Сабақ жоспары Тамақтану тәртібі (6 сынып)

Раздел Технология
Класс 6 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Ақжар орта мектебі мектеп жасына

дейінгі шағын орталығы бар»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

технология пәнінің мұғалімі:

Агадилова М.М.

Пәні: Технология

Сынып: 6 «А»

Сабақтың тақырыбы: Тамақтану тәртібі

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Тамақтану тәртібімен, пайдалы тағам тізімдері және оның құнарлығымен танысу.

2.Дамытушылық. Пайдалы және зиянды тағамдармен таныса отырып,

біліктіліктерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру

3.Тәрбиелік. Еңбекке баулу, білімге, пәнге құштарлыққа

тәрбиелеу. Аспаздыққа баулу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, ережелер, плакаттар.

Пәнаралық байланыс: биология

Сабақтың барысы:

I. Сабақты ұйымдастыру.

1.Амандасу.

2.Оқушыларды түгендеу.

3.Оқушы назарын сабаққа аудару, дайындық.

II. Мақсат қою кезеңі.

Тамақтану ережелімен таныса отырып, зиянды және пайдалы тамағдардың құнарлығы.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Тамақтану мәдениеті дегеніміз -бір қалыпты тамақтану, тағамдардыі әр түрлі болуы, қай кезде және қандай мөлшерде ішіп-жей білу. Адам тағамнан өзінен бір тәулікте жұмсайтын энергиясының мөлшеріне сай қуат алуға тиіс. Егер адам үнемі мөлшерден тыс ішіп-жесе, семіріп кетеді де, нәтижесінде қант диабетіне, атеросклерозға ұшырайды, бауырдың қызметі бұзылады, басқа да ауруларға шалдығады. Демек «саулық үшін» ішіп-жеу мөлшерінен артық тамақтану емес. Алайда, тамақты аз ішіп, үнемі аш жүругеде болмайды. Бұнында қауіпті зардаптары бар. Тамақтанудың ақылға қонымды жай - жапсары болуға тиіс. Адам денесіне тканьдары (мысалы, салмағы 70 кг тартатын) 40 - 45 кг судан, 16 -17 кг белоктан, 7 - 10 кг химиялық элементтен, 2,5 - 3 кг минерал тұздардан және 0,5 - 0,8 кг көміртегінен тұрады.

Өмір сүрудің әр түрлі күрделі процестерін қамтамасыз ету үшін біздің организміміз жоғарыда аталған тағам түрлерін, сонымен бірге дәрумендерді т.б. биологиялық заттарды ұдайы қабылдап тұруы керек. Сондықтан азық-түліктерінің түр- түрін жеу - адамға пайдалы. Ал оның белгілі бір түрін ғана жеу - зиян, адам организміне қажетті тағамдық заттар (белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минерал тұздар) ас қорытатын шырындардың әрекетінен тағамнан бөлініп, қаңға барып араласады да, дененің барлық организміне тарайды, сөйтіп онда түрлі клетка элементтерін құруға, оларды қалпына келтіруге және адамға жұмсаған энергиясының орнын толтыруға жұмсалады. Ішетін тамақтың түрін өзгертіп отыру керек, яғни белокка бай сүт, ірімшік, балық немесе ет, дәрумендер мен минерал тұздары көп көкөністер, жемістер аса қажет. Тіпті ешқандай пайдалы заттары жоқ. Көкөністер мен жемістерде (өсімдік жасушасының (клетка) қабығын құрайтын зат) ағзаға қажет-ақ, өйткені олар денеде ас қорытатын шырындардың түзілуін қамтамасыз етеді, ішектін қызметін ретке келтіреді және басқа артық холестеринді сыртқа шығарып отырады.

Тамақты шамадан тыс көп ішіп-жеумен қатар, ауқаттануды тәулігіне 1 - 2 ретке дейін қысқарту, кешке жатарда қатты тоя тамақтану көптеген адамдардың семіруіне апарып соғады. Себебі, ауқаттанудың арасын алшақтату мидың тамақтану орталығын қатты қоздырып, адам ашқарақтанып, тамақты өзіне қажетті мөлшерден көп жейді. Ұйықтар алдында көп жеген тағамда зиян. Тамақтың қорытылуы, тағам заттарының қышқылдануы күндізге қарағанда түнде азаяды. Сөйтіп, майлы тағам денеге толық сіңбей, етке айналады. Дастарханда қойылған тағамның қалай пісіріліп, қалай дайындалғанының, сүйкімділігі мен дәмділігінің айрықша маңызы бар. Сүйкімді әрі дәмді даярланған тағам көзді қызықтырып қана қоймайды, тәбетті шақырып, асқазанға шырын бөледі, сөйтіп тағамды тағамды қорытатын ішкі жүйесінің барлығы асты «қабылдауға» дайын тұрады. Тағам ауызға түсуімен-ақ, ас қорытатын ағзалар дереу қызметке кіріседі, сонын нәтижесінде белоктар, майлар, углеводтар жақсы сінеді. Сондықтан даярланған тағамды дастарханға кастрөлмен немесе табамен әкеліп қоймақ, әр қайсысын жеке-жеке тәрелкеге салып, үстіне петрушка, аскөк, балдыркөк, салат жапырақтары сияқты көкөністермен сәндеп әкелген жөн. Тағамды өте ыстық немесе өте салқын күйінде жеу зиян.

ІV.Қорытындылау.

Кестені толтыру.

Тағамдарды мөлшерден көп пайдаланғанда

Тағамдарды мөлшерден көп пайдаланғанда

V. Бекіту.

  1. Тамақтану алдында қандай талаптар орындау керек?

  2. Құнарлығы жоғары қандай тағамдарды білесіңдер?

  3. Тағамды мөлшерден көп пайдаланған жағдайда не болады?

VІ. Үй тапсырмасы: Дұрыс тамақтануға ас мәзірін құру.

VІІ. Бағалау



© 2010-2022