамандық жұмыс. Сәндік тігістерді орындау. (Орайпек тігісін үйрену) тақырыбына сабақ жоспары (5 сынып)

Сарамандық жұмыс. Сәндік тігістерді орындау. (Орайпек тігісін үйрену) тақырыбына сабақ жоспары (5 сынып)

Сабақтың тақырыбы:  Сарамандық жұмыс . Сәндік тігістерді орындау.(Орайпек тігісін үйрену) Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Халқымыздың қолөнері, көркем сәндік тігістері туралы ұғымды қалыптастыру. Білімділік: Ұлттық өнердің бір түрі-сәндік тігіс «орайпек» кесте түрі түсінік беру. Дамытушылық:оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, кесетігу дағдыларын дамыту,  шығармашылық қабілеттерін дамыту,өз білімдерін практикада пайдалану.   Тәрбиелік: бір-біріне өзара көмек, мейірімді қарым-...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сарамандық жұмыс. Сәндік тігістерді орындау.(Орайпек тігісін үйрену) тақырыбына сабақ жоспары (5 сынып)Сарамандық жұмыс. Сәндік тігістерді орындау.(Орайпек тігісін үйрену) тақырыбына сабақ жоспары (5 сынып)Сабақтың тақырыбы: Сарамандық жұмыс . Сәндік тігістерді орындау.(Орайпек тігісін үйрену)
Сабақтың мақсаты мен міндеттері: Халқымыздың қолөнері, көркем сәндік тігістері туралы ұғымды қалыптастыру.

Білімділік: Ұлттық өнердің бір түрі-сәндік тігіс «орайпек» кесте түрі түсінік беру.
Дамытушылық:оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру, кесетігу дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін дамыту,өз білімдерін практикада пайдалану.

Тәрбиелік: бір-біріне өзара көмек, мейірімді қарым-қатынас қалыптастыру, сыныпта, топта жұмыс жүргізуде өзгелердің пікірімен санаса білу; ортақ іске араласу сезімдерін, ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу; оқушыларды еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа және жауапкершілікке, сүйіспеншілікке және пәнге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру:
Басты құзіреттіліктер: мәдениеттанымдылық

Негізгі құзіреттіліктер: денсаулық сақтау, жан-жақты мәдениеттілік.

Құрал-жабдықтар: мата, ине, жіп, көрнекіліктер, суреттер, нұсқау карталары т.б.
Сабақ түрі: аралас.
Оқыту әдістері: оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру әдістері (Түсіндірушілік-көрнекілік: көрнекілік - суреттер, иллюстрациялар, кестелер және тағы басқаларды көрсету).

Қолданылған жұмыс формалары: жекелеме жұмыс

Жаңа ұғымдар, терминдер: орайпек,тұскиіз.

Сабақ барысы

Сабақ құрылымы

Мұғалімнің әрекеті

Оқушылардың әрекеті



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІY. Сергіту сәті.

YІ. Сарамандық жұмыс.

YІІ. Сабақты қорытындылау.

YІІІ. Жұмыстарын бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма беру.







І. 1. Сәлемдесу.

2. Түгендеу.

3. Сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. Матаға оюды көктеп тіккен жұмыстарының сапасын тексеру.

«Кесте түрлері» сәйкестендіру тапсырмасын орындау.

ІІІ. Тақырыпты хабарлау.

Тақырыпты мазмұндау:

Адам адам болғалы бері өзінің тұратын тұрағын үнемі безендіруге тырысқан. Мыңдаған жылдар бұрын алғашқы аңшы адамдар үңгірлерінің қабырғаларына адамдар мен аңдардың бейнесін бейнелеген. Алғашқы оның құралы үшкір тастар болды. Одан кейін дамуға байланысты алуан түрлі материалдар пайда бола бастады: ағаш, металл, сазбалшық, сүйек, тері, мата. Тарихи мұражайларда халық қолөнерінің кеемет үлгілері сақталған : шекімеленген, бедерленген, құйылған, керамикалық ыдыстар, кілемдер, боялған маталар, тоқылған шилер, кестелер.Қолөнер әрқашанда халық мәдениетінің құрамдас бір бөлігі, халық даналығын, тұрмыс-тіршілігін, ойын, сезімін сақтаушы және ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші бірден бір құрал.

Қазақ халында да басқа ұлттарда сияқты мал шаруашылығы, егіншілік, аңшылық кәсіппен қатар халықтық қолөнер кәсібіне де аса көңіл бөлініп, дамып отырған, мәселен:тері өңдеу, тоқымашылық, кестелеу өнері. Кестеленген бұйымдар жылдар бойы жасалынып, ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдырылып отырды. Бүгін сабағымызда осы кестелеу өнеріне тоқталып, қазақ халқында ертеден келе жатқан түрі орайпек деп аталатын кесте түріне тоқталып, тігу жолдарын меңгеруге тырысамыз, яғни үйренеміз. Жалпы, кестелеу өнері-қиын,және ұзақ жасалатын жұмыс. Ол асқан шыдамдылық, ұқыптылық, шеберлікті қажет етеді. Кейбір кесте түрлерімен біз өткен сабақтарда танысқанбыз. Бірақ біз оларды кесте өнері деп қарастырған жоқпыз. Тігіс түрлері деп қарастырған болатынбыз. Естеріңе түсіріп қайталап отыр. Оны қазір қайталап өтеміз.

Сәйкестендіру тапсырмасын орындау.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбына сәйкес орайпек кестесін тігіп үйренеміз. Ол албыр кесте түріне жатады. Албыр кесте қатар жүретін, бір-бірімен бұрышталып келіп қосылатын екі жол тігіс болып табылады.

Орайпек кесте албыр кестенің бір түрі болып табылады. Орайпек тігісі суреттің шет сызықтарын орындау үшін немесе аппликацияны негізгі матаға жапсырмалау үшін қолданылады.

ІY. Дене жаттығуларын жасату.

Y. Сарамандық жұмыс . Т.Қ.Е. еске түсіру, қайталау.

Барысын түсіндіру, көрсету.

YІ. Бекіту сұрақтары:

  1. Кесте тігу үшін қандай құралдар керек?

  2. Қандай кесте түрімен танысып, үйрендік?

  3. Орайпек тігіс қай кесте түріне жатады?

Қорытынды.

Оқушылардың білімін бағалап, жұмыс орнын жинастыру.

Рефлексия.





І. 1. Сәлемдесу

2. Кезекші рапорты.

3. Сабаққа қажет құралдарын дайындап отыру.

ІІ. Үй тапсырмасын мұғалімге көрсету.

ІІІ. Жаңа тақырыпты мұқият тыңдау. Сұрақтарға жауап беру.

ІY. Дене жаттығуларын жасау.

Y. Сарамандық жұмыс. Кестенің орындалу ретімен танысу, орындау.

Орайпек кестесінің тігілуі.

  1. Матаның теріс бетінен инені бекітіп, оң бетіне шығарамыз. Жіп үнемі иненің астында жатады.

  2. 1-дің оң жағынан қалаған қашықтық қалдырып, 2 мм-дей иненіишаншып, матаның оң бетіне шығарамыз. Жіп иненің астында қалып отырады.

  3. 1-дің шыққан жерінен инені 2 мм-дей шаншып, матаның оң бетіне шығарамыз. Барлық шаншым мен арақашықтық бірдей болуы керек.

  4. 3-тен инеі шаншып, матаның оң бетіне шығарамыз. Екі жақтан кезек-кезек тігіп отырамыз барлық уақытта да жіп иненің астында жатады.

Нұсқау карта бойынша жұмысты ұқыпты орындау.















Орайпек кестесінің тігілуі.

1. Матаның теріс бетінен инені бекітіп, оң бетіне шығарамыз. Жіп үнемі иненің астында жатады.

2. 1-дің оң жағынан қалаған қашықтық қалдырып, 2 мм-дей(2-3) иненіишаншып, матаның оң бетіне шығарамыз. Жіп иненің астында қалып отырады.

3. 1-дің шыққан жерінен инені 2 мм-дей (4-5) шаншып, матаның оң бетіне шығарамыз. Барлық шаншым мен арақашықтық бірдей болуы керек.

  1. 3-тен инені шаншып,(6-7) матаның оң бетіне шығарамыз. Екі жақтан кезек-кезек тігіп отырамыз барлық уақытта да жіп иненің астында жатады.



© 2010-2022