Семинар сабақ: Шығармашылық жоба үлгісі: «Түймедақ гүлін жасау»

Сабақтың мақсаты Шығармашылық жоба үлгісін тиянақты орындау, білімді жан-жақты меңгеру, теорияда алған білімдерін практикада шығармашылықпен дамыту. Күтілетін нәтиже Жоба үлгісін шығармашылықпен дамытып, өз бетінше ізденеді, биология, химия пәндерімен танысады. Сабақтың әдісі Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, жаңа әдіс-тәсілдер, «Өрмекші торы», «Бәйтерек» әдісі, сарамандық жұмыс, кері байланыс жасау. Сабақтың түрі Кіріктірілген сабақ. Тапсырмалар Жаңа сабақты меңг...
Раздел Технология
Класс 5 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сынып/мерзімі

5 «Б» сынып.16.04.2015жыл.

Пәндер

Технология

Пән мұғалімі

З.Сертаева

Сабақтың тақырыбы

Шығармашылық жоба үлгісі: «Түймедақ гүлін жасау»

Сабақтың мақсаты

Шығармашылық жоба үлгісін тиянақты орындау, білімді жан-жақты меңгеру, теорияда алған білімдерін практикада шығармашылықпен дамыту.

Күтілетін нәтиже

Жоба үлгісін шығармашылықпен дамытып, өз бетінше ізденеді, биология, химия пәндерімен танысады.

Сабақтың әдісі

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, жаңа әдіс-тәсілдер, «Өрмекші торы», «Бәйтерек» әдісі, сарамандық жұмыс, кері байланыс жасау.

Сабақтың түрі

Кіріктірілген сабақ.

Тапсырмалар

Жаңа сабақты меңгерту, мәтінмен жұмыс, постер жасау,сарамандық жұмыс (гүл тоқу), кері байланыс жасау.

Құрал-жабдықтар

Оқулық, интерактивті тақта, постер, маркер, стикер, моншақтар, сым түрлері, тоқыма жіп т.б.

Сабақтың барысы: І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

ІІІ Қорытынды


Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыт

Кіріспе

Ұйымдастыру кезеңі

«Кімнің қандай екендігін тап» жаттығуы

«Өрмекші торы» әдісі арқылы өткенді қайталау.

Топқа бөлу

Оқушыларға қағаз таратып беріп, оған топтағылардың атын жазады.

Тоқыма жіпті сұрақ қоя отырып, бір - біріне лақтырып, өрмекші торын құрады.


5мин

Негізгі бөлім

«Білу»

(Кім? Не? Қашан? Қайда? Не істеді?)



«Түсіну»

( Неге? Неліктен?

Не үшін?)

«Қолдану»

( сарамандық жұмыс)









«Талдау»

(Салыстыр, айырмашылығы неде?)

«Жинақтау»

(Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау, жүйелеу)

«Бағалау»

(Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? Өз ойыңыз?)


Шығармашылық жоба дегеніміз не?

Жоба нұсқалары қандай болады?

Неге шығармашылық жоба жасағың келді?

Неліктен моншақтан жасалған гүл таңдадың?

Шығармашылық жоба туралы түсінік беріп, «Түймедақ» гүліне биологиялық сипаттама жасау.

Биология пәнінің мұғалімі түймедақ гүлі туралы мәлімет береді.

Сарамандық жұмыс

І Кіріспе нұсқау

Бисермен түймедақ гүлін тоқу технологиясын схема тарату арқылы түсіндіру.

Бисер қалай жасалады, неден алынады? Химия пәнінің мұғалімі түсіндіріп өтеді.

ІІ Жұмыстың орындалу реті

Ітоп гүл күлтесін тоқиды

ІІ топ тостағаншасын тоқиды

ІІІ топ жапырағын тоқиды

Қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау оқушылардан талап етіледі

ІІІ Қорытындылау



Биологиялық түймедақ пен технологиялық түймедақты салыстыру, айырмашылығын ажырату.

«Бәйтерек» әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылап, жүйелеу.

Шығармашылық жобамен айналысудың қажеттілігі бар ма?

Жасап жатқан жобаң бұзылып қалды, не істейсің?

Қандай жоба жасағың келеді? (өз ойың)

Сұрақтарға жауап беріп, білгендерін ортаға салады.



Назарларын сабаққа аударады.

«Түймедақ» гүлінің құрылысы мен пайдаланатын орны туралы постер жасайды.

Сарамандық жұмысқа кіріседі.

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды.

Тоқу кезінде қауіпсіздік ережесін мұқият сақтайды.

Семинар сабақ: Шығармашылық жоба үлгісі: «Түймедақ гүлін жасау»Семинар сабақ: Шығармашылық жоба үлгісі: «Түймедақ гүлін жасау»

Биологиялық түймедақ пен технологиялық түймедақты салыстырып, айырмашылығын ажыратады.

Сабақты «Бәйтерек» әдісі арқылы қорытындылайды.



«Бес жолды өлең шығару» әдісі арқылы бүгінгі сабақты бағалау.

33мин


Қорытынды

Бағалау

Үйге тапсырма

Қалыптастырушы бағалау (смайликтер арқылы)

Жиынтық бағалау.

Өз жобаңды жасап кел.

Өзін-өзі бағалау.

Түртіп алу.

5мин


Рефлексия

Кері байланыс жасау

Бүгінгі сабақтың сәтті және сәтсіз тұстары

2 мин



© 2010-2022