Доклад по технологии на тему: Технология пәні арқылы оқушыларды еңбекке баулу

Қай кезде  болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақ- ел тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие, сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті: олар жан-жақты жетілген, білімді, әр түрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істей алатын шеберлік иесі болуы тиіс.         Жақсы ұстаздың шәкіртке берер білімі де сапалы болмақ.         Қазіргі ғылым мен тех...
Раздел Технология
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Біләл Назым атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен »

мемлекеттік мекемесі




Технология пәні арқылы оқушыларды еңбекке баулу


технология пәні мұғалімі

Ошурова Мукарам Османжанқызы


















2014 жыл

Қай кезде болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақ- ел тірегі, ертеңіміздің кепілі. Сондықтан оларға саналы тәрбие, сапалы білім беру мұғалімдердің басты міндеті: олар жан-жақты жетілген, білімді, әр түрлі әдістемелерді меңгерген, шығармашылықпен жұмыс істей алатын шеберлік иесі болуы тиіс.

Жақсы ұстаздың шәкіртке берер білімі де сапалы болмақ.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған заманында озық ойлы жеке тұлға тәрбиелеуге ұмтылу, шәкірттің кемшілігін жойып, қабілетін аша білуге талпыну әрбір ұстаздың басты міндетіне айналуы тиіс. Сол кезде ғана елімізде бәсекеге қабілетті маман дайындауға жол ашылады. Еліміздің әрбір азаматы ғылым мен техника жетістіктерін қажетті деңгейде меңгерген жағдайда ғана ел экономикасының алға жылжу мүмкіндігі артады. Ал болашақ жастар қолында десек, бүгінгі оқушы, ертеңгі жас маман екені даусыз.

Олай болса әр мұғалім өзінің алдында отырған шәкірттері ішінен қабілетті, дарынды оқушыны анықтап, оның қабілетін аша білуіне бағыт- бағдар беруді мақсат етіп қоюы тиіс.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуды мұғалімнен үлкен қажырлы еңбекті талап етеді. Оқушыны жан жақты дамыту үшін мұғалім шығармашылықпен ізденісте болуы тиіс. Ол үшін оқытудың дәстүрлі емес түрлерін, жаңа педагогикалық технология, логикалық сұрақтар, танымдық ойын түрлерін, тесттің әр түрлі күрделі нұсқаларын сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда үздіксіз жүйелі түрде пайдаланып отыру керек. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың бірнеше тәсілдері бар:

  1. Оқушы білімінің өмірінен байланыстығы.

  2. Ғылыми негіздердің зертханалық- сарамандық жұмыстармен байланыстығы.

  3. Берілген білімді сапалы, жүйелі меңгеруі.

  4. Теория мен сарамандық әдістердің байланысты болуы.

  5. Өзіндік жұмыстарды ғылыми тұрғыда орындауы.

Дарындылық дегеніміз- үш байланыстың үйлесімділігі:

а) жоғары интеллектілік

ә )креативтілік (қызығушылық)

б )ынталылық

Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де болмайды. Ал қызығушылық қасиеті нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі. Адам өзі қалап істеген ісін үнемі дамытып отырады.

Дарынды баламен жұмыс істеуде алдымен нәтижеге жету ынтасын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету өте маңызды.

Еңбек тәрбиесі- барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі арқылы бұйымды жасау, көркемдеу, қол өнер шеберлігін меңгерту арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземін. Сондай- ақ технология сабағында оқушы тек мұғалімнің үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, оған талдау жасап, тігілу, өңделу технологиясына өз ой-пікірі мен ұсыныстарын айтуға дағдылануы қажет. Оқушылар әр түрлі тігілген, тоқылған бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және т.б. бағалы қасиеттерді өз бойларына қалыптастыруы керек. Технология сабағында оқушылардың іске икемділігі мен іскерлігіне, өнерге, шеберлікке деген бейімділігін дамыта отырып, қалыптастырамыз. «Шыдамды еңбек, алғыр ой- онық достық біліп қой» дегендей бастаған жұмысын тыңғылықты, қайта оралмайтындай дер кезінде аяқтап шығуға дағдыландырудың маңызы зор. Сондай- ақ қол өнері арқылы оқушылардың қолданбалы өнеріне деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа, үнемдей білуге, іскерлікке тәрбиелеу менің басты мақсатым. Біздің заманымыз компьютерлендірілген. Оқушыларды компьютер, интернет, әр түрлі оқулықтарды пайдалана отырып, қабілеттерін өз беттерінше шығармашылық тұрғыда дамытуға, көрсете білуге бағыттап отырамын. «Шеберді ісінен танисың»-деп халық бекер айтпаған. Біз ұлтымыздың болашақ тірегі болатын сұлу да сымбатты, қайырымды да инабатты, он саусағынан өнері тамған қыздарды тәрбиелеуміз қажет. Осы бағытта: «Ақыл -абырой, өнер-бақыт», «Шебер қолдар», «Қыз өссе- ел көркі»,«Еңбек- бақыт бұлағы тақырыптарда жан-жақты жұмыс жүргіземін.

Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудегі менің ең маңызды міндеттерім төмендегідей:

  1. оқушылардың жұмыс орнын ұйымдастырып, тиімді пайдалану.

  2. Оқушылардың іскерлігін, шеберлігін қалыптастыру.

  3. оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, дарынды қыздармен жекелеген жұмыстар жүргізу.

  4. оқушылардың еңбекке деген шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

  5. еңбек тәрбиесін, мәдениеті мен техника қауіпсіздігі ережесін меңгеруін қадағалау.

  6. оқушылардың ой-өрісін дамытып, баланың еңбекке деген ынта-ықыласын нығайту және мамандықты саналы түрде таңдай білуге даярлау.

  7. оқушыларды халыққа қажетті, жалпыға ортақ пайдалы іс үшін еңбек етуге үйрету.

  8. еңбектің қажеттілігін сезініп, бастаған істі аяқтап шығуға табандылық танытуға дағдыландыру.

Жұмыс барысында осы міндеттерді басшылыққа алып отырамын.

Қазіргі өмір талабы- оқу тәрбие процесін түбегейлі өзгерту. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыра отырып сапалы, әдепті ұрпақ тәрбиелеу. Технология сабағында іс жүзінде нақты жұмыс жүргізілгендіктен, оны меңгеру үшін ерінбей еңбек ететіндей төзімі және жинақы болу керек. Ал бұл көп оқушының шамасы келе беретін қасиет емес.

Технология пәнінен оқушының білімін көтерудің ең басты шарты оның пәнде деген қызығушылығын арттыру деп білемін. Пәнге деген қызығушылық болса ғана, бала оған көңіл қойып, үйреніп, тереңдете оқып шыңдалады. Менің оқытудағы әдісім қыздарды өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу және үйрету.

Сондықтан да әрбір сабақта кәсіпке оқыту әрбір оқушының өмірі үшін өте қажет деп санаймын. Өйткені талаптанған бала әрқашан өз мақсатына жетеді.

Егемендігімізді алып, мәртебеміз асқақтап жатқан шақта бала тәрбиесіне барынша алаңдау- өмір талабы.

Өйткені қоғамдық өміріміздің ертеңгі жалғасы солар дейтін болсақ, онда оларға жақсы тәрбие және де сапалы білім беруге тиіспіз.

Сапалы білім берумен қатар еңбекке де баулу, үйрету аса қажет нәрсе, жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен ісерін тигізеді деп ойлаймын. Оқытудың түрлі тәсілдерін пайдалана отырып, жеке тапсырмаларды, әсіресе, щығармашылық жоба бойынша өз көмегіммен оқушыны ойлау қабілетін арттыруға көп көңіл бөлемін.

Мектепте оқушыларды ізденушілікке баули отырып, жаңа заман кешіне ілесуде армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына барлық мұғалімдер атсалысуымыз керек. Сол кезде ғана жарқын болашаққа ұмтылған, өзінің барлық білімін, күш-жігерін мемлекетіміздің гүлденуіне жұмсайтын дарынды шәкірттер тәрбиелеп шығара аламыз.

Осыған мысалы ретінде технология пәні бойынша 5-сыныпта өтілген «Қағаздан сурет жақтаушасын жасау» атты сабағының жоспарын ұсынамын.

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан сурет жақтаушасын ( рамкасын) жасау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға сурет жақтаушасын жасау тәсілін меңгерту

Дамытушылық: қолөнер түрін терең меңгере отырып, үлгі бойынша

жұмыс істеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды шеберлікке, еңбексүйгіштікке, үнемділікке,

табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, саяхат, сөзжұмбақ шешу

Пәнаралық байланыс: сурет, математика, тарих, жаратылыстану,

табиғаттану, орыс тілі пәндерімен

Көрнекілік: қағаздан жасалған әр түрлі бұйымдар, қағаздан жасалған сурет жақтаушылары, ағаштан қағаз жасау тәртібінің схемасы.

Тақтадағы эпиграф: Еңбек түбі береке.

Керекті құрал- жабдықтар: картон, қағаз( салфетка, упаковочная бумага, калька), сызғыш, қарындаш, ПВА желімі, қайшы.

Сабақтың барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

1. оқушылармен амандасу

2. жұмыс орнын ретке келтіру

3. тазалық талаптарын орындау.

ІІ Кіріспе

Сұрақ- жауап арқылы

  • Балалар, сендер 1-ші сыныптан бастап қағазбен жұмыс істеп келе жатырсыңдар. Айтып беріңдерші қағаздан не жасалады?

  • Кітап, дәптер, газет, журнал, әр түрлі қорабшалар т.б

  • Ал біз қағаздан қандай бұйымдарды жасап үйрендік?

  • Аппликация, оюларды, сандықша, қорабша, қаламсалғыш, ойыншықтар т.б.

Бүгін сабақта жасайтын бұйымды сөзжұмбақ шешу арқылы білейік.

  1. о

    р

    а

    м

    а

    л

    а

    л

    ж

    а

    п

    қ

    ы

    ш

    м

    о

    н

    ш

    а

    қ

    м

    е

    к

    т

    е

    п

    т

    а

    қ

    и

    яорысша «Платок» сөзінің

аудармасы

  1. Тамақ әзірлегенде алдына

тағатын бұйым

  1. Қыздардың бойына тағатын

әшекей бұйым

  1. Оқушылар оқу-тәрбие алатын орын

  2. Қазақ ұлттық ерлер бас киімі.

Рамка сөзінің қазақша аудармасы жақтауша. Демек бүгін сурет жақтаушасын жасаймыз.

Оқушыларға жақтаушалардың түрлерін көрсету: ағаш, айна, пластмасс, металл жақтаушалары.

Ал бүгін біз қағаздан сурет жақтаушасын жасап үйренейік. Ол үшін сурет және қолөнер галереясына барайық. Бұл жерде бізге саяхатты жүргізуші көмектеседі. /қағаздан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастыру/

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

1. Саяхатты жүргізуші- Арман: Құрметті қонақтармен оқушылар, Біләл Назым атындағы орта мектебінің сурет және қолөнер галереясына қош келдіңіздер!

Біздің галереямыздың ерекшілігі- галереядағы барлық бұйымдар қағаздан жасалған. Қараңдаршы не деген керемет бұйымдар!

Мынау аққулар, олар оригами тәсілімен жасалған . Оригами- қағазды бүктеу деген сөз.

Мынау сандықша, қорабша. Бұл бұйымдарды сіздер 1-3 сыныптарда жасап үйрендіңіздер.

Мынау түрлі түсті қағаздан жасалған аппликация, оюлар.

Ал мынау қағаздан жасалған сурет жақтаушалары. Бұл жақтаушаларды жасау үшін картон, жұқа қағаз және ПВА желімі қажет.

Енді қағаз , оның тарихы туралы сіздерге кішкене оқып берейін. Ал сіздер мені мұқият тыңдардар.

Оқушы қағаз туралы баяндамаоқиды.

2. Зерттеу жұмысы

Мұғалім ақ парақ, кәмпит қағазы және фольганы күйдіру арқылы физикалық және химиялық қасиеттерін байқайды.

Ақ парақ- жақсы күйеді, себебі ағаштан жасалған

Фольга- күймейді, бірақ ериді, себебі темірден жасалған

Кәмпит қағазы- күйеді және ериді, себебі оның құрамында полиэтилен бар. Бұл полиэтилен адам ағзасына әсер етпейді.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту

  1. Сұрақ-жауап арқылы

  • Сонымен, балалар, қағаз қай елде табылды?

  • Қытайда

  • Нешінші ғасырда?

  • ІІ ғасырда

  • Еуропада қағаз қашан пайда болды?

  • Х ғасырда

  • Қағаз жасайтын машинаның ұзындығы неше метр?

  • 100 метр

  • Ал биіктігі ше?

  • 3 қабат үйдей

  1. Схема арқылы

Доклад по технологии на тему: Технология пәні арқылы оқушыларды еңбекке баулу

Қағаз жасалғанда орманның бір учаскесі кесіледі деген сөз. Сондықтан бір қағазды үнемдеп жұмсауымыз керек. Себебі ағаштар кесіле берсе, дүниежүзіндегі экология нашарлайды.

V Сарамандық жұмыс

Сурет жақтаушасын жасау

  1. Жұмыс орның дайындау. Қайшы, желім мен жұмыс уақытындағы қауіпсіздік ережелерін еске алу.

  2. Төртбұрышты картон алып, әр шетінен 3 см-ден өлшеп, сызу. Сонда төртбұрыштың ішінде тағы бір төртбұрыш пайда болады.

  3. ортадағы төртбұрышты кесіп алу.

  4. Арнайы қағаздан / салфетка, калька/ ені 5см, ұзындығы рамкаға байланысты 4 таспа қию.

  5. Таспаларды мыжу.

  6. Мыжылған таспаларды ПВА желімі мен картонға шаптау.

  7. Жақтаушаны әшекелеу. Қағазды мыжу, бүктеу арқылы әр түрлі фигураларды жасау.

  8. Жақтаушаны бояу

VI Сабақты қорыту

  1. Оқушылардың жұмыстарын тексеру

  2. Үлгілі жұмыстарды көрсету

  3. Қателерді талқылау

  4. Баға қою

VII Үй тапсырмасын беру

VIII Жұмыс орнын жинау

Доклад по технологии на тему: Технология пәні арқылы оқушыларды еңбекке баулу

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Ұ. Елмұратова «Оқушыларға қазақтың қолданбалы қолөнерінің негіздерін жаңа технология үрдісінде әсемдей білуге үйрету» «Мектептегі технология» журналы №9 2005ж

2. Г. Тұрғанбаева «Технология пәнін жаңаша оқытудың әдіс- тәсілдері»

«Қазақстан мектебіндегі технология» журналы №2 2009ж

3. Ш. Манасов «Дарынды оқушымен жұмыс істеу» «Қазақстан мектебіндегі технология» журналы №1 2009ж

© 2010-2022