Технология пәні бойынша Тігістердің орындалуытақырыбында сабақ жоспары. (8сынып)

Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Келісілді: 8а сынып 21.11.15 Тақырыбы:Тігістерінің орындалуы. Білімділік машина тігістерінің түрлерімен таныстыра отырып,тігістерді орындау технологиясы үйрету.
Дамытушылық:оқушылардың өй-өрісін кеңейту,білімдерін іс-жүзінде жүргүзуге ықпал ету, жұмысты орындауға ептілгін дамыту.
Тәрбиелік: еңбек мәдениетіне, іскерлікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтын түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сарамандық, СКТ технологиясынсын қолдану.
Материалдық-техникалық жабдықтау: плакаттар,мата қиындылары, бор,сызғыш, ине, жіп, тігін машинасы.
Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезені.2. Өткен материалдарды қайталау.
1. Машина тігістерінің сапасына тігістің ұзындығы және жіптің тартылуы әсер етеді.Алдымен өзімізге қажетті тігістің ұзындығын реттеп алған жөн.Өте жұқа маталарды майда тігіспен,ал тығыз әрі қалың маталарды ірі тігіспен тігеді.Тігістің ұзындығы 1 ден 4мм-ге дейін өзгереді.
2. Жіптің тартылуын реттеу?
Жауап: Үстіңгі жіпті өткізгенде екі дөңгелектің (шайбаның) арасына өкізіледі.Ал астыңғы діпті шөлмектің қақпағындағы жіпті тартып тұратын серіппеден өткізеді.Осы құрығылар арқылы жіптің тартылуын реттейді.3. Үстіңгі жіпті сабақтау.4. Астыңғы жіпті сабақтау.
3.Жаңа тақырыпты мазмұндау.Тігін машина түрлері.Тігін машиналары-қол,қол машинасы, аяқ машиансы және тоқ машинасы болып бөлінеді.Орындайтын операцияларына қарай универсалды тігін машинасына бірнеше операция орындайды, ал арнайы тігін машинасы бір операция орындайды, мысалы,жиек торлайды.
Тігін машинасын жұмысқа дайындау.1.Үстіңгі жіпті сабақтау2. Астыңғы жіпті сбақтау.3. Жіптің тартылуын реттеу.4. Тігістің ұзындығын реттеу. Техника қауіпсіздігінің ережесі.
-Тігін машинасымен жұмыс істеген кезде денені тік ұстап, басты сәл ілгері еңкейтіп отыр.
-Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек.
-Отыратын орындық пен тігін машинасының арақашықтығы 10-15 см болу керек.
-Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.
Тігіс түрлері.
Тігістің бөлшектің орналасуына қарай: біріккен тігіс, шеттік тігіс, әрлеу тігістері деп бөлінеді.
Біріккен тігістер.Алдыңғы бойға,бүйір қиықтары мен артқы бойға, иық қиықтары мен жең қиықтарына жүргізіледі.Біріккен тігіс түрлері:қайып тігу,бастыра тігу,жабыстыра тігу.
Шеттік тігістер:Шеттік тігістермен бұйым немесе бөлшек шеттерін, жаға, мойындық, өңір,қолтық, ойындысын тігеді.
Әрлеу тігістері: Бөлшектері және бұйымды түгілдей әрлеуге арналған.Алдаңғы және артқы бойдағы бедер сызықтары,белдемше және әр түрлі қатпарлар үшін қолданады.
Тігістерді орындау технологиясы. Қайып тігу: 1.Екі бөлшектің оң жағын беттестіру.
2.Бөлшектерді инешелермен тігіс сызығы бойынша түйреп,біріктір.
3.Бөлшектердің сызығы бойынша машинамен тігіс жүргіз.
4.Тігісті бастырып үтікте.
Бастыра тігу:1.Бөлшектерді бір-бірімен беттестір .
2.Бөлшектерді инешелермен тігісі сызығы бойынша түйреп,қыстыр.
3. Бөлшектерді машина тігісімен біріктір.
4. Тігісті теріс жағына жатқыза үтікте
5.Үш қабат матаны оң жағынан бастыра тігіс жүргіз. Тігісті үтікте.Сарамандық жұмыс.1. Мұғалім тігістерді орындау технологиясын көрсетеді.2. Оқушылар жоғарыда айтып кеткен ретімен тігістерді орындайды.3. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп,қателерді түзеу.
6.Қорытынды.Сабақты қорытындылау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын тексеріп ерекше қателерді талдау. Баға қою.Үйге тапсырма беру.
7. Жұмыс орнын жинастыру.



© 2010-2022