Сәндік - қолданбалы қолөнері

Раздел Технология
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырып: Сәндік - қолданбалы қолөнері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Сәндік - қолданбалы қолөнері жайлы түсініктерін кеңейту, қолөнер бұйымдары арқылы ата-баба өмірімен таныстыру;

Дамытушылық мақсаты: Қолөнердің атауларын атай отырып, сөздік қорын байыту, швғармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: халқымыздың мәдениетіне деген құштарлығын ояту, эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке, өнертануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, практикалық жұмыс.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, іздену,топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, музыка, тарих.

Қажетті-құрал жабдықтар: құмыралар, кендір жіп, желім, технологиялық карта.

Сабақтардың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

  1. сәлемдесу,оқушыларды түгендеу;

  2. оқушылардың арнайы киіміне көңіл бөлу, жұмыс орнын дайындау;

  3. сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.

Сабағымыздың мақсаты-құмыраны әшекейлеуді үйрету.

Сабақтың пердесі С.Түрысбековтың «Көңіл толқыны» күйімен ашылады.

Мұғалім.

-Адамның жеке тұлға ретінде дамуына себепкер болатын нәрсе-еңбек.

Еңбектенген адамнан өнер туады. Өнер мен еңбек егіз ұғым.

«Өнер көзі-халықта», дейді дана халқымыз.

Халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ дегендей, ұлттық қолөнер бұйымдарымыз өзіндік көркемділіктерімен ерекшеленеді.

Біздің парызымыз- халықтың көне мұрасын жаңғыртып, іске асыру.

ІІ. Оқушылардың қолөнер жайлы білімдерін тексеру (сұрақтар арқылы)

  1. Қолөнерінің қандай түрлерін білесіңдер?

  2. Қолөнер шикізаты не?

  3. Қолөнерді насихаттаушы адамдардың кәсіптерінің аталуы?

  4. Қолөнер жұмысында қандай құралдар пайдаланылған?

  5. Қолөнерді зерттейтін адамдарды қалай атайды?

  6. Сәндік - қолданбалы қолөнері жайлы пікірлерің қандай?

Сонымен, сәндік - қолданбалы өнері деп тек практикалық жағынан ғана емес, эстетикалық тұрғыдан да әсем түрде қолөнері арқылы дүниеге келген көркем туындыларды айтамыз.

Өткен сабақта біз құмыраны әшекейлеуді бастадық. (сұрақтар қою)

  1. Құмыраның қандай түрлері бар?

  2. Құмыраны әшекейлеу үшін бізге не керек?

  3. Желім, қайшы құралдарын пайдалану үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз керек?

Қауіпсіздік ережелері:

А) Қайшының ұшын жоғары көтермеу;

ә)өтпейтін,тозған қайшыны қолданбау;

б) шыны ыдыс пен мұхият жұмыс істеу;

в) желімді дұрыс қолдана білу;

ІІІ. Практикалық жұмыс.

Біздің жасаған жұмыстарымыздың барлығы нңбектің арқасында ғана өз нәтижесін береді.

«Гүл өссе-жердің көркі» дегендей, біздер де жұмысымызды әдемі жасайық.

Ал, енді біз өз жұмысымызға кірісейік.

Жұмыстың орындалу барысы:

  1. Оқушыларды топтарға бөлу;

  2. Құмыраны әшекейлеудің эскизін орындау;

  3. Жұмыстың орындалу тексеру (мұғалім тексереде,өзара және өзін-өзі тексереді)

(С.Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі жай ғана ойнап тұрады)

4. Сергіту сәті; оқушылар көзді,қолды демалдыруға арналған жаттығулар жасайды.

5. Сабақты бекіту:

- Сонымен, балалар, бүгін сабақта не жасадық?

-Бізге құмыра не үшін керек?

Осыған біз, өнер, еңбек арқылы жеттік

Өнер туралы мақал-мәтелдер жарысы.

Сабақты қорытындылау.

Оқушылар өз жұмыстарының жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқталады.

  1. Оқушылардың білімін бағалау:

А) ең жақсы, белсене қатысқан топты атап өту;

ә) Оқушылардың жасаған құмыраларынан көрме ұйымдастыру.

Қорыта келгенде, экономикалық бостандыққа қол жеткізу сендердің қолдарында.

Жұмыс реті

Эскизі

Құрал-саймандар

  1. Шыны шөлмектің сыртын құм қағазбен ысқылау

  2. Шыныға желім жағу

Сәндік - қолданбалы қолөнері

Құм қағаз


Қылқалам

  1. Шыныға жіп орау

  2. Бұйым сыртын әшекейлеу

Сәндік - қолданбалы қолөнері

Кендір жіп

Жіп,мата

  1. Бұйым сыртын әрлеу

  2. Дайын бұйым

Сәндік - қолданбалы қолөнері

Лак, қылқалам


© 2010-2022