«Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»

Раздел Технология
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

І. Сабақтың тақырыбы: « Ағашты әртүрлі тәсілмен кесуді үйрету»

ІІ. Сабақтың мақсаты:жақ тәрізді арамен, қол арамен, наградкамен жұмыс

істеудің сарамандық дағдысын игеру.

ІІІ. Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс

ІV. Сабаққа керекті құрал-жабдықтар, көрнекілігі жақ ара, қысқыш, екі сапты ара, қол ара, наградка, ағаш кесетін үстел, сүргі, үшбұрышты сызғыш, метр өлшегіш, сызғыш көлемі 200х20х1000 мм тақтай.

V. Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері , сызу

VI.Сабақтың мазмұны мен өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Жұмысты орындау реті:

    1. Ағашты кесуге арналған аспаптың әдістерімен, құрылысымен және қызметімен танысу.

    2. Ағашты талшық бойымен қөлдеңенінен кесу;

    3. Ағашты талшық бойымен тігінен кесу;

    4. Қол арамен кесу.

Жұмыс туралы қажетті мағлұматтар.

Кесу - ағаш материалдарын белгілі бір мөлшерге лайықты етіп дайындау.

Кесінді - дайындалған ағашқа неғұрлым дұрыс пішін мен мөлшер беру мақсатында материалдардың артық бөлшектерін алып тастау.

Аралап кесу - әртүрлі пішінде бөлшектер алу үшін ағашты аралау, ішінара тілу.

Ағаш талшығының орналасуына қарай кесуге байланысты аралаудың бірнеше тәсілі бар: а) талшық бойымен жүргізілетін бойлай тілу; ә) талшықты кесе көлдеңенінен тілу; б) талшыққа қиыстай жүргізілетін бұршытап кесу.

Өзінің құрылысына қарай қол аралары екі топқа бөлінеді керіп созылған аралар, қатты аралар. Керіп созылған аралар тобына - жақ тәрізді аралар, қатты аралар тобына - қарапайым қол аралар, екі сапты аралар жатады.

Жақ тәрізді ара дегеніміз - жақтың ағаш бөлігіне бекітілген ұзын жұқа ара. Құрылысы екі тіреуден, екі тұтқадан, тіректен, адырнадан және бұраудан тұрады.

Жақ тәрізді аралардың үш түрі болады: ірі тісті - дайындама тақталарды кесуге және көлдеңен аралауға арналған, орташа тісті - бұдыр алуға және біріктірілетін бөлшектерді тесіп жасауға қолданылады, ұсақ тісті - қисық сызықпен кесуге және әшекейлеу жұмыстарына қолданылады.

Қол ара - жалғыз тұтқалы, қатты ара. Ағашты қайта кескенде және көлдеңен бағытта мол дайындама жасау кезінде қолданылады.

VII. Сабақты қорытындылау:Әр оқушыға практикалық жұмыс орындату,

талқылап бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма: §6.2. оқулықтың 47-48 беттері

ІХ. Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Мектептегі технология» әдістемелік журнал

  2. 5 сынып Технология оқулығы




© 2010-2022