Коучинг Сыни тұрғыдан ойлау

Раздел Технология
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ахметкулов Сеитхан Дюсенкулович

Технология пәні мұғалімі, Семей қаласы, №47 мектеп

Коучинг сабағының жоспары: Сыни тұрғыдан ойлау

Мақсаты: «Сыни тұрғыдан ойлау» туралы түсінік беру

Міндеттері:

  • Сыни тұрғыдан ойлаудың философиясын түсінеді.

  • Бір- бірінің пікірін, көзқарасын құрметтеуге, өзара ұжымдық әрекетке бейімделеді.

  • Сыни тұрғыдан ойлаудың өзіндік ерекшелігін ұғынады.

Күтілетін нәтиже:

  • Сыни тұрғыдан ойлау жайлы түсінік қалыптасады;

  • Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс- тәсілдерін меңгереді;

  • Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеп үйренеді;

  • Бір- бірінің пікірін құрметтеп,бағалауға және ұжымдық әрекетке бейімделеді.

Уақыты

Коучтің іс әрекеті

Мұғалімдердің іс әрекеті

Қолданатын іс- тәсілдер

Табыс критерийлері

1

5 минут

Сергіту сәті «Қара жорға» биін билетеді

Мұғалімдерді ұйымдастырады

«Электротехника» ойыны бойынша 6 топқа бөлінеді.

«Электротехника» бойынша топқа бөліну.

2

3 минут

Қызығушылықты ояту: «Қалпақтың қандай маңызы бар?» деген түрткі сұрақ береді.

Өзіндік ой - пікірлерін ортаға салады.

Ашық сұрақ қою тәсілін меңгереді

Ойлау қабілеттері дамиды, қызығушылықтары артады.

3

1Оминут

Мағынаны ажырату:

«Сыни тұрғыдан ойлау» тақырыбындағы мәтіндерді таратады.

Оқып түсініп, ой түюге бағыттайды.

Мәтінді жеке оқып шығып, жұппен, топпен талдайды. Пікір білдіреді.

АКТ,

топпен жұмыс

Басқаны тыңдай білуге, өз ойын тұжырымдап жеткізе білуге үйренеді.

4

15 минут

Ой толғаныс: Сын тұрғысынан ойлау әдісінің бір түрі «Бононың 6 қалпағы» бойынша әр топқа ұнаған қалпақтарын таңдатады, сол қалпақтың түсі бойынша тапсырма береді, уақытты белгілейді.

Әр топ ұнаған қалпақты таңдайды. Сол тапсырма бойынша жеке, жұппен, топпен талдайды, спикер топтағы тапсырманы қорғайды.

Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру

Қызыл (от) - ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру

Қара (тұман) - негативті ойлау, мысалы: "бұл орындалмайды, себебі...."

Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»

Жасыл (дала) - жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар

Көк (аспан) - жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.

«Бононың 6 қалпағы» әдісі, АКТ, топтық жұмыс

Сын тұрғысынан ойлау әдісімен танысады, бір шешімге ойларын жинақтайды.

5

5 минут

Кері байланыс. Осы коучингтен алған пікірлері туралы сұрақтар беріледі.

Сұрақтарға жауап беріп, әсерлерін қағаз бетіне түсіреді, тақтадағы «+», «-» флипчартына өздері жазған қағазды жабыстырады.

Жазбаша ойларын білу

Сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді.



© 2010-2022