Сен де бір кірпіш дүниеге

Тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге... Мақсаты: Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту. Міндеттері: ·         өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру; ·         оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету; ·         оқушыларды өз өміріне, өз...
Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КГУ «Гимназия №37 города Семей» Досжанова Галия Аубакировна. Самопознания.

Тақырыбы: Сен де бір кірпіш дүниеге...

Мақсаты: Әр адамның өз өмірінің мәнін түсініп, белгілей білуінің маңыздылығы жөніндегі ұғымдарын дамыту.

Міндеттері:

  • өмір жолының, өз алдына қойған өмірлік мақсат-мұраттары мен жалпы адамгершілік құндылықтардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

  • оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге, рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып, өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету;

  • оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері

Оқушылар шеңберге жиналып, бір біріне жақсы тілектерін айтады. Әбділда Тәжібаевтың «Өмірді аяла» өлеңін шеңберде тұрып, оқып шығады.

Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,

Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.

Алысың да сыйлайды, жақының да,

Өзіңді өзің төменге түсірмесең.

Өз қайғың, бар болса өз ескегің,

Өмірде мен сені осал демес едім.

Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,

Шығады алдан жап- жарық келешегің.

Қозғалмасаң, тоңазыр көлеңкең де,

Ескегіңді ес, бір мезет тоқтай көрме.

Өз қайығың болғаны қандай жақсы,

Қашан, қайда барсаң да, өз еркіңде.

Әңгімелесу.

Адам өмірінің мәні неде?

Қандай жағдайда адам өз өміріне риза болады?

Өмірден өз орнын табу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Адамның өмірдегі орнын табуға өзін өзі танудың ықпалы қандай?


Әңгімелесу барысында «адам өз өмірінің қожасы», «өз өмір жолын таңдауда жан жақты білімдар болудың мәні» туралы оқушыларға ой салып, қорытынды жасайды.

Мәтінмен жұмыс.

Оразақын Асқардың «Өмір өнегелері» өлеңін оқып, талдау.

Өлеңдегі «нағыз өмір», «тіршілік ету», «күн көріс» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Оқу ақпараты

«Адам өз өмірінің мәні туралы ойлана отырып, өзінің өмір жолын табуға ұмтылады.

Әр адам өз өмірін ақ ниет, адал істерге бағыттап, рухани- адамгершілік құндылықтарды өзіне мұрт еткенде ғана оның өмірі үлкен мәнге ие болады».

Оқушылардыңөз түсініктері мен пайымдауларын жеткізуіне мән беру.

Ойланып көрейік

Ә.Қайдар

«Өмір» деген ұғым бар да, өмір сүретін Адам да бар. Ол туралы ортақ пікір жоқ, әр алуан көзқарас, әр түрлі түсінік. Бірақ қалай болғанда да, өмірден үйренгендерің мен үлгі еткендерің де, үйрене алмай қасірет шеккендерің де, жақсылығың мен жасаған жамандықтарың да- бәрі- бәрі, сайып келгенде, өмірдің өзіндік тағылымдары.

Менің де ол туралы өз түсінігім, өз ұғымым, өз пәлсапам бар. Менің пайымдауымша, «өмір» деген «жақсы»- « жаман» не «жақсылық»- «жамандық» деген екі үлкен әлемнен тұрады. Өмірге келген адамға екі әлемнің екеуі де өзінше ықпал етеді.

Адамның шынайы адамдық қасиеті, имандылық парасаты осы екі «әлемнің» ортасынан өз орнын таба білуіне байланысты. Ол Адамның табиғи күш- қуатына, биік рухына, сана- сезіміне, ақыл- парасатына, құлқына, тәлім- тәрбиесіне, тектілігін т.б. осы сияқты зиялы қасиеттеріне байланысты.

Мен өз өміріме қатысты жақсылықтың бір сыны -«парызды ақтау», «жамандықтың бір сыры- «пендешілік», өздігіңді танытудың бір жолы- «азаматтық тұғырдан көріну» деп түсінемін.

Дәптермен жұмыс.

Оқушылар дәптердегі тапсырманы орындайды.

Жүректен жүрекке.

Оқушылар шеңберге тұрып, сабақты тиянақтау үшін кезекпен (Өмірге келдім анамды көрдім, деді ол маған...) ойды жалғастырып, өз тұжырымын

© 2010-2022